Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Заңы (2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Автомобиль көлiгi туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Заңы

(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары

  • Показать изменения

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi

5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту

  • Показать изменения

5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға автомобиль көлігін беру міндеті

6-бап. Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi

7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қойылатын талаптар

8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi

9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар

  • Показать изменения

9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар

 

2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi

11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау

12-бап. Алып тасталды

13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

  • Показать изменения

14-1-бап. Алып тасталды

15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау

17-бап. Сәйкестiктi растау

17-1-бап. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау

18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi сақтандыру

19-бап. Тарифтер

2-1-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

  • Показать изменения

19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты

  • Показать изменения

19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың түрлері

  • Показать изменения

19-3-бап. Алып тасталды

  • Показать изменения

19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау

19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылау жүргiзудiң нысандары

19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар

19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi уәкiлеттi органның құзыретi

19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi

19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртiбi

19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi

19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды беру тәртібi

2-2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

  • Показать изменения

19-12-бап. Жалпы ережелер

19-13-бап. Автокөлiк құралдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

19-14-бап. Автокөлiк құралдарын шығару кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

19-15-бап. Автокөлiк құралдарын тасымалдау және сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

19-16-бап. Автокөлiк құралдарын кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

19-17-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі

3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау

20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

  • Показать изменения

21-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру

22-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi

23-бап. Жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптары

24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру

25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау

26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру

  • Показать изменения

26-1-бап. Автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру

26-2-бап. Таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт

27-бап. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен тасымалдау кезiнде жолаушылардың жекелеген санаттарына арналған басымдықтар

  • Показать изменения

27-1-бап. Автомобиль көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі

28-бап. Сот иесiз деп танығанға дейiн багажға билiк ету

29-бап. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi

4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау

  • Показать изменения

30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты

  • Показать изменения

31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзу

32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу және түсiру

34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер

35-бап. Жүктi беру

36-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау

37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау

38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдау

  • Показать изменения

38-1-бап. Алып тасталды

39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау

40-бап. Жүктерді аралас тасымалдау

41-бап. Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi

  • Показать изменения

41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу

5-тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдары

  • Показать изменения

42-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттiк реттеу

43-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

  • Показать изменения

44-бап. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, багажды, жүктерді автомобильмен тасымалдаулар

45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

6-тарау. Автомобиль көлігіндегі жауапкершілік

  • Показать изменения

46-бап. Автокөлiк құралдарын жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылардың жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiгi

47-бап. Жолаушыны және багажды жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе межелi пунктке кешiгiп жеткенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi

48-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарының берiлмеуi және пайдаланылмауы үшiн жауапкершiлiк

49-бап. Контейнерлердiң берiлмегенi және пайдаланылмағаны үшiн жауапкершiлiк

50-бап. Жүк жөнелтушiнiң құжаттарды уақтылы бермегенi үшiн жауапкершiлiгi

51-бап. Тасымалдаушының жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiгi

52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық

53-бап. Жауаптылықтан босату

  • Показать изменения

54-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

54-1-бап. Өтпелі ережелер

55-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

 

2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «почта», «почтаны», «Почтаны» және «Почта» деген сөздер тиісінше «пошта», «поштаны», «Поштаны» және «Пошта» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі - шұғыл шақыру жүйесі) - шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыптасқан ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-1) автобус - жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) автовокзал - жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, жүргізушілерді медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлік пункттер және ана мен бала бөлмесі кіретін, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-1) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешені;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

3-1) автоматтандырылған өлшеу станциясы - метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) автомобиль көлiгi - қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;

  • Показать изменения

5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы - тасымалдау процесінің үздіксіздігін, сондай-ақ автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстар (автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдарын сақтауға арналған құрылыстар) кешені;

  • Показать изменения

6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

6-1) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясы - автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшін зияткерлік көлік жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін өлшеу құралы, стационарлық типтегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы ұтқыр таразылар бар стационарлық немесе ауыспалы пункт;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясының операторы - автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-1) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі - клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді, интернет-платформаларды және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;

  • Показать изменения

9-2) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-3) әлеуметтiк маңызы бар тасымалдаулар - қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әсер ететiн және тарифтердің қолжетiмдi деңгейi мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн қозғалу мүмкiндiгін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдаулар;

