1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;
2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.
4. Президенттiкке кандидаттыққа өзiн-өзi ұсыну олардың Орталық сайлау комиссиясына тиiстi өтiнiш беруi арқылы жүргiзiледi.
5. Егер ұсынылған барлық кандидаттар өз кандидатураларын олар тiркелгенге дейiн алып тастаған немесе басқа жаққа кеткен жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн әрi кеткенде 20 күнге ұзартады.
. 55-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты
қолдап қол жинау
1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.
2. Президенттiкке кандидатты сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде екi процентi қолдауға тиiс.
3. Президенттiкке кандидатты қолдап қол жинауды осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын бастамашыл топтар жүзеге асырады және кандидаттың Конституция мен осы Жарлықта белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеруден кейiн үш күн мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-бабының 3 және 4-тармақтарындағы оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.
4. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:
1) тегi, аты және әкесiнiң аты;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;
5) жеке қолы.
5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.
6. Орталық сайлау комиссиясы:
1) қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;
2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.
7. Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөнiндегi толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол он күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
8. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың екi проценттен астамы рас болмай шыққан жағдайда Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартылады.
. 56-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
57-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың
сенiм бiлдiрген адамдары
Президенттiкке кандидаттың жиырма беске дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.
58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың
сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен үш мың еседен артық аспауға тиiстi кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен бес мың еседен артық аспауға тиiс кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiктiң қаражатынан;
3) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркiмен берген қайырмалдықтарынан құралады.
59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу
1. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Президенттiкке кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуi тексеруден өткеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдарды тексергеннен кейiн жеке қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының есеп-шотына заңмен белгiленген ең төменгi жалақының жүз мәрте мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Республика Президенті болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
3. Президенттiкке кандидаттар нешеу болса да тiркеуге ұсынылады.
4. Президенттiкке кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда аяқталады.
5. Қоғамдық ұйымнан Президенттiкке кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi мәжiлiсiнiң осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың үзiндiсi;
2) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiш;
3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;
4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;
4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.
6. Президенттiкке кандидат өзiн өзi ұсынған жағдайда оны тiркеу мына құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсу ниетi жөнiндегi өтiнiшi;
2) аумақтық сайлау комиссиясының азаматтардың Президенттiкке кандидатты қолдап жиналған қолдарды тексеру нәтижелерi жөнiндегi хаттамасы;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжат.
7. Орталық сайлау комиссиясы:
1) Президенттiкке кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай орның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды.
2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
3) Конституция мен осы Конституциялық заңның талаптарын бұзу орын алса, сондай-ақ осы Конституциялық заң белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
8. Орталық сайлау комиссиясының Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөнiндегi шешiмнiң күшiн жоюына кандидаттың жеке өзi не оны ұсынған қоғамдық бiрлестiк он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым беруi мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiм iшiнде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
. 59-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.05.1998
N 222 Заңымен.
. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
. 59-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 28.06.1999 N 407
Заңымен.
60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну
туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Президенттiкке кандидат тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн кез келген уақытта, бiрақ дауыс беруден кемiнде жетi тәулiк бұрын Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бiлдiру арқылы өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн кез келген уақытта, бiрақ дауыс беруден кемiнде жетi тәулiк бұрын тиiсiнше Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.
. 60-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Республика Президенттiгiне
кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Президенттiкке кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ бұл екi айдан аспауға тиiс.
2. Мұндай жағдайда Президенттiкке кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
. 61-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi
дауыстарды санау
1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде белгiленедi және хаттамаға енгiзiледi, оған комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қойып, екi күн мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жолданады.
2. Дауыстарды санау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
. 62-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
63-бап. Қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша Президент сайлауы жөнiнде қайта дауыс беру тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, қайта дауыс беру сол кандидатура бойынша жүргiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3.
. 63-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының
06.11.1998 N 285 Заңымен.
. 63-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
64-бап. Қайта сайлау
1. Егер Президент сайлауында бiр ғана кандидат дауысқа түссе және ол сайланбай қалса, егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған Президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе, Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын қайта тағайындайды. Бұрын дауысқа түскен Президенттiкке кандидаттар қайта сайлауға қатыстырылмайды.
2. Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Дауыс беру бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiм бойынша және сол сайлау учаскелерiнде өткiзiледi.
3. Сайлау комиссияларын құру, Президенттiкке кандидаттар ұсыну мен тiркеу, басқа да сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлау шаралары мерзiмiнiң қысқартылуын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.
4. Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
. 64-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын
анықтау және жариялау
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.
2. Республика Президентi болып:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған;
3) қайта дауыс беру кезiнде бiр ғана кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.
3. Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Жалпы Конституциялық заңның бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
. 65-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.11.1998 N 285
Заңымен.
. 65-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде сайланған Республика Президентiн тiркейдi.
2. Егер учаскелердiң немесе әкiмшiлiк бөлiнiстердiң жалпы санының кемiнде төрттен бiр бөлiгiнде:
1) сайлау жарамсыз деп танылса;
2) не оның барысында немесе дауысты санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы, азаматтардың арыздары бойынша сайланған Президентi тiркеуден бас тартуы мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ретпен қабылданған Орталық сайлау комиссиясының шешiмiне Президенттiкке кандидат оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
. 66-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
67-бап.
