Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын,
әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы
тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949
қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 8 желтоқсандағы N 1284 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
қолданыстағы тұрғын үй көмегін көрсету тәртiбiне, қалалық телекоммуникациялар желiлерiне қосылған телефон үшiн абоненттiк ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтыну ақысы жөнiндегі шығыстардың құрылымына енгiзу бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізсiн және жергiлiктi өкiлдi органдарға бекiтуге ұсынсын;
Ережеге сәйкес тұрғын үй көмегiнiң уақытылы төленуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 9 қыркүйектегі
N 949 қаулысымен
бекiтiлген
Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi
болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға
телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнiң
арттырылуына өтемақы төлеу ережесi
1. Негiзгі ережелер
Осы Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесi (одан әрi - Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн өтеу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Осы Ережеде мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қалалық телекоммуникация желiсiнiң абонентi (бұдан әрi абонент) - қалалық телекоммуникация желілерiнiң байланыс қызметтерiн, осы мақсаттар үшiн абоненттiк нөмiр немесе сәйкестендiру коды бөлiнген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негiзiнде пайдаланушы жеке тұлға;
2) әкiмшi - "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеуге мақсатты трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi;
3) тұрғын үй көмегiн мақсатты және төлеу жөнiндегi қалалық уәкiлеттiоргандар (бұдан әрi - қалалық уәкілетті органдар) - халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қалалық атқарушы органдар;
4) қалалық телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттерi болып табылатынәлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақытарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрi - телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөнiндегi тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн ақшалай өтемақы және телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеу үшiн арналған;
5) тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу жөнiндегi облыстықуәкілеттi орган (бұдан әрi - облыстық уәкілеттi орган) - халықты әлеуметтік қорғау жөнiндегi (облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.
2. Телефон үшiн абоненттiк ақы
тарифтерiнiң арттырылу өтемақысы
2. Абоненттерге телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысы телефон үшiн абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
3. Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерi арттырылуының өтемақысы үшiн абонент тұрғын үй көмегiн тағайындау үшін қажеттi құжаттармен тұрғылықты тұратын жерi бойынша қалалық уәкiлеттi органға өтiнiшпен барады.
Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн құжаттардың негiзгі пакетiне қалалық телекоммуникациялар желiсiнiң абонентi болып табылу фактiсiн растайтын (шарт не түбiртек телекоммуникация көрсеткен қызметтерi үшiн есеп) құжатты қоса бередi.
4. Тұрғын үй көмегiнiң абоненттiк ақы тарифiнiң арттырылу бөлiгіндегi мөлшерi телефон үшiн абоненттiк ақының көбеюi айырмасынан асырылмайды.
5. Қалалық уәкілеттi органдар eceпті айдан кейiнгi айдың 5-не дейiнгі мерзiмде телефон үшiн абоненттік ақы тарифiнiң арттырылуына өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және облыстық уәкiлетті органға жiбередi.
6. Облыстық уәкілетті орган үш күндiк мерзiмде ақшалай қаражатқа жиынтық қажеттiлiктi әкiмшiге жiбередi.
7. Әкiмшi, қажеттілiктi алғаннан кейiн үш күндiк мерзiмде ақшалай қаражатты облыстық уәкiлеттi органның есептік шотына әкiмшiнiң тиiстi жылға арналған мiндеттерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде аударуға мiндеттi.
8. Облыстық уәкiлетті орган қалалар бөлiнiсiнде телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын төлеу жөнiндегi кестенi жасайды және үш банктік күн iшiнде ақшалай қаражатты төлем тапсырыстарымен қалалық уәкілеттi органдарға аударады.
9. Қалалық уәкілетті органдар үш банктiк күн iшiнде телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерi арттырылуының өтемақысын ұйымға төлеудi олардың аумағында қолданылатын тұрғын үй көмегiн тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiне сәйкес жүзеге асырады.
10. Төленген сомалар бойынша облыстық уәкілетті органдар мен әкiмшi арасында тоқсан сайын салыстырып-тексеру актілерi жасалады.
11. Екiншi деңгейдегi банктердiң телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерi арттырылуының өтемақысын төлеу жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеу заңнамада белгiленген тәртiппен банк пен қалалық уәкiлеттi органдар арасында жасалған шарт негiзiнде жүргізіледi.