Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға:
1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;
2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға;
3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Iстi соттың қарауына дайындау
1. Кредитордың, салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады.
2. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде iс жүргiзу заңдарында көзделген әрекеттермен қатар сот:
1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды;
2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;
3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 32, 33-баптар алынып тасталды
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Соттың iстi қарауы
Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс соттың қарауына тағайындалуға тиiс, ол туралы сот ұйғарым шығарады.
Банкроттық туралы iс сотқа өтiнiш түскен күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.
35-бап. Банкроттық туралы iс бойынша сот қаулылары
1. Сот банкроттық туралы iстi сот отырысына қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн қабылдай алады:
1) борышкердi банкрот деп тану және конкурс жүргiзу туралы шешiм;
2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
3) өтiнiш жасалған жағдайда оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым;
4) iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым.
2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, iс жүргiзу заңдарының талаптарына сәйкес болуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 18.12.00 ж. N 128-II; 02.03.01 ж. N 162-II; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм
1. Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда:
1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда;
2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;
3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде;
4) кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, осы Заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, кредиторлар комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;
5) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы уәкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде шығарылады.
2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:
1) борышкердi тарату туралы;
2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы, ал банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайда құрамында комиссия төрағасы мен мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындау туралы;
3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы нұсқаулар болуға тиiс.
2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.
3. Борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды конкурстық басқарушы ол тағайындалған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің бірінде немесе өзге мерзімді басылымда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған сот органының атауы;
2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.
37-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы
шешiмi
1. Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
2. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
38-бап. Жалған банкроттық кезiндегi сот шешiмi
1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
2. Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс (осы Заңның 5-бабының 2-тармағы).
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 39-бап өзгертiлдi
39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым
1. Банкроттық туралы iс бойынша iстi сот iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда:
1) оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлгенде;
3) борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда (осы Заңның 15-бабының 4-тармағы) қысқартады.
2. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты соттың банкроттық туралы iс бойынша iстi қысқарту жөнiндегi ұйғарымында:
1) оңалтуды басқарушының есебiн бекiту туралы;
2) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы нұсқаулар болуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi
40-бап. Сот және әкiмшiлiк шығыстарын бөлу
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған кезде, төленуi кейiнге қалдырылған мемлекеттiк баж жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, барлық сот шығыстары мен әкiмшiлiк шығыстары борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртiппен өтеледi.
2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.
41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi. Шешiмдi
(ұйғарымды) қайта қарау
Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды кассациялық және қадағалау тәртiбiмен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
4-тарау. Оңалту рәсімі
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
Оңалту рәсiмi борышкер өтiнiш жасаған кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келiсiмi болған жағдайда сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш жасау
1. Дәрменсiз борышкер өзiнiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгi болған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз бергенге дейiн уәкiлетттi органға өзiне қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн мәлiмдей алады. Мұндай өтiнiштi банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн кредиторлар де немесе үшiншi тұлға да жасай алады.
2. Өтiнiште осы Заңның 11-бабының талаптары ескерiле отырып, борышкерге қатысты аталған рәсiмнiң қолданылуы орындылығының негiздемесi мен кредиторлар комитетi құрамы жөнiндегi ұсыныс болуға тиiс.
3. Өтiнiшке:
1) соңғы екi жылдағы қаржы есебi;
2) дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары;
3) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың жалпы сомасының 50 проценттен астамын иеленетiн кепiлдiк кредиторлардың, сондай-ақ осы кредиторлар талаптарының жалпы сомасының 50 проценттен астам үлесi тиесiлi конкурстық кредиторлардың оңалту рәсiмдерiн өткiзуге жазбаша келiсiмi;
4. Уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiн құрады және Заңда белгiленген мерзiмде кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады, онда оңалту жоспары қаралуға тиiс.
4-1. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдарды оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.
5. Егер борышкердi оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi орган осы Заңмен белгiленген кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi органның шешiмдер қабылдау тәртiбiн сақтай отырып, мақұлдаса, борышкердiң оңалту рәсiмiн өткiзу туралы арызына кредиторлар комитетiнiң және уәкiлеттi органның берген келiсiмi сотқа жiберiледi.
6. Егер борышкерді оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса (келіссе), ал борышкерді оңалту жоспарымен келіспеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келмейтін болса, сот оңалту рәсімін өткізуге кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімін алған кезден бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары
1. Дәрменсiз борышкердi оңалту жоспарында борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында аталған кредиторлар алдындағы берешектi өтеу мерзiмi қамтылуға тиiс.
Оңалту жоспарына өзгерістер енгізуге уәкілетті органның, кредиторлар комитетінің келісімімен жол беріледі және оны сот бекітеді.
2. Оңалту шараларына кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтiн, дәрменсiз борышкердi таратуға жол бермеуі бағытталған өзге де шаралар, сондай-ақ осындай шаралар кешенi, атап айтқанда, санация, борышкердiң талап ету құқықтарына кеңшiлiк жасау, борышты акцияға айырбастау, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау кiруi мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 45-бап өзгертілді
45-бап. Оңалту шараларын қолданудың негiзi
Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн қолдануға оның таратылуына жол бермеу мақсатында төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгiнiң болуы негiз болып табылады. Борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгi аудиторлық есеппен және тиiстi құжаттармен: шарттармен, есептермен, экономикалық негiздемелермен және т.б. расталады.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 46-бап өзгертілді
46-бап. Оңалту рәсiмiн енгiзудiң салдары
1. Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде заңды тұлғаның барлық органдарының мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiгi өзiне ауысатын оңалтуды басқарушы тағайындалады. Оңалтуды басқарушының борышкердi оңалту мақсатында жетуге бағытталған, заңдарға қайшы келмейтiн кез келген iс-әрекеттер жасауға (қызметкерлердi жұмыстан босату, iшкi қайта құруды жүзеге асыру: iшкi бөлiмшелердi тарату және т.б.) құқығы бар.
2. Оңалту рәсiмiн жүзеге асыру мерзiмiнде дәрменсiз борышкердiң кредиторлардың талаптары осы Заңның 47-бабында белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
3. Оңалту рәсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу
1. Оңалту рәсiмiн енгiзген кезден бастап:
1) борышкер моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемдер және еңбекке ақы төлеу жөнiнде, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жасалады;
3) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер төленедi;
4) мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде жеткен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысуы, соның iшiнде өтелу; атқару қағаздары бойынша немесе даусыз тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75-бабында белгiленген кезек сақтала отырып, оңалдыртылу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Оңалтуды басқарушы
Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін уәкілетті орган үш күн мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 49-бап өзгертілді
49-бап. Оңалтуды басқарушыға сыйақы төлеу
1. Оңалтуды басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Сыйақының сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар комитетi осы баптың талаптарына сәйкес белгiлейдi.
2. Оңалтуды басқарушыға төленетiн сыйақы:
1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, ағымдағы төлемдердi;
2) оңалту рәсімінің мақсаттарына міндетті түрде қол жеткізілген жағдайда оңалтуды басқарушыға төленетін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражаттан оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді қамтиды.
3. Оңалтуды басқарушының міндеттері борышкер әкімшілігінің лауазымды адамына жүктелген жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер төленбейді.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 50-бап өзгертілді
50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi
Оңалту рәсiмiн жүзеге асырудың ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс. Оңалтуды басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол 6 айдан аспауға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 51-бап өзгертілді
51-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiгi
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
2) борышкердiң мүлкi жөнiнде тиiстi құқықтары болады және оның барлық органдары үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген мiндеттердi атқарады;
3) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
4) осы Заңда көзделген басқа да мiндеттердi орындайды.
2. Кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалтуды басқарушы:
1) мүлiкке иелiк ету (пайдалануға, кепiлге беру және т.б.) бойынша мәмiлелер жасайды;
3) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды.
Осы тармақпен белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
3. Оңалтуды басқарушы уәкілетті органның не кредиторлар комитеті өкілінің талап етуі бойынша борышкердің мүлкіне билік ету жөнінде өздері жасаған мәмілелер туралы оны хабардар етуге, ал ол жоқ болған кезде уәкілетті органға, кредиторлар комитетіне осындай мәмілелер туралы ай сайынғы есепті табыс етуге міндетті.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi несиелiк берешектiң жалпы сомасының 20 процентiнен асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi, оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасай алады.
5. Оңалтуды басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді айқындайды және оларды заңсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қояды.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 52-бап өзгертілді
52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi
Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен борышкер жөнiндегi оңалту рәсiмiн аяқтау туралы өтiнiшпен:
1) егер борышкер жөнiндегi оңалту рәсiмiнiң мақсаты орындалса;
2) егер ол бұл мақсатқа жету мүмкiн болмайтынына көзi жетсе, сотқа жүгiне алады. Бұл жағдайда оңалтуды басқарушы уәкілетті органның қорытындысымен осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган) немесе кредиторлардың кез келгенi осы жоспарды қайта қарау немесе оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш бере алады. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды және қарау нәтижесi бойынша ұйғарым шығарады.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдары
Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi аяқталған соң, ал осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайларда осы мерзiм аяқталғанға дейiн сот:
1) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жетсе, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату және iстi қысқарту туралы ұйғарым шығара алады;
2) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаса, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату, борышкердi банкрот деп тану туралы және конкурстық iс ашу туралы шешiм қабылдай алады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 54-бап өзгертілді
55-бап. Санация
1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда борышкердi басқаруды санацияға қатысушы несие ол тағайындаған адам оңалтуды басқарушы үшiн көзделген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады. Санацияға қатысушыға осы Заңның 9-бабының 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген ережелер қолданылмайды.
3. Сот , сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
56-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртiбiн көздейтiн келiсiм жасасуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Санацияға қатысушыларды жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.
Егер келiсiмде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.
2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен кредиторлар комитетi бекiткен келiсiмiмен белгiленедi.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 58-бап өзгертілді
58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қысқартқан кезде оның өзiне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеме алған және борышкер мүлкiнiң иесi болып табылмайтын қатысушысы өзi инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейiн шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы, жиналысында қабылданған шешiмнiң негiзiнде шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң құқығына ие болады, ал егер мемлекеттік кәсiпорын немесе өндiрiстiк кооператив борышкер болса - мүлiк иесiнiң тиiстi уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органының не кооператив мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде оны алдын ала шаруашылық серiктестiгi етiп қайта ұйымдастырады.
Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.
Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, заңдарда көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.
2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 59-бап өзгертілді
59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк жасау
1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды заңдарға сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 5-тарау алынып тасталды
6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс
жүргізу)
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Жалпы ережелер
1. Конкурс жүргiзу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылады.
2. Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi алты айдан аспауы керек. Конкурсты басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкiн.
3. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық іс жүргізуді алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.