1) мүлiктi лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға мүлiктi тiркелген бағамен алу жөнiнде құқық берiлуi лизинг шартында айқындалса;
2) қаржы лизингiнiң мерзiмi қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiктiң пайдалы қызметi мерзiмiнiң жетпiс бес процентiнен асса;
3) қаржы лизингiнiң барлық мерзiмi үшiн лизинг төлемдерiнiң ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк құнының тоқсан процентiнен асса, ол қаржы лизингi болып табылады.
Қаржы лизингiне (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасу кезiнде айқындалады.
Iшкi лизинг кезiнде лизинг алушының, сондай-ақ халықаралық лизинг кезiнде лизинг алушының немесе қосалқы лизинг алушының негiзгi құрал ретiнде алуына жататын лизинг заттары қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк болып табылады.";
28) 75-бап "осы Кодексте" деген сөздердiң алдынан ", пайлық инвестициялық қор пайларының иелерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
29) 76-бапта:
1-тармақтағы ", дүлей күштiң салдарынан" деген сөздер алып тасталсын; "органдары" деген сөзден кейiн "мемлекеттік салық-бюджет саясатын қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен келісім бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "шегерiле отырып" деген сөздер "шегерiлмей" деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) таза табысты бөлген кезде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс;";
31) 82-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "3 және 4-тармақтарында" деген сөздер "3-5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзац "Бағалы қағаздарды" деген сөздерден кейiн "және қатысу үлесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзац "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейiн "және қатысу үлесі" деген сөздермен толықтырылсын; "иемденіп алу" деген сөздерден кейiн "(үлес)" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтердi өткізу кезiнде құн өсiмi өткізу құны мөлшерiнде айқындалады.";
32) 83-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "салық төлеушiнiң" деген сөздердiң алдынан "салық төлеушi таратылған жағдайда тарату балансы бекітілген сәтте кредитор талап етпеген мiндеттемелердi қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
33) мынадай мазмұндағы 87-1-баппен толықтырылсын:
"87-1-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған
шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын
пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден
түскен табыстар
Егер осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiле отырып, салық кезеңiнiң басында соңғысының мөлшерiнен асып түссе, артық мөлшерi жылдық жиынтық табысқа жатқызылуға тиiс. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.";
34) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "субсидиялар табыс ретiнде қаралмайды." деген сөздер "субсидиялар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) - 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымның банктерден алған мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi және төтенше жарналарының сомасы;
5) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры өтелген салымдар (депозиттер) және төленген кепiлдiк әрi өтемдiк төлемдер бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақшаларының сомалары табыс ретiнде қаралмайды.";
35) 91-баптың 1-тармағы 8) тармақшадағы "табыстар алып тасталуға тиiс." деген сөздер "табыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
10) таза табысты бөлген кезде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс алып тасталуға тиiс.";
36) 93-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "келiссөз кезiнде дәмхана (фуршет) қызметiн көрсету," деген сөздер "келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"98-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға
жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер
Негiзгi құралдар сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және күрделi сипаттағы өзге де шығындардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатады. Тиiстi ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзiлгенiн растайтын жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актiсi және басқа да құжаттар мұндай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.";
38) 99-баптың 1-тармағында "сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, белгiлеген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
39) 101-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау және абаттандыру кезеңiнде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары, сондай-ақ өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткізу жөніндегі шығыстардан басқа, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын өзге де шығыстар жеке топты құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшеріндегі амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi.
Осы баптың мақсаттары үшiн коммерциялық табудан кейiнгi өндiру жер қойнауын геологиялық зерттеу, қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган қорларды бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өнеркәсiптiк өндiрудiң басталуын бiлдiредi.
Жеке топ құрылғаннан кейiн жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.
Осы шығыстар жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беруден түскен табыстарды қоса алғанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
1) пайдалы қазбаларды өткізу кезiнде алынған табыстар;
2) осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсаған шығыстарына да қолданылады.";
40) 104-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды, материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;";
7) тармақшадағы "құны шегерiмге жатпайды." деген сөздер "құны;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) қызметiн өнiмдi бөлу жөніндегі келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қосымша төлеген төлем сомасы шегерiмге жатпайды.";
41) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"105-бап. Тiркелген активтер
Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.";
42) 106-бапта:
1-тармақтағы "Негiзгi" деген сөз "Осы Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "сатып алу" деген сөздерден кейiн "және (немесе) жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
43) 107-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша "берiлген" деген сөзден кейiн ", осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "амортизация нормаларын, бiрақ осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген шектен асырмай," деген сөздер "амортизацияның осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген нормаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша табыстарды және тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi есептеу мақсатындағы есепке алу әрбiр объект бойынша жеке жүргiзiледi және I топтың негiзгi құралының құны кiшi топтың құн балансына теңестiрiледi.";
44) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"108-бап. Амортизациялық топтар мен кiшi топтардың құн
балансын анықтау
1. Әрбiр амортизациялық топ бойынша салық кезеңiнiң басында топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады.
I топтың құн балансы негiзгi құралдардың әрбiр объектiсi бойынша кiшi топтардың құн балансынан тұрады.
II, III, IV және V топтардың құн балансы кiшi топтардың әрбiр салық кезеңi бойынша жеке құн баланстарынан тұрады.
2. Салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы:
1) өткен салық кезеңдерiнде құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1 және 2-тармақтарына және 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген өткен салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы ретiнде анықталатын салық кезеңiнiң басындағы кiшi топтың құн балансы,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер;
2) салық кезеңi барысында құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
3. Өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтардың құн балансы ретiнде белгiленген, өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып, кiшi топтардың құн баланстары 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген топтар бойынша бөлiнедi.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген, V топ құрамына қосылған кiшi топтардың құн баланстары 2006 жылы түскен тiркелген активтер болып танылады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген II, ІІІ және IV топтардың құн балансы тиiстi топтардың құн балансынан жеке есепке алынады.";
45) 109-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде келiп түскен тiркелген активтер осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртiппен:
I топ бойынша - тиiстi кiшi топтың құн балансын құрайды;
II, ІІІ, IV және V топтар бойынша - кiшi топтың түсiм болған салық кезеңіндегі құн балансына қосылады.
2. Шығып қалатын тіркелген активтер тиісті кіші топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе кіші топтардың тиісті салық кезеңдеріндегі құн балансын (ІІ, ІІІ, IV және V топтар бойынша):
өткізу, қаржы лизингіне беру кезінде - өткізу құнына;
жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
тіркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемінің сомасын негізге ала отырып, анықталатын құн бойынша, өзге жағдайларда баланстық құны бойынша;
өтеусіз беру кезінде - баланстық құны бойынша кемітеді.";
46) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"110-бап. Тіркелген активтер амортизациясының нормалары
Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай нормаларымен топтарға бөлінеді:
┌────┬─────────────────────────────────────────────┬─────────────┐
│Топ │ Тiркелген активтердiң атауы │ Амортизация │
│ N │ │ нормасы (%) │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼─────────────┤
│ І │Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ │ │
│ │ұңғымаларын қоспағандағы үйлер, құрылыстар │ 8 │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼─────────────┤
│II │Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен │ │
│ │жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен │ │
│ │жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ │ │
│ │ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар │ 20 │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼─────────────┤
│III │40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн │ │
│ │карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы │ │
│ │тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен │ │
│ │жабдықтары │ 25 │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼─────────────┤
│IV │Кеңсе машиналары мен компьютерлер │ 50 │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼─────────────┤
│V │Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер │ 15 │
└────┴─────────────────────────────────────────────┴─────────────┘ ";
47) 111-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер I топтың кiшi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында бастапқы құнының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, осы кiшi топтың құн балансының мөлшерi шегерiмге жатқызылады және нөлге тең болады.
Егер II, III, IV және V топтардың кiшi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында осы кiшi топтың құн балансы көрсетiлген салық кезеңiнде осы Кодекстiң 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып, ол құрылған салық кезеңiнiң соңында аталған кiшi топтың құн балансының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, құрылған кезден бастап мынадай мерзiмдер өткен соң осы кiшi топтың құн балансы шегерiмге жатқызылады:
┌────┬─────────────────────────────────────────────┬──────────────┐
│Топ │ Тiркелген активтердiң атауы │Амортизацияның│
│ N │ │ шекті мерзімі│
│ │ │ (жыл) │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼──────────────┤
│II │Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен │ │
│ │жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен │ │
│ │жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ │ │
│ │ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар │ 11 │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼──────────────┤
│III │40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн │ │
│ │карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы │ │
│ │тау-кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен │ │
│ │жабдықтары │ 9 │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼──────────────┤
│IV │Кеңсе машиналары мен компьютерлер │ 4 │
├────┼─────────────────────────────────────────────┼──────────────┤
│V │Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер │ 15 │
└────┴─────────────────────────────────────────────┴──────────────┘";
48) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:
"111-1-бап. Топтардың құн балансына қосылмаған тiркелген
активтер бойынша шегерiмдер
1. Кiшi топтардың Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңдарына сәйкес 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айқындалған және II, ІІІ және IV топтарға жатқызылатын құн баланстары мынадай мерзiмдер iшiнде:
II және ІІІ топтар бойынша 5 жылда;
IV топ бойынша 2 жылда тең үлестермен шегерімге жатқызылады.
Шегерiмге жатқызылатын сома салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансының осы тармақта айқындалған мерзiмнiң аяқталуына дейiн қалған жылдар санына қатынасы ретiнде айқындалады.
2. Көрсетiлген кiшi топтардың құн балансы салық кезеңiнiң соңына:
шегерiмге жатқызылатын, осы баптың 1-тармағына сәйкес өткен салық кезеңiнде есептелген сомаға азайтылған өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансы ретiнде айқындалатын салық кезеңiнiң басындағы құн балансы,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде айқындалады.";
49) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер
1. Осы топқа енетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған iс жүзіндегі шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланған жағдайда рұқсат етiледi.
2. Негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзіндегі шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында осы Кодекстiң 111-1-бабына сәйкес айқындалған кiшi топтың тиiстi құн балансының мөлшерiне ұлғайтылған топтың құн балансынан белгiленген мынадай шектерде шегерiледi:
Топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Шекті норма (%) |
I | Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ ұңғымаларын қоспағандағы үйлер, құрылыстар | 5 |
II | Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар | 15 |
III | 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы тау-кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен жабдықтары | 15 |
IV | Кеңсе машиналары мен компьютерлер | 5 |
V | Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер | 10 |
Көрсетiлген шектен асатын сома:
I топ бойынша:
егер салық кезеңiнiң соңында кiшi топтың құн балансының құрамына кiретiн негiзгi құрал iс жүзiнде шығып қалса - құн өсiмiнен түсетiн табыстың немесе кiшi топтың құн балансынан шығып қалған тiркелген активтер құнының асып кетуiнен түскен табыстың тиiстi мөлшерiн iс жүзіндегі шығыстарға бара-бар азайтады және (немесе) кiшi топтың тиiстi құн балансын ұлғайтпайды;
өзге жағдайларда - кiшi топтың тиiстi құн балансын iс жүзіндегі шығыстарға бара-бар ұлғайтады;
топтың құн балансына кiрмейтiн негiзгi құралдар бойынша - жеке кiшi топтың құн балансын құрайды немесе ұлғайтады;