Автомобиль көлiгi туралы
2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңын қара (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автобус - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлік құралы;
2) автовокзал - жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, жүргізушілерді медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлік пункттер және ана мен бала бөлмесі кіретін құрылыстар кешені;
3) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешені;
4) автомобиль көлігі - негізгі қызмет аясы автокөлік құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен почта тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы - тасымалдың үздіксіз процесін, сондай-ақ автокөлік құралдарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін құрылыстар кешені (автовокзалдар, автостанциялар, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдары сақталатын құрылыстар);
6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, автомобиль тіркемелері, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кіретін автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер немесе почта тасымалы;
8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарына иелік етуші, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе почтаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін және соған белгіленген нысанда берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;
9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін құрылыстар кешені;
10) багаж - Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерінде белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;
11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы;
12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға;
13) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, шағын шағын автобустарды пайдалана отырып, аралық пункттерде жолаушылар отырғызбай, бастапқы және соңғы пункттер арасында жүзеге асыратын, біржолғы (тұрақты емес) сипаттағы тасымалдар;
14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;
15) жолдама парақ - автокөлік құралының жұмысын есепке алуға арналған, тасымалдаушы автокөлік құралының жүргізушісіне беретін құжат;
16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
18) жүктер - Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) көліктік бақылау бекеті - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;
19) қалааралық облысаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар екі немесе бірнеше облыс шегінде қалалар немесе өзге де елді мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
20) қалааралық облысішілік автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар бір облыс шегінде қалалар немесе өзге де елді мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
21) қалалық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушы қаланың белгіленген шекаралары шегінде жүзеге асыратын тасымалдар;
22) қала маңындағы автомобильмен тасымалдау - қалалық тасымалдауға жатпайтын және тасымалдаушылар қаланың немесе өзге де елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап өлшенетін қашықтығы елу шақырымға дейінгі маршруттарда жүзеге асыратын тасымалдар;
23) қол жүгі - салмақ және көлем өлшемдері Автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
25) такси - Автомобиль көлігімен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелеріне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль;
26) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) уәкілетті орган - көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешені қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлі мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
29) шағын автобус - жасаушы завод жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етіп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус.
2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары
Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
2007.27.07. № 297-III ҚР Заңымен 3-бап толықтырылды
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіде астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
Автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылады:
1) адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы;
2) автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi;
3) тұтынушының автомобиль көлiгi саласында көрсетiлетiн қызметтердi таңдау еркiндiгiн, соның iшiнде тасымалдаушының меншiктi автокөлiк құралдары мен көрсетiлетiн қызметтерiн пайдалану арасындағы таңдау еркiндiгiн қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге баға еркiндiгiн қамтамасыз ету.
5-бап. Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледi.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен залалды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
6-бап. Автомобиль көлiгіндегі экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi
Автомобиль көлiгіндегі экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен регламенттеледi.
7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қойылатын талаптар
1. Жолаушылар, багаж және жүк тасымалына:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес біліктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердің талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi.
2. Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға кем дегенде жиырма бiр жастағы, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi бар жүргiзушiлер жiберiледi.
3. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға тыйым салынады.
4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыруға кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi.
Арнаулы, соның iшiнде толығынан қолмен басқарылатын, сондай-ақ рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдарын такси тасымалдары үшiн пайдалануға тыйым салынады.
8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi
1. Автомобильмен тасымалдау:
1) жолаушылар мен багаж тасымалына;
2) жүк тасымалына;
3) почта тасымалына бөлiнедi.
2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау халықаралық, қалааралық облысаралық, қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тасымалдау болып бөлiнедi.
3. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипаты бойынша тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
9-баптың 3) тармақшасы 2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді
9-бап. Автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiн тiркейтiн бақылау қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықтау жөніндегі талаптар
Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiн тiркейтiн бақылау қондырғыларымен (тахографтармен):
1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багаж бен жүктi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес қалааралық облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустар, жүк автомобильдерi, соның iшiнде арнайы бейiмделген автомобильдер жабдықталуға тиiс.
2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi
Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау;
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту.
11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы iске асырылады.
2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
Техникалық бақылау құралдарымен жарақталмаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын автомобиль өткізу пункттерінің және көлiктi бақылау посттарын құруға жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік саясатты әзiрлейдi;
2) автомобиль көлiгi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртібін айқындайды;
4) автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережелерiн, соның iшiнде лицензиаттарға қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;
5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiн, қауiптi жүктер тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;
7) тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртібін айқындайды;
8) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану ережелерін бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астананы және республикалық маңызы бар қалаларды қоса алғанда) тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, тиiстi облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлген маршруттар бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
5) жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
6) жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық және қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) осы Заңның 19-4-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктермен және заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiн бекiтедi;
11) Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiн бекiтедi;
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
13) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру ережелерiн, автокөлiк құралдарын еңбек пен тынығу режимiн тiркейтiн бақылау қондырғыларымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды бекiтедi;
16) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жолаушыларды және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерi есебiнiң әдiстемесiн бекiтедi;
18) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды, соның iшiнде елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тасымалдарды дамыту бағдарламасын бекiтедi;
2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол жүрiсiн ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;
3) шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекiтедi;
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушыларды және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурс ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
2) автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) жолаушыларды және багажды қалалық, қала маңындағы, елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын және қалааралық облысiшiлiк автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
4) таксимен жолаушылар және багаж тасымалдауды ұйымдастырады;
5) шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
6) жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды, соның iшiнде елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тасымалдарды дамыту бағдарламасын әзiрлейдi;
7) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол жүрiсiн ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен мiндеттерi
1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарын тоқтатуға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөніндегі өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының үстiнде қызметтiк нысанды киiмi, кеудеге таққан нөмiрлi белгiлерi болуға және талап ету бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге тиiс.
Қызметтiк нысанды киiмнiң, кеудеге тағатын нөмiрлi белгiлердiң, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Сәйкестікті растау
1. Автомобиль көлігі саласындағы автокөлік құралдарының, автокөлікке арналған жабдықтардың, олардың өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.