мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда салық төлеушi осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.";
153) 388-бапта:
1-тармақ "әлеуметтiк салық" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылған)" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "қайта есептеу жүргiзедi" сөздерден кейiн "және салық есептiлiгi кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей салық органына патент құнының өзгертiлген есептемесiн табыс етедi" деген сөздермен толықтырылсын;
154) 389-бап "бюджетке төлеу" деген сөздерден кейiн "жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
155) 390-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша жүргiзiледi.";
156) 391-баптың 11) тармақшасында, 392-баптың 7-тармағында, 395 және 396-баптарда мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
157) 397-бапта:
1-тармақта мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "өзгерген жағдайда" деген сөздерден кейiн "осы өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 392-бабының 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектiлерiнiң жалпы саны (стационарлық нүкте) шығып қалған кезде, объектiлердiң есебiн тiркеу карточкасы қызметтi жүзеге асыру тоқтаған, салық салу объектiлерiнiң (стационарлық нүкте) шығып қалған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына тапсырылуға тиiс.";
158) мынадай мазмұндағы 70-1-тараумен толықтырылсын:
"70-1-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік
тiркегенi үшiн алым
406-1-бап. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi тiркеушi орган) жүзеге асырады.
406-2-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
406-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте қайтару тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды көрсетiлген тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.";
159) 428-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;";
160) 430-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерi жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.";
161) 450-баптың 5-тармағындағы "декларация" деген сөз алып тасталсын; "кешiктiрiлмей" деген сөзден кейiн "ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi" деген сөздермен толықтырылсын; "он" деген сөздiң алдынан "күнтiзбелiк" деген сөзбен толықтырылсын;
162) 451-баптың 2-тармағында "рұқсат" деген сөз "рұқсат беру құжаты" деген сөздермен және 454-баптың 3-тармағында "рұқсатсыз" деген сөз "рұқсат беру құжатынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
163) 466-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарларды ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру мен будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды.";
164) 488-баптың 6-тармағында "бюджетке" деген сөзден кейiн "рұқсат беру құжатында көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
165) 495-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;";
13) тармақшадағы "куәлiгiн" деген сөзден кейiн ", тракторшы-машинистiң куәлiгiн," деген сөздермен толықтырылсын; "көлiк" деген сөздiң алдынан "механикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
166) 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарындағы "және хабарламада көрсетiлген айыппұлдардың" деген сөздер алып тасталып, "есептелген" деген сөздiң алдынан "хабарламада көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
167) 500-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мыналарды бергенi үшiн:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент; азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;";
8) тармақшадағы "35 процент мөлшерiнде мемлекеттік баж алынады." деген сөздер "35 процент;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) мыналарды бергенi үшiн:
тракторшы-машинист куәлiгi - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiсi - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттік тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 процент мөлшерiнде мемлекеттік баж алынады.";
168) 501-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);";
21) тармақшадағы "банктердiң" деген сөз "қаржы ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; "қарыз берешегiн" деген сөздер "берешектi" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) тармақшадағы "бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
мүлікті өндіріп алу туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.";
169) 506-баптың 4-тармағындағы "ықтиярхат" деген сөзден кейiн "және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн" деген сөздермен толықтырылсын; "I және II топтағы мүгедектер" деген сөзден кейiн ", қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
170) 507-баптың 2-тармағында:
6-1) тармақшасындағы "куәлiктерiн," деген сөзден кейiн "тракторшы-машинист куәлiктерiн," деген сөздермен толықтырылсын; "көлiк" деген сөздiң алдынан "механикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;";
171) 520-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiнiң куәлiк нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.";
172) 525-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "Осы тармақтың мақсатында әрекетсiз" деген сөздер "Әрекетсiз" деген сөзбен ауыстырылсын;
173) 526-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банк шотында (шоттарында) ақшасы жеткiлiктi болған кезде банк шотынан салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассолық өкiмдерiн салық органдарының нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей осындай тәртiппен орындауға мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк салық берешегiн жабу есебiне ақшаны алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi;";
174) 533-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тексеру;";
175) 534-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "түрi бойынша," деген сөздерден кейiн "акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мынадай:
салық төлеушiнiң өтiнішi негiзiнде, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай-ақ лицензиар лицензияның қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәнiне;
осы Кодекстiң 52-бабына сәйкес салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер жүргiзу кезiнде;";
176) 536-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi;
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелерi;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi;
трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi;
акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi;
салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi көрсетiледi.";
5-тармақ "саны өзгерген" деген сөздерден кейiн "және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген" деген сөздермен толықтырылсын;
177) 541-баптың 1-4-тармақтарындағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдар", ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер тиiсiнше "және өсiмпұлдар", "және өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
178) 545-баптың 3-тармағындағы "тәртiппен" деген сөзден кейiн "және мерзiмдерде" деген сөздермен толықтырылсын;
179) 99-тараудың тақырыбы "уәкiлеттi" деген сөзден кейiн "және жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен толықтырылсын;
180) 549-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабының 2) тармақшасында белгiленген тауарлар, сондай-ақ, осы Кодекстiң 257-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен және шарттар бойынша акциз маркаларымен және есепке алу-бақылау маркаларымен маркалануға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен маркалауды акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жүргiзедi.
Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен маркалаудың дұрыстығы үшiн акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жауапты болып табылады.";
181) 551-бапта:
тақырыбы мен мәтiнi "уәкiлеттi" деген сөздерден кейiн "және жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен толықтырылсын;
"органдары" деген сөзден кейiн "салық және" деген сөздермен толықтырылсын;
182) 552-баптың 2-тармағындағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "және өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
183) 555-баптың 1-тармағында:
"салық органында" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша шағымды қарайтын салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.";
184) 557-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.".
4. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат):
1) 46-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы "газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға" деген сөздер "шикi мұнайға, газ конденсатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
6) үстеме пайдаға салынатын салық;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;";
2) 48-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;";
3) 49-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;".
5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат):
50-баптың 6-тармағының д) тармақшасы "бойынша" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат):
1) 22-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аударылады.";
2) 22-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы
ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн
жауапкершiлiк
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегіндегі ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi.
4. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.
5. Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.";
3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртібін халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісім бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.".
7. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат):