2. Жеке кәсіпкерлер, арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 121-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.
4. Арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 374-384-баптарында белгіленген.
51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 318-бап өзгертілді
2006.07.07. № 177-III өзгерістерді қара (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
318-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртібі
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтік салықты есептеу осы Кодекстің 317-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 316-бабына сәйкес айқындалған салық жылы ішіндегі әлеуметтік салық салу объектісіне және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына кеміту арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтiк салықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргiзiледi.
Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кірістер төлеуге төлеушінің шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есепті жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиіс.
1-1. Қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар осы Кодекстiң 317-бабының 3-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептелген әлеуметтiк салық сомасын Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтады.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
319-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 321-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
320-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты төлеу
ерекшелiктерi
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қантарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына кемітіледі.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қантарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 321-бап өзгертілді
321-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.
2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін өздерiнiң орналасқан жерi бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.
52-тарау. Салық декларациясы
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 322-бап өзгертілді
322-бап. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация және құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабы
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.
2. Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.
12-бөлім. Жер салығы
53-тарау. Жалпы ережелер
323-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
2. Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
2) орман қорының жерлерi;
3) су қорының жерлерi;
4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
5. Жер салығы:
1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) жер қатынастары жөніндегі уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттік сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 324-бап өзгертілді
324-бап. Төлеушiлер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер ретінде қарастырылады.
3. Мыналар:
1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттік кәсiпорындары;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектің ата-анасының бiреуi:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушiлер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 325-бап өзгертілді
325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi анықтау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингi шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.
326-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелерi.
Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.
4) осы Кодекстің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
327-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтау
1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулерi, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темір жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темір жол көлiгi ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерi мен кiшi станциялар тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
328-бап. Салық базасы
Жер салығын анықтау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.
54-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
§1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын
салық ставкалары
329-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын
базалық салық ставкалары
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:
Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | 0,48 0,67 0,87 1,06 1,25 1,45 1,68 1,93 2,16 2,41 | 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 | 43,42 44,49 45,55 46,65 47,71 48,77 49,83 50,95 52,01 53,07 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | 2,89 3,09 3,28 3,47 3,67 3,86 4,09 4,34 4,57 4,82 | 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 | 57,90 60,63 63,26 65,95 68,61 71,31 73,96 76,66 79,32 82,02 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | 5,31 5,79 6,27 6,75 7,24 7,72 8,20 8,68 9,17 9,65 | 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 | 86,85 89,55 92,19 94,89 97,56 100,26 102,91 105,61 108,27 110,97 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 | 14,47 15,54 16,59 18,08 18,76 19,82 20,88 22,00 23,06 24,12 | 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 | 115,80 119,02 122,21 125,45 128,67 131,86 135,10 138,32 141,51 144,75 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 | 28,95 30,01 31,07 32,17 33,23 34,29 35,36 36,48 37,54 38,60 | 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 | 149,57 154,40 159,22 164,05 168,87 173,70 178,52 183,35 188,17 193,00 |
100-ден жоғары 202,65 |