ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК аралас тариф:
1. Қаламқас және қаражамбас кен орындарында мұнай өндiрудi ынталандыруға және осыған сәйкес ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тасымалдау қызметiнiң көлемiн ұлғайтуға;
2. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мұнай құбырлар жүйесiнiң қызметiне тұтынушылардың барлығына бiрдей жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қорытынды:
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК, қазіргі жағдайда бейімділігін сақтауға және компанияның тасымалдау жүйелерін тиімді пайдалану үшін, қолданып жүрген тарифтік методологияны дамыту қажет деп санайды.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жаңа мыңжылдықтың табалдырығында тұр. Болжам бойынша 2002 жылы Каспий Құбырларының Консорциумы (КҚК) iске қосу жоспарланып отыр. Каспий Құбырларының Консорциумын іске қосу мұнай өндiрушi компанияларға мұнай тасымалдаудың балама жолын берiп отыр. Бұл қазiргі кезде қолданып жүрген КТО құбырлар жүйесiне бәсекелестік туғызады, сондықтан, бизнестi қолдау көрсету мақсатында Компания өзiнiң тасымалдау жүйесiн қолданып жүрген клиенттерге жан-жақты жағдайлар жасау керек. Бұл үшiн, КТО тасымалдау инфрақұрылымдарын дамыту қажет, жаңа объектiлердi iске қосу керек, ол бiршама өзiнiң және несие капиталдарын талап етедi. Сондықтан, компанияның мұнай тасымалдаудағы көрсететiн қызметiнiң сапасы мен тарифi, мұнай өндiрушi кәсiпорындарының тасымалдаудың балама жолдарын пайдалануға, яғни, КҚК, темір жол, өздерiнiң құбырларын салуға себепшi болмаулары керек.
Осыған байланысты, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК несие қаржылары есебiнен күрделi қаржы бөлудi бағдарламасын дайындады, ол 2000 жылы жүзеге асады. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының мұнай өндiрушi компаниялардың сұраныстарын сапалы және толығымен қанағаттандыру үшiн, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК өте қажеттi инвестициялық жобаларды қамтиды. Компания бұл жобаларды 2005 жылға дейiн аяқтауды жоспарлап отырғандығын атап өткен жөн.
2 Қосымша
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК несиеге қаржы алу есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың сипаттамасы
1. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мiндеттенуiне байланысты тартылған қаржылар есебiнен жүзеге асырылатын, жобалар тобы.
- SCADА жобасы;
- Атырау-Самара мұнай құбырын жаңарту және қайта құру жобасы;
- Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының құрылысын салу;
- "Атасу" мұнай айдау станциясында темір жол эстакадасын салу жобасы;
- Павлодар-Шымкент мұнай құбырының Қарақойын-Атасу участiгiн қайта құру жобасы (реверсировтік мұнай құбыры);
- "Атырау-Самара мұнай құбырының Атырау мұнай айдау станциясында жоғары жабысқақ мұнай құю торабының" жобасы;
- "Құмкөл бас мұнай айдау станциясының" жобасы;
- Жапондық "Мицуи" арнайы техникаларын сатып алу жөніндегі жоба;
- "Унифлюкс" үлгiдегi жолда қыздыру пешiнiң жобасы;
- "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының жобасы;
- Астана қаласын газбен қамтамасыз ету мақсатында, "Петропавловск-Көкшетау-Астана" мұнай құбырын газ құбыры етiп қайта өзгертудiң жобасы;
- "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының күш-қуатын жобадағы межеге жеткізудiң жобасы.
2. Инвестициясыз жүзеге асырылатын жобалар тобы
Бұл топқа, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тарабынан инвестициясыз жүзеге асырылатын жобалар кiредi, оларда компанияның операторлық құқығы бар немесе оны алулары мүмкiн, олар:
- Каспий Құбырларының Консорциумы (КҚК) мұнай құбырының жобасы;
- Үлкен Шаған-Атырау мұнай құбыры (Жаңа құбыр).
3. Болашақтағы ұзақ мерзiмдi жобалар тобы
Бұл топқа шельф кен орындарындағы мұнай өндiрудiң көлемi мен оны өндiрудi бастау мерзiмдерiне байланысты, болашақтағы ұзақ мерзiмдi жобалар жатады. Бұл жобаларды жүзеге асыру мерзiмi шамамен 2005 жылдан кейiн басталады. Бұл жобаларға:
- Ақтау портын қайта құру мен кеңейту және танкерлiк (баржалық) тасымалдауды ұйымдастыру;
- Батыс Қазақстан-Алашанькоу (Қытай) экспорттық мұнай құбыры;
- Қазақстан-Түркiменстан-Иран мұнай құбыры;
- Батыс Қазақстан-Баку-Джейхан ТрансКаспийлiк мұнай құбыры.
2.1. Қосымша
SCADA - жобасы
Құбырлардың технологиялық объектілерін басқару жүйелерін
қалыптастырудың негізгі принциптері
Сорғыш станциялары мен құбырларды басқару жүйелерін қалыптастырудың негізгі принциптері құбырларды бір орталықтан басқару мен бақылауды жүзеге асыруды, сонымен қатар, мұнай ағатын жерлердi интенсивтi тауып алу қоршаған ортаны қорғау, технологиялық процестердiң тұрақтылығы, құбырлар жұмыстарының жоғары сенiмділiгін қамтамасыз ету, құбырлар жұмыстарының үзiлiстерiн мейлiнше азайту және пайдалану қауiпсiздiгін қамтамасыз ету керек. Сорғыш станциялары мен жылыту пункттерi вертикальды құрамдастырылған бақылау және мәлiметтер жинау диспетчерлік жүйесiне (SСАDА жүйесi) қосулары керек және оларға бақылау орнату керек. Орталық диспетчерлiк пункттегi SCADA жүйесi бiрқалыпты жұмыс тәртібінде құбырлар жүйелерiнiң тиiстi бiр бөлiгіндегi мұнай аққан жерлердi табуды және диспетчерлiк бақылау қызметiн орындауды қамтамасыз ететiн болады. Жергіліктi жерлерде мұнай жылыту және мұнай айдау пункттерiнiң басқару қызметтерiн қашықтық терминалдар (ҚТ) немесе бағдарланған логикалық бақылаушыларды (БЛБ) пайдалану арқылы орындайтын болады.
Негiзгі қызметтер мен мiндеттер
1. Технологиялық процестерге оперативтiк диспетчерлiк бақылау мен басқару.
2. Нақты уақытқа байланысты технологиялық процестердiң ахуалдары жөнiнде объектi-бағытталған динамикалық графикалық мнемо нобайын қалыптастыру.
3. Автоматтандырылған объектiлердегi апаттарды, басқада оқиғаларды тiркеу және баспа беттерiнде нақты бейнелеу.
4. Нақты уақытқа байланысты бақылаудағы технологиялық параметрлердiң маңызды трендiлерiн қалыптастыру.
5. Мұнай құбырлары бойынша аққан мұнайларға оперативтiк бақылау.
6. Мұнайға оперативтiк есеп жүргiзу.
7. Электроэнергияларға оперативтiк есеп жүргізу.
8. Есепке алу-есептесу және есеп беру операцияларын жүргiзу.
9. Электро және химиялық қорғау құралдарының жұмыстарын басқару және бақылау.
10. Технологиялық процестердi тиiмдiлеу.
11. Оперативтiк-анықтау қызметтерi
Осы қызмет жиынтықтарынан әртүрлi төрт SCADA - участкілер түрi шығады.
Диспетчерлiк Бас басқарма - ДББ
Филиалдың Орталық диспетчерлiк пунктi - ОДП
РНУ жергiлiктi диспетчерлiк пункті - ЖДП
СПН, НПС жергiлiктi диспетчерлiк пункт - ЖДП
ДББ, ОДП, РНУ және жергіліктi жерде орналасқан SCADA жүйелерiне құбырлардың технологиялық объектiлерiнен түскен ақпараттар жиналады және өңделедi, ал ол мәлiметтердi оперативтiк объектiлерде орналастыратын болады. Мұндай конфигурациялар объектiге бақылау жасау жүйесiнде бiр мезгiлде төрт жеке пункттердi орындауды қамтамасыз етедi.
Бiрқалыпты жұмыс тәртібінде әрбiр уақыт iшiнде басқару қызметiн орындау тек қана бiр пункттен рұқсат етiлетiн болады. Ал, жалпы жағдайларда басқаруға бұйрық беру ОДП орындалатын болады.
Жүйелердi құрудағы мақсат:
- бағдарланған бақылаушылар негізiнде компанияның құбырлармен тасымалдау басқармасының сенiмдi және жоғары тиімдi құрылымдарын, сонымен қатар құбырлардың бір бөлігінде және ОДП, РДП, ЖДП деңгейлері үшін дербес ЭЕМ дайындау және енгізу
- жылуэнергетикалық шығындарды есептей отырып құбырлар арқылы айдалған мұнайдың көлемiн орындау жөнiнде АСУ ПЭД ЕИСУ ақпарат берудi қамтамасыз ету
- автомат жүйелеріндегі физикалық және моральдық ескiрген жабдықтарды ауыстыру қызметтердi орындаудың сенiмдiлiк деңгейiн арттыру функциялық мүмкiншiлiктердi кеңейту, алынатын ақпараттардың нақтылығын арттыру
- компанияның орталық және филиалдар офистерiн, РНУ, НПС диспетчерлiк- басқару пункттерiн жоғары техникалық деңгейде құру.
SСADA жүйелерiнiң көмегімен бақыланатын құбырлар жабдықтары мен объектiлерiн сипаттау
SCADA жүйесi орталықтандырылған диспетчерлiк бақылау жасауды және барлық құбырлар жүйелерiн басқаруды қамтамасыз етуi керек.
SCADA жүйесi КТО құбырындағы келесi объектiлердi басқару және бақылау қызметтерiмен:
- темір жол және теңiз терминалдары бар сорғыш станцияларын;
- мұнайды жылытатын пешi бар және резервуарлар паркi бар сорғыш станцияларын;
- жылытатын пешi бар сорғыш станцияларын;
- жылыту пункттерiн;
- жол бойындағы тиек арматурасы бар бақылау пункттерi;
- құбырларды катодтық сақтандырғышы бар станцияларды қамтамасыз етедi.
Сорғыш станциялары мен жылыту пункттерi
SCADA жүйесi мұнай айдау станциялары (МАС) мен жылыту пункттерiнде келесi параметрлер бойынша басқару және бақылау қызметтерiн жүзеге асыратын болады:
- жекелеген жабдықтар топтарына емес, барлық объектiлерге қатысы бар эксплуатациялық параметрi мен басқару қызметтерiн;
- объектiлердiң iшкi жүйесiне қатысты, басқару функциялары мен пайдалану параметрлерi (электрмен қамтамасыз ету істен шыққан жүйелердi тоқтату (АО), өрт және газ дыбыс беру жүйелерi және т.б.);
объектілерде пайдаланатын, модульдiк қондырғыға қатысты, басқару функциялары мен пайдалану параметрлерi.
2.2. Қосымша
Атырау-Самара мұнай құбырын қайта құру және жаңарту жобасы
Жобаның мақсаты:
Атырау-Самара мұнай құбырының өткізу мүмкіншілігін жылына 10,05 млн. тоннадан 15 млн. тоннаға дейін арттыру арқылы Қазақстанның мұнай өндіруші компанияларының өнімдерін Европа рыноктеріне экспортқа шығаруын өсіру.
Жобаға қатысушылар
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және АК "Транснефть"
Бас жобалаушы:
Москва қаласындағы АҚ "Гипротрубопровод"
Магистральдық құбырларды жобалау жөніндегі институты.
Жобалаудың негіздерi
- ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С.Кәрібжанов пен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары В.А.Густовтың 1999 жылдың 6 қаңтарындағы жұмыс бабындағы кездесулерiнiң № 327 хаттамасы.
- 1999 жылдың 25 ақпанында қол қойылған отын-энергетикалық кешендердi дамыту және ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы шарттың хаттамасына 1999 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттама.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылдың 29 наурыздағы "Тасымалдау құбырларының жекелеген мәселелерi туралы" № 513 қаулысы.
Қаржыландыру көздерi
?кіметаралық шартқа сәйкес қазақстан жағы жобаны толық көлемде қаржыландыруды және ресей бөлiгiн инвестициялауды ұйымдастырады. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК АҚ "Транснефть" компаниясымен Ресей Федерациясы территориясында жұмсалған инвестицияларды қайтару жолдарын келiседi.
Атырау-Самара мұнай құбырымен мұнай айдау кепілдiгiн беру арқылы, халықаралық қаржы институттарынан несие қаржылар немесе жүйенi пайдаланатын мұнай өндiрушiлердiң тiкелей инвестицияларын алулары мүмкiн.
Жобаның экономикалық көрсеткiштерi
- Жобаның құны шамамен - $33,57 млн. құрайды,
оның iшiнде,
Қазақстан территориясы бойынша - $ 20,83 млн.
Ресей территориясы бойынша - $ 12,74 млн.
- Инвестицияларды қайтару жолдары - мұнайды тасымалдауға тариф.
- Жұмсалған қаржылардың орнын толтыру мезгiлi - 4-5 жыл қазақстандық участiгi үшiн;
2-3 жыл ресей участiгi үшiн.
Ресей участiгi бойынша жұмсалған қаржылардың орнын толтыру ресей жүйесi арқылы өтетiн транзит есебiнен түскен қосымша тарифтiк үлестi есепке алған жағдайда өтеледi деп анықталған.
- Қайта құру мерзiмi - 1 жыл.
Мұнай құбырын кеңейткенге дейiнгі техникалық көрсеткiштерi:
- Мұнай өткізу мүмкiншіліктерi - 10,5 млн, тонна/жылына
- Мұнай құбырының жалпы ұзындығы - 683 шақырым, оның iшiнде. Қазақстан территориясы бойынша - 535 шақырым, Ресей Федерациясы территориясы бойынша - 148 шақырым.
- Құбырдың диаметрi Атырау мұнай айдау станциясының 697-919 шақырымдарында 1020 мм., 919-1394 шақырымдарында 720 мм.
- Сорғыш станцияларының саны - 4 (Атырау, Iндiр, Ү.Шаған, Ү.Черниговка).
Мұнай айдау станциялары жылыту пункттерiмен бiрiктiрiлген.
- Жеке тұрған жылыту пункттерінің саны - 4 (Сахарный, Карманова, Антоново, Маштакова).
- Жұмсалған қаржылардың орнын толтыру мерзiмi - 4-5 жыл.
Жаңарту мен қайта құрудың көлемi:
- Атырау, Iндiр, Ү.Шаған мұнай айдау станцияларын жартылау қайта құру және Сахарная мұнай айдау станциясының құрылысын салу.
- Үлкен Черниговка мұнай айдау станциясын толығымен қайта құру.
Жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жағдайы.
- Ағымдағы жылдың 24 мамырында Батыс Қазақстан аумағындағы кен орындарында жұмыс істеп жатқан мұнай өндiрушi компаниялар үшiн, жобаның тұсау кесерi өткiзiлген болатын.
- Мұнай жеткізуге мүдделiлермен мұнайды жеткізiп тұруға кепілдiк беру арқылы ұзақ мерзiмдi (инвестиция мерзiмi қайтқанға дейiн) Шарт жасау жөнiндегі келiссөздер жүргiзiлуде.
- Инвестициялардың негіздерi туралы дайындық жұмыстары аяқталып және мемлекетаралық сарапшылардың оң шешiмдерiн алды.
- Жүргізiлген зерттеу жұмыстарының нәтижесiне байланысты 1999 жылдың 3 маусымдағы ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және АҚ "Транснефть" компаниясының өкiлдерi өткiзген мәжілістiң хаттамасында, қолданып жүрген Атырау-Самара мұнай құбыры, тәулiгіне бiрқалыпты мұнай айдаған жағдайда жылына 12 млн.тонна мұнай өткізудi қамтамасыз ете алатындығы аталып өттi.
- Ең аз инвестициямен Атырау-Самара мұнай құбырының өткізу мүмкiншiлiктерiн арттырудың балама жолдарын қарастыру жалғасуда. Бұған антитурбуленттiк қондырғы пайдаланғанда ғана қол жеткізуге болады. Атырау-Самара мұнай құбырында СОNОСО және ҒОRТUМ компанияларының антитурбулентiлiк қондырғыларын өндiрiстiк-тәжірибе сынағынан өткізу жөнiндегі келісімге қол жеткiзілдi және ИПТЭР институтымен сынақтан өткізу бағдарламасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
- Сонымен қатар ТШО квотасын көтеру, айдалатын қоспалардың қасиеттерiн реологиялық жақсарту есебiнен мұнай құбырының өткiзгіштiк мүмкiншiлiктерiн арттыруға болады.
Қазiргі уақытта туындап отырған проблемалар
- Ресей мұнай құбырлар жүйелерi арқылы ұзақ мерзiмге берiлген транзиттiк кепілдiктiң болмауы, алыстағы шетелдермен мұнай тасымалдау көлемiне кепiлдiк беру туралы шарт жасауды тежеп тұр, ал ол өз кезегінде жобаны қаржыландыруды ұйымдастыруға кедергі жасауда. 2000 жылдың 15 ақпанда болып өткен үкiметаралық комиссияның хаттамасында 2000 жылдың 15 мамырына дейiн Ресей жағының алыстағы шетелдерге арналған транзиттiк квота кепiлдiгін ұзақ мерзiмге (кемiнде 5 жылға) беру туралы Шарт жобасын дайындау қарастырылған.
Үлкен Черниговка мұнай айдау станциясында қолданып жүрген сорғыш-күш қуат беру жабдықтарының мұнай өткізу мүмкiншiлiктерi аз. Егер антитурбулентiлiк қондырғыны пайдаланудан тиiмдi оң нәтиже алған жағдайда, бұл тәсiлдi қазақстанның Iндiр-Үлкен Шаған участiгінде ғана пайдалануға болады. Егер ресей участiгi бойынша өнiмділіктi жылына 12 млн.тоннадан асырған жағдайда, онда Үлкен Черниговка мұнай айдау станциясын тез арада қайта жабдықтау қажет. Ресей жағы берiлетiн мұнай көлемiне кепiлдiк берген жағдайда ғана бұл жұмыстарға кiрiсуге дайын.
2.3. Қосымша
Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының құрылысын салу.
Инвестициялық жобаның мақсаты:
Ақтөбе аймағының мұнай өндiрушiлерге жету мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету:
- Қолданып жүрген Атырау-Самара экспорттық мұнай құбырына;
- экспорттық Каспий Құбырлар Консорциумына (КҚК).
Ақтөбе облысында жұмыс iстеп жатқан кен орындарының мұнай өндiрулерiнiң өсуiмен байланысты және жаңа кен орындарындағы iске қосуға байланысты, Кеңқияқ-3 мұнай айдау станциясы-Атырау мұнай құбырының құрылысы облыста жұмыс істеп жатқан мұнай өндiрушi компаниялар үшiн, экспорттық мүмкiншіліктерiн арттыруға қажет. Бұл мұнай құбыры Ақтөбе аймағындағы кен орындарын батыс аймақтағы ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК филиалдарының тасымалдау инфрақұрылымдарымен және АҚ "Транснефть" компаниясының экспорттық магистральды мұнай құбырлар жүйесiмен қосуға мүмкiндiк бередi.
Қазiрдiң өзiнде Орск мұнай өңдеу зауытының шағын мүмкiншіліктерiне байланысты Ақтөбе филиалының мұнай тасымалдау жүйелерi толық күшiнде іске аспай тұр. 1998 жылы аймақта өндiрілген барлық мұнайдың 10 пайызға жуығы темір жол арқылы тасымалданды.
Қазiргі кезде Ақтөбе облысы бойынша мұнай өндiру АҚ "Ақтөбемұнайға" жататын негізгі екi Жаңажол және Кеңқияқ кен орындары мен бiрiккен кәсiпорын "ҚазақТүрікмұнай" және ЖАҚ "Мұнайға" жататын бiрнеше кiшiгiрiм кен орындарында өндiрiледi. Аймақта өндiрiлетін барлық мұнайдың 90 пайызы АҚ "Ақтөбемұнайдың" үлесiне тиедi. Қолданып жүрген және болашағы бар кен орындарының барлығы бiр-бiрiнен жақын орналасқан.
Бұл аймақтан шикi мұнайды тасымалдау Жаңажол-Кеңқияқ-Темір-Орск магистральдық мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылады. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Ақтөбе филиалының балансында мұнай құбырлар жүйесiнiң 800 шақырымға жуығы және 3 мұнай айдау пункттерi бар. Сонымен қатар, "Бестамақ" станциясында АҚ "Ақтөбемұнайға" қарайтын мұнай құятын эстакада бар.
Бүгінгі күнi тасымалдау жүйесiнiң бiрнеше кемшiлiктерi бар, олар:
- мұнайды тереңiрек өңдеуге технологиясы жоқ, бiрғана тұтынушы Орск мұнай өңдеу зауытына бағытталғандығы;
- Мұнай өңдеу зауытының шығарған мұнай өнiмдерiнiң сапасы мен бағасының бәсекеге түсе алмайтындығы;
- Кеден шекаралары арқылы Қазақстанға мұнай өнiмдерiн алып келу қиыншылықтары;
- Орск мұнай өңдеу зауытындағы өңделген мұнайдың сапасының төмендiгі шикi мұнайды сату бағасын төмендетуге алып келедi;
- Темір жол арқылы мұнай тасу тарифiнiң өте жоғарылығы;
- Орск мұнай өңдеу зауыты жылына 2-3 млн. тонна көлемiнде ғана мұнай қабылдай алады, ал қолданып жүрген жүйенiң жылына 6 дан 9 млн. тоннаға дейiн өткізуге мүмкiншiлiктерi бар.
- Ресей Федерациясының тасымалдау жүйелерi арқылы экспортқа мұнай шығаруға транзиттiк квотаның жоқтығы.
Жобалау жұмыстарына қажетті негіздер
ҚР Премьер-Министрi 1999 жылғы 7 маусымдағы № 77-р Өкімімен Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының құрылысын салу мәселесiн қарау қажеттілігін анықтады.
Жоба жөнiндегі жұмыстардың жағдайлары
Қазіргі уақытта ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тапсырысымен Германияның инжинирингтік ILF фирмасы Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры құрылысының инвестициялық Негіздерін дайындады. Дайындық жұмыстарының құны $ 240 мың, жобалау жұмыстарын ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қаржыландыруды және жалпы құнының 50 пайызы көлемiнде аванс төлендi.
Жобаның мақсаты - Экспорттық мұнай құбырларына (Атырау-Самара және КҚК) шығу үшiн Ақтөбе облысындағы кен орындарынан өндiрiлетiн мұнайларды Атырауға жеткізудiң экономикалық және коммерциялық пайдалылықтарын анықтау.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК өтiнiшi бойынша, Жапон компанияларымен жобаны қаржыландыру мәселесiн жақын уақытта қарауға байланысты ILF фирмасы барынша қажеттi бөлiнетiн күрделi қаржылар көлемiн (жылына 9 млн. тоннаға дейiн жүк айналымы үшiн және жаңа құрылысты толығымен салуға қажеттi) анықтай отырып жобаның алдын-ала сипаттамаларын әзiрледi.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының, материалдар мен жабдықтардың құндары дүниежүзiлiк бағалармен бағаланған.
Бөлiнетiн күрделi қаржылар көлемiнде қосымша:
1. Есепке алынбаған шығындар - 10 пайыз;
2. Қосымша шығатын шығындар пакетi - 13 пайыз, оның iшiнде:
- Инжинирингке - 8 пайыз;
- Өту құқығын алуға - 3 пайыз;
- Толық көлемдегі сараптама жұмыстарына - 2 пайыз ескерiлген.
3. Мұнай бағасы тоннасына $ 22 болғанда жүйедегі барлық мұнайды сатып алу.
ILҒ фирмасының алдын-ала жасаған есептерi бойынша, жобаның жылына 6 млн. тонна құрайтын негiзгi нұсқасының құны:
Дүниежүзiлiк баға бойынша - 193,4 млн АҚШ долл.
ТМД елдерiнiң бағасы бойынша - 172.0 млн. АҚШ доллар болды.
Мұнай құбырларының өткізу мүмкiншiлiктерi шамамен өндiрiлетiн мұнай көлемiне байланысты анықтады. Инвестициялық нұсқалар әзiрлеу барысында екi нұсқа қаралуда:
1. Оптимистiк - Ақтөбе аймағында өндiрiлетiн барлық мұнайдың көлемi жобаланып жатқан мұнай құбырлары арқылы тасымалданады.
2. Реалистiк - ұзақ мерзiмдi болашаққа арналған үкіметаралық шартқа сәйкес, Орск мұнай өңдеу зауытына жылына 2 млн. тонна көлемiнде мұнай берiп тұру сақталады.
Бөлiнетiн күрделi қаржылар көлемiн оңтайландыру үшiн, ILF фирмасы:
- Қолданып жүрген Кеңқияқ мұнай айдау станциясын, 3 МАС және Атырау мұнай айдау станцияларын пайдалануға лайықтылығын бағалау үшiн, техникалық зерттеулер өткізуде;
- Бас мұнай айдау станциясын Жаңажолда орналастыру мүмкiншіліктерiн қарауда, өйткенi ол желi қашықтығының бiр бөлiгiн қысқартуға әкелуi мүмкiн.
Инвестициялық негіздiң қорытынды есептерiнiң нәтижелерiне байланысты жобаны одан әрi жүзеге асыру үшiн, негізгі технико-экономикалық көрсеткiштер бекітілiп және оңтайлы нұсқа алынатын болады.
Сонымен қатар, Жапондық несие желісі бойынша жобаны қаржыландыру нобайлары жасалуда. IВТС 2000 жылдың сәуiрiне дейiн жобаны жапон жағының қаржыландыру мүмкiншілiктерi жөнiнде қорытынды дайындау мақсатында, Негізгі инвестицияны сараптауға кiрiстi.
2.4. Қосымша
"Атасу" мұнай айдау станциясындағы темір жол эстакадасының жобасы
Инвестициялық жобаның мақсаты.
- қазақстандық мұнай өндiрушiлер үшiн мұнай сату рыногiн кеңейту;
- Құмкөл кен орындарындағы мұнай өндiрушiлердiң қытай рыногiне шығуын қамтамасыз ету.
Қазiргi уақытта ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Атасу станциясында темір жол эстакадасы салу құрылысының жобасын қарастыруда, ол "Павлодар-Шымкент" мұнай құбырының 680 шақырымында, яғни Атасу мұнай айдау станциясына жақын орналасатын болады. Алдын-ала болжам бойынша, эстакаданың мұнай құюдағы қуаты жылына - 3 млн. тонна болмақ. Бұл инвестициялық жоба ҚР орталық аймақтарының кен орындарын, болашағы үлкен және тез дамып келе жатқан қытайдың мұнай рыногiмен байланыстыруға мүмкiндiк бередi.
Эстакада "Батыс Қазақстан-Қытай" мұнай құбырының құрылысы салынғанға дейiн, темір жол арқылы мұнай тасымалдауға және мұнай құю үшiн пайдалануға мүмкiндiк бередi. Бұл жерден Батыс Сiбiрден мұнай құбыры арқылы тасымалданатын ресей мұнайын құюды жүзеге асыруға мүмкiндiк болады. 1 млн. тонна Құмкөл кен орнының мұнайы және 2 млн. тонна Батыс Сiбiр мұнайымен ауыстыру шамаланған болатын.
Қазiргi кезде нақты жүк жiберушiлер болып - ААҚ "Харрикейн Құмкөл Мұнай", АҚ "Құмкөл-ЛУКойл", "Ақтөбемұнай" және бiрiккен кәсiпорын "ҚазГермұнай" анықталды. Ауызша келісім бойынша, ААҚ "Харрикейн Құмкөл Мұнай", АҚ "Құмкөл-ЛУКойл" тасымалдау мен құюға нақты тариф белгiлеген жағдайда, жылына тиiсiнше 500 мың және 300 мың тонна мұнай беріп тұруға кепiлдiк берiп отыр. Нәтижесiнде Құмкөл кен орнынан Құмкөл-Атасу бағыты бойынша, Атасу станциясы арқылы жылына 800 тонна мұнай жөнелту мүмкiндігі болып тұр.
Құмкөл кен орнынан шикi мұнайды тасымалдау Құмкөл-Шымкент магистралдық мұнай құбыр жүйелерi арқылы жүзеге асады. Қолданып жүрген Құмкөлден Шымкентке дейiн тасымалдау және ШМОС зауытында мұнайды өңдеу жүйесiнiң бiрнеше кемшілiктерi бар, олар:
- мұнайды тереңiрек өңдеуге технологиясы жоқ, бiрғана тұтынушы Шымкент мұнай өңдеу зауытына бағытталғандығы;
- Мұнай өңдеу зауытының шығарған мұнай өнiмдерiнiң сапасы мен бағасының бәсекеге түсе алмайтындығы;
- Шымкент мұнай өңдеу зауытының рыноктегi монополиялығы және мұнайды өңдеу сапасының төмендiгі шикi мұнайдың сату бағасын түсiруге алып келедi;
- ШМОС ұзақ мерзiмге тоқтап қалуы Құмкөл кен орнының тоқтауына және қазақстандық мұнай өндiрушiлердiң бiршама қаржыларын жоғалтуға алып келеді.
Жоғарыда атап өткендерге байланысты, сонымен қатар, болашақта қазақстандық және ресейлiк мұнай өндiрушiлерге икемдi жүйе құру және тартымды рынокке шығу үшiн, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Атасуда мұнай құятын эстакада құрылысын салу нұсқаларын қарастыруды.
Қазiргi уақытта ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тапсырысы бойынша, Қазақстанның "Каспий Мемлекеттік ғылыми-зерттеу және Жобалау институты" жасаған Атасу мұнай құю эстакадасының құрылысын салуға байланысты, оның технико-экономикалық есептерi жасалды.
Жобалау институтының бұл есептерi бойынша, құрылысқа бөлiнетiн күрделi қаржылардың көлемi 8,5 млн. АҚШ доллары болып бағалануда.
Орналасқан жерi:
Қазақстан Республикасы, Атасу мұнай айдау станциясы - Павлодар-Шымкент мұнай құбырының 680-ші шақырымы.