3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.
. 74-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың
сенiм бiлдiрген адамдары
Сенат депутаттығына кандидаттың беске дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.
76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Сенат депутаттығына
кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Сенат депутаттығына барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша өз қаулысымен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ бұл екi айдан аспауға тиiс.
2. Бұл жағдайда Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Жарлықта белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi
таңдаушылардың бiрлескен отырысын өткiзу тәртiбi
1. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi.
2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын депутаттардың жалпы санының елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады.
3. Егер Сенат депутатын сайлау жөнiндегi отырыста болған таңдаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.
4. Бiрлескен отырыста тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) мәслихатының хатшысы төрағалық етушi болып табылады.
5. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.
6. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.
7. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi бiрлескен отырыстың өткiзiлгенiн куәландыратын құжат тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) тиiстi мәслихат хатшысының сайлау комиссиясына тапсыратын бiрлескен отырыс хаттамасы болып табылады.
8. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.
. 77-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау
1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжiлiсiнде анықталады.
2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;
2) таңдаушылардың бiрлескен мәжiлiсiнде жария етiледi;
3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
. 78-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Егер кандидаттың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, қайта дауыс беру соның кандидатурасы бойынша жүргiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.
3.
. 79-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не бiрден-бiр немесе екi кандидат дауысқа түскен кезде ол (олар) сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзедi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқада шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. Бұрын дауысқа түскен Сенат депутаттығына кандидаттар қайта сайлауға қатыспайды.
. 80-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
81-бап. Сенат депутаттары сайлауының
қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.
2. Сенат депутаты сайлауында:
1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған;
3) қайта дауыс беру кезiнде бiрден-бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының даусын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
. 81-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.
2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңның бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Сенат депутаттығына кандидат сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
. 82-баптың 1-тармағынан сөздер алынып тасталды -
Қазақстан Республикасының 19.06.1997 N 133-1
Заңымен.
. 82-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен
шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткiзу
1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сенат депутаты өкiлдiктiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жылдан аз уақыт қалғанда Сенат депутаты шығып қалған жағдайда шығып қалғанның орнына депутат сайлау өткiзiлмейдi.
. 83-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
. 84-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
12-тарау. Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң
депутаттарын сайлау
85-бап. Мәжiлiс депутаттарын сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;
2) Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрмей өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.
. 85-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
86-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға
қойылатын талаптар
Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2-тармағына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
. 86-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
87-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы республикалық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзiн-өзi ұсыну жолымен тiркелген азаматтарда болады. Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша сайлау үшiн адамдарды кiргiзу құқығы саяси партияларға тиесiлi.
2. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсынуды республикалық және жергiліктi қоғамдық бiрлестiктердiң жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiк кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып, осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамды депутаттыққа кандидат етiп ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк әрбiр сайлау округiнде Мәжiлiс депутаттығына тек бiр ғана кандидат ұсына алады. Кандидаттар ұсыну туралы шешiм қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттаманың үзiндiсiмен ресiмделедi. Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжiлiстiң депутаты етiп сайлау үшiн адамдарды кiргiзудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялар партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқылы. Партиялық тiзiмге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжiлiстiң депутаты етiп сайлану үшiн кiргiзiлген адамның аумақтық сайлау округi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.
2-1. Саяси партиялар адамдарды партиялық тiзiмде орналастырудың тәртiбiн дербес белгiлейдi. Партиялық тiзiмдi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрмемен бiрге саяси партияның өкiлi Орталық сайлау комиссиясына табыс етедi. Өкiлдiң өкiлеттiгi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.
3. Қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi үш күн мерзiм iшiнде:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсу келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша Мәжiлiс депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзедi.
5. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
6. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнен және бiр партиялық тiзiмнен кандидат болып ұсыныла алмайды.
7. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлауға дейiн алпыс күн бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.
8. Егер округ бойынша бiрде-бiр кандидат ұсынылмаған не ұсынылған барлық кандидаттар оларды тiркегенге дейiн өз кандидатураларын алып тастаған немесе кетiп қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн әрi кеткенде жиырма күнге ұзартады.
. 87-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
88-бап. Сайлау жарнасы
Мәжiлiстiң депутаттығына әрбiр кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн өз қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар оларға енгiзiлген адамдардың Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн саяси партиялардың қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам үшiн заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының елу еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
. 88-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
. 88-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 28.06.1999 N 407
Заңымен.
89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Саяси партиялар табыс еткен партиялық тiзiмдердi тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi:
1) осы қоғамдық бiрлестiктiң тиiсiнше Республика Әдiлет министрлiгiнде, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) әдiлет басқармасында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген тиiстi сайлау округi бойынша кандидатты ұсыну жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысы хаттамасының үзiндiсi;
2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) азаматтың осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
2-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
3) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат.
4. Тiркеуге Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде Орталық және тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттар тiркелгеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орнымен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы хабар жариялайды.
2) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) Конституцияның және осы Конституциялық заңның талаптарын бұзу орын алса, сондай-ақ осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
7. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi тiркеу мынадай құжаттар:
1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлiгiнде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар;
2) азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзiлуiне келiсетiндiгi туралы арызы;
3) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгендiгiн растайтын құжат болған жағдайда жүргiзiледi.
Партиялық тiзiм бойынша кандидат етiп:
1) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;
2) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзғаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
3) тiркеу уақытына қарай өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адам тiркелуге жатпайды;
8. Бiр саяси партиядан адамдардың кез келген саны енгiзiлген бiр тiзiмдi ғана тiркеуге жол берiледi.
9. Орталық сайлау комиссиясы:
1) партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн оныншы күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын, партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн(кәсiбiн), жұмыс iстейтiн және тұратын жерiн көрсете отырып, тiркеу туралы хабарлама жариялайды;
2) тiркеу кезiнде партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) Конституцияның және осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда партиялық тiзiмдi немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген нақты адамды тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
10. Тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жою жөнiнде жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Бұл орайда Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым бойынша шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шешiм шығарады.
11. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдердi тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлауға екi ай қалғанда басталады және бiр ай қалғанда аяқталады.
. 89-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 08.05.1998
N 222 Заңымен.
. 89-баптың 7-тармағы жаңа редакцияда, 9-11 тармақтармен
толықтырылды - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
Заңымен.
90-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәжiлiс
депутаттығына кандидат етiп ұсыну
туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Мәжiлiс депутаттығына кандидат тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын, бұл туралы округтiк сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Қоғамдық бiрлестiктiң жоғарғы органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта, бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын, округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс бере отырып, Мәжiлiс депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
3-1. Саяси партиялар партиялық тiзiмдер тiркелгенге дейiнгi кезеңде және одан кейiн, бiрақ дауыс беру күнiне дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей, өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн керi қайтарып алуы мүмкiн, бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша мәлiмдеме және саяси партияның жоғары органы отырысының хаттамасынан көшiрме бередi. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою оған мәжбүр етпейтiн себептерсiз жүргiзiлген болса, округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығындардың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.
. 90-бап өзгердi, 3-1-тармақпен толықтырылды -
Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375
заңымен.
91-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың
сенiм бiлдiрген адамдары
Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың жетiге дейiн сенiм бiлдiрген адамдары болуы мүмкiн.
92-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың
сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры мыналардан түзiледi:
1) кандидаттың өз қаражаты, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс;
2) кандидатқа өзiн ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiк бөлген қаражат, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары, олардың сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының мың есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
. 92-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
06.05.1999 N 375 Заңымен.
93-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып
қалғандардың орнына Мәжiлiс депутаттығына
кандидаттар ұсыну
1. Тиiстi сайлау округi бойынша тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы, округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша, өз қаулысымен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспайды.
2. Бұл жағдайда Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
. 93-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 06.05.1999
N 375 Заңымен.
94-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауында дауыстарды есептеу
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң хаттамалары дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.
2. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерi округтiк сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады. Мәжiлiс депутаты сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойған хаттама жасалып және ол сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.
3. Дауыс санаудың нәтижелерi мен сайлау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.