ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
244-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «учаскесіне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген тəртіп бойынша берілген жағдайда ғана өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылады» деген сөздер «учаскесінде құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске тұрғызылған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген тəртіппен берілген жағдайда сот өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
974-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да объектілер.».
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
3-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармаққа сəйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін мəлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
3-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 44-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, жеке жəне заңды тұлғаларға сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге жол берілмейді.»;
3-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 44-2-бапта:
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігіне сəйкес жер учаскесін беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау орналасуы жер учаскесін мəлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, жеке жəне заңды тұлғаларға сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге жол берілмейді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып, Алматы қаласы аумағының сел мен көшкін қаупі бар учаскелерінде құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге тыйым салынады.»;
4) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды өздері алған немесе сатып алған жағдайда, құрылыс салу мақсатында осы Кодекстің 71-бабына сəйкес өздері бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта реновациялау бағдарламасы шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сəйкес жоспарланған құрылыс шегінде көппəтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасасқан заңды тұлғаларға;»;
3-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 49-1-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармаққа сəйкес жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін мəлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге жəне жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы жəне (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі.»;
6) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «, Алматы қаласының ерекше мəртебесі жəне Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы заңнамалық актіге сəйкес республикалық маңызы бар қала, астана көшелерінің бойындағы оқшауланған белдеулерде орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
7) 121-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «, сел-көшкін қаупi бар жəне» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сейсмикалық қауіпті, сел қаупі бар, көшкін қаупі бар аймақтар, тектоникалық жарылымдар аймақтары;»;
3-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8) 152-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «олардың сапалық сипаттамасы» деген сөздерден кейін «, санитарлық-қорғау аймақтары» деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
102-3-баптың 3 жəне 4-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» жəне «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде» жəне «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 182-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 190-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
1) 108-баптың 5-тармағындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 120-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Мемлекеттік» деген сөз «Баға белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сəйкес белгіленетін мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 124-5-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы «қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.» деген сөздер «қызметтерді көрсету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 124-6-бабының 3-1) тармақшасына сəйкес тізбеде көзделген, табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.»;
6-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 124-6-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбелерін бекітеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен жəне табиғи монополия субъектілерінен, жеке жəне заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін, оның ішінде өтініштерді қарау жəне мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға жəне алуға құқылы;»;
6-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
«5-3) құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың келісілген график-жоспары;»;
6-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 193-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген шектеу баға белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сəйкес белгіленетін мемлекеттік сараптама ұйымына қолданылмайды.».
7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
127-3-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне:
69-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
9-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағының 13) жəне 106) тармақшалары алып тасталсын;
2) 9-баптың 18) тармақшасындағы «қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша» деген сөздер «адамға əсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық- қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 20-бапта:
бірінші абзацтағы «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» деген сөздер «1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жəне 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) адамға əсер ететін физикалық факторлардың көздері жөніндегі, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу бойынша нормативтік құжаттаманың жобаларына;
3) пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша жобаларға;»;
мынадай мазмұндағы 2, 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
«2. Эпидемиялық мəні бар объектіде оны пайдалану басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге негіз болған біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкессіздікке алып келетін, нысаналы мақсатының, жүзеге асырылатын қызмет түрінің, технологиялық процесінің, қуатының жəне құрылымының өзгеруі мұндай объектіге жаңа санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуды қажет етеді.
3. Эпидемиялық мəні бар объектінің берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкес келмеуі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру;
2) рұқсат беру тəртібінің күші жойылуы;
3) өтініш берушінің заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе оны тарату туралы жолданымы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысы тоқтатылған кезден бастап эпидемиялық мəні бар объектіде қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Эпидемиялық мəні бар объектідегі қызмет ерікті түрде тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, өтініш беруші күнтізбелік үш күн ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды бұл жөнінде хабардар етуге міндетті.»;
4) 38-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін өзгертуге;»;
5) 46-бапта:
2-тармақта:
үшінші бөлікте:
«Жобалардың» деген сөз «Құрылыс жобаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«техникалық-экономикалық негіздемелердің жəне» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «Эпидемиялық мəні бар объектілер құрылысы» деген сөздер «Құрылыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «сараптамасын» деген сөз «сараптамасы» деген сөзбен ауыстырылып, 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде эпидемиялық мəні бар объектілердің құрылысына арналған жобалар (санитариялық-қорғаныш аймағының көлемін белгілей отырып, жобалау-сметалық құжаттама) бойынша;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) адамға əсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу бойынша нормативтік құжаттама жобаларына; пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша жобаларға, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне;»;
6) 276-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі күшіне енген күнге дейін пайдалануға берілген, санитариялық-қорғаныш аймағы белгіленбеген объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырады.».
10. 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне:
бүкіл мəтін бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
29-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 2025 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 46-баптың 6-тармағындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 50-баптың 4-тармағындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да объектілер.».
14. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 57-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «заңды» деген сөз «көппəтерлі тұрғын үйлерді басқару, тұрғын үй сатып алу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-тарау мынадай мазмұндағы 116-1-баппен толықтырылсын:
«116-1-бап. Тұрғынжайды реновациялау
1. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сəйкес тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымды жəне (немесе) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты жасасқан уəкілетті компанияны тарта отырып, қаржыландыру тетігін жəне оны іске асыру өлшемшарттарын, оның ішінде реновациялауға жататын объектілердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне өтеу тəртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енген көппəтерлі тұрғын үйлердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне тұрып жатқан адамдар санына қарамастан, техникалық паспорттарға сəйкес «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша қолданыстағы пəтерлердің орнына жаңа пəтерлер меншікке беріледі. Бұл ретте жаңа тұрғын үйдегі тұрғын бөлмелер саны қолданыстағы тұрғын бөлмелердің санынан кем болмауға тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар бойынша берілген жəне сүрілетін тұрғынжайдың көлемінен асатын, тұрғынжайды реновациялау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай алаңы артық болып есептелмейді.
4. Жеке тұрғын үйлердің немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың құны өтеледі не тараптардың келісімі бойынша тең дəрежелі тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлар беріледі.
5. Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін жергілікті атқарушы органдар егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары шеңберінде айқындайды.
6. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғынжайды реновациялауға жататын көппəтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мəжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.
7. Реновациялау объектілерін сүруге барлық меншік иелерінің келісімі болған жағдайда ғана тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы шеңберінде жол беріледі.
8. Жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымды айқындайды жəне қаржыландырады.
Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уəкілетті ұйымды қаржыландыру жергілікті бюджет жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
9. Жергілікті атқарушы орган сүрілген реновациялау объектілерінің орнына тұрғынжай салуды тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына сəйкес ұйымдастырады. Бұл ретте сүру жергілікті бюджет қаражаты жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.
10. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасқан уəкілетті компания тұрғынжайды реновациялауды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырған кезде тұрғынжайды сүру уəкілетті компанияның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
15. «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 42-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта өзгеше ескертілмесе немесе Қазақстан Республикасының мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде қатысушының үлестерін сенімгерлік басқару құрылған жағдайда сенімгер басқарушы жалпы жиналыста қатысушы ретінде өз атынан əрекет етеді. Қатысушының мүдделерін білдіру тəртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының мүлікті сенімгерлік басқару туралы заңнамасында айқындалады.»;
2) 43-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта өзгеше ескертілмесе немесе Қазақстан Республикасының мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде қатысу үлестерін сенімгерлік басқару кезінде сенімгер басқарушы жалпы жиналыста қатысушы ретінде өз атынан əрекет етеді.».
16. «Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-3-бап алып тасталсын.
17. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-1-баптағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
2-15-тармақтың 1) тармақшасындағы «қағидаларын;» деген сөз «қағидаларын бекіту жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-16-тармақпен толықтырылсын:
«2-16. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мəслихаттары тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітеді.»;
2) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
«51) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын əзірлейді.»;
1-9-тармақта:
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) дизайн-кодты əзірлейді жəне бекітеді.»;
3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:
«43) дизайн-кодты əзірлейді жəне бекітеді.».
19. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «жарғылық» деген сөз «көппəтерлі тұрғын үйлерді басқару, тұрғынжайларды жəне мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктің өзге де түрін сатып алу жөніндегі қызметті қоспағанда, жарғылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 3-тармағында:
«санына шек қойылмайды» деген сөздер «саны екі жүз қатысушыдан аспауы керек» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұтыну кооперативі мүшелерінің материалдық қажеттіктерінің қанағаттандырылуына жəне олардың тұтыну кооперативінің құрамынан шығуына қарай тұтыну кооперативінің жаңа мүшелері қабылдануы мүмкін.».
20. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-баптың бірінші бөлігі «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-6-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
13-2-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
22-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 23-2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 38-2-бап алып тасталсын.
23. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
24-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
24. «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3) тармақшасы сегізінші абзацындағы «тіркеу нормативтерін бекітеді;» деген сөздер «тіркеу нормативтерін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«астанада жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын бекітеді;»;