Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67-1 Заңы
(ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 01.07.98 ж. N 256-1;
10.07.98 ж. N 283-1; 18.12.00 ж. N 128-II; 02.03.01 ж. N 162-II;
11.07.01 ж. N 239-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 09.08.02 ж. N 346-II;
13.03.03 ж. N 395-II;03.06.03 ж. N 427-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 542-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 10 баптар)
2-тарау. Кредиторлар комитеті (11 - 14 баптар)
3-тарау. Банкроттық туралы істерді сот (15 - 41 баптар)
тәртібімен қарау
4-тарау. Оңалту рәсімі (42 - 64 баптар)
6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс жүргізу) (65 - 88 баптар)
7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері (89 - 95 баптар)
8-тарау. Соттан тыс тарату рәсімдері (96 - 99 баптар)
9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың (100 - 103 баптар)
банкротқа ұшырау ерекшеліктері
9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының (103-1 - 103-5 баптар)
ерекшеліктері
11-тарау. Қорытынды ережелер (106 бап)
ҚР 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен Заңның бүкіл мәтіні бойынша сөздер ауыстырылды
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен кiрiспе өзгертiлдi
Осы Заң дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткiзудiң, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) әкімшілік шығыстар - сырттан тартылатын және мамандырылған ұйымдардың көрсететін қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсімдеріне, оңалту рәсіміне және соттан тыс тарату рәсіміне бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар.
Борышкердің таратылуы барысында оларды төлеу жөнінде міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі;";
2) банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер;
3) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;
4) борышкерді соттан тыс тарату рәсімі - борышкердің кредиторлардың және уәкілетті органның бақылауымен оны ерікті түрде тарату туралы кредиторлармен келісімге қол жеткізу жолымен дәрменсіз борышкердің борыштарын соттан тыс тәртіппен реттеу рәсімі;
5) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (атқарған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып заем сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асырауға міндеттілігі;
6) дәрменсіз борышкердің өз еркімен таратылуы - дәрменсіз борышкердің өз өтініші негізінде сот шешімі бойынша таратылуы не кредиторлардың бақылауымен соттан тыс тәртіппен таратылуы;
7) борышкер - заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық рәсімінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға;
8) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер-заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге адам;
9) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
10) конкурстық масса - конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын борышкердің мүлкі;
11) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім;
12) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заң күшімен де, кепіл туралы келісім күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;
13) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
14) кредитор - еңбекке ақы төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар адам;
15) жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы;
16) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі;
17) дәрменсіздік - сот немесе борышкер мойындаған, кредиторлардың жалақы төлеу жөніндегі талаптарын қоса алғанда, ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі;
18) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;
19) әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі;
20) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың мәлімдемелері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;
21) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған, заңдарға қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;
22) оңалтуды басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциясы берілетін адам;
23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;
24) ауыл шаруашылық ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылық өнім өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтар), омарта шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімін өндіретін, осы өнімді өткізуден түсетін, оның ішінде ұқсатылған өнімнен түсетін табысы жылдық табысының жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;
25) субсидиарлық жауапкершілік - заңдарға немесе міндеттеме шарттарына сәйкес тұлғаның негізгі борышкер болып табылатын басқа тұлғаның жауапкершілігіне қосымша жауапкершілігі;
26) уәкілетті орган - өзіне берілген өкілеттік шектерінде банкроттық рәсімдерінің (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда жүргізілуіне, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік орган; ауыл шаруашылығы ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайларда, республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімияттары белгіленген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Банкроттық туралы заңдар
Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 18.12.00 ж. N 128-II; 02.03.01 ж. N 162-II; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi
1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады.
Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін.
Зейнетақы қорларына және басқа кейбiр заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.
Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке кәсiпкерлердiң, оның iшiнде шаруа (фермер) қожалықтарының банкроттығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 21-бабымен және шаруашылық жүргізудің осы нысандарын реттейтін заң актiлерімен реттеледi.
3. Банкроттық туралы iстердi осы Заңда белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша сот қарайды.
4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi және толықтырылды
3-бап. Банкроттықты тану
1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi.
2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi.
3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.
4. Егер кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмаса, осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда,банкроттық туралы iстердi сот қарайды.
5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен не соттан тыс тәртiппен таратылуға тиiс.
6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады.
7. Сот тәртiбiмен не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзумен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 4-бап өзгертiлдi
4-бап. Банкроттық рәсiмдердi қолдану және соттан тыс тарату
рәсiмiн өткiзу негiздерi
1. Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 5-бап өзгертiлдi
5-бап. Әдейi және жалған банкроттық
1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.
Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi.
2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.
3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңымен 6-бап өзгертiлдi және толықтырылды
6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң
мәмiлелерiн жарамсыз деп тану
1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:
1) азаматтық заңдарда көзделген негiздер болғанда;
2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың өтiнiшi бойынша;
3) заң актiлерiнде көзделген өзге негiздер болған кезде жарамсыз деп танылуға тиiс.
2. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі екі жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.
3. Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі екі жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi екi жыл iшiнде не соттан тыс тарату рәсiмiн бастап, шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн.
Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады.
5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурстық басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және азаматтық заңдарда көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.
6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi
7-бап. Шартты орындаудан бас тарту
1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:
1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе;
2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса;
3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе;
4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады.
8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға жататындығы
Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң заңға сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.
ҚР 10.07.98 ж. N 283-1; 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Оңалтуды және конкурстық басқарушылар
1. Оңалту рәсiмiн, конкурстық iстi (таратуды) жүргiзу не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу кезеңiнде банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару мiндеттерi оңалтуды не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.
Оңалтуды және конкурстық басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
1-1. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға осы Заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.
2. Оңалтуды, конкурсты басқарушыларды тағайындаудың тәртiбi мен ережелерi, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көлемi осы Заңмен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитетi, олармен жасасқан келiсiммен реттеледi.
2-1. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады.
Осы Заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды.
Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады.
4. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды:
1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы;
2) осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша басқарудан шеттетiлген адам;
3) бұрын банкрот деп танылған кәсiпорынның басшысы;
4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері;
5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi.
5. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар мынадай жағдайларда аталған мiндеттердi жүзеге асыруға тағайындалғандағы сияқты тәртiппен:
1) өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамаса немесе тиiстi дәрежеде орындамаса, жекелеген кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiретiн не басқаларға артықшылық беретiн әрекеттер жасаса, басшыны жұмыстан шығаруға негiз болып табылатын өзге де әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаса;
2) лицензиялау туралы заңдарда көзделген негiздер бойынша лицензия қайтарып алынса не оның қолданылуы уақытша тоқтатылса;
3) өздерiне жүктелген мiндеттердi орындай алмайтын болса, борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқарудан шеттетiлуі тиіс.
ҚР 01.07.98 ж. N 256-1; 11.07.01 ж. N 239-II Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады.
2. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары кiредi.
Мыналар:
1) борышкерден ақша сомаларын өндiрiп алу туралы соттың шешiмi немесе күшiне енгiзiлген атқарушы құжаттар барларға қатысты;
2) борышкер мойындаған не ол өзiне қойылған талаптар бойынша белгiленген мерзiмде қарсылығын мәлiмдемеген талаптар даусыз болып табылады.
3. Банкроттық рәсiмдерiн немесе соттан тыс тарату рәсiмiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтуды не конкурсты басқарушылар жүзеге асырады.