Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 ж. 28 қыркүйектегі N 2464
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (ҚР 06.05.99 ж. N 375-1;
19.06.97 ж. N 133-1; 08.05.98 ж. N 222-1; 28.06.99 N 407
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 545-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375 Заңымен 1-бап өзгердi
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар
Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
2-бап. Сайлау бостандығы
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375 Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
ҚР 08.05.1998 N 222 Заңымен ; 06.05.1999 N 375 Заңымен 4-бап өзгердi және толықтырылды
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде:
1) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;
2) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
3) тiркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған адамды тiркеуге болмайды.
ҚР 06.05.1999 N 375 Заңымен 5-бап өзгердi
5-бап. Тең сайлау құқығы
1. Сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр даусы болады.
2. Сайлаушылар Республиканың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.
3. Кандидаттардың осы Конституциялық заң белгiлеген шекте сайлауға қатысуға тең құқығы бар.
6-бап. Төте сайлау құқығы
Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.
7-бап. Жанама сайлау құқығы
1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.
2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
3. ҚР 08.05.1998 N 222 Заңымен алып тасталды
8-бап. Жасырын дауыс беру
Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
ҚР 06.11.1998 N 285 Заңымен ; ҚР 06.05.1999 N 375 Заңымен 9-бап өзгердi-
9-бап. Сайлау жүйелерi
1. Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1)
2) мыналар:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған;
- қайта дауыс беру кезiнде бiрден-бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.
2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1)
2) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған, ал қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады;
3) егер сайлауда бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда оның кандидатурасы үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде елу процентi дауыс берсе, ол сайланған болып саналады.
3. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1)
2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
2-тарау. Сайлау органдары
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен
өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) округтiк сайлау комиссиялары;
4) учаскелiк сайлау комиссиялары.
3. Сайлау комиссиялары өкiлеттiктерiнiң мерзiмi бес жыл. Сайлау комиссияларын құратын органдар мен лауазымды адамдар сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге хақылы.
4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентiнiң ұсынуы бойынша Парламент Мәжiлiсi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерiнен тұрады.
3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен хатшысының жоғары заң бiлiмi болуға тиiс.
4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.
5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
ҚР 06.05.99 ж. N 375 Заңымен 12-бап өзгердi
12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Орталық сайлау комиссиясы:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
3) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарының сайлау жөнiндегi сайлау округтерiн құрып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
3-1) облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық округтiк сайлау комиссияларын құрады;
4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi;
6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналған жәшiктер мен сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Парламент мәжiлiсi депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдары мен бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады;
10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
15) мәслихаттар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттарға сайланатын депутаттардың санын анықтайды;
17) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.1999 N 375 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары және оларды
құру тәртiбi
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
3. Облыстық сайлау комиссиялары облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен құрылады.
Төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң ұсынуы бойынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясының шешiмiмен құрылады.
4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
3) төменгi аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын және бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;
6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
7) Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;
8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;
9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;
11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын және бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375 Заңымен 14-бап өзгердi-
Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375 Заңымен 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары
және оларды құру тәртiбi
1. Округтiк сайлау комиссиялары:
1) Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынысымен құрылады;
2) сайлау округтерiнде Парламент Мәжiлiсi және мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Округтiк сайлау комиссиясы:
1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) Парламент Мәжiлiсi және мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне түскен арыздар мен шағымдарды қарайды;
4) округ бойынша дауыс беруге арналған учаскелердiң бiрыңғай номерленуiн белгiлейдi;
5) Парламент, Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын және бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;
6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;
7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;
8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiк аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау және Парламент Мәжiлiсiнiң шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары
және оларды құру тәртiбi
1. Учаскелiк сайлау комиссиялары:
1) тиiстi әкiмдердiң ұсынуы бойынша жоғары тұрған тиiстi сайлау комиссияларының шешiмiмен құрылады;
2) тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
3) жетi адамнан құрылады.
2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн жетi күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.кешiктiрiлмей
17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375 Заңымен
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн жасайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы алдын ала хабарландырылып отырады;
2) сайлау комиссиясының отырыстарында сөйлеуге, тиiстi сайлау комиссиясының құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгiзуге және олар бойынша дауыс беру өткiзiлуiн талап етуге хақылы;
3) күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сауал қоюға және олардың мәнi бойынша жауаптар алуға хақылы;
4) тиiстi сайлау комиссиясында кез келген құжаттармен және материалдармен танысуға әрi сол құжаттардың расталған көшiрмелерiн алуға хақылы.
2. Сайлау комиссиясының мүшесi оны тағайындаған органның (лауазымды адамның) шешiмi бойынша, сондай-ақ орнынан түсуi туралы өтiнiш берген; Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген; заң күшiне енген сот шешiмi оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз жоқ болып кеткен немесе қайтыс болған деп таныған жағдайда өз мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.
20-бап. Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру
1. Сайлау комиссияларының қызметi алқалы негiзде жүзеге асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын Комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кейiн он төрт күннiң iшiнде шақырады;
2) төменгi сайлау комиссияларының отырыстарын - тиiстi комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.
3. Сайлау науқанын әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде комиссиялардың отырыстары кемiнде екi аптада бiр рет өткiзiледi. Өзге уақытта комиссиялар өздерiнiң отырыстарын қажетiне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң бастамашылығымен өткiзiп тұрады.
4. Егер комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан болса, сайлау комиссияларының отырыстары құқықты болады.
5. Комиссиялардың шешiмдерi, осы Конституциялық заңда белгiленген жағдайлардан басқа кезде олардың мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Құрамында комиссия мүшелерiнiң жұп саны бар сайлау комиссиялары шешiмдер қабылдаған кезде, "жақтап" және "қарсы" дауыс бергендердiң саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешушi болып табылады. Оның шешiмiмен келiспеген комиссия мүшелерi ерекше пiкiрлерiн айтуға хақылы, ол жазбаша нысанда комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркеледi.
6. Сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сот тәртiбiмен шағым беруге болады. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын ала арыздану сотқа арызданудың мiндеттi шарты бола алмайды.
7. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өз өкiлеттерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажеттi мәлiметтер мен материалдар беруге, сайлау комиссияларының өтiнiшiне үш күн мерзiм iшiнде, ал сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi дереу жауап қайтаруға мiндеттi.
8. Аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде өз қалауымен сайлау өткiзуге бөлiнген қаражаттың есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, комиссияның шешiмi бойынша өндiрiстiк немесе қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн.
9. Президенттiкке, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттығына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелігiне кандидаттар, сондай-ақ кандидаттардың жұбайлары мен жақын туыстары, оларға тiкелей бағынысты адамдар сайлау комиссияларында бола алмайды. Аталған адамдар тиiстi кандидатты тiркеген күннен бастап сайлау комиссиясындағы мiндеттерiнен босатылған болып саналады.
20-бап өзгердi Қазақстан Республикасының 06.05.1999 N 375 Заңымен.
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
1. Қазақстан Республикасында Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланады.