. 117-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу
1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:
1) азаматтар жиналысының хаттамасы;
2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер болған жағдайда жүргiзiледi;
4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мен құжаттар:
1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер болған жағдайда жүзеге асырылады.
3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.
5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.
6. Аумақтық сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) тиiстi Заң мен осы Конституциялық заң талаптарын бұзу орын алса, сондай-ақ осы Жарлықта белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмiнiң жойылуына азаматтар жиналысы немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап үш күн iшiнде шағым жөнiнде шешiм шығарады.
8. Кандидатты тiркеу сайлау күнiнен жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда аяқталады.
. 118-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.05.1998
N 222 Заңымен.
. 118-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат
етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Кандидат тiркеуге дейінгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде үш күн бұрын, бұл жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде үш күн бұрын, аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
120-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне
кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары
Кандидаттың үшке дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.
121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi бiткеннен кейiн барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ бұл бiр айдан аспайды.
2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
. 121-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн
сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.
2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
. 122-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн қосымша сайлау
1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.
2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.
. 123-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
4. Бұрын дауысқа түскен кандидаттар қайта сайлауға қатыспайды.
. 124-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн
сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.
1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.
2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
. 125-бап өзгердi және 1-1-тармақпен толықтырылды -
Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары мүшелерiн тiркеу
1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.
2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
. 126-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзу
1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы өкiлеттiгiнiң заңмен белгiленген мерзiмiнiң бiтуiне бiр жылдан аз уақыт қалғанда шығып қалған жағдайда шығып қалғанның орнына мүше сайлау өткiзiлмейдi.
. 127-бап өзгердi -Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
128-бап. Бiрiншi шақырылған Парламент
депутаттары сайлауын тағайындау
1. Бiрiншi шақырылған Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын Республика Президентi тағайындайды және ол Қазақстан Республикасының Конституциясы күшiне енген күннен бастап төрт айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
2. Сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен Президент белгiлейдi.
129-бап. Бiрiншi шақырылған Парламент Сенаты
депутаттарын сайлау тәртiбi
1. Бiрiншi шақырылған Сенат депутаттарының сайлауы бойынша сайлау шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын анықтау мен Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.
2. Бiрiншi шақырылған Сенат депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру таңдаушылардың - тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының депутаттарының бiрлескен отырысында Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша жеке-жеке өткiзiледi.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды әлiпби тәртiбiмен екi бюллетеньге бөледi. Кандидаттар көбейiп кеткен кезде олар бiрiншi және екiншi бюллетеньге тепе-тең бөлiнедi. Кандидаттардың саны аз болған кезде бiрiншi бюллетеньге екiншi бюллетеньге қарағанда бiр кандидат артық қосылады.
4. Екi бюллетеньмен бiр кезде өткiзiлген дауыс беру кезiнде таңдаушы әр бюллетеньдегi өзi қарсы дауыс беретiн кандидаттардың тегiн сызып тастайды, бұл ретте өзi дауыс берiп отырған кандидаттың тегiн сызбай қалдырып, басқалардың тегiн сызып тастайды.
5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзiледi.
6. Бiрiншi шақырылған Сенат депутаты сайлауында:
1) дауыс берудiң бiрiншi турында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар даусының көбiрек санын, бiрақ дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының кемiнде қырық процентiнiң даусын алған;
3) қайта дауыс беру кезiнде, бiрден бiр кандидат дауысқа түскен кезде дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының елу процентiнен астамын алған кандидат сайланған болып саналады.
7. Бiрiншi шақырылған Сенаттың:
1) төрт жылға сайланған депутаты болып дауыс беру кезiнде басқа депутат болып сайланған кандидатқа қарағанда көбiрек дауыс алған кандидат;
2) екi жылға сайланған депутаты болып басқа депутат болып сайланған кандидат саналады.
8. Депутаттар сайлаған кандидаттардың әрқайсысына берiлген дауыс саны тең болған жағдайда, олардың өкiлеттiгiнiң мерзiмi жеребе бойынша анықталады.
. 129-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
130-бап. Мәслихаттар депутаттарын сайлау мерзiмi
1. Мәслихаттар депутаттарының бiрiншi сайлауы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес 1999 жылдың iшiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тағайындайтын мерзiмде өткiзiледi. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған жергiлiктi өкiлдi органдардың өкiлеттiгi 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мәслихаттар депутаттарының жаңа құрамы сайланғанға дейiн қолданыла бередi.
2. Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлау осы Конституциялық заңның белгiленген тәртiп пен мерзiмде тағайындалып, өткiзiледi.
. 130-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 06.11.1998 N 285 Заңымен.
. 130-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының
06.05.1999 N 375 Заңымен.
131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелерiн сайлау мерзiмi
Республика Конституциясында көзделген жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң күшiне енгеннен кейiн, бiрақ аталмыш заң күшiне енген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.
132-бап. Бiрiншi шақырылған Парламент сайлауы кезiнде
республикалық бюджет қаражатының жұмсалуына
бақылау жасаудың ерекшелiктерi
Бiрiншi шақырылған Парламент сайлауы кезiнде Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi құрылғанға дейiнгi уақытта кандидаттардың сайлау науқанына бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауын бақылауды сайлау комиссиялары жүзеге асырады, олар аталмыш бақылауды жүргiзуге құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарды тарта алады.
133-бап. Осы Жарлықтың күшiне енуi және қолданылуы
Осы Жарлық:
1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;
2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
. 133-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi