Қазақстан Республикасының Заңы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспеде "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру желілері;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) ұлттық электр желісі - жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;";
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;
13-2) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) электр энергиясын беру - электр энергиясын беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;";
16) тармақшада "пайдаланатын" деген сөз "тұтынатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
34) тармақшада "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
5) тармақшада "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) жүйелік операторды және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын белгілейді;";
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен
шағын станцияларды жобалау және салу
1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу уәкілетті органға, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға және жүйелік операторға алдын ала хабарлай отырып және олармен келісе отырып жүзеге асырылады.
2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану концессиялық келісімдер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы келісімдердің қолданылу кезеңінде концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және концессиялық келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық электр желісі құрамына беріледі.
4. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, шағын станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.";
6) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын кепілдікпен берушілер және электр энергиясын кейін сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сатып алуға немесе сатуға тиіс.";
7) 16-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
8) 17-баптың 1-тармағындағы "жөнінде" деген сөздің алдынан ", электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 19-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "пайдаланған" деген сөз "тұтынылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қосымша қуаттарды қосқан кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен электр энергетикасы қондырғылары объектілерін кеңейту және реконструкциялау үшін энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың шығындарын өтеуге міндетті.";
10) 22-баптың 2-тармағы "жылу желілерін күзету" деген сөздерден кейін ", электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 24-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабының 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
2-тармақтағы "2005" деген цифрлар "2007" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы сәуірдің 11-і.
№ 136-III ҚРЗ