. 67-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 06.11.1998
N 285 Заңымен.
68-бап. Республика Конституциялық Кеңесiнiң Республика
Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
жөнiндегi мәселенi қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiш жасауы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi шешедi. Бұл ретте Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуi өтiнiштi қарау кезiнде тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiнде дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) Республика Президентi сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) екi ай iшiнде қайта дауыс беру өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.
. 68-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
11-тарау. Республика Парламентi Сенатының
депутаттарын сайлау
69-бап. Сенат депутаттарын сайлауын тағайындау
1. Сайлау тағайындауға мыналар:
1) кезектi сайлау үшiн - Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуi;
2) кезектен тыс сайлау үшiн - Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы;
3) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткiзу үшiн - депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-тармақшасында белгiленген жағдайда депутаттар сайлауын Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне дейiн кемiнде төрт ай қалғанда Республика Президентi тағайындайды және ол конституциялық өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып әрi Парламент өкiлеттiгiн тоқтатқан күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайда шығып қалғандар орнына депутаттар сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, депутаттық мандатынан айырылған, не оның қайтыс болған сәтiнен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.
5. Сенат депутаттары сайлау Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып тағайындалады және мерзiмi бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауымен сәйкес келе алмайды.
. 69-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
70-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарға
қойылатын талаптар
Сенат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2-тармағы мен осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
. 70-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
71-бап. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған кейiн келесi күнi басталып, сайлау өткiзiлетiн күнге бiр ай қалғанда аяқталады.
2. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну:
1) облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы), аудандық және қалалық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бiр кандидат ұсынылуы мүмкiн;
2) өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының аумағында тұратын азамат ұсыныла алады.
4. Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну жөнiндегi шешiм тиiстi мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және бұл шешiм қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде:
1) ұсынылған кандидатқа жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтінiшiмен бiрге тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының сайлау комиссиясына жiберiледi.
5. Сенат депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына осы әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiс бойынша өзiнiң Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi жайында өтiнiш беру арқылы жүргiзiледi.
6. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгiн анықтайды және осы баптың 4-тармағының 2)-тармақшасында, 5-тармағында көрсетiлген оның ұсынылуы туралы құжаттар негiзiнде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшiн қол қою парақтарын бередi.
7. Егер бiр де бiр кандидат ұсынылмаған немесе ұсынылған барлық кандидаттар оларды тiркегенге дейiн өз кандидатураларын алып тастаған не кетiп қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн әрi кеткенде жиырма күнге ұзартады.
. 71-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
72-бап. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинау
1. Сенат депутаттығына кандидат облыс мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала немесе Республика астанасы мәслихатының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына , бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының елу процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс.
2. Таңдаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Бұл орайда таңдаушылардың әрқайсысы Сенаттың депутаттығына бiр кандидатты ғана қолдап өз қолын қоюға құқылы. Сенаттың депутаттығына кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол тек сот шешiмiнiң негiзiнде ғана керi қайтарылып алынады.
3. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинауды осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын бастамашыл топтар жүзеге асырады және бұл тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.
4. Әрбiр қол қою парағында рет номерi мен кандидаттың және қол жинаушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар жайында мынадай мәлiметтердi бiлдiретiн бағаналар болуға тиiс:
1) тегi, аты мен әкесiнiң аты;
2) өзi депутаты болып табылатын мәслихат;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты мекен жайы;
5) жеке қолы;
5. Қол қою парағының үлгiсiн Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
6. Толтырылған қол қою парақтары тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тапсырылады, олар бес күн мерзiм iшiнде жиналған қолдардың растығын паспорт қызметiнiң қызметкерлерiн қатыстыра отырып тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.
7. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың бiр процентiнен артығы рас болмай шыққан жағдайда, Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеуден бас тартылады.
. 72-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
73-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеудi тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
2. Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерiлгеннен кейiн өзiнiң жеке қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретiнде заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
3. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу сайлау күнiнен кемiнде қырық күн бұрын басталып, егер сайлау тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлау күнiне кем дегенде жиырма күн қалғанда аяқталады.
4. Мәслихаттан (мәслихаттардан) ұсынылған Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етiп ұсыну туралы шешiмi;
2) депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеруiнiң нәтижесi туралы хаттамасы;
4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;
4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжаты болған жағдайда жүзеге асырылады;
5. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу ол өзiн-өзi ұсынған жағдайда, мына құжаттар:
1) азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдайтын қолдарын тексеру нәтижелерi туралы хаттамасы;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы:
1) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеген кезде оларға тиiстi куәлiк бередi;
2) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.
3) кандидатты тiркеуден бас тартады немесе Конституция мен осы Жарлық талаптарын бұзу орын алған кезде, сондай-ақ осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiм күшiнiң жойылуына оны ұсынған мәслихат (мәслихаттар) немесе кандидаттың жеке өзi жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте шағым берiлген күнiнен бастап жетi күн iшiнде қаралады.
. 73-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.05.1998
N 222 Заңымен.
. 73-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
. 73-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 28.06.1999 N 407
Заңымен.
74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына
кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және тiркелгеннен кейiнгi кезеңде, бiрақ дауыс беретiн күнге кемiнде жетi тәулiк қалғанда тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш беру арқылы өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.