3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінедi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 293-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
293-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi
Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
294-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
47-тарау. Роялти
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 295-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
295-бап. Роялти туралы жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.
1-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi.
3. Келісім-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келісімде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 296-бап өзгертілді
296-бап. Төлеушiлер
Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан роялти төлеушiлер болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 297-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 297-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
297-бап. Роялти төлеу тәртібі
1. Роялти мөлшерi салық салу объектісi, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.
2. Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Мыналар:
1) пайдалы қазбалардың өзi:
мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
көмiр және жанғыш тақтатастар;
тауарлы кендер;
жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;
металлургияға арналған кен емес шикізат;
2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;
3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;
4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикізат;
5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.
2-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
3-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:
1) газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:
500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;
1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;
2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;
3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;
5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi.
Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;
2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.
Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.
4-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти осы Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.
6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.
298-бап. ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 299-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
299-бап. Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Роялтиді есептеу мақсатында алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға кеткен іс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшін тасымалдауға арналған шығыстар деп темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифін қамтитын іс жүзіндегі шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшін) жөніндегі шығыстар, тиеу және түсіру (қатты заттар үшін) жөніндегі шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар түсініледі.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып есептеледi.
3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңіндегі алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi өткізу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.
4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы сату орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге мiндеттi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған не толық сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн осы Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.
Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 300-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
300-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидiң ставкалары
1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiруге жасалған келісім-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:
Р/с № | Пайдалы қазбаның атауы | Роялти ставкасы, % |
1 | Металлургияға арналған руда емес шикiзат | 1 |
2 | Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат, пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары | 1 |
3 | Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк | 1 |
4 | Басқа руда емес шикiзат | 3,5 |
5 | Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит | 3,5 |
6 | Ас тұзы | 3,5 |
7 | Жергілікті құрылыс материалдары | 4,5 |
8 | Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), малта тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллиттер, алевролиттер, сазбалшықты тақтатастар), бор, мергель мергельдi-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпаты жыныстар, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа салынатыннан басқа құм (құрылыстық, кварцты, кварцты- далалық шпатты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас. | 4,5 |
9 | Жерасты сулары | 10 |
2. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттерiне пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.
3. Роялтидi:
1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке меншiк құқығындағы жер учаскелерiнде өндiретiн жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртқа сатылмайтын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде өндiрiс пен технологиялық қажеттерге жұмсалмаған жағдайда;
2) жерасты суларын өзiнiң шаруашылық қажеттерi үшiн өндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;
3) жер қойнауын пайдаланушылар iлеспе өндiрiлген жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпында ұстау үшiн керi айдағанда төлемейдi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 301-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
301-бап. Төлеу мерзiмдерi
Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
302-бап. Салық кезеңi
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегі салық кезеңi болып табылады.
2. Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
303-бап. ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 304-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
304-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөніндегі декларацияны тiркелген жеріндегі салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 47-1-тараумен толықтырылды
47-1-тарау. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды ((01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
48-тарау. Үстеме пайда салығы
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 305-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
305-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келісім-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келісім-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 306-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 306-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
306-бап. Салық салу объектісi
Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңіндегі әрбiр жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 306-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 306-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
306-1-бап. Салық базасы
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбiр жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.
Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 307-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 307-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
307-бап. Есептеу тәртібі
1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады.
3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
308-бап. Үстеме пайда салығы ставкалары
Үстеме пайда салығы мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
Жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасының алынған мәнi | Ставкасы |
1,2-ден кем | 0 процент |
1,2-ден 1,3-кe дейiн | 10 процент |
1,3-тен 1,4-кe дейiн | 20 процент |
1,4-тен 1,5-кe дейiн | 30 процент |
1,5-тен 1,6-ға дейiн | 40 процент |
1,6-дан 1,7-гe дейiн | 50 процент |
1,7-ден жоғары | 60 процент |
309-бап. Салық кезеңі
Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 136-бабында белгіленген салық кезеңі қолданылады.
310-бап. Салық төлеу мерзімі
Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
311-бап. Салық декларациясы
Yстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 311-1-баппен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
311-1. Төлеушілер
Өнімді бөлу жөніндегі келісім-шартта өзгеше келісілмесе, өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 49-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
49-тарау. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 312-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 312-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
312-бап. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызметке салық салу ерекшелiктерi
1. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде, келісім-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және оның есебiнен осыған байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады.
2. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт мынадай негiзгi талаптарды:
1) өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның құнын айқындауды;
2) келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне берілетiн өндiрілген өнiм бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды;
3) өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;
4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөлiс үлесін (процент);
5) Осы Кодексте белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының пайда түсiретiн өнімдегі үлесiн айқындау тәртібін қамтуға тиiс.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 312-1-баппен толықтырылыды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 312-1- бап өзгертілді
312-1-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн айқындау
1. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.
2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес төмендегі үш триггерге:
1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;
2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған ставкасына;
3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.
Жоғарыда тізіп көрсетілген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында аталған әдістемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берілуге тиісті пайда түсіретін өнімдегі үлестің проценттік мәнін айқындау үшін әрбір триггерден алынған нәтиже өнімді бөлу туралы келісім-шартта айқындалған төменгі мәндермен салыстырылады.
Жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу туралы келісім-шартта айқындалған пайда түсіретін өнімдегі үлесінің нақты проценттік мәні жобаның экономикалық көрсеткіштеріне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы Кодекстің 285-бабында көзделген тәртіппен келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз сақталады.
4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.
Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы ретiнде есептеледi.
Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.
Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi.