4. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеудi ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын жүргiзедi.
5. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңi iшiнде төлеуi тиiс жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiнде көрсетiледi.
Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiне салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын жеке еңбек шартының (келісім-шарттың, келісімнiң) немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың көшiрмесiн қоса беруге мiндеттi.
6. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңiнде резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне есепке алынады.
7. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 192-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
8. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде салық органына салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзеткен жағдайда резидент емес жеке тұлға салық органына көрсетiлген есеппен бiрге түзетулер себептерiнiң жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.";
77) 192-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"192-бап. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомаларының есебi және жеке табыс салығы
жөніндегі декларация
1. Осы Кодекстiң 191-бабында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 527-бабында белгiленген тiркелу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей және келесi салық кезеңдерiнде есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн тiркелген жерi бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi декларация тапсырғаннан кейiн оны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн тiркелген жерi бойынша салық органдарына қосымша табыс етуге мiндеттi.";
78) 198-баптың 1-тармағындағы "202" деген цифр "201-1" деген цифрмен ауыстырылсын;
79) 201-баптың 1-тармағындағы "тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысты түбегейлi алушы болса және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы болса" деген сөздер "халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болса және тиiстi халықаралық шартта резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысына тұрақты мекеме арқылы салық салудың осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiптен өзгеше тәртібі көзделген болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 203-баптың 3) тармақшасындағы "202" деген цифр "201-1" деген цифрмен ауыстырылсын;
81) 207-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
2) заңды тұлғаның осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.";
82) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"208-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға
қойылатын талаптар
1. Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
2. Өткізу бойынша айналымды анықтау кезiнде осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткізу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткізу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
3. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 12000 еселенген шамасын құрайды.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.
5. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Мемлекеттік мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тiркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
6. Егер осы Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi мемлекеттік орган қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.
8. Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
9. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күніндегі тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
10. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.";
83) 210-баптың 4-тармағындағы "Тұлға" деген сөз "Осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 211-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы "жөнелтуiн бiлдiредi." деген сөздер "жөнелтуiн;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.";
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;";
5) тармақшадағы "peciмделсе, өткізу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөз "ресiмделсе;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.";
85) 216-баптың 2-тармағында:
екiншi бөлiктегi "211-баптың" деген сөздер "осы Кодекстiң 211-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "210-баптың" деген сөздер "осы Кодекстiң 210-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 221-баптың 5-тармағындағы "құжаты" деген сөзден кейiн "немесе уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат" деген сөздермен толықтырылсын;
87) 222-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.";
88) 223-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
89) 225-бапта:
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетiлген тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";
90) 226-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
91) 227-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның бiрiншi абзацы "және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын операциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
92) 228-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттар және төменде тiзiп көрсетiлген шарттардың бiрi сақталған кезде:
1) егер берiлетiн мүлiктiң импорты осы Koдекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болса;
2) егер берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.";
93) 234-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген мүлiк импорты.
Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.";
94) 235-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "қосылған құн салығы бюджетке төленген болса" деген сөздер "қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалса" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
3) тармақшадағы "құжатында" деген сөзден кейiн "немесе салық органы берген құжатта" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) темір жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн көрсете отырып берiлетiн жол жүру билетiнде жеке жолмен бөлiнген салық сомасы;";
4-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "бюджетке салық нақты енгiзiлген" деген сөздер "қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық мiндеттемесi орындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
95) 246-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"246-бап. Салық кезеңi
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
3. Егер күнтiзбелiк ай iшiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi дербес айқындаған күнтiзбелiк ай не тоқсан салық кезеңi болып табылады.
4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.";
96) 248-баптың 2-тармағы "құн салығы" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен," деген сөздермен толықтырылсын;
97) 250-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiктегi "тiзбесiн" деген сөзден кейiн "және оны қалыптастыру тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.";
4) тармақшада "қосалқы бөлшектердiң импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi." деген сөздер "қосалқы бөлшектердiң;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.";
98) 251-баптың 4-тармағында "салық төлеушiнiң" деген сөз "қосылған құн салығын төлеушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "түсiрген" деген сөзден кейiн "не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге берiлген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
99) 252-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушілерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде қарсы салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда мұндай қосылған құн салығын төлеушiлерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.
