Қазақстан Республикасы мен ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мұнай транспорты инфрақұрылымын дамытудың басымдылық жобаларын анықтау барысында Республикадағы мұнайдың балансы, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу және мұнай құбырларының толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жекелеген мұнай өндiрушi компаниялардың мiндеттерi, инвестициялық мүмкiншiлiктерi және ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК, сондай-ақ мұнай компанияларының мiндеттерi ескерiлдi.
Сонымен қатар, шельфтiк кен орындарынан коммерциялық мұнай өндiрудiң басталу мерзiмiнiң және ресурстары болжамының әлі анықталмағандығы және оның кейбір экспорттық мұнай құбырларының құрылысын салуды жүзеге асыру мерзiмiне өз әсерiн тигізетiндiгi ескерiлді.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК инвестициялық жобалары қызмет түрлері бойынша бөлiндi: мұнай тасымалдау, су тасымалдау, газ тасымалдау, телекоммуникациялар секторы.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК инвестициялық жобалары тиiсiнше келесі топтарға бөлiндi:
5.2.1. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мiндеттенуіне байланысты тартылған қаржылар есебiнен жүзеге асырылатын, жобалар тобы
- SCADА жобасы;
- Атырау-Самара мұнай құбырын жаңарту және қайта құру жобасы;
- Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының құрылысын салу;
- "Атасу" мұнай айдау станциясында темір жол эстакадасын салу жобасы;
- Павлодар-Шымкент мұнай құбырының Қарақойын-Атасу участiгiн қайта құру жобасы (реверсировтік мұнай құбыры);
- "Атырау-Самара мұнай құбырының Атырау мұнай айдау станциясында жоғары жабысқақ мұнай құю торабының" жобасы;
- "Құмкөл бас мұнай айдау станциясының" жобасы;
- Жапондық "Мицуи" арнайы техникаларын сатып алу жөніндегі жоба;
- "Унифлюкс" үлгiдегi жолда қыздыру пешiнiң жобасы;
- "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының жобасы;
- Астана қаласын газбен қамтамасыз ету мақсатында, "Петропавловск-Көкшетау-Астана" мұнай құбырын газ құбыры етiп қайта өзгертудiң жобасы;
- "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының күш-қуатын жобадағы межеге жеткізудiң жобасы.
5.2.2. Инвестициясыз жүзеге асырылатын жобалар тобы
Бұл топқа ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тарабынан инвестициясыз жүзеге асырылатын жобалар кіреді, оларда компанияның операторлық құқығы бар немесе оны алулары мүмкін, олар:
- Каспий Құбырларының Консорциумы (КҚК) мұнай құбырының жобасы;
- Үлкен Шаған-Атырау мұнай құбыры (Жаңа құбыр).
5.2.3. Болашақтағы ұзақ мерзімді жобалар тобы
Бұл топқа шельф кен орындарындағы мұнай өндірудің көлемі мен оны өндіруді бастау мерзімдеріне байланысты, болашақтағы ұзақ мерзімді жобалар жатады. Бұл жобаларды жүзеге асыру мерзімі шамамен 2005 жылдан кейін басталады. Бұл жобаларға:
- Ақтау портын қайта құру мен кеңейту және танкерлік (баржалық) тасымалдауды ұйымдастыру;
- Батыс Қазақстан-Алашанькоу (Қытай) экспорттық мұнай құбыры;
- Қазақстан-Түркіменстан-Иран мұнай құбыры;
- Батыс Қазақстан-Баку-Джейхан ТрансКаспийлік мұнай құбыры.
5.3. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК несиеге ақша алудың есебінен күрделі қаржылар бөлу бағдарламасы
5.3.1. SCADA - жобасы
Жүйені құрудағы мақсат:
- бағдарланған бақылаушылар негiзiнде компанияның құбырлармен тасымалдау басқармасының сенiмдi және жоғары тиiмдi құрылымдарын, сонымен қатар құбырлардың бiр бөлiгiнде және ОДП, РДП, ЖДП деңгейлерi үшiн дербес ЭЕМ дайындау және енгізу;
- жылуэнергетикалық шығындарды есептей отырып құбырлар арқылы айдалған мұнайдың көлемiн орындау жөнiңде АСУ ПЭД ЕИСУ ақпарат берудi қамтамасыз ету;
- автомат жүйелеріндегі физикалық және моральдық ескiрген жабдықтарды ауыстыру, қызметтердi орындаудың сенiмділiк деңгейiн арттыру, функциялық мүмкiншiлiктердi кеңейту алынатын ақпараттардың нақтылығын арттыру;
- компанияның орталық және филиалдар офистерiн, РНУ, НПС диспетчерлiк басқару пункттерін жоғары техникалық деңгейде құру.
5.3.2. Атырау-Самара мұнай құбырын қайта жаңарту және жетілдіру
Жобаның мақсаты:
Қазақстанның мұнай өндiрушi компанияларының Европа рыноктарына экспорт шығару жолдарын Атырау-Самара мұнай құбырының мүмкiншiлiктерiн жылына 10,5 млн. тоннадан 15 млн. тоннаға дейiн көбейту арқылы кеңейту.
Жобаға байланысты жұмыстардың жағдайлары
Жобаның технико-экономикалық негiздерi (ТЭН) толығымен дайындалды және оның тиімдiлiгiне баға берілдi. Мұнай өндiрушi Компаниялармен мұнаймен қамтамасыз етiп тұруға кепiлдiк беру жөніндегі келiссөздер жүргiзiлуде.
Қаржыландыру көздері:
Несиеге ақша алып қаржыландыру, Атырау-Самара мұнай құбырымен мұнай айдауға кепiлдiк беру немесе жүйенi пайдаланушы мұнай өндiрушi компаниялардың тiкелей инвестиция беруi арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жобаны экономикалық деректерi:
- Жобаның құны шамамен $33,57 млн. құрайды;
- Инвестицияларды қайтару негiздерi - мұнай тасымалдаудың тарифтерi;
- Қайтымдылық мерзiмi - қазақстандық участiк үшiн 4-5 жыл;
- қайта жаңарту мерзiмi - 1 жыл.
5.3.3. Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының құрылысын салу
Жобаның мақсаты:
Ақтөбе аймағындағы мұнай өндiрушілердiң қолданып жүрген экспорттық Атырау-Самара мұнай құбырына және экспорттық мұнай құбыры Каспий Құбырлар Консорциумына (КҚК) шығуды қамтамасыз ету.
Жобаға байланысты жұмыстардың жағдайлары
Жобаның бірнеше үлгідегі технико-экономикалық негіздері (ТЭН) толығымен дайындалды және негiзгi үлгiсi анықталды. Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкісiмен және Иочу компаниясымен келiссөздер жүргiзiлдi. Олармен ТЭН мөлшерi мен ауқымы келісілдi. Жобаға Қазақстан Республикасының Yкіметі кепiлдiк беру үшiн, мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгiзiлдi.
Қаржыландыру көздері:
Жапондық және халықаралық қаржы институттарынан жайлы несие ақша алу арқылы қаржыландыру.
Жобаны алдын ала сипаттау
ILҒ алдын ала есебi бойынша, жобаның негiзгi нұсқасының құны жылына 6 млн. тоннаны құрайды:
- Дүние жүзiлiк баға бойынша - 193,4 млн. АҚШ доллары;
- ТМД баға бойынша - 172,0 млн. АҚШ доллары.
5.3.4. Атасу мұнай құю станциясындағы темір жол эстакадасының жобасы
Жобаның мақсаты:
Қазақстандық мұнай өндiрушілер үшiн, мұнай сату рыногын кеңейту:
Құмкөл кен орындағы мұнай өндiрушiлерге қытай рыногіне шығуды қамтамасыз ету.
Жобаға байланысты жұмыстардың жағдайлары
Құрылыс жұмыстары аяқталу қарсаңында.
Қаржыландыру көздерi:
Несиеге ақша алу арқылы және өз қаржыларымызбен.
Технико-экономикалық көрсеткiштерi:
- Жобаның мұнай құюдағы қуаты - жылына 3,0 млн, тоннаға дейiн;
- Құю эстакадасы екi жақты, бiр мезгiлде 40 вагон-цистерна (әр жағына 20 цистернадан) құя алады;
- Іске қосу кешенiнiң өнiмдiлiгі жылына 1 млн. тоннаға дейiн;
- Бөлiнетiн күрделi қаржының жалпы көлемi - $7317 мың., сонымен қатар iске қосу кешенiне - $5546 мың.
5.3.5. Павлодар-Шымкент мұнай құбырының Қарақойын-Атасу бөлігін
қайта жаңарту жобасы (мұнай құбырын реверсировалау)
Жобаның мақсаты:
Қарақойын-Атасу мұнай құбыры арқылы Атасу мұнай құю эстакадасына мұнай жеткізу.
Павлодар-Шымкент мұнай құбырының бойымен Павлодарға қарай мұнай жеткізу үшiн, қажеттi күрделi қаржы көлемiн анықтау.
Жобаға байланысты жұмыстардың жағдайлары
ТЭН дайындалуда.
Қаржыландыру көздерi:
Несиеге ақша алу арқылы қаржыландыру.
Жобаның экономикалық деректерi:
Жобаның 1-шi кезеңi шамамен 213,82 мың АҚШ долларын құрайды.
Жобалау институтының есептерi бойынша, реверсировалауға жұмсалатын күрделi қаржы көлемi 11,34 млн. АҚШ доллары көлемiнде бағалануда.
5.3.6. "Атырау-Самара мұнай құбырының Атырау мұнай құю станциясында жабысқақтығы жоғары мұнай құю торабының" жобасы
Жобаның мақсаты:
Ембi кен орындарынан (сонымен қатар жазғы кезде Атырау МӨЗ) мұнай құбырларына айдау үшiн, темір жол арқылы мұнай қабылдаудың техникалық мүмкiншiлiктерiн қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру қазақстан мұнайын барынша көтерудi және Атырау-Самара мұнай құбырын толығымен жүктеудi қамтамасыз етедi.
Қаржыландыру көздері:
Қаржыландыруды ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК инвестициялар есебiнен ұйымдастыратын болады. Жұмсалатын күрделi қаржылар көлемі шамамен $5 млн.
5.3.7. "Құмкөл бас мұнай айдау станциясының" жобасы
Жобаның мақсаты:
Орталық жинау пунктiнiң мұнай дайындау жұмыстарын ескере отырып, Құмкөл-Қарақойын мұнай құбырының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
Жобаның экономикалық деректері:
Бөлiнетiн күрделi қаржылар көлемi шамамен - 1 500 млн. теңге.
2000 жылы 1 000 млн. теңге игеру жоспарланып отыр.
5.3.8. Жапондық "Мицуи" арнай техникаларын сатып алу жөніндегі жоба
Жобаның мақсаты:
Арнай техникалар паркiн жаңарту.
Қаржыландыру көздері:
Жобаны қаржыландыру "жеткізушiнiң несие беруi" есебiнен, ААҚ "Казкоммерцбанктың" кепiлдiк хаты негізiнде, Жапондық Эксимбанктың қаржыларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады.
Жобаның жалпы құны - 2 071 млн. теңге.
5.3.9. "Унифлюкс үлгiдегі жолда жылыту пештерi жөніндегі" жоба
Жобаның мақсаты:
Магистральдық мұнай құбырларының ескi жылыту пештерiн ауыстыру.
Жобаға байланысты жұмыстардың жағдайлары
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мен француздық "Кvaerner Heurtey" компаниясы арасында жылыту пештерiн жеткізу жөніндегі "Ниет хаттамасына" қол қойылды. Алматы және Орал қалаларында орналасқан қазақстандық зауыттарда Унифлюкс үлгiдегі жолда жылыту пештерiн құрастыру мен монтаждау мүмкiншiлiктерi жөнiндегі Компанияның ұсыныстары қаралуда.
Жобаның жалпы құны - 2 260 млн. теңге.
5.3.10. "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының жобасы
Жобаның мақсаты:
Атырау және Маңғыстау аймағындағы өндiрiс орындары мен халықты тұщы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу және Астрахань-Маңғышлақ суағарын жоба қуатына дейiн жеткізу.
Жобаға байланысты жұмыстардың жағдайлары
Мицуи компаниясымен жобаның ТЭН дайындау жөнінде қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Атырау және Маңғыстау аймағын сумен қамтамасыз етудің бірыңғай жоспарын ҚР ЭИС министрлігі құрған ведомствоаралық жұмыс тобы дайындауда.
Қаржыландыру көздері:
Жобаны қаржыландыру көздерi мен шарттары қазiргi уақытта анықталмаған.
Жобаның негізгi технико-экономикалық параметрлерi
1986-1987 жылдары салынған "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының жалпы ұзындығы 1041 шақырым болады.
Алдын ала есептер бойынша жобаның құны 150-190 млн. АҚШ долларын құрайды.
5.3.11. "Петропавловск-Көкшетау-Астана" мұнай құбырын газ құбыры
етiп қайта өзгертудiң жобасы.
Жобаның мақсаты:
Қолданып жүрген коммуникацияларды барынша ұтымды пайдалану арқылы, Астана қаласын газбен қамтамасыз ету және ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК активтерiн пайдаланудың тиiмдi жолын iздестiру. Отынның басқа түрлерiн табиғи газбен ауыстыру.
Жобаға байланысты жұмыстардың жағдайлары
1998 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында 1998-2007 жылдар аралығындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісімшартқа, газ кешендерiне байланысты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ынтымақтастық хаттамасына, 1999 жылдың 16.07. газ кешендерiне байланысты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ынтымақтастық хаттамасын жүзеге асыру жөнiндегі жұмыс тобының бiрiншi отырысының хаттамасына қол қойылды.
Технико-экономикалық негіздерi жөнiнде, 87 млн.-нан 115 млн. АҚШ долларына дейiн күрделi қаржы жұмсалатын бiрнеше нұсқаларының алдын ала есебi алынды.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жобаға қатысуы
Жобаны ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және оның аффилиирленген компаниясы болып саналатын ЖАҚ "ТрансПетролеум" компаниясы iске асырады.
Қаржыландыру көздерi:
Жобаны қаржыландыру көздерi әлi анықталмаған.
5.4. ЖАҚ ҚазТрансОйл" ҰМТК инвестициясыз жүзеге асыратын жобалары
5.4.1. Үлкен Шаған-Атырау мұнай құбыры (жаңа құбыр).
1999 жылдың маусым айында Қарашығанақ өнімдерін Үлкен Шаған-Атырау жаңа құбырын салу жолы арқылы КҚК құбырына жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданды және ОСРП тиісті өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, Қарашығанақ кен орындарынан Самараға көмiрсутегi сұйығын жеткізу жөніндегі жұмыстар жүргiзiлуде.
Жобаның негiзгі технико-экономикалық параметрлерi
Қосылған және жаңа құбырлардың бiрiншi кезеңдегi қуаты жылына 7 млн. тонна, оны жылына 11 млн. тоннаға дейiн жеткізу көзделуде. Жоба бойынша жұмыстардың алдын ала жасалған кестесiне байланысты, құбырдың құрылысын салу 2000 жылдың сәуiр айында басталуы мүмкін, ал оны пайдалануға беру КҚК құбырын iске қосылумен тұспа-тұс келедi деп белгiленiп отыр.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жобаға қатысуы
Инженерлiк жобалау кезеңiнде ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК КИО-ға сараптамалық бағалауға, құрылыс жұмыстарына техникалық бақылау жасауға, мұнай құбырына техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға байланысты көмек берiп отырады.
