4. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес атқаратын лауазымына сәйкестігі бөлігінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор басшысының актісімен тағайындалады және босатылады.
5. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспарын әзірлеуге;
2) жұмыскерлердің электр энергетикасы саласындағы талаптарды сақтауын өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
3) энергетикалық жабдықты пайдалану және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;
5) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор жұмыскерлерінің назарына Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жеткізуге;
6) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор басшысына:
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе технологиялық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру;
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша уақтылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету бойынша ұсыныстар енгізуге;
7) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін не сұрау салу бойынша (авариялар мен бірінші дәрежедегі істен шығулар орын алған жағдайларда) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылау міндеттеріне сәйкес есепті ұсынуға;
8) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
6. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның:
1) өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алуға;
2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператордың объектілеріне тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіруге құқығы бар.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтынатын көлемдеріне қарай саралау тәртібін бекітеді;
2) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және он күн сайын жаңартып отырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
6) осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында, 18-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) осы Заңның 12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;
8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) осы Заңға сәйкес атаулы қолдау алушылардың тізімін қалыптастырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-1-бап жаңа редакцияда
7-1-бап 2024 ж. 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңның редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін ұйымдарға беріледі:
1) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) кем емес электр желілерінің (электр берудің кәбілдік немесе әуе желілерінің) болуы;
2) тікелей, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушылардың болуы.
7-2-бап. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-3-бап. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр энергиясын өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға құқылы емес.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Тұтынушыларға электр энергиясын беру өздері арқылы қамтамасыз етілетін бұрыннан бар электр беру желілері мен кіші станцияларға қосымша қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тұтынушының өзі тұтынатын электр қуатын ұлғайтуы қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауға және салуға негіз болып табылады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Бір тұлғалар тобына немесе бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйым мен тұтынушы кернеуі 220 киловольт және одан жоғары меншікті электр беру желілерін жобалауды, салуды және пайдалануды, мұндай желілер бойынша берілетін электр энергиясын әкімшілік-аумақтық бірлік ретіндегі облыс шегінде осы тұлғалар тобы немесе осы гибридті топ ішінде тұтыну үшін пайдаланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін жүйелік оператор айқындайтын техникалық талаптарды сақтаған жағдайда, бірлесіп немесе дербес жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың ережелері тұлғалар тобына, егер мұндай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай тұлғалар бір тұлғаның бақылауында болса, қолданылады.
Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына билік ету арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Ұлттық компаниялар үшін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуге жол беріледі;
2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі, ұлттық компаниялар үшін әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуіне жол беріледі.
Көрсетілген электр беру желілері осы тармақта санамаланған тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі болады және меншік иелерінің келісімінсіз ұлттық компанияға беруге жатпайды.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ жаңа редакцияда
2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынауы электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының бүкіл көлемін сатып алу-сату шарты болған кезде жүйелік оператормен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылсын
2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Жалпы ережелер
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Электр жабдықтарын, электр желілерін, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезіндегі ұйымдастырушылық іс-шаралары адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Электр энергиясын өндіруге, беру мен пайдалануға арналған электр жабдықтары, электр желілері, тұтынушылардың қондырғылары, электр энергиясы техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткіштері белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мыналар:
жұмыс кернеуінің атаулы мәннен барынша ауытқуы;
электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.
5. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Электр энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 9-3-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-3-бап. Электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну кезінде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына әкелінетін электр-техникалық жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі растауға жататын электр станцияларының, электр желілерінің жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берілмейді.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Электр станцияларының, электр желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиіс.
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9-4-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-4-бап. Электр энергиясын цифрлық майнерлердің сатып алу тәртібі мен талаптары
1. Цифрлық майнерлер электр энергиясын орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан кем емес көлемде:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және жүйелік оператор айқындайтын белгіленген квоталар шеңберінде электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан;
2) генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған, қосылудың жоқтығы фактісін жүйелік оператор растаған кезде энергия өндіруші ұйымдардан сатып алады. Бұл норма генерациялайтын қондырғылары 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) жүйелік оператор айқындайтын Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндігі шеңберінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген электр энергиясын;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты жоқ энергия өндіруші ұйымдардан сатып алады.
2-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Цифрлық майнерлердің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүйелермен өздерін біріздендіруді олардың желілеріне қосылған кезде қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің болуы міндетті.
2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 9-5-баппен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9-5-бап. Электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі талаптар
1. Электрқуаттау станцияларын электр желілеріне қосу электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Электрқуаттау станцияларын, оның ішінде жабық үй-жайларда орнатылған электрқуаттау станцияларын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Электрқуаттау станциялары пайдаланатын электр энергиясын тұтыну тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Электрқуаттау станцияларының электр энергиясын тұтынуы тұрмыстық тұтынуға жатпайды.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік оператор және
энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар
10-бап. Жүйелiк оператор
1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көр сетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді;
2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) қуатты резервтеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
4-тармақша 2005 ж. 31 желтоқсанға дейiн қолданылды
4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерін есептеу үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына деректерді береді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
8) нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
11) ұлттық электр желісіне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)