“Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 386 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 34, 455-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
2-1, 2-2, 2-3-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiнде:
барлық мәтiн бойынша:
"мақсатты" деген сөздiң алдынан "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында:
"қалалық" деген сөзден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын;
"(Астана және Алматы қалаларындағы аудандық)" деген сөздер алынып тасталсын;
3, 5 және 8-тармақтарда "қалалық", "Қалалық" деген сөздерден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |