ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; № 18, 144-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 100-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 144-баптың 27) тармақшасы алып тасталсын;
3) 320-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына кемітіледі.»;
2-тармақтағы «жәрдемақылардың» деген сөз «жәрдемақының» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат):
1) мазмұнындағы «ақылы демалыс» деген сөздер «демалыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін, оны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды;»;
3) 50-баптың 3-тармағындағы «жүктілігі мен босануына байланысты берілетін жәрдемақыларды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
4) 113-бапта:
1-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы «ақылы» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
5) 159-бапта:
тақырыптағы «жәрдемақылар» деген сөз «жәрдемақы» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«жәрдемақылар» деген сөз «жәрдемақы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) демалыста болу уақыты үшін» деген сөздер алып тасталсын;
6) 193, 194-баптарда:
тақырыптардағы «ақылы» деген сөз алып тасталсын;
мәтіндердегі «ақылы» деген сөз алып тасталсын;
7) 317-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге;»;
8) 328-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға міндетті.».
3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат):
1) 9-баптың 4 және 5-тармақтарындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 3-тармағындағы «он бес» деген сөздер «жиырма бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған;
2) осы Заңның 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлері босатылады.»;
4) 41-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «заңдары» деген сөз «заңнамасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат):
1) тақырып, кіріспе, сондай-ақ 1-баптың 1) тармақшасы «жұмыстарда» деген сөзден кейін «немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
3. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады.
4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлікке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті жағдайларда шыққан азаматтарға қолданылмайды.»;
3) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.».
5. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 1-бапта:
9) тармақшада «асыраушысынан айрылуына» деген сөздерден кейін «, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне орай табысынан айрылуына» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша «асыраушысынан айрылуына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.»;
3) 12-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
4) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 процент;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 процент.»;
2-тармақта:
«Қазақстан Республикасының заң актілерінде» деген сөздер «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «болады» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 процент, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 4 процентінен кем емес;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 процент, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 процентінен кем емес болады.»;
5) 15-бапта:
тақырып және 2-тармақ «аударымдарды есептеу» деген сөздерден кейін «және аудару» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «есептеудің» деген сөзден кейін «және аударудың» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 20-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық:
еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда - әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айрылған жағдайда - қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген қайтыс болған күннен бастап, не азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап;
жұмысынан айрылған жағдайда - ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелу үшін өтініш жасаған күнінен бастап;
жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген, жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берілген күннен бастап;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда - баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап туындайды.
Бұл орайда, жұмысынан айрылуына, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына байланысты Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.»;
7) 21-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы «мәліметтер» деген сөзден кейін «(азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «адам әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш берген» деген сөздер «Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқық туындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 22-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «бір жарым» деген сөздер «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 23-баптың 2-тармағының 2-тармақшасы «мәліметтер» деген сөзден кейін «(азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-баптармен толықтырылсын:
«23-1-бап. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемді тағайындау және оның мөлшері
1. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) еңбекке жарамсыздық парағы;
4) салық төлеушінің куәлігі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса беріледі.
3. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады.
4. Жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде - 5,7 коэффициенті, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 6,2 коэффициенті қолданылады.
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған кезде төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде 1,9 коэффициенті қолданылады.
Кірістің орташа айлық мөлшері, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.
Егер әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен артық болса, онда табыс ретінде - қаралып отырған кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табыс алынады.
23-2-бап. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тағайындалуы және оның мөлшері
1. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
3. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) салық төлеушінің куәлігі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.
4. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады.
Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер қайтыс болған айға қоса төленеді.
5. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Табысты ауыстыру коэффициенті - 0,4 болады.
Бұл орайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық процентінен аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.»;
11) 24 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу және арттыру
Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде жүргізіледі.
25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Орталық арқылы алушының банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемнің кешіктірілгені үшін осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімақы есептеледі.»;
12) 26-бапта:
бірінші бөлік «жұмысынан айрылған жағдайда» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсету:
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беру;
есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына отыз сағат мерзімге беру тәртібін бекітеді;»;
2) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек
1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған мүгедектерге (бұдан әрі - қамқорлықтағылар) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар қамқоршылары (бұдан әрі - медициналық- әлеуметтік мекеменің әкімшілігі) екінші деңгейдегі банктерде ашатын олардың банк шоттарына есептеледі және медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, қамқорлықтағылардың жеке мұқтаждарына қосымша тамақ, дәрі-дәрмек, киім, аяқ-киім, іш киім, бірінші қажеттіліктегі заттар, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитарлық гигиена және медициналық көмек құралдарын сатып алу үшін пайдаланады.
2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады.».
7. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «жасқа» деген сөзден кейін «толық» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мынадай жағдайларда:
бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;»;
3) 5-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);»;
4) тармақша «көшірмесі» деген сөзден кейін «(азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-баптың 1-тармағында:
«жасқа» деген сөзден кейін «толық» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.»;