ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат; 2020 ж., № 14, 68-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
2-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-4) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы - реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;»;
мынадай мазмұндағы 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 2-9), 2-10) және 2-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-5) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттық) - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;
2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) - уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
2-9) диспетчерлік технологиялық басқару - диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өңдеуге арналған процесс;
2-10) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
2-11) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы - жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес айқындайтын баға;»;
6) тармақшадағы «реттеу және» деген сөздер алып тасталсын;
15-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2) көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы - электрмен жабдықтау немесе тұтыну, сондай-ақ нормативтік-техникалық ысыраптарды жабу мақсатында электр энергиясын сатып алатын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:
«15-3) күзгі-қысқы кезең - басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;»;
18) тармақшада:
«оралымды» деген сөз «реттеуші» деген сөзбен ауыстырылсын;
«құрылымының дайындығын» деген сөздер «құрылымын» деген сөзбен ауыстырылсын;
22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22-2) реттеуші электр қуаты - оның шегінде электр станциясы берілген параметрмен жұмыс істей алатын, қолда бар электр қуатының диапазоны (үлесі);»;
мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын:
«22-3) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
23-1) тармақшадағы «жеті жылға тең мерзімге» деген сөздер «әрбір жеті жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жүйелік операторға, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау бойынша көрсетілетін қызмет;»;
31-2) тармақша «жеңімпаздары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары» деген сөздермен толықтырылсын;
31-4) және 33-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - уәкілетті орган мен энергия өндіруші ұйым арасында генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім негізінде айқындалған тариф;»;
1) тармақшаның отызыншы абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф - уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні;»;
50) тармақшадағы «қажеттіліктері және (немесе)» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
1) тармақшаның отыз үшінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«52) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасы - электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына арналған шекті тарифінен аспайтын электр энергиясын сату бағасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының сомасы;»;
2) 5-бапта:
70-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70-9) электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 70-41), 70-42) және 70-43) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-41) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-42) электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
70-43) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 6-бапта:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады.»;
10-1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұтынушыларға электр энергиясын беру өздері арқылы қамтамасыз етілетін бұрыннан бар электр беру желілері мен кіші станцияларға қосымша қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тұтынушының өзі тұтынатын электр қуатын ұлғайтуы қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауға және салуға негіз болып табылады.»;
5) 10-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету» деген сөздер алып тасталсын;
6) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен осы Заңның 15-8-бабында көрсетілген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
8) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылы электр қуаты нарығындағы қызмет шеңберінде оң қаржылық нәтиженің қорытындылары бойынша пайда болған қаражатты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы жылға бағаны төмендетуге жұмсайды.»;
7) 12-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушылар мен электр энергиясын нетто-тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар:»;
3-тармақтың 1) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
7) тармақшаның бесінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1) спот-сауда-саттықта (күнтізбелік айда өздері өндіретін электр энергиясы көлемдерінің он пайызынан аспайтын) өткізу жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасынан және теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;»;
«10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті пайдаланады);»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
7) тармақшаның сегізінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«4. Электр энергиясын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасынан және (немесе) теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтен асыра отырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым спот-сауда-саттықта (күнтізбелік айда өздері өндіретін электр энергиясы көлемдерінің он пайызынан аспайтын) электр энергиясын өткізу нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, асып кеткен соманы көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілерін қайтаруға міндетті.»;
8) 12-1-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
8) тармақшаның үшінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын оның босату бағасынан аспайтындай етіп өткізеді.»;
үшінші бөліктегі «жеті жылға тең мерзімге» деген сөздер «әрбір жеті жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Түзету электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланылатын көмірге, газға, құрамында күкірт бар шикізатқа, мұнай өнімдеріне, электр энергиясын өндіру процесінде технологиялық мұқтаждар үшін пайдаланылатын суға баға құнының және (немесе) көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органға өтініш жасауы негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
Егер энергия өндіруші ұйым жоғарыда аталған шығындарға байланысты залал шеккен жағдайда, уәкілетті орган шекті тарифтерді түзету кезінде алты айдан аспайтын кезеңдегі шеккен шығындарды ескереді.
Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына арналған шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі.
Осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есептің қорытындылары бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған шекті тарифтің деңгейін қайта қарайды.»;
9) 13-бапта:
1-тармақтағы «бөлшек» деген сөз «көтерме және бөлшек» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға);»;
«3-2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша осы баптың 13-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған, меншікті генерациялайтын қондырғылардың желіге жіберу үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарты бар, көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін негізсіз, оның ішінде сағаттық қысқартуға не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатуға тыйым салынады.
Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер:
энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса;
энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе;
энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса;
көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі;»;
мынадай мазмұндағы 3-5, 3-6 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-5. Энергия өндіруші ұйымдар жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға міндетті.
3-6. Жүйелік оператор, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент-ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша жүзеге асырады.
Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау үшін пайдаланылады және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет болып табылмайды.
Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді.»;
«6-2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелік операторда және қажет болған кезде өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері болуы міндетті.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Энергия өндіруші ұйымдар - гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде өндірілетін электр энергиясын Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
«12. Энергия беруші ұйымдар меншікті электр беру желілері мен кіші станциялардың өткізу қабілеті туралы ақпаратты ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
13. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға келісімшарт жасалған, жоспарланатын және желіге жіберу үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.»;
10) 15-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарын қоса алғанда, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар реттеуші электр қуатының көлемі;
7) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүйелік оператор айқындайтын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі үшін немесе оның қандай да бір аймағы үшін реттеуші электр қуатының талап етілетін көлемі және тапшылығы.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның қандай да бір аймағында болжамның соңғы үш жылы ішінде реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асқан жағдайда, уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды және Тізілімге енгізілген тұтынушыларға реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.»;
11) 15-3-бапта:
3-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф өткізілген тендер қорытындылары бойынша айқындалады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады;»;
2-1) тармақшадағы «1 - 3) тармақшаларына» деген сөздер «1 және 2) тармақшаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «1), 2) және 3)» деген сөздер «1), 1-1), 2), 2-1) және 3)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;»;
8-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны осы Заңның 10-3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасын ескере отырып, жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.»;
үшінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уәкілетті органмен жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;»;
4) тармақшадағы «сұраныстың негізінде жүзеге асырады.» деген сөздер «сұраныстың;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтиженің негізінде жүзеге асырады.
Қаржылық нәтиже:
бірыңғай сатып алушының тиісті жылға бағаны бекіту кезінде ескерілген шығындардан аспайтын іс жүзінде шеккен операциялық шығындары;
уәкілетті органның тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған жабылмаған шығындар;
есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсету негізге алынып қалыптастырылады.»;
12) 15-4-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі «белгілеген» деген сөз «айқындаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 15-5-бапта:
6-тармақта:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Заңның 15-1-бабының 8 немесе 9-тармағында көрсетілген жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы жоғары жүктемеге өздерінің жоғары жүктеме үлесіне пропорционал түрде тапшылықты жабу үшін электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын құруға мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қатысуға міндетті:
1) электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге бекітілген болжамды теңгерімінде ескерілмеген, істен шыққан электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын реконструкциялауды қоса алғанда, жаңа электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын салу;»;