2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 31-2-баппен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 31-2-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары мынадай тәртіппен белгіленген басымдықты ескере отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге құқылы:
1) өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылысжайлар;
2) жасанды микроклиматтың арнайы құрылғылары және (немесе) арнайы күзет немесе терроризмге қарсы іс-шараларды талап ететін, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, республикалық маңызы бар музейлердің, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймаларының ғимараттары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілері;
3) әлеуметтік мәні бар объектілер (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары және басқалар);
4) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер;
5) көліктік инфрақұрылым объектілері;
6) сумен жабдықтау және су бұру объектілері;
7) өзге де ғимараттар және құрылысжайлар.
Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаржыландыратын объектілерге өзге тең жағдайларда басым тәртіппен барылады.
Салынып жатқан объектіде авариялық ахуал туындаған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары осы объектіге басым тәртіппен барады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 31-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
31-3-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, жұмысы, көрсететін қызметтері анықталған жағдайларда мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолданады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы бапта түрлері көзделген тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне қадағалау жүргізу барысында жəне (немесе) нəтижелері бойынша қолданылатын бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
Жедел ден қою шаралары анықталған бұзушылықтарды жою туралы тиісті хабарлама орындалмаған жағдайда қолданылады.
3. Жедел ден қою шарасы мынадай түрлерді қамтиды:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру;
2) қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
3) Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасын жəне (немесе) мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5) рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу).
4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы құрылысты «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік нормативтердің жол берілген бұзушылықтарын жəне (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуларды белгілеу кезінде де жедел ден қою шараларын қолданады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы тексеруді жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісін анықтаған кезде сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласындағы уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы осы автоматтандырылған тізілімде автоматты режимде ресімделеді.
7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады жəне жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Тексеруді жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың бұзылуы тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған кезде тексеру нәтижелері туралы акт ресімделмейді.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
11. Тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықты жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданылуы мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзу шылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
14. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру жəне (немесе) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану жəне оның күшін жою туралы қаулыны жарамсыз деп тану үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
3) мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органының өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
16. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 31-4-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
31-4-бап. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау
1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында жүзеге асырылады. Тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісі туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингтеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша автоматтандырылған тізілім:
1) хабарламаның жасалған күні мен нөмірін;
2) мемлекеттік органның атауын;
3) бақылау мен қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісінің (объектісінің) атауын, оның орналасқан жерін;
4) анықталған бұзушылықтарды және оларды жою туралы талаптарды орындау мерзімі көрсетілген талаптарды;
5) лауазымды адамның қолтаңбасын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне жібереді.
3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
Рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шарасын орындамағаны үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бір жыл ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және жедел ден қою шараларын автоматты режимде қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы қалыптастырылады және пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйедегі жеке кабинеттеріне жіберіледі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:
I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
II санат - осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санаттарға жатқызуды лицензиар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне және құрылыс-монтаж жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензияны берген кезде жүзеге асырады және лицензияның қолданылуының ерекше жағдайларында көрсетіледі.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу үшін өтініш берген өтініш иелерінің және осы қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында аттестатталған инженер-техник жұмыскерлер болуы тиіс.
Жобалау жəне құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлерге аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмыс істеуге жол берілмейді.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Өндірушілер не өзге де тұлғалар тиісті біліктіліктерін және (немесе) өкілеттіліктерін растайтын құжаттамаларға сәйкес технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиясыз жүзеге асырады.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
32-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттеу
1. Аккредиттеуге:
жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттауды;
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
2. Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген аттестаттау орталықтары берілген аттестаттар туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім
1. Автоматтандырылған тізілімге сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке, заңды тұлғалар туралы мәліметтер мен деректер енгізіледі.
2. Автоматтандырылған тізілімді жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
1. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру жүктеледі.
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту құқығы беріледі.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.
5-1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Мыналар:
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан инспекциялауға жатпайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Лауазымдық мiндеттерiне бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру кiретiн, сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы, оның орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.