5.4.2. Каспий құбыр консорциумының жобасы
Жобаның мақсаты:
Теңгiз және Қарашығанақ кен орындарының мұнайын халықаралық рыноктерге тасымалдауды қамтамасыз ету.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жобаға қатысуы
"ҚазТрансОйл" КҚК-де ҚР өкiлi болып саналады, сонымен қатар Теңгіз БМАС қоса КҚК-К активтерiне техникалық көмек көрсету және пайдалануды орындайды.
Қаржыландыру көздерi:
Жобаны қаржыландыру мұнай өндiрушiлер мен жобаға қатысушылардың РФ, ҚР, Оман, Шеврон, БК Лукойл/Лукарко, Роснефть, Шелл, Мобил, Бритиш Газ, Аджип, Орикс және Қазақойл/Амоко есебiнен жүзеге асырылады.
Жобаның негiзгi технико-экономикалық параметрлерi
Құбырдың бастапқыдағы қуаты жылына 28 млн. тонна, оны жылына 67 млн. тоннаға дейiн жеткізу көзделiп отыр. Құбырдың жылына 28 млн. тонна болатын жобаның құны 2,2 миллиард АҚШ доллары, ал жылына 67 млн. тонна болатын жобаның құны 4,5 миллиард АҚШ доллары шамасында жобаланып отыр. Пайдалануға беру мерзiмi - 2001 жылдың 30 маусымы.
5.5. Болашақтағы ұзақ мерзімді жобалар
5.5.1. Ақтау портын қайта жаңарту және кеңейту, танкерлік (баржалық)
тасымалдауды ұйымдастыру
Бұл бағыттағы жоба жеке, немесе, Транс Каспий Транспорттық Жүйесiнiң, Иран арқылы экспортқа шығарудың, Махачкала-Новороссийск бағытында экспортқа шығарудың бiр бөлігi болуы мүмкiн.
Бұл бағыттарды пайдалану, жылына 6-12 млн. тонна мұнай тасымалдауды қамтамасыз етуi мүмкiн.
Мұнай-Батыс Қазақстан қоспасы. Ресурстары анықталмаған.
Қажеттi күрделi қаржылар:
1 сценарий (жылына 6 млн. тонна). Жұмсалатын күрделі қаржылар - $ 25 млн., оған жыл сайынғы танкерлердi жалға алуға шығатын шығындарды қосқанда.
2 сценарий (жылына 8 млн. тонна). Жұмсалатын күрделi қаржылар - $ 59 млн., оған жыл сайынғы танкерлердi жалға алуға шығатын шығындарды қосқанда.
3 сценарий (жылына 12 млн. тонна). Жұмсалатын күрделi қаржылар - $ 96 млн., оған жыл сайынғы танкерлердi жалға алуға шығатын шығындарды қосқанда.
Қаржыландыру көздерi:
Қаржыландыру көздерi мен шарттары анықталмаған.
Маршрут бойынша көлiк шығындары:
- Ақтау-Баку-Батуми- $/bbl 5,98
- Ақтау-Махачкала-Новороссийск - $/bbl 5.1
- Ақтау-Нека-Харг аралы - $/bbl 4,35
5.5.2. Қазақстан-Түркiменстан-Иран мұнай құбыры
Жобаның мақсаты:
Қазақстан Республикасында жұмыс iстеп жатқан мұнай өндiрушілер үшiн, Персi шығанағы арқылы Азиялық-Тынық мұхит аймағындағы сату рыногына шығу ең көп экономикалық пайда табады.
Жобаны жүзеге асырудың негiздері:
ҚР Yкіметінiң 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 513 қаулысы.
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл ҰМТК" қатысуы:
ҚР Үкіметінiң 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 513 қаулысының негiзiнде ЖАҚ "ҚазТрансОйл ҰМТК" жоба бойынша ТотальФина, Аджип және Бритиш Газ компанияларымен келiссөздер жүргiзуде.
Жобаны қаржыландыру көздерi:
Алдын-ала жасалатын ТЭН және жобаның ТЭН дайындауды, сондай-ақ жобаны одан әрi жүзеге асыруды қаржыландыруды Мұнай компаниялары iс асыратындығы топшаланып отыр.
Жобаның құрылымы:
Алдын-ала жасалған технико-экономикалық негiздерi (ТЭН) бойынша жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында консорциум құрылатын болады, он құрамына территорияларына құбыр салынатын елдер және жобаға қатысу мұнай компаниялары кiредi.
Жобаны жүзеге асыру стадиясы:
Қазіргі кезде ТотальФина компаниясы алдын-ала жасалатын технико-экономикалық негіздер (ТЭН) жөніндегі жұмыстардың кейбіреулерін орындады. Жобаны жүзеге асыру құрылымы жөніндегі келiссөздер жүргiзiлуде.
Жобаны жүзеге асыру кезең-кезеңмен болатындығы ұйғарылып отыр.
- 1 кезең. Алдын-ала жасалған технико-экономикалық негiздерді (ТЭН) iске асыру - 2000 жылдың бiрiншi жартысы.
- 2 кезең. ТЭН дайындау.
- 3 кезең. Жұмыс жобасы, қаржы аспектiлерi, өту құқығы.
- 4 кезең. Мұнай құбырының құрылысын салу.
Жобаның негiзгi технико-экономикалық параметрлерi:
ТотальФина компаниясының алдын-ала берген деректер бойынша. Қазақстан участiгiнiң өткізу мүмкiншiлiктерi жылына 25 млн. тонна деп болжалануда, Жұмсалатын күрделi қаржылар көлемi 450 ден 600 млн. АҚШ доллары Түркiмен және Иран участiктерi бойынша деректер жоқ.
5.5.3. Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысын салу жобасы
Жобаның мақсаты:
Батыс Қазақстаннан Батыс Қытайға мұнай құбырының құрылысын салу Қазақстан Республикасының экспорттық потенциалын өсiруге мүмкiндiк жасайды. Бұл маршрут кейбір жағдайларда Қазақстанның ішкi рыногінде энергетикалық тәуелсiздiктi қамтамасыз ете алады, өйткенi, мұнай құбыры республикамыздың мұнай өндiрушi батыс аймағын, Шымкент және Павлодар қалаларында орналасқан iрi мұнай өңдеу зауыттарымен байланыстырады.
Жобаны жүзеге асырудың негiздері:
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (ҚҰМҚ) арасында 1997 жылдың 24 қыркүйегінде Бас Келісімшартқа қол қойылды.
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қатысуы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (98 ж. 22.04. № 73-р-с) өкіміне сәйкес, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Қытай Ұлттық Корпорациясымен мұнай-газды барлау және ТЭН әзiрлеу байланысты, "Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының технико-экономикалық негiздерiн (ТЭН) бiрiгiп әзiрлеу жөніндегі келісімшартты" 1998 жылдың 13 маусымында дайындап бекiттi.
Жобаны қаржыландыру:
Қол қойылған Бас келісімшартқа сәйкес, мұнай құбыры құрылысының жобасын, сондай-ақ ТЭН дайындауды қаржыландыру ҚҰМҚ қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Жобаны негiзгi технико-экономикалық параметрлерi:
- Мұнай құбырының алғашқы кезде өткізу мүмкiншiлiктерi - жылына 20 млн. тонна.
- Атырау-Жаңажол-Арал-Құмкөл-Барсеңгiр-Алашанькоу маршруты (трассаның солтүстiк нұсқасы).
- Жалпы бөлiнетiн қаржы көлемi - 2157,8 млн. АҚШ доллары.
- Қазақстан территориясы бойынша мұнай құбырының қашықтығы - 2797 шақырым, ҚХР бойынша - 480 шақырым.
- Алдын-ала болжам бойынша қоспаның құрамы - Жаңажол, Өзен, Құмкөл, Каспий шельфі кен орындарының мұнайлары.
- ҚР территориясы бойынша тариф-баррельге 3,3 АҚШ доллары (жеңілдетілген салық салған жағдайда), баррельге 3,98 АҚШ доллары (салық салу жоқ болған жағдайда).
- Iшкi тиiмдiлiк (салық салғанға дейiн) - 12 пайыз.
- Бөлiнген күрделi қаржыларды қайтару мерзiмi - 9-8 жыл.
- Күрделi қаржыдан түсетiн пайда - 8,5 пайыз.
Жобаны жүзеге асыру стадиясы
ТЭН тиiстi толықтырулар мен өзгерістер енгізiлгеннен кейiн, 2000 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкiметтерiне жобаны жүзеге асыру жөнiнде соңғы шешiм қабылдау үшiн тапсырылды.
Жүзеге асыру кезеңдерi мен графигі:
Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырын жүзеге асыру жобалау мен құрылысты кезең-кезеңмен бiр мезгiлде іске асыру, құрылысты бастау 2001 жылға белгiленiп отыр. Құрылысты салу мерзiмi - 4 жыл.
5.5.4. Транс Каспий мұнай-газ құбырының құрылысын салу және оған
қосылатын транспорттық жүйелердiң (ТКТЖ) жобасы
Жобаның мақсаты:
Қазақстан Республикасының Каспий аймағында игерілiп және өндiрілген табиғи газ-мұнайды халықаралық рыноктерге шығаруды жүзеге асыру үшiн, экспорттық тасымалдау жүйелерiн кеңейту.
Жобаны жүзеге асырудың негiздерi
1998 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мобил, Шелл, Шеврон және Қазақойл ҰМ компаниялары арасында қол қойылған "Транс Каспий мұнай-газ құбырларының және оған қосылатын транспорттық жүйелердiң технико-экономикалық негiздерiн дайындауға берiлген айрықша тапсырма" (Қазақстандық мандат).
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қатысуы
ҚР Yкіметінiң 1999 жылдың 29 сәуiріндегі № 513 қаулысына сәйкес, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК "Айрықша тапсырманың" шарттарына байланысты ТЭН дайындауды жүзеге асыру тапсырылды.
Қаржыландыру көздерi:
ТЭН қаржыландыруды Мобил, Шелл және Шеврон компаниялары жүзеге асырады.
Жобаны жүзеге асыру стадиясы
ТЭН дайындау екi кезеңнен тұрады, бiрiншi - объектiлердi жоспарлау және бизнес-жоспар, екiншi - техникалық нобайларды дайындау. Барлық дайындық жұмыстарды 21 ай iшiнде бiтiру керек.
2000 жылдың 3 наурызында Үйлестiру комитетiнде бiрiншi кезең бойынша "Бизнес-жоспар" қаралды және оны ҚР Үкіметінiң қарауына жiбердi.
ТКТЖ мұнай құбырының кейбір көрсеткiштерi:
Қашықтығы: Қазақстанда - 659, Әзiрбайжанда - 491, Грузияда - 218, Турцияда - 957 шақырым.
Жұмсалатын күрделi қаржылардың көлемi - 4 912 мың АҚШ доллары.
Есептелінген тарифтер:
Барлық маршрут бойынша Жейханға дейін мұнай айдаудың есептелінген тарифі 4,17 ден 5,15 дейінгі (1999 ж. долл. бойынша) болады. Жобаға салық жеңілдіктерін берген уақытта, тариф 3,36-4,26 $/барл. төмендеуі мүмкін.
Жобаның бәсекелестігі
Жобаны жүзеге асыру мен оны қаржыландыру Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы шельфтен межелеген көлемде мұнай өндіруге байланысты.
5.6. Телекоммуникация жүйелерін қайта жаңарту
ЕRР және SCADA жүйелерiн енгізудi қамтамасыз ету үшiн, Компанияның бүгiнгi күнi ескiрген және қажетті сенiмдiліктi қамтамасыз ете алмайтын телекоммуникация жүйелерiн толығымен қайта құру қажет. Өндiрiстiк-технологиялық байланыс жүйелерi Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан барлық өндiрiстiк объектілерiнен және мұнай құбырларынан қажетті мәлiметтер алу және телефондық байланыс мiндеттерiн орындаулары керек. Компанияның өндiрiстiк-технологиялық байланыс жүйесiне келесi негiзгi компоненттер кiредi: жердегi спутниктiк байланыс станциялары, автоматтандырылған сандық телефон станциялары, радио байланыс құралдары және радио релейлiк желiлер.
Компанияда, әртүрлi байланыс құралдарын пайдаланушылардың кедергiсiз бiр-бiрiнен қажеттi мәлiметтер алуларын қамтамасыз ету үшiн, бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк құру қажет. ЕRP жүйесiнiң шеңберiнде, ақпараттар ағымдары мен құжаттар айналымын басқарудың автоматтандырылған электрондық жүйесiн енгізу, әртүрлi саладағы ақпараттық-телекоммуникациялық ортаны құру мiндеттерiн шешедi. Ол кез-келген аймақтағы әрiптестерге ПЭВМ бойынша, кез-келген байланыс торабы арқылы (телефондық, сандық, телеграфтық, телекстiк) электронды хат, факс, телекс, телеграммалар қабылдайтын жақтың кез-келген байланыс жабдықтарына және керiсiнше жiберуге мүмкiндiк береді; Компанияның телекоммуникациялық жүйесiнiң ақпараттар орталығында сақтаулы мәлiметтерге шығуға мүмкiндiк бередi.
Байланыс құрал-жабдықтарының 2000 жылдағы жағдайы
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК құрамына Компанияның байланыс құрал- жабдықтарына қызмет жасауды қамтамасыз ететiн үш байланыс кәсiпорыны кiредi.
Қазiргi уақытта бұл кәсiпорындар ескiрген байланыс құрал-жабдықтарын пайдалануда, олардың негiзгі сипаттары төмендегiдей:
Жоғарыдағы мазмұндауға байланысты, мұндай жүйелердi пайдалану қиыншылықтарының бiрнеше себептерi бар:
- Аппаратураларға қажеттi қосалқы бөлшектерiнiң жоқтығы;
- Кабельдердi жабайы түрде тонау;
- Ежелгi АТС пайдалану және т.б.
Осыларға байланысты, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 1997 жылы өндiрiстiк-технологиялық байланыс жүйесiн, қазiргi заман талабына сай жетiлдiру жөнiнде нақты шешiм қабылдады. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК өндiрiстiк-технологиялық жүйесi, Қазақстан Республикасының территориясындағы орналасқан өндiрiстiк және мұнай құбырлар объектiлерiне мәлiметтер беру, алу және телефондық байланыс жасау мiндеттерiн орындауға тиiс.
ПТСВ құрамы
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК өндiрiстiк-технологиялық байланыс жүйесiнiң құрамына келесi негiзгi компоненттер кiредi:
1) жердегi спутниктiк байланыс станциясы (ЖС);
2) автоматтандырылған сандық телефон станциясы (УПАТС);
3) радио байланыс құралдары;
4) радио релейлiк желi (РРЛ).
Жүзеге асырудың қысқа мерзімді бағдарламасы.
Қазiргi уақытта халықаралық стандарттарға және заман талаптарына сай технологияның негiзiнде интеграциялық телекоммуникациялар инфрақұрылымын құру жоспарланып отыр.