  • Показать изменения

10) багаж - Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

10-1) бөлінбейтін жүк - тасымалдау кезінде мақсатын өзгертпей, шамадан тыс шығындарсыз немесе оның бүліну тәуекелінсіз екі немесе одан көп бөлікке бөлуге болмайтын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк;

  • Показать изменения

11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы;

  • Показать изменения

12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға;

  • Показать изменения

12-1) жолаушылар агенттігі - жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, тасымалдаушымен арадағы шарт негізінде өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жөнінде қызметтер көрсететін тұлға;

  • Показать изменения

12-2) жолаушыларға қызмет көрсету пункті - жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін сату үшін, автокөлік құралдарының қауіпсіз аялдауына, жолаушыларды отырғызуға, түсіруге арналған алаңмен және жолаушыларды әртүрлі ауа айы жағдайларынан қорғауға арналған ғимаратпен жабдықталған, автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған объект;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;

  • Показать изменения

14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15) жолдама парақ - жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуды жүргізу мен бақылауға арналған қағаз немесе электрондық-цифрлық нысандағы құжат;

  • Показать изменения

15-1) жол жүру құжаты (билет) - ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;

  • Показать изменения

16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

17-1) жүктер - Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

17-2) интеллектуалды көлік жүйесі - жол жүрісін және тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының кешені;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі - автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

18-1) көліктік бақылау бекеті - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

18-2) қоғамдық көлік - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси;

  • Показать изменения

19) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

20) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

21) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

22) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

23) қол жүгі - салмақ және көлем өлшемдері Автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;

  • Показать изменения

23-1) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

23-2) сервис орталығы (шеберхана) - тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 23-3) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

23-3) сертификаттау орталығы - 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келісімі (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 23-4) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 23-4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

23-4) сервис орталығы (шеберхана) - тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 23-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

23-5) сертификаттау орталығы - 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүргізетін автокөлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келісім (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 23-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

23-6) спутниктік навигация аппаратурасы - автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық- бағдарламалық құрылғы;

24) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

25) такси - Автомобиль көлігімен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелеріне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 25-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 25-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

25-1) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы - ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға қолжетімділік беретін платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасы;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-2) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

25-2) таксимен тасымалдаушы - интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 25-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

25-3) таксометр - жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 25-4) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

25-4) тахограф - жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін тіркейтін механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;

26) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

27) уәкiлеттi орган - автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлі мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;

  • Показать изменения

28-1) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29) шағын автобус - жасаушы завод жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етіп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус;

  • Показать изменения

30) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер - Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;

  • Показать изменения

31) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

32) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.27.07. № 297-III ҚР Заңымен 3-бап толықтырылды

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.


Содержание
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға автомобиль көлігін беру міндеті6-бап. Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қойылатын талаптар8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар
2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу2-1-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың түрлері19-3-бап. Алып тасталды19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылау жүргiзудiң нысандары19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi уәкiлеттi органның құзыретi19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртiбi19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
2-2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау
20-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi21-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру22-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi23-бап. Жолаушыларды және багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптары24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру26-1-бап. Автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру26-2-бап. Таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт27-бап. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен тасымалдау кезiнде жолаушылардың жекелеген санаттарына арналған басымдықтар27-1-бап. Автомобиль көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі28-бап. Сот иесiз деп танығанға дейiн багажға билiк ету29-бап. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi
4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзу32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң құқықтары мен мiндеттерi33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу және түсiру34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер35-бап. Жүктi беру36-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдау38-1-бап. Алып тасталды39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау40-бап. Жүктерді аралас тасымалдау41-бап. Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу
5-тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдары6-тарау. Автомобиль көлігіндегі жауапкершілік
46-бап. Автокөлiк құралдарын жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылардың жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiгi47-бап. Жолаушыны және багажды жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе межелi пунктке кешiгiп жеткенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi48-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарының берiлмеуi және пайдаланылмауы үшiн жауапкершiлiк49-бап. Контейнерлердiң берiлмегенi және пайдаланылмағаны үшiн жауапкершiлiк50-бап. Жүк жөнелтушiнiң құжаттарды уақтылы бермегенi үшiн жауапкершiлiгi51-бап. Тасымалдаушының жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiгi52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық53-бап. Жауаптылықтан босату54-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық54-1-бап. Өтпелі ережелер55-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi