II, ІІІ, IV және V топтар бойынша - кiшi топтың жөндеу жүргiзiлген салық кезеңіндегі құн балансын құрайды немесе ұлғайтады.
3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтың құн балансын ұлғайтпайды.
4. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзіндегі шығыстардың сомасы осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртiппен шегерiмге жатқызылады.";
50) 115-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi "сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы" деген сөздер ", сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сақтандыру сыйлықақыларының сомасына, сондай-ақ қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қорына мiндеттi жарналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi "сақтандыру сыйақыларын" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын" деген сөздермен толықтырылсын;
51) 117-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада "жинақтаушы" деген сөздiң алдынан "аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "процентi мөлшерiнде төлейдi." деген сөздер "процентi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) аннуитеттiк сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi мөлшерiнде төлейді.";
52) 119-1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы баптың 4-тармағының ережелерi өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялар көлемiне байланысты осы баптың 4-тармағының ережелерiн қолданудың өндiрiстiк мақсаттағы толық технологиялық циклi бар объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап он жылдан аспайтын өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.
Осы баптың 4-тармағының ережелерiн бес жылдан артық мерзiмге қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
53) 120-бапта:
2-тармақ "қайырымдылық" деген сөзден кейiн "және демеушiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта "Белгiленген" деген сөз "Жалпыға бiрдей белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 122-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) көмек алатын тұлға тарапынан арыз негiзiнде салық төлеушiнiң шешiмi болған жағдайда демеушiлiк көмек;";
5-тармақ "шығаруы" деген сөзден кейiн "2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған" деген сөздермен толықтырылсын;
55) 124-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
56) 130-бапта:
1-тармақтағы "онда" деген сөзден кейiн "резидент емес" деген сөздермен, "пайдасының" деген сөзден кейiн "резиденттiң мұндай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне негiзделе отырып айқындалатын резидент емес тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мұндай мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
57) 131-баптың 1-1-тармағында:
2) тармақша "зейнетақы активтерi" деген сөздерден кейiн ", пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "кiрiстер төлем көзiнен салық салуға жатпайды." деген сөздер "кiрiстер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) пайлық және акционерлік инвестициялық қорлардың пайлары мен акциялары бойынша дивидендтер төлем көзiнен салық салуға жатпайды.";
58) 138-бапта:
екiншi бөлiк "дегенiмiз" деген сөзден кейiн "корпорациялық табыс салығын төлеуден босату не" деген сөздермен толықтырылсын; "иемденiп алынған және" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшіншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Инвестициялық салық преференцияларын қолдану үшiн қайта құруға арналып iс жүзiнде жұмсалған шығыстар бөлiгiнде қайта құрылған объектiлердi қоса алғанда, инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға алғаш енгiзiлгендер жаңадан пайдалануға берiлген тiркелген активтер деп танылады.";
59) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын
қолдану тәртібі
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi преференциялар) инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi.
2. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келісім-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келісім-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
мемлекеттік қабылдау комиссиялары - жаңадан құрылған салық төлеушiлер өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап берiледi.
3. Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөніндегі инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi.
4. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөніндегі инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, осы Кодекстiң 107-бабының 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
5. Преференциялар беру тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
6. Осы баптың мақсаттары үшiн келісім-шарт жасалған күнтiзбелiк жыл iшiнде мемлекеттік тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
7. Осы баптың 4-тармағында көзделген корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын кiшi топтың құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
8. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi осы Кодекстiң 351-360-баптарында белгiленген тәртiппен мүлiк салығын және 323-344-баптарында белгiленген тәртiппен жер салығын төлей бастайды.
9. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк бес жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолданудың осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк он жылдан аспайтын өзге мерзiмiн белгiлей алады.
Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi әрбiр жекелеген жағдайда тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады, бiрақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиiс.";
60) 140-баптың 1-тармағындағы "5" деген цифр "9" деген цифрмен ауыстырылсын;
61) мынадай мазмұндағы 22-3-тараумен толықтырылсын:
"22-3-тарау. Өз өндiрiсiнiң, соның iшiнде сертификатталған,
қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн
ұйымдарға салық салу
140-7-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға бiр мезгілде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) өз өндiрiсiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тауарларын өткізуден түскен табысы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түскен табыс сомасының кемiнде 90 процентiн құрайтын,
Өз өндiрiсiнiң тауарларын өткізуге құрылыс объектiлерiн сату жатпайды;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түскен табыс сомасындағы қосылған құн үлесi кемiнде 40 проценттi құрайтын,
Қосылған құн мөлшерi:
мaтериалдық, әлеуметтiк игiлiктер мен материалдық пайданы қоспағанда, салық кезеңiнiң iшiнде жұмыскерлерге есептелген табыстар,
қосу
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы,
қосу
жанама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасы,
қосу (алу)
төтенше жағдайлардан түскен табыс (тиген залал) ескерiлмеген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес айқындалатын таза табыс (залал) ретiнде белгiленедi;
3) жарнама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түскен табыс сомасына қатынасы ретiнде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициентi кемiнде 12 проценттi құрайтын ұйымдар жатады.
2. Өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетiн тауарлар шығаратын ұйымдар;
арнайы салық режимiн қолданатын ұйымдар;
қызметiн мұнай-химия өнеркәсiбiнде жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 119-1-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
технологияларды дамыту мақсатында құрылған, қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 140-2-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын, жер салығы мен мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-5-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар жатпайды.
140-8-бап. Салықтарды есептеу
Осы Кодекстiң 140-7-бабында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептеуi осы Кодекстiң 140-9-бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
140-9-бап. Корпорациялық табыс салығын есептеу, төлеу
тәртібі мен мерзiмдерi
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 30 процентiне азайтылады.
Өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.
2. Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларын өткізуден түскен табыстар болған жағдайда осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы менеджмент жүйелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен енгiзiлген жылдан кейiнгi бiр салық кезеңi iшiнде өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 50 процентiне азайтылады.
Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығы лауреаттарының осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған, өндiру процесi сапа менеджментi және қоршаған ортаны басқару жүйесiнiң 9000 және 14000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен сертификатталған өз тауарлары өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарлары деп танылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген салық сомасын азайту корпорациялық табыс салығы бойынша осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын аванстық төлемдердiң сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.";
62) 144-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;
5-2) таза табысты бөлу кезiнде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;";
6) тармақша "iшкi iстер органдарының," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясының" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы "1941-1945 жылдардағы" деген сөздер алып тасталсын; "салық жылы iшіндегі айлық есептiк көрсеткiштiң 480 еселенген шегіндегі" деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақшадағы "50 еселенген" деген сөздер "70 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) тармақша "алған мүлiктi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
31) тармақша "қайырымдылық" деген сөзден кейiн "және демеушiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
33) тармақша "төленетiн," деген сөзден кейiн "шарттың қолданылу кезеңiнде басталған" деген сөздермен толықтырылсын; "шарттың қолданылу кезеңіндегі" деген сөздер алып тасталсын;
34) тармақша "мiндеттi" деген сөзден кейiн "және (немесе) жинақтаушы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
"39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.";
63) 147-баптың 2-тармағындағы "5" деген цифр "15" деген цифрмен ауыстырылсын;
64) 152-баптың 1-тармағында:
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшада "өмiрi мен денсаулығын" және ", тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 5 еселенген шегіндегі" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнде Қазақстан Республикасының резидентi - жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдi жөндеу, салу немесе сатып алу үшiн алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.";
65) 155-баптағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасына азайтылған" деген сөздер алып тасталсын;
66) 161-баптың 1-тармағы "есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады." деген сөздер "есебiнен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.";
67) 164-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы "адамдар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу арқылы төлейдi." деген сөздер "адамдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3)
тармақшамен толықтырылсын:
"3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу арқылы төлейдi.";
екiншi бөлiктегi "1) тармақшасында айқындалған тұлға" деген сөздер "1) және 3) тармақшаларында айқындалған тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
68) 166-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының в) тармақшасындағы "антиквариаттарды сату кезіндегі олардың құнының өсiмi;" деген сөздер "антиквариаттарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) мемлекеттік тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезіндегі олардың құнының өсiмi;";
2-тармақта:
", бiрақ оны сатып алу құнынан кем болмайтын" деген сөздер алып тасталып, "бағалау" деген сөз "оны сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.";
69) 171-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
70) 177-баптың 6-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақта белгiленген шарттар орындалған кезде және резидент емес шетелдiк қызметкердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсыну жөніндегі қызметтер көрсеткен жағдайда резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетiлген қызметтер болып табылады.";
71) 179-бапта:
2-тармақ "мысалдарда" деген сөз "нысандарда" деген сөзбен ауыстырылып, "талап етуiн" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды төлеу жөніндегі берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
8) тармақшадағы "сыйақыларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы "табыстар жатпайды" деген сөздер "табыстар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, осы Кодекстiң 178-бабының 2) тармақшасында көрсетiлмеген жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Резидент еместермен жасалған келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) алуан түрлерi орындалуын көздейтiн ережелер болған жағдайда осы бапта белгiленген төлем көздерiнен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) әрбiр түрiне бөлек қолданылады. Бiртұтас өндiрiстiк-технологиялық цикл шеңберiнде резидент емес орындаған жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) әрбiр кезеңi резидент еместер табыстарынан төлем көзi табыс салығын есептеу мен ұстау мақсатындағы жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) жекелеген түрi ретiнде қарастырылады.
Бұл ретте жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша резидент емес табыстарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) орындаудан алынған табыстарға негiзделiп бөлiнуге тиiс.
Осы тармақтың ережелерiн қолдану мақсатында резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) атқарудан алынған табыстарға және одан тыс жерлерде атқарылған жұмыстардан (көрсетiлетiн қызметтерден) алынған табыстарға резидент емес табысының жалпы сомасы негiзделiп бөлiнгенiн растайтын есеп құжаттамасының көшiрмесiн көрсетiлетiн қызметтердi алушыға табыс етуге мiндеттi.
Осы баптың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiстi резидент емес табысының сомасы төмендеуiне алып келетiн резидент еместiң табысы негiзсiз бөлiнген жағдайда Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тыс жерлерде атқарылған жұмыстардан, көрсетiлетiн қызметтерден жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша алынған резидент емес табысының жиынтық сомасына салық салынуға тиiс.";
72) 187-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "түскен" деген сөзден кейiн ", салық салу тәртібі осы Кодекстiң 189-бабында айқындалған" деген сөздермен толықтырылсын;
73) 187-1 бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығын салық агентi өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаның iс жүзіндегі салық мiндеттемесiнiң сомасын негiзге ала отырып есептейдi. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығының есебi тапсырылғанға дейiнгi кезең үшiн жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерiн есептеу есеп берiлiп отырған салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып, бiрақ өткен табыс кезеңi iшіндегі жеке табыс салығы бойынша орташа айлық аванс төлемдерiнiң есептемеген сомасынан кем емес мөлшерде жүргiзiледi.";
6-тармақтағы "жазбаша өтiнiш" деген сөздер "түзету себептерiнiң жазбаша негiздемесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 188-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiгіндегі "күнтiзбелiк жылдың" деген сөздер "есептiк салық кезеңiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте келесi салық кезеңдерiнде салық агентi жеке табыс салығының есебiн тапсырғаннан кейiн есептiк салық кезеңi iшіндегі жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерi сомасының түзетiлген есебiн ол тапсырылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей қосымша табыс етуге мiндеттi.";
75) 190-баптa:
3-тармақтағы "5" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "2" деген цифр "1" деген цифрмен ауыстырылсын;
76) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"191-бап. Аванстық төлемдердi және жеке табыс салығын
төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар:
1) осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен табыс түсiретiн резидент емес жеке тұлғалар;
2) төлем көзiне табыс салығы салынатын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 149-151-баптарында көзделген өзге де табыстарды қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында айқындалған табыстарды алатын резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу жолымен төлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.
3. Бiрiншi салық кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеудi резидент емес жеке тұлға мынадай тәртiппен:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде алуға болжанатын табыс сомасын негiзге алып, осы Кодекстiң 189-бабының ережелерiн ескере отырып;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға жеке еңбек шартында (келісім-шартта, келісімде) көрсетiлген табыс сомасын негiзге алып, осы баптың 2-тармағының ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
Резидент емес жеке тұлға кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлғаның нақты салық мiндеттемесiнiң өткен салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi. Бұл ретте өткен салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңдегi жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлға есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi, бiрақ ол өткен салық кезеңіндегі орташа айлық аванстық төлемдердiң қосылған сомасынан кем болмауға тиiс.