Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1284 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 34, 455-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбір мәселелерi туралы";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттік) қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифiнің арттырылуына өтемақы төлеуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан, белгiленген тәртiппен бекiтілген 2004 жылға арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес 476784000 (төрт жүз жетпіс алты миллион жеті жүз сексен төрт мың) теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлсiн.
2-2. Осы қаулының 2-1-тармағында көрсетілген қаражат қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнсiн.
2-3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мақсатты трансферттердің пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.".
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесінде:
1-тармақта:
3) тармақша "қалалық уәкілетті органдар" және "қалалық атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "(Астана және Алматы қалаларындағы аудандық)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "ақшалай өтемақы және телефон үшін абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеу үшiн арналған" деген сөздер ", телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "облыстық уәкiлеттi орган" және "атқарушы орган" деген сөздерден кейiн "(Астана және Алматы қалаларындағы қалалық)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"өтемақысы" деген сөзден кейiн "қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Телефон үшін абоненттiк ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеу бюджет және тұрғын үй заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Телефон үшiн абоненттік ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеуге қаражатты аумақтық қазынашылық органдарына аудару кезiнде уәкiлетті орган төлеуге арналған шотты төлемдердiң кезеңi мен сомалары көрсетiлген абоненттердiң тiзiмiмен қоса ұсынады.
8. Қалалық уәкілеттi органдар тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне облыстық уәкілеттi органдарға телефон үшін абоненттік ақы тарифiнің арттырылуына төленген өтемақы сомалары бойынша ақпарат ұсынады.
9. Облыстық уәкілетті органдар есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешіктірмей әкімшіге мақсатты трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынады.
10. Әкімшi қажеттілiкті алғаннан кейiнгi 3 күн iшiнде ақы төлеуге арналған шоттың негізiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі берген деректемелер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарына қалалық телекоммуникация желiлерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге арналған мақсатты трансферттердiң сомасын аударады. Аудару белгiленген тәртіппен бекітілген "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берілетін мақсатты трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына және қаулының 2-2-тармағына сәйкес тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлуге сәйкес жүргiзiледi.
11. Облыс бюджетін атқару жөніндегі уәкілеттi орган трансферттердi төмен деңгейде тұрған бюджетке тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттілігiне сәйкес және белгіленген тәртiппен бекітілген облыстық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспары шегiнде аударады.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1284
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына
қосымша
Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi
болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға
телефон үшiн абоненттiк ақы тарифiнiң арттырылуына
өтемақы төлеуге арналған мақсатты трансферттерді
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне бөлу
Облыс | Мақсатты трансферттердiң сомасы, теңге |
Ақмола облысы | 11243822 |
Ақтөбе облысы | 30844924 |
Алматы облысы | 5602279 |
Атырау облысы | 774856 |
Шығыс Қазақстан облысы | 24185113 |
Жамбыл облысы | 89725602 |
Батыс Қазақстан облысы | 38471968 |
Қарағанды облысы | 33782972 |
Қостанай облысы | 103123159 |
Қызылорда облысы | 62722207 |
Маңғыстау облысы | 4127995 |
Павлодар облысы | 12658270 |
Солтүстiк Қазақстан облысы | 19726003 |
Оңтүстiк Қазақстан облысы | 3442469 |
Астана қаласы | 18254537 |
Алматы қаласы | 18097824 |
Барлығы: | 476784000 |