"ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық
акционерлік қоғамын дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған
Индикативтік жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 12 тамыздағы № 1252 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын тиімді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған Индикативтік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 12 тамыздағы
№ 1252 қаулысымен бекітілген
"ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы"
жабық акционерлік қоғамының 2000-2005 жылдар
аралығына арналған дамудың Индикативтік жоспары
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Энергетика индустрия және Экономика министрлігі
сауда министрлігі
____ маусым 2000 ж. ______ маусым 2000 ж.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК
2000-2005 жылдар
аралығында дамудың
Индикативтік жоспары
1. Кіріспе
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Қазақстан Республикасының мұнай мен мұнай өнімдерін экспортқа шығару және шетелден тасымалдау мәселелерінде экономикалық мүдделерін сақтау, кәсіпорындарды басқару құрылымын тиімділеу, инвестицияларды тарту және барлық магистралдік мұнай құбырлары үшін бірыңғай тарифтік саясат жүргізу мақсатында құрылған.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК бұл 2000-2005 жылдар аралығында дамудың Индикативтік жоспары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінде 1999 жылдың 1 сәуірінде өткен кеңесте мақұлданған, Компанияның 1998-2001 жылдар аралығында дамудың Индикативтік жоспарының орындалу нәтижесі мен 2010 жылға дейінгі Стратегиялық дамуына сәйкес дайындалған.
Құжатта Компанияның 1998-2001 жылдар аралығында дамудың Индикативтік жоспарында белгiленген мақсаттар мен басыңқы бағыттардың 1998-1999 жылдары орындалуының нәтижелерiне талдау жасалған. Осы талдаудың негiзiнде және қосымша мәлiметтердiң нәтижелерiне байланысты, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК бұл 2000-2005 жылдарға арналған негiзгі іс-шаралары мен басыңқы бағыттарының дамуы белгіленген.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 1998-1999 жылдар аралығында жетекшi ғылыми-зерттеу және жобалау институттарымен, мұнай компанияларымен Қазақстан Республикасында мұнай өндiру мен өңдеудiң болжамдық балансы жөнiнде зерттеулер жүргiзiлдi, сондай-ақ мұнай тасымалдаудың мүмкiн бағыттарына талдау жасады. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижелерi ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне келiсу және бекіту үшiн берiлдi. Алдын ала бұл баланс бекітілдi. Мұнай ағымдарының үш көрiнiстерi қаралуда.
- Оптимистiк - Атырау-Самара мұнай құбырының өткiзгіштiк мүмкiншiлігін жылына 15 млн. тоннаға дейiн кеңейту.
- Реалистiк - Атырау-Самара мұнай құбырының қазiргі уақыттағы мүмкiншiлiктерiн, яғни жылына 12,5 млн. тонна деңгейiнде қалдыру.
- Пессимистiк - КҚК iске қосу және КҚК қатысушылармен және басқа өндiрушiлерімен мұнайға айырбастау туралы келісім-шарт жасасу, онда қолданып жүрген мұнай құбырлар жүйесін пайдалану едәуiр азаяды.
Бұл Индикативтiк жоспар инфляцияның және теңгенiң АҚШ долларына байланысты девальвацияға түскендегi әсерлерi қарастырылады.
Осы ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 2000-2005 жылдар аралығында дамудың
Индикативтiк жоспарындағы есептеулердiң негiзгi вариантында Атырау-
Самара мұнай құбырының өткiзгіштiк мүмкiншiлiгi жылына 15 млн. тонна
жағдайындағы жүк айналымы қабылданды.
Бұл ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 2000-2005 жылдар аралығында дамудың Индикативтiк жоспары "Мемлекетке дивидендтер аудару" бабында дивидендтер ставкаларының түрлi нұсқаларын қарады: 50, 25 және 10%. 10% ставка жағдайында ғана ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда NPV 2007 жылға таман оң болады, оның өзi инвестициялық бағдарламаның өтелiмдi екенiн және пайыздарды төлеу мен негізгi қарызды өтеу қабілетi бар болатынын көрсетедi. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Акциялардың мемлекеттік пакетінің дивидендтерi және ұйымдардағы мемлекеттік үлестiң кiрiстерi мәселелерi жайлы" 1999 жылдың 13 тамыздағы № 1159 Қаулысының 1.1 бабына сәйкес акциялардың мемлекеттік пакетiне деген дивидендтер деңгейi бүкiл кезеңге (2000-2005 жж.). Қоғамның таза кiрiсiнің 10% мөлшерiнде бекітілдi.
2. Компанияның 1999 жылғы қаржы-шаруашылық
қызметтерінің нәтижелері
Мұнайдың жүк айналымы Млн.ткм 16811
Судың жүк айналымы Млн. м3 10490
Мұнайдың тасымалдауы Мың т. 25000
Судың тасымалдауы Мың м3 34801
Өзіндік құн Млн.теңге 10092
Түсім Млн.теңге 17698
Табыстың барлығы Млн.теңге 7606
Таза табыс Млн.теңге 4759
Тиімділік % 47
Жалақы төлеу қоры Млн. теңге 3386
Орта тізімдік саны Адам 6557
Орта айлық жалақы Теңге 43038
Бюджетке есептеу, оның ішінде: Млн. теңге 4881
Заңды тұлғадан табыс салығы Млн. теңге 1406
Дивидендтер Млн. теңге 521
ҚҚС Млн. теңге 1042
Дебиторлық қарыз Млн. теңге 4574
Кредиторлық қарыз, оның ішінде: Млн. теңге 5647
Салық бойынша қарыз Млн.теңге 1313
Жалақы бойынша қарыз Млн.теңге 130
бюджеттен тыс қорлар бойынша қарыз Млн.теңге 50
Капиталдық ремонт Млн.теңге 2122
Капиталдық қаржы бөлу Млн.теңге 2898
Компанияның 1998-99 жылдары атқарған жұмыс нәтижелерiн талдау
Компанияның 2001 жылға дейiнгi дамуының индикативтiк жоспарына сәйкес, келесi басымдық бағыттар анықталды:
1. Қолданып жүрген мұнай құбырларының жұмыс қабiлеттiлiгiн сақтау үшiн, жаңарту және оңалту, көрсететiн қызметтердiң тиiмділiгiн арттыру, су және мұнай тасымалдауға шығатын шығындарды төмендету, сондай-ақ қолданып жүрген жүйелердiң сенімділiгi мен қауiпсiздiгiн көтеру.
2. Қолданып жүрген жүйелер шеңберiнiң көлемiнде тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында көрсететiн қызметтердiң түрлерiн көбейту, дайындалып жатқан экспорттық маршруттарды ескере отырып, мұнай тасымалдаудың бағыттарын диверсификациялау.
3. Компанияның пайдаланып жүрген капиталын жалпы арзандату, акционерлік капиталдардың парасатты және тұрақты қайтуын қамтамасыз ету үшiн, Компанияның қаржы құрылымын тиiмдiлеу және тұрақтандыру.
3.1. Компанияның қаржы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру тұтынушылардың талаптары мен мүмкiншiлiктерiн нақты есепке алу. Сондай-ақ қолданып жүрген мұнай құбырларын барынша пайдалану және ынталандыру және икемді баға түзеудi қамтамасыз ету үшiн, тарифтiк методологияны одан әрi дамыту;
3.2. Капитал құрылымын басқару жүйесiн құру және капитал құрылымын тиiмдiлеу мақсатында ішкi және халықаралық капитал рыноктерiнен несие ақша алудың, сондай-ақ несиеге алу мерзiмiн өсiрумен қатар несиеге алған ақшаларды арзандату тетiгiн дайындау.
4. Қызметшiлердiң iс-қимылдарының тиiмдiлiгiн арттыру, шетелдiк компаниялардың озық тәжiрибелерiн қабылдау және меңгеру, сондай-ақ мұнай құбырлары транспортының мамандарын дайындау үшiн, отандық база құру мақсатында қызметшілерді оқыту бағдарламасын дайындау.
1. Мұнай құбырлар жүйелерін жаңарту мен оңалтуға қатысты:
1. Құбырларды жаңарту мен күрделi жөндеу жұмыстарына жұмсалған инвестицияның көлемi 8835 млн. теңге болды.
2. Құбырдың желiлiк бөлiктерiнде диагностикалық жұмыстар өткізуге 640 млн. 722 мың теңге көлемiнде жұмсалды.
3. Келесi объектiлердi пайдалануға берілдi және күрделi жөндеу жұмыстары жасалды:
- Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау мұнай құбырының 256-284 шақырымында;
- Өзен-Ақтау мұнай құбырының 133-141 шақырымында;
- Мартыши-Атырау мұнай құбырының 21, 5-49,3 шақырымында;
- Атырау-Самара мұнай құбырының 864 шақырымында;
- Комсомольск-Мақат мұнай құбырының 4-14 шақырымында;
- Атырау-Мақат суағарын;
- Өзен-Атырау-Самара суағарының 0-39 шақырымында;
- РВС-20000 м3 № 1 ГНПС Барсеңгір;
- ГОС Қиғаш РВС 6000 м3;
- ВОС Құлсара № 1, 2, 3 РВС 5000 м3;
- Жетiбай МАС РВС 5000 м3 № 3;
- ЛПДС Өзен РВС 20000 м3 № 15 және № 18;
- Қаламқас МАС РВС 5000 м3 № 3 және № 6;
- Атырау МАС, РВС 10000 м3, № 1, 2, 5, 6 РВС 20000 м3 № 12, 13;
- Қосшағыл МАС, РВС 5000 м3 № 5;
- ЛПДС Ү.Шаған РВС 5000 м3 № 1.
Мұнай құбырларын бiр қалыпты пайдалану және тексеру үшiн қажеттi, ғимараттар мен дара тұрған үйлерге күрделi жөндеу жұмыстары жасалды.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 1991 жылдан бастап мұнай құбырлар жүйелерінің тек қана желiлiк бөлiктерiне жұмсалатын күрделi қаржы көлемi жылына мынадай:
---------------------------------------------------------------------------
Өткiзiлетiн ! Жылына қажетті ! Компания ! 1991-1999 жылдар
шаралардың ! күрделі қаржы, ! бойынша жылына ! аралығында жиналған
атаулары ! 1 шақырымға ! қажетті күрделі ! (9 жылда)
! ! қаржылар !
---------------------------------------------------------------------------
Өткiзбейтiн 94,118 мың 14,118 млн. АҚШ 127,062 млн. АҚШ
материалдарды АҚШ доллары доллары доллары
ауыстыру
Құбырларды 140,0 мың АҚШ 8,4 млн. АҚШ 75,600 млн. АҚШ
ауыстыру доллары доллары доллары
Құбырдың 2,5 мың АҚШ 1,875 млн. АҚШ 16,875 млн. АҚШ
iшiнде доллары доллары доллары
диагностика
жүргiзу
БАРЛЫҒЫ 219,537 млн. АҚШ
доллары
---------------------------------------------------------------------------
2. Компания клиенттеріне қызмет көрсетудің қосымша түрлерін дамытуға қатысты:
1. Компанияның клиенттерiне көрсететiн қызметтердi кеңейтуге қатысты, бiрқатар жобалардың технико-экономикалық негiздерi (ТЭН) толық дайындалды. Олардың iшiнде, Атырау-Самара мұнай құбырын кеңейту жобасы, Атасу станциясындағы мұнай құю эстакадасы, Кеңқияқ-Атырау құбыры, Атырау қаласындағы бензиннен тасартылған мұнай құю торабы және т.б.
2. Бұл объектiлердiң кейбіреулерінің құрылысы басталды және осы жылы аяқталу жоспарланып отыр.
3. Экспорттық негiзгi мұнай құбырлары (Қытай, Транс Каспий) жобасының технико-экономикалық негiздерi (ТЭН) дайындалды.
3. Компанияның қаржы құрылымын тұрақтандыруға және тарифтердiң ашықтығын арттыруға қатысты:
1998 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігі және Баға және антимонополиялық саясат жөніндегі Комитетi № 61/1 "Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдаудың тарифтерiн есептеу методикасы" бекітілдi.
1. Компанияда бюджеттеудiң бiрыңғай жүйесi негiзделген және шығатын шығындардың бiрыңғай классификаторы дайындалған.
2. Жоғарыда көрсетiлген стандарттарға сәйкес, Компания бойынша бiрыңғай автоматтандырылған "Триада" бухгалтерлiк есепке алу жүйесi енгізiлген.
3. Дебиторлық пен кредиторлық қарыздарды төмендету және олардың сапасын арттыру жөніндегi жұмыстар атқарылды.
4. Қайтарылмаған дебиторлық қарыздарды есептен шығару жұмыстары жүргiзiлдi.
5. Тарифтердi белгiлеу методикасы толығымен аяқталды.
6. 1998-1999 жылдар аралығында Компанияның қысқа мерзiмдi несие алуға байланысты халықаралық қаржы институттарының арасында жақсы қатынастар қалыптастырды.
7. Компания халықаралық банктерден мемлекет немесе үшiншi бiр тараптардан кепiлдiк бермей-ақ 15 млн. АҚШ доллары көлемiнде үш жылдық бiрлестiрiлген несие алуға жақындады.
1998 жылы Компания мұнайды тасымалдауға байланысты, тарифтердi АҚШ долларында тұрақтандыруды жасады. Бұл тарифтердi АҚШ долларында тұрақтандыру, шетелдiк әрiптестердiң валюталық қауiптерін төмендетедi, ол Компания үшiн несиеге алған қаржыларды бiршама төмендетуге және тартылған капиталдардың тұрақты қайтаруға себепшi болады.
Компания халықаралық институттармен тiкелей әрiптестiк қатынастар орнату жолымен несие алу көздерiн бiршама әртараптандырылды. Компанияның осы бағыттағы жұмыстарының нәтижелерi европалық, американдық несиелердi өтеу және несие алуды iске асырды 1999 жылдың соңына қарай Компанияда жақсы несие тарих қалыптасты, ол қаржыландыру көздерiн әртарапдандыруға және несие алудың пайыздық мөлшерлемесiн бiршама төмендетуге мүмкiншiлiк бердi.
4. Қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламасына қатысты:
1. Компания қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты түрде көтеру бағдарламасы енгізiлдi. 1998-1999 жылдары қызметшiлердi оқытуға бiршама қаржылар жұмсалды.
2. Қызметшiлердің көзқарастарын кеңейту және аралас дағдыларды қабылдау мақсаттарында қызметшілердi ротациялау жүйесi енгiзiлдi.
3. Қызметшілердiң қайтымдылығын жақсарту және білiктiлiгiн көтеру процестерiнiң тиiмдiлiгiн бағалау үшiн, қызметшiлердi аттестациялау жүйесi енгізiлдi.
Компания қызметшiлердiң біліктiлiгiн көтеру және қайта даярлау жөніндегі шараларды тұрақты жүргізiп отырады. Бұл құбыр транспорты мамандары үшiн, отандық база құрудың негiзi болып саналады. Компания қызметшiлердi оқыту және қайта даярлау саласындағы саясатты дайындау барысында, негiзгі басымдылықты оқытуға бередi. Компанияның 1999 жылғы бюджетiнде кадрларды оқыту мен дайындауға 30,5 млн. теңге бөлiндi, ол негiзгі екi бөлiмнен тұрады:
- Мiндеттi оқыту, бұл кейбір жұмыс түрлерiн (негiзiнен өндiрiстiк-техникалық) орындау үшiн қажет - жалпы оқығандар санының 70 пайызы;
- Компания қызметшiлерiнiң біліктiлiгiн көтеру - жалпы оқығандар санының 30 пайызы.
1999 жылдан бастап Компания орталық аппараты мен филиалдардың барлық басшы қызметшiлерiн аттестациялау жөнiндегі жоспарлы шараларды жүргiзудi бастамақ.
3. 2000-2005 жылдарға арналған басымдылық
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жаңа мыңжылдық табалдырығында тұр, өйткенi осы мыңжылдық басында, яғни, 2001 жылы Каспий Құбыр Консорциумын (КҚК) iске пайдалануға беру жоспарланып отыр. КҚК iске қосу мұнай өндiрушi компанияларға мұнай тасымалдаудың балама жолын бередi. Бұл қазiргi уақытта пайдаланып жүрген КТО мұнай құбырлар жүйесiне бәсеке туғызады, сондықтан Компания бизнестi қолдау мақсатында тасымалдау жүйесiн пайдаланатын клиенттерiн ынталандыру және көрсететiн қызметтерiнің деңгейiн дүние жүзiлiк (қауiпсiздiк, тиiмділік, сапасын) стандартқа жеткізу керек.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, сонымен қатар, жүйелердi диагностикалау, тозған участіктердi жаңарту және жөндеу жөнiндегі негiзгі жұмыстар өткізiлген болатын. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тиiстi инфрақұрылымдарға кең көлемдi инвестиция жүргізудi өзiнiң мiндетi етiп қойды.
2000-2005 жылдарға арналған негiзгi басымдылық болып:
1. Өндiрiстiк бағдарлама
1.1. Қолданып жүрген жүйелерде тиiстi жөндеу жұмыстарын жүргiзу және жүйелердегі диагностикалық жұмыстарды толығымен аяқтау.
1.2. Компанияның қызметтерiн автоматтандыру және тиiстi инфрақұрылымдарды дамыту.
1.2.1.1. Өндiрiстi басқарудың автоматтандырылған (SАDА) жүйесiн енгізу.
1.2.1.2. Компания қызметiн басқарудың автоматтандырылған (SАР R/3) жүйесiн енгізу.
1.2.1.3. Телекоммуникация жүйелерiн дамыту және жаңарту.
1.2.2. Қолданып жүрген объектiлердi жаңарту және жаңа технологияларды енгізу жолдарымен мұнайды тасымалдауға шығатын энерго-ауыр жұмыстарды төмендету.
2. Бизнестi дамыту
2.1. Болашақтағы орта мерзiмдi инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Мұнай өндiрушi компаниялар үшiн, тасымалдауды дамыту, жаңа күш-қуат құрылыстарын салу.
2.2. Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетiлетiн қызметтердi әртараптандыру: рынокқа темір жол және танкер арқылы тасуды енгізу, Операторлық иелерге басқа құбырлар жүйелерiн беру.
2.3. Мұнай өндiрушi компаниялармен, транзиттiк жүйелермен және елдермен мұнай тасымалдау жөнiнде ұзақ.
2.4. Мерзiмдi өзара шартқа көшу керек. Құбыр транспортына қатысты мемлекет аралық құқық базасын дамыту.
2.5. Еншiлес кәсiпорындардың қызметтерiн кеңейту және олардың көрсететiн қызметтерiн сатып алу жолдарымен бизнестерiн дамыту.
3. Қаржы саясаты
3.1. Ұзақ мерзiмдi инвестицияларды кең көлемде тарту.
3.2. Жобаларды қаржыландыру жүйелерін дамыту
3.3. Еврооблигация шығару арқылы Компанияның халықаралық қор рыногіне шығуы.
3.4. Компанияның қысқа және орта мерзімді капиталдарды тарту жөніндегі қызметтерiн әртараптандыру процесiнiң шеңберiнде, оның облигацияларын Қазақстанның құнды қағаздар рыногiне кәсiби қатысушыларының арасында қазақстандық теңгенi iрiлендiру арқылы орналастыру.
3.5. Мұнайды тасымалдауға байланысты көрсетiлетiн қызметтердiң бағасын белгiлеу тиiмдiлiгiн арттыру үшiн, тарифтiк методологияны одан әрi дамыту керек.
4. Кадрлар саясаты
4.1. Компанияның жұмысшыларын сертификаттау жүйесiн халықаралық стандарттарға сәйкестендiрiп жетiлдiру қажет. Ақтау қаласындағы Кәсiби оқыту орталығының материалдық және методикалық базасын дамыту. Компанияның менеджмент және мамандарының біліктiлiгiн көтеру жаңа Оқу орталығын ашу.
4.2. Компания бiр шама еңбек рыногiн анықтайтын аймақтарда әлеуметтiк қорғауды қолдау мақсатында және жұмыспен қамтамасыз ету проблемаларының маңыздылығына байланысты, Компанияның еншiлес кәсіп орындарын көбейтудi және мердiгерлiк жұмыс жүйелерiн кеңейтудi жоспарлап отыр.
4.3. Кадрлар резервiн қалыптастыру жүйесiн енгізу.
4. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 2000 жылға арналған өндірістік
бағдарламасы
Қолданып жүрген инфрақұрылымдарды жаңарту және қайта құру жөнiндегі iс-қимылдар бағдарламасын орындаудағы алғашқы қадам болып, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жасаған және Компанияның 2000 жылғы бюджетiне енгізген өндiрiстiк бағдарлама саналады.
2000 жылы мұнай өндiрудiң жоспарланған көлемiне және жүк айналымына сәйкес, Компанияның 2000 жылға арналған бюджетi дайындалды.
Негізгi жұмыстардан табыс - 34388,5 млн. теңге, оның iшiнде:
- Мұнай тасымалдау - 32344,2 млн. теңге;
- Су әкелу - 959,8 млн. теңге;
- Құйылыс - 1804,6 млн. теңге;
Негiзгі жұмыстардан тыс табыс - 783,2 млн. теңге, оның iшiнде:
- Мұнай және мұнай өнiмдерiн сату - 2141,6 млн. теңге;
Негiзгі жұмыстардан тыс шығындар - 1358,4 млн. теңге
Өндiрiстiк шығындар - 29 270,4 млн. теңге;
Кезеңдiк шығындар - 3017,6 млрд. теңге;
Салық салынатын табыс - 2883,8 млрд. теңге;
Таза кірiс - 2018,7 млрд. теңге;
Дивидендтер (таза кірiстен 10 %) - 201,9 млн. теңге;
2000 жылы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесiнде, Қоғам әртүрлi салық және алым түрлерi бойынша 7904,3 млн. теңге шамасында төлеу көзделiп отыр, оның iшiнде:
- заңды тұлғалардан табыс салығы - 865,1 млн. теңге
- жеке тұлғалардан табыс салығы - 1069,7 млн. теңге
- ҚҚС - 3380,0 млн. теңге
- жергiлiктi салықтар - 1194,7 млн. теңге
- әлеуметтiк салықтар - 1138,4 млн. теңге
- басқа салықтар мен алымдар - 256,4 млн. теңге.
2000 жылға қолданып жүрген инфрақұрылымдарға 8 442 млн. теңге көлемiнде күрделi қаржы бөлу бағдарламасы дайындалды.
1. Күрделi құрылыс салу - 4 649 млн. теңге.
2. Құрал-жабдықтар - 3 794 млн. теңге.
Сонымен қатар, Қоғамда несие ақша алу есебiнен күрделi қаржылар бөлу бағдарламасы қарастырылған. Бұл бағдарламаның жалпы көлемi 45,06 млрд. теңге, оны енгізу 2000 жыл басталып 2005 жылға дейiн созылады. 2000 жылы осы бағдарлама бойынша 13,96 млрд. теңге игеру қарастырылған.
5. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК инвестициялық саясаты
КҚК жобасын жүзеге асыру және 2001 жылдан бастап осы құбыр арқылы мұнай тасымалдау, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мұнай құбырлары жүйелерінің жүк айналымын төмендетуге және Компанияның нық дамуын анықтайтын КТО түсетін ақша ағымдарының азайуына алып келеді.
Болашақта көмірсутегі шикі заттарының ресурстық базаларының, сондай-ақ шельфтік аймақта өсуі, біршама жағдайларда тасымалдау жобаларына және кейбір бағыттар айналасындағы саяси ситуацияларға өз әсерін тигізеді. Қазақстанның батыс аймақтарынан мұнай тасымалдау жөніндегі әртүрлі бағыттағы көрсетілетін қызметтер баламалық бағыттарда дамуы мүмкін.
Бұл факторлардың тигізетін кумулятивтік тиімділіктері ұлттық мұнай тасымалдаушының жағдайын нашарлатуға алып келуі мүмкін, өйткені, Компанияның Қазақстанның батыс аймақтарынан мұнай тасымалдаудың негізгі күш-қуаттары Атырау-Самара бағытында шоғырланған және осы бағытты қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұл бағыт ресейлік транзиттік квота үлкен тәуелділікте.
Осыларға байланысты, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰТМК құбырларын пайдаланып жүрген бірқатар компаниялар жүк айналымдарын өздеріне тиімді және арзан бағыттарға қайта бағдарлаулары мүмкін, мұндай жағдайда ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК біршама мұнай құбырлар жүйелеріне деген сұраныстар төмендейді.
Мұндай жағдайларды компания өзінің күш-қуатын қолданып жүрген тасымалдау жүйелерін тиімділеу және біріктіру жобаларын жүзеге асыруға жұмсау керек. Бұл жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданып жүрген мұнай құбырларын барынша пайдалану жөнінде, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК, мұнай өндіруші компаниялардың мүдделері Қазақстан Республикасының мүдделерімен теңестірулері қажет.
Компания өз клиенттеріне көрсететін қызметтер аясын кеңейту мақсатында, маркетингтік зерттеу және мұнай өндіруші компаниялардың келісімдері негізінде жаңа объектілердің құрылысын салу жобасы дайындалды.
Бағдарламаға енгізілген жаңа объектілер, Компанияның клиенттері үшін, маршруттар таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Бұл объектілер жүйелерге қосымша инвестиция сияқты қаралатын болады. Осындай объектілерді пайдалануға беру арқылы, Компанияның одан әрі дамуына және қосымша ақша ағымдарының келуіне, пайда табуларына мүмкіндік береді.
Қазақстандық мұнай баланстары көрсеткендей, КҚК жобасы жүзеге асырған жағдайда және Каспий шельфінде мұнай өндіру жөніндегі болжамдарды ескере отырып, жаңа экспорттық мұнай құбырына деген сұраныс 2005 жылдан кейін ғана пайда болады. Осыларға байланысты, Қазақстан Республикасының экономикалық, стратегиялық және саяси мақсаттарына сәйкес жаңа экспорттық маршрут іздестірген қажет.
Қолданып жүрген және жоспарланып отырған мұнай құбырлары:
- қазақстандық мұнайды дүние жүзілік рынокке шығару жөнінде бәсекелестік позицияны жеңіп алуды;
- Қазақстанның толық күш-қуатында жұмыс істемей жатқан мұнай құбырлар жүйесін, қолданып жүрген жүйелерінің өміршеңдіктерін қамтамасыз ету мақсатында және ішкі мен экспортқа мұнай ағымдарын бөлуде икемділікті;
- мұнай құбырларының қызметтерінен Қазақстанның экономикалық пайдасына қатысты бюджетке ақша бөлу үшін, мұнай транспортының инфрақұрылымын және т.б. жақсартуды;
- транзиттік елдердегі әлеуметтік-саяси жағдайларға ең аз мөлшерде тәуелді болуды қамтамасыз етеді.
Қазақстанның мұнай транспорт инфрақұрылымын дамытуды жоспарлаудың негізі, мұнайдың ұзақ мерзімдегі стратегиялық балансы болып саналады.
5.1. Мұнайдың стратегиялық балансы
1999 жылға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың 5.6. тармағын орындау үшін, ҚР ЭИС министрлігі 1999 жылғы 09.04. № 88 бұйрығымен, ЖАҚ "ҚазТрансойл" ҰМТК Министрлікпен келісілген мұнай өндіруші компаниялардың мәліметтерінің негізінде жасалған, Қазақстан Республикасында мұнай өндiрудiң есептiк балансын дайындап, бекітуге беру тапсырылды.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 1998 және 1999 жылдар аралығында Қазақстанда жұмыс iстеп жатқан мұнай компанияларының арасында мұнай өндiруге байланысты, болашақтағы ұзақ мерзiмдi жоспарларына қатысты сұрау жүргiздi. 1999 жылы мұнай өндiру жөніндегі болжамдық мәлiметтерi, бұрынғы бергендерiне қарағанда төмендеу.
Қазақстан Республикасы бойынша мұнай өндiрудiң балансын есепке алу және жоспарлау мақсатында ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгіне 2000 жылдың 10 қаңтарында тапсырылды (№ 6 қосымша).
5.2. Қазақстан Республикасының мұнай транспорты
инфрақұрылымын дамытудың басымдылық жобалары