Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң
кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284; 2005.25.04. № 386 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
қолданыстағы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне, қалалық телекоммуникациялар желiлерiне қосылған телефон үшiн абоненттiк ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтыну ақысы жөнiндегі шығыстардың құрылымына енгізу бөлiгiне өзгерістер мен толықтырулар енгізсiн және жергiлiктi өкiлдi органдарға бекiтуге ұсынсын;
Ережеге сәйкес тұрғын үй көмегiнiң уақытылы төленуiн қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 2-3-тармақпен толықтырылды
2-3. ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 949 қаулысымен
бекітілген
Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi
болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға
телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнiң
арттырылуына өтемақы төлеу ережесi
ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен мәтін бойыншы сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1. Негiзгі ережелер
Осы Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесi (одан әрi - Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн өтеу тәртібін белгiлейдi.
1. Осы Ережеде мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қалалық телекоммуникация желiсiнiң абонентi (бұдан әрi абонент) - қалалық телекоммуникация желілерiнiң байланыс қызметтерiн, осы мақсаттар үшiн абоненттiк нөмiр немесе сәйкестендiру коды бөлiнген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негiзiнде пайдаланушы жеке тұлға;
2) әкiмшi - "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеуге ағымдағы мақсатты трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi;
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284; 2005.25.04. № 386 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3) тармақша өзгертілді
3) тұрғын үй көмегiн мақсатты және төлеу жөніндегі қалалық (аудандық) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - қалалық уәкілетті органдар) - халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі қалалық атқарушы органдар;
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) қалалық телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрi - телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы;
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу жөніндегі облыстық уәкілеттi орган (Астана және Алматы қалаларындағы қалалық) (бұдан әрi - облыстық уәкілеттi орган) - халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі (облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган (Астана және Алматы қалаларындағы қалалық).
2. Телефон үшiн абоненттiк ақы
тарифтерiнiң арттырылу өтемақысы
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Абоненттерге телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысы қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетiн телефон үшiн абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен 3-тармақ толықтырылды
3. Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерi арттырылуының өтемақысы үшiн абонент тұрғын үй көмегiн тағайындау үшін қажеттi құжаттармен тұрғылықты тұратын жерi бойынша қалалық (аудандық) уәкiлеттi органға өтiнiшпен барады.
Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн құжаттардың негiзгі пакетiне қалалық (аудандық) телекоммуникациялар желiсiнiң абонентi болып табылу фактiсiн растайтын (шарт не түбiртек телекоммуникация көрсеткен қызметтерi үшiн есеп) құжатты қоса бередi.
4. Тұрғын үй көмегiнiң абоненттiк ақы тарифiнiң арттырылу бөлiгіндегi мөлшерi телефон үшiн абоненттiк ақының көбеюi айырмасынан асырылмайды.
ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Қалалық (аудандық) уәкілеттi органдар есепті айдан кейiнгi айдың 5-не дейiнгі мерзiмде телефон үшiн абоненттік ақы тарифiнiң арттырылуына өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және облыстық уәкiлетті органға жiбередi.
6. Облыстық уәкілетті орган үш күндiк мерзiмде ақшалай қаражатқа жиынтық қажеттiлiктi әкiмшiге жiбередi.
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Телефон үшін абоненттiк ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеу бюджет және тұрғын үй заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Телефон үшiн абоненттік ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеуге қаражатты аумақтық қазынашылық органдарына аудару кезiнде уәкiлетті орган төлеуге арналған шотты төлемдердiң кезеңi мен сомалары көрсетiлген абоненттердiң тiзiмiмен қоса ұсынады.
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен 8-тармақ толықтырылды
8. Қалалық (аудандық) уәкілеттi органдар тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне облыстық уәкілеттi органдарға телефон үшін абоненттік ақы тарифiнің арттырылуына төленген өтемақы сомалары бойынша ақпарат ұсынады.
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9. Облыстық уәкілетті органдар есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешіктірмей әкімшіге ағымдағы мақсатты трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынады.
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10. Әкімшi қажеттілiкті алғаннан кейiнгi 3 күн iшiнде ақы төлеуге арналған шоттың негізiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі берген деректемелер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарына қалалық телекоммуникация желiлерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге арналған ағымдағы мақсатты трансферттердiң сомасын аударады. Аудару белгiленген тәртіппен бекітілген "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берілетін ағымдағы мақсатты трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына және қаулының 2-2-тармағына сәйкес тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған ағымдағы мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлуге сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Облыс бюджетін атқару жөніндегі уәкілеттi орган трансферттердi төмен деңгейде тұрған бюджетке тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттілігiне сәйкес және белгіленген тәртiппен бекітілген облыстық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспары шегiнде аударады.
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1284 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.25.04. № 386 Қаулысымен қосымша алып тасталды (бұр. ред. қара)