Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банкроттық мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде № 239-II
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 51-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) екінші кезекте - банкроттық мәселелерін реттейтін заң актісіне сәйкес талаптар сомасының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және өтем төлеу, соның ішінде еңбекақыдан ұсталатын алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;
3) үшінші кезекте - кредиторлардың таратылатын банкроттың кепілмен қамтамасыз етілген мүлкінің міндеттемелері жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;";
2) 56-баптың 2-тармағындағы "бір жыл ішінде" деген сөздер "екі жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) Заңның бүкіл мәтіні бойынша "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер", "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерге" деген сөздер тиісінше "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
Заңның бүкіл мәтіні бойынша мынадай өзгерістер енгізілсін:
"несие берушілердің", "несие берушілермен", "несие берушілер", "несие беруші" деген сөздер тиісінше "кредиторлардың", "кредиторлармен", "кредиторлар", "кредитор" деген сөздермен; "конкурстық жиынтық" деген сөздер "конкурстық масса" деген сөздермен; "конкурсты басқарушы" деген сөздер "конкурстық басқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) әкімшілік шығыстар - сырттан тартылатын және мамандырылған ұйымдардың көрсететін қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсімдеріне, оңалту рәсіміне және соттан тыс тарату рәсіміне бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар.
Борышкердің таратылуы барысында оларды төлеу жөнінде міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі;";
2) банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер;
3) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;
4) борышкерді соттан тыс тарату рәсімі - борышкердің кредиторлардың және уәкілетті органның бақылауымен оны ерікті түрде тарату туралы кредиторлармен келісімге қол жеткізу жолымен дәрменсіз борышкердің борыштарын соттан тыс тәртіппен реттеу рәсімі;
5) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (атқарған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып заем сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асырауға міндеттілігі;
6) дәрменсіз борышкердің өз еркімен таратылуы - дәрменсіз борышкердің өз өтініші негізінде сот шешімі бойынша таратылуы не кредиторлардың бақылауымен соттан тыс тәртіппен таратылуы;
7) борышкер - заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық рәсімінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға;
8) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер-заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге адам;
9) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
10) конкурстық масса - конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын борышкердің мүлкі;
11) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім;
12) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заң күшімен де, кепіл туралы келісім күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;
13) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
14) кредитор - еңбекке ақы төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар адам;
15) жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы;
16) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі;
17) дәрменсіздік - сот немесе борышкер мойындаған, кредиторлардың жалақы төлеу жөніндегі талаптарын қоса алғанда, ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі;
18) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;
19) әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі;
20) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың мәлімдемелері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;
21) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған, заңдарға қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;
22) оңалтуды басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциясы берілетін адам;
23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;
24) ауыл шаруашылық ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылық өнім өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтар), омарта шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімін өндіретін, осы өнімді өткізуден түсетін, оның ішінде ұқсатылған өнімнен түсетін табысы жылдық табысының жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;
25) субсидиарлық жауапкершілік - заңдарға немесе міндеттеме шарттарына сәйкес тұлғаның негізгі борышкер болып табылатын басқа тұлғаның жауапкершілігіне қосымша жауапкершілігі;
26) уәкілетті орган - өзіне берілген өкілеттік шектерінде банкроттық рәсімдерінің (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда жүргізілуіне, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік орган; ауыл шаруашылығы ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайларда, республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімияттары белгіленген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.";
3) 2-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін.";
2-тармақ "заң актілерімен" деген сөздердің алдынан "шаруашылық жүргізудің осы нысандарын реттейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге құқылы.";
4) 3-баптың 4-тармағы "кем болмаса," деген сөздерден кейін "осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.";
6) 6-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "несие берушілердің" деген сөздердің алдынан "уәкілетті органның," деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі екі жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.
3. Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі екі жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі.";
4-тармақта "бір жыл ішінде" деген сөздер "екі жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға осы Заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.";
2-тармақта "кредиторлардың комитеті" деген сөздердің алдынан "уәкілетті органның келісімі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады.
Осы Заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды.
Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері;";
5-тармақтың 3) тармақшасындағы "мүмкін" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган не сот қарайды.
Соттың немесе уәкілетті органның шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.";
9) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілеті орган өзінің құзыреті шегінде:
1) лицензиялау туралы заңдарға сәйкес банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
3) оңалтуды және конкурстық басқарушыларды тағайындайды;
4) банкроттық рәсімдерінде және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде, таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарату комиссияларының төрағаларын қоспағанда, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады және дәрменсіз борышкерді соттан тыс таратудың рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
6) кредиторлар комитетінің оңалтуды және конкурстық басқарушылармен жасайтын келісімінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуін қарайды;
7) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы есебін қарайды (жасалған мәмілелер туралы ақпарат сұратады);
8) оңалту рәсімдерін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді;
9) конкурстық іс жүргізу кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;
10) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
11) тізілімге кредиторлар талаптарын енгізу туралы кредиторлар мен оңалтуды (конкурстық) басқарушылар арасындағы келіспеушіліктерді қарайды;
12) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы;
13) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
14) конкурстық массаны сату жоспарын қарайды;
15) оңалтуды және конкурстық басқарушылар банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде заңдардың талаптарын бұзған жағдайда оларды шеттету туралы шешім қабылдайды;
16) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта өткізу кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
17) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;
18) оңалтуды және конкурстық басқарушылардың әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
19) осы Заңның 6-бабында көрсетілген жағдаяттар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады.";
10) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар және борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым көп, мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор енеді.";
11) 12-бапта 2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетінің алдында түгендеу жөнінде есеп беру мерзімін белгілеуге;";
3) тармақшада "негізгі және қосымша сыйақының мөлшерін" деген сөздер "сыйақының сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 13-бапта:
үшінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзацта "негізгі және қосымша төлемнің мөлшерін" деген сөздер "төлемнің сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың іс-әрекеттеріне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдауға;";
сегізінші абзацта "көлемін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
Мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
"банкроттық рәсімін, оңалту рәсімін, соттан тыс тарату рәсімін өткізу үшін аудиторлық тексеріс пен түгендеу нәтижелерін назарға алуға, шығыстар баптары мен сметасын бекітуге;
орынды жағдайда конкурстық басқарушыға, егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде ұсыныс жасауға;";
13) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кредиторлар комитетінің отырысына комитет мүшелерінің немесе олардың сенімді адамдарының кемінде 2/3-і қатысса, ол құқылы болады.";
14) 15-бапта:
1-тармақта "(несие берушілердің) өтініші" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "жөнінде, ал өздерінің жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 2/3-ден кем болмайды мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "салық және өзге уәкілетті орган" деген сөздер "салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 16-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің уәкілетті өкілі.";
16) 18-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;";
3) тармақшада "демалысына төлейтін жәрдемақысы" деген сөздер "өтемдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада "көлемі" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшада "банктердің почталық мекен-жайы" деген сөздер "банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын;
"10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат";";
17) 19-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "құжаттары" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "қоса тіркеледі." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) борышкер табиғи монополия субъектісі немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектісі болып табылатын жағдайда борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасы алынған кезден бастап монополияға қарсы органның он күн ішінде беретін қорытындысы қоса тіркеледі.";
18) 22-баптың 3-тармағына:
2) және 3) тармақшаларда "почталық мекен-жайы" деген сөздер "тұрғылықты жері" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);";
19) 23-баптың 3) тармақшасында "мөлшерін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 25-бапта:
тақырыпта "органының немесе уәкілетті органның" деген сөздер "органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен, 1-тармақтағы "немесе уәкілетті органның" деген сөздер "органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
21) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "қасақана" деген сөз "әдейі" деген сөзбен ауыстырылсын;
22) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.";
23) 28-бапта:
1-тармағының 4) тармақшасында "салық және өзге де уәкілетті органдардың" деген сөздер "салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот жеті күн ішінде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жеріндегі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге мерзімді басылымдардың бірінде банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.";
24) 29-бапта:
тақырыпта және 1-тармақта "уәкілетті органның" деген сөздер "салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 5) тармақшасында "банктердің почталық мекен-жайы" деген сөздер "банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "болады" деген сөз "болуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "3-тармағында" деген сөзбен ауыстырылсын;
25) 31-бапта:
1-тармақта "уәкілетті органның" деген сөздер "салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;