"1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерістерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекіту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.";
111) 292-баптың екiншi бөлiгi 2) тармақшасының екiншi сөйлемi "құны" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
112) 295-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жер қойнауын пайдалану барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жолымен жүзеге асырылатын кезде жер қойнауын пайдаланушы роялтидi жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi үшiн, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi үшiн төлейдi.";
113) 296-бап "қарамастан," деген сөзден кейiн "сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
114) 297-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жер қойнауын пайдалану барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жолымен жүзеге асырылатын кезде жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi салық салу объектiсi болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезiнде осы баптың 3-тармағында көрсетiлген базадан басқа, мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi роялти есептеу үшiн салық базасы болып табылады.";
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:
500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;
1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;
2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;
3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;
5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi.
Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;";
2) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың 3-1-тармағында айқындалған салық базасына роялти ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.";
115) 47-1-тарау алып тасталсын;
116) 306-бап "пайдаланушының" деген сөзден кейiн "жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған" деген сөздермен толықтырылсын;
117) 306-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"306-1-бап. Салық базасы
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбiр жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.
Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс.";
118) 307 және 308-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"307-бап. Есептеу тәртібі
1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады.
3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
308-бап. Үстеме пайда салығы ставкалары
Үстеме пайда салығы мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
┌──────────────────────────┬─────────────┐
│Жинақталған табыстардың │ Ставкасы │
│жинақталған шығыстарға │ │
│қатынасының алынған мәнi │ │
├──────────────────────────┼─────────────┤
│ 1,2-ден кем │ 0 процент │
├──────────────────────────┼─────────────┤
│ 1,2-ден 1,3-кe дейiн │ 10 процент │
├──────────────────────────┼─────────────┤
│ 1,3-тен 1,4-кe дейiн │ 20 процент │
├──────────────────────────┼─────────────┤
│ 1,4-тен 1,5-кe дейiн │ 30 процент │
├──────────────────────────┼─────────────┤
│ 1,5-тен 1,6-ға дейiн │ 40 процент │
├──────────────────────────┼─────────────┤
│ 1,6-дан 1,7-гe дейiн │ 50 процент │
├──────────────────────────┼─────────────┤
│ 1,7-ден жоғары │ 60 процент │
└──────────────────────────┴─────────────┘";
119) 312-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы "роялти төлегеннен кейiн" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;";
120) 312-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi.";
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi.";
бесiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "2,068" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;
5-тармақта "СДНn - пайда түсiретiн өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда, есептi кезең iшiнде төленген салықтардың нақты құны;" деген сөздер "СДНn - өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда есептiк кезең iшiнде төленген салықтардың және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң нақты құны;" деген сөздермен ауыстырылсын; "7,51" деген цифр "7,5" деген цифрмен ауыстырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі екiншi сөйлем алып тасталсын;
7-тармақ "инфляцияның" деген сөзден кейiн "1/12" деген цифрмен толықтырылсын;
9-тармақ алып тасталсын;
121) 313-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Yстемеақысыз (аплифтсiз) нақты жүргiзiлген шығындар өтелуге жатады.";
122) 313-1-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын;
123) мынадай мазмұндағы 313-3 және 313-4-баптармен толықтырылсын:
"313-3-бап. Өтемдiк және пайда түсiретiн өнiм есебi
1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк және пайдалы өнiм есебiн ұлттық валютамен және осы Кодексте белгiленген салық есебi ережелерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.
313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу
1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептiлiк кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткізудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта айқындалады.
2. Өнiмдi өткізудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткізумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептiлiк кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептiлiк кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткізуден түскен табыстың есептiлiк кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.
3. Есептiлiк кезеңде өнiмдi өткізу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептiлiк кезеңдегi өнiмдi өткізудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткізудiң орташа бағасы ретiнде алынады.
4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.
Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.";
124) мынадай мазмұндағы 49-1-тараумен толықтырылсын:
"49-1-тарау. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемi
314-4-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.
314-5-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртібі
1. Салық кезеңіндегі мемлекет түсiмдерiнiң үлесi салық кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушы алған өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемi құнының салынған инвестицияларды қайтару сәтiне дейiн он процентiнен кем және одан кейiнгi кезеңдерде қырық процентiнен кем болған жағдайда осы бөлiмге сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тиiстi айырманы бюджетке төлейдi.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн мемлекет түсiмдерiнiң үлесi дегенiмiз өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн бiлдiретiн, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңi iшiнде орындаған салықтық мiндеттемелер, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
Мемлекет түсiмдерiнiң үлесiне қосылған құн салығы және жер қойнауын пайдаланушы соларға қатысты салық агентi ретiнде қатысатын салықтар кiрмейдi.
3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмдерде төлейдi.
314-6-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі салық кезеңi болып табылады.
314-7-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.
314-8-бап. Салық декларациясы
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында безенген мерзiмде табыс етедi.";
125) 315-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) жеке нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.";
2-тармақтағы "Заңды тұлғаның" деген сөздер "Резидент заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
126) 316-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзац "31)-34)" деген цифрлардан кейiн ", 39)" деген цифрмен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
127) 317-баптың 1 және 2-тармақтарының бiрiншi абзацындағы "арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздер "филиалдар мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын резидент еместер" деген сөздермен ауыстырылсын;
128) 318-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес айқындалған әлеуметтiк салық салу объектiсiне Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiне азайтылған, осы Кодекстiң 317-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы салық жылына жүргiзiледi.
Әлеуметтiк салықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргiзiледi.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар осы Кодекстiң 317-бабының 3-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептелген әлеуметтiк салық сомасын Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтады.";
129) 325-бапта:
1-тармақта:
"бiрнеше" деген сөздiң алдынан "пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушiлер болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Лизинг алушы қаржы лизингi шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.";
130) 338-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "бабында" деген сөз "бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Осы Кодекстiң 121-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.";
131) 345-бапта:
1-тармақтағы "Меншiк" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын төлеушi болып табылады.";
132) 350-бапта "Салық төлеушiлер" деген сөздер "Төлеушi заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын; "жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және" деген сөздер алып тасталсын;
133) 352-бапта:
2-тармақтағы "бiрнеше" деген сөздiң алдынан "пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.";
134) 353-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есепке алуда айқындалған материалдық және материалдық емес объектiлер негiзгi құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.";
2-тармақта:
4) тармақшаның он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;";
135) 354-баптың 3-тармағындағы "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
136) 355-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы "тұлғалардың" деген сөзден кейiн "және шаруа (фермер) қожалықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;
137) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша салықты жеке кәсiпкер осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.";
138) 361-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар," деген сөздер алып тасталсын; "I және II топтағы мүгедектер," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.";
139) 370-баптың 3 және 4-тармақтарының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
140) 372-бапта:
1-тармақ "тұлғалар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "Жылына" деген сөз "Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
141) 374-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кезектi патент алу үшiн патент алуға өтiнiш алдыңғы патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушi салық органдарына Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептемелердi ұсынбайды.";
142) 375-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Патенттiң құны бюджетке мынадай түрде:
1) жеке табыс салығы - патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде;
2) әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.";
143) 376-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiштi заңды тұлға мемлекеттік тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына бередi.
Жаңадан құрылған жеке кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша тiркеуге қойылған күнi өтiнiш береді.";
144) 377-бапта:
1-тармақтың мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде салық есептiлiгi кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.";
145) 378-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығы осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.";
146) 379-баптың 1-тармағы 4) және 5) тармақшаларының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
147) 380-бапта:
1-тармақтағы "негiз" деген сөз "салық салу объектici" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
148) 381-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
149) 382-баптың 1-тармағы "салығы" деген сөзден кейiн "мен әлеуметтiк салық" деген сөздермен толықтырылсын;
150) 383-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерiн қоса алғанда," деген сөздер алып тасталсын, "қызметкер" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуы тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша жүргiзiледі.";
151) 384-бапта:
бiрiншi абзац "салығы" деген сөзден кейiн "мен әлеуметтiк салық" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша алып тасталсын;
152) 387-бапта:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
4-тармақта:
"тiркеу есебiне қойылған" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;