14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық қызметi органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.".
8. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат):
1) 6-бапта:
3-тармақ "мүлiк кепiлi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы үшiншi сөйлем алып тасталсын;
2) 9-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуi тиiс.";
5-тармақ алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-баптармен толықтырылсын:
"9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi
үшiн алынатын алым
Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.
9-2-бап. Ақпараттық қызметтер көрсету және өтiнiш берушiнiң
кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi
түзету үшiн төлемақы
Ақпараттық қызметтер көрсеткенi үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.";
4) 11-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаса, кепiлдi тiркеуден бас тарта алады.";
4-тармақ алып тасталсын;
5) 15-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
6) 18-баптың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын;
7) 21-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "еткенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi." деген сөздер "еткенi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.".
9. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат):
1) 15-баптың 5-тармағында:
"бiржолғы алым" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алып тасталсын;
2) 26-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.";
3) 28-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкаларын бекiтедi;".
10. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат):
1-баптың 1) тармақшасы "өнiмi -" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiмдердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат):
26-бап алып тасталсын.
12. "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат):
1) 15-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
2) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей төлейдi.";
2-тармақ алып тасталсын;
3) 17-бапта:
1-тармақтағы "2 еселенген" деген сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушiнiң банк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, салық органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде салық органына табыс етуге мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Төлеушiнiң банк шоттары болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiнiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.";
4) 18-бапта:
"есептердi" деген сөз "есептi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртібін халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келісімi бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.".
13. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат):
32-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның
салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары
есебiнен өтеу";
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн" деген сөздер "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 21-22, 160-құжат):
2-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1 баптың 3-тармағының 42)-49) тармақшаларын, 54) тармақшасының алтыншы абзацын, 55) тармақшасын қоспағанда, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 13-ші. № 11-III ҚРЗ