Осы бапқа сәйкес расталған, бiрақ белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзiмi бұзылған әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшiн қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсiн тексеру тағайындау туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен, мынадай жағдайлар:
1) қарсы тексерулер:
бұл салық төлеушiнiң қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiш беру сәтiнiң алдындағы он екi ай кезең iшiнде аталған салық төлеушiге айына кемiнде бiр рет тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткізудi жүзеге асырған берушiлерге;
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн берушiлерге;
осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргiзiлмейтiнi;
2) қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетiлiп шот-фактура жазған берушiлер (осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда) мiндеттi тексеруге жататыны;
3) егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсi салық төлеушiлердiң мониторингтелуiне тиiс болса, салық қызметi органдары осы Кодекске сәйкес осы берушiлер ұсынатын салық есептiлiгiнiң негiзiнде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкiн екендiгi ескерiле отырып қабылданады.";
100) 256-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "төленбесе," деген сөзден кейiн "конкурстық массаны," деген сөздермен толықтырылсын;
101) 257-баптың 1-тармағында:
5) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақшадағы "газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнай" деген сөздер "шикi мұнай, газ конденсаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
102) 259-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
103) 270-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "және газ конденсатымен бiрге мұнайды" деген сөздер ", шикi мұнайды, газ конденсатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
104) 271-баптың 3-тармағында "газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайды" деген сөздер "шикi мұнайды, газ конденсатын," деген сөздермен ауыстырылсын;
105) 277-баптың 1-тармағы "акциздер" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен," деген сөздермен толықтырылсын;
106) мынадай мазмұндағы 9-1-бөлiммен толықтырылсын:
"9-1-бөлiм. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығы
44-1-тарау. Жалпы ережелер
278-1-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.
278-2-бап. Салық салу объектiсi
Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.
44-2-тарау. Есептеу тәртібі және салық ставкалары
278-3-бап. Есептеу тәртібі
1. Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi салық төлеушiнiң оларды тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетiлген баға (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.
2. Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса, шикi мұнай, газ конденсаты сапасына төмендетiлген баға ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға ұсынылады.
278-4-бап. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
рента салығының ставкалары
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
Нарықтық бағасы | Ставкасы |
бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем | 0 процент |
бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн | 1 процент |
бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн | 4 процент |
бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн | 7 процент |
бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн | 10 процент |
бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн | 12 процент |
бiр баррель үшiн 24-тен 25 AҚШ долларына дейiн | 14 процент |
бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн | 16 процент |
бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн | 17 процент |
бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн | 19 процент |
бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн | 21 процент |
бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн | 22 процент |
бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн | 23 процент |
бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн | 25 процент |
бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн | 26 процент |
бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн | 28 процент |
бiр баррель үшiн 36-дан 37 АҚШ долларына дейiн | 29 процент |
бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн | 30 процент |
бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн | 31 процент |
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан астам | 33 процент |
44-3-тарау. Салық кезеңi, төлеу мерзiмдерi және салық
декларациясы
278-5-бап. Салық кезеңi
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
278-6-бап. Төлеу мерзiмдерi
Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
278-7-бап. Салық декларациясы
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей берiледі.";
107) 279-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзац "операцияларын" деген сөзден кейiн "және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшаның в) тармақшасындағы "үлесiн есептеу мен төлеу тәртібі белгiленедi." деген сөздер "үлесiн;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртібі белгiленедi.";
108) 282-бапта:
1-тармақтағы "Салық" деген сөзден кейiн "режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын; "сараптамасынан өткен" деген сөздерден кейiн "және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын;
109) 283-баптың 2) тармақшасында:
екiншi абзацтағы "мұнайға" деген сөзден кейiн ", газ конденсатына" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы "газ" конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға" деген сөздер "шикi мұнайға, газ конденсатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"роялти;";
110) 286-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: