Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 691 Қаулысымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 36-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде белгіленсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 34, 455-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 616-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 212-құжат).
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 512 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені
үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы - осы Ережеге сәйкес тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы;
2) абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға;
3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.
5) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы.
2. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу тәртібі
3. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы көтерілуіне өтемақы төлеу, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілетті органдары бекіткен, шығыстардың жол берілетін деңгейінен асатын көлемде осы жергілікті жерде тұрақты өмір сүретін күн көрісі төмен отбасыларға (азаматтарға) ұсынылатын тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін абонент тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жүгінеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін абонент жергілікті өкілді органдар бекітетін құжаттардың негізгі тізбесіне абонент болып табылатынын растайтын құжатты (шарт не телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот) қоса береді.
5. Уәкілетті орган әр айдың 5-күніне дейінгі мерзімде өткен ай үшін әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
6. Аумақтық қазынашылық органдарына әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін қаражатты аудару кезінде уәкілетті орган төлеуге арналған шотты төлемдердің кезеңі мен сомасын көрсетумен абоненттердің тізімін қоса бере отырып ұсынады.
7. Уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне төленген өтемақы сомасы жөнінде ақпарат береді.