ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Банкротты қарыздан босату
1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
2. Банкрот өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн банкрот деп тану туралы өтiнiш бергенге дейiн екі жыл iшiнде жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, ол қарыздан босатылмайды.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II; 13.03.03 ж. N 395-II Заңдарымен 87-бап өзгертілді
87-бап. Конкурстық басқарушының есебi
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
Есепті нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Сот конкурстық басқарушының есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген есебінен үзінді көшірме жібереді.
Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi мүмкiн. Конкурстық басқарушы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 88-бап өзгертілді
88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау
3. Бұл туралы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне жазба енгiзiлген соң, борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 89-бап өзгертілді
7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері
89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы
1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi.
2. Сот iс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкi иесiнiң, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) борышкер мүлкiн (активтерiн) өзге тұлғаларға беруге немесе өзгеше түрде билiк етуге құқығы жоқ.
90-бап. Соттың iстi қарауы
1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iс қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады.
2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 91-бап өзгертiлдi
91-бап. Борышкердi тарату тәртiбi
Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурстық басқарушысы жүзеге асырады.
ҚР 2001.07.11 ж. N 239-II Заңымен 92-бап өзгертілді
92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас тартуының
салдары
1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiбiмен таратылуға тиiстi болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне жазба енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.
2. Кредиторлар осы Заңға немесе өзге де заң актiлерiне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.
93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi бойынша
банкроттығы
1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы таратудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II; 13.03.03 ж. N 395-II Заңдарымен 94-бап өзгертiлдi
94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы
1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың, салық немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.
2. Iс қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде келмеген борышкердi сот банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.
3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енгiзiлген күннен бастап бiр апта мерзiмде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген ережелер бойынша кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланым шығарады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды мәлімдеуші бір апта мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде банкроттық туралы іс қозғау жөнінде хабарландыруды борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын жүргізуді тапсыру туралы;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 95-бап өзгертiлдi
95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекiтiлген кезге дейiн өз талаптарын конкурстық басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы (уәкілетті орган) тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы есепті сотқа табыс етеді.
Конкурстық басқарушының есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
3. Борышкер конкурстық басқарушының (уәкілетті органның) есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.
4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан уәкілетті өкілдік етуге адамдар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен кредитор талаптарының тізілімін және осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен өз қызметі туралы есеп жасайды.
Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.
8-тарау. Соттан тыс тарату рәсімдері
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 96-бап өзгертiлдi
96-бап. Соттан тыс рәсiм
1. Соттан тыс тарату рәсiмi дәрменсiз борышкердi кредиторлардың және уәкілетті органның бақылауымен таратуға мүмкiндiк беретiн әдiс болып табылады.
2. Дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне борышкер немесе борышкердiң кредиторы борышкерге қатысты соттан тыс тарату рәсiмiн қолдану туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беру арқылы бастамашылық жасауы мүмкiн.
3. Дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн өткiзу туралы шешiмдi осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган кредиторлар комитетімен және борышкермен келісе отырып қабылдайды.
3-1. Борышкерді соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган қызметі осы Заңмен реттелетін конкурстық басқарушыны тағайындайды.
4. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзуге байланысты шығыстары конкурстық iс жүргiзудiң әкiмшiлiк шығындарына жатады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 97-бап өзгертiлдi
97-бап. Кредиторлар комитетi
1. Дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылдау, оны өткiзуге бақылауды қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган борышкер ұсынған кандидатуралар арасынан осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiн құрады.
2. Бірінші отырысында кредиторлар комитеті дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін өткізуге келісім береді не борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну жөнінде шешім қабылдайды.
4. Кредиторлар комитетi шешiмдердi осы Заңда белгiленген тәртiппен қабылдайды.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 98-бап алып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 99-бап өзгертiлдi
99-бап. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм
қабылдаудың салдары
1. Cоттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн осы Заңның 68-бабында көзделген салдарлар туындайды.
2. Борышкердi соттар тыс тарату рәсiмi осы Заңның 6-тарауында белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
3. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде осы Заңның 87-бабымен соттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді кредиторлар комитеті қабылдайды.
Борышкердің өндіріп алу мүмкін болмайтын дебиторлық берешегінің сомасын кредиторлар комитетінің бекітуі оны есептен шығаруға негіз болып табылады.
9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың
банкротқа ұшырау ерекшеліктері
100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың банкроттығы
1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн.
2. Заңды тұлғаларды қала салушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 101-бап өзгертiлдi
101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау
1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы ұйымға жататындығын растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттық туралы iсiн қарауға дайындаған кезде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiн көшiрме сұратып алады.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 102-бап өзгертiлдi
102-бап. Кепiлдiк арқылы оңалту рәсiмiн қолдану
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның мәлiмдеуi бойынша сот борышкер қала салушы ұйымның мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк берiлген шарт бойынша борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн енгiзу туралы ұйғарым шығарады.
Борышкердiң мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi мемлекеттiк орган арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң республикалық бюджетi есебiнен Қазақстан Республикасы беруi мүмкiн.
103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу
1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.
3. Борышкердiң қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды
9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының
ерекшеліктері
103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы
1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.
103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің
пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар
Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:
1) жердің кадастрлық сипаттамасы;
2) банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.
Борышкерді банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту
Егер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу
1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;
2) егіс және егін жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;
3) борышкер мүлкін сату үшін қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.
Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөніндегі шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату
1. Конкурстық басқарушы борышкердің жер пайдалану құқығының тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте шыққан шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
2. Борышкердің мүлкін сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, борышкердің мүлкін сату жоспарына, қызметтің негізгі түрін міндетті сақтай отырып, конкурстық массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөніндегі қосымша шарт енгізіледі.
3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрі сату уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкі есебінен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгіленген конкурстық массаны бөлу кезектілігіне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.
5. Конкурстық массаны сату жөніндегі аукцион өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық басқарушы анықтайды.
6. Борышкердің - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
ҚР 01.7.98 ж. N 256-1 Заңымен 10-тарау алып тасталды
11-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 01.7.98 ж. N 256-1 Заңымен 106-бап өзгертілді
106-бап. Осы Заңның қолданылу тәртiбi
1. Осы Заң сот iс қозғаған iстерге қолданылады, ал ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асырыла бастаған iстерге осы баптың 2-тармағында көзделгенiнен басқа реттерде қолданылады.
2. Заңның 75-81-баптары сот қозғаған iстердi жүргiзуге, ал егер сатудан түскен қаражат кредиторлардың арасында бөлiнбесе, осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жүзеге асырыла бастаған соттан тыс рәсiмдерге қолданылады.
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 107-баппен толықтырылды
107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы заңды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының