_________________________________________________________________________
Қосымша құнға салынатын салық
(ҚҚСС) 291 361 179 362 1193
_________________________________________________________________________
Барлығы $ 1.346 $ 1.246 $ 553 $ 1.767 $ 4.912
_________________________________________________________________________
Экономикалық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша, жоба басқа да экспорттық шығатын желiлермен (мысалы, КТК) бәсекелесе алады, егер төмендегi шарттар орындалатын болса:
- Еңбек ақының барынша мөлшерi 12 пайыз;
- Территорияларын құбыр өтетiн елдер жобаға жеңілдiк жасап, салық салуды бiршама төмендетсе;
- Қосымша құнға салынатын салықтан босатса;
- Салынатын жалпы салықтарды төмендетсе, атап айтқанда:
- Импортқа салынатын салықтың және жүктердi өңдеуге салынатын транспорттық бажының күшiн жойса;
- Товарларға салынатын қосымша құн, қызмет көрсетуге және өндiрiстiк шығындар салықтарының күшiн жойса;
- Меншiк және жол салықтарының күшiн жойса;
- Пайда мен дивидендтер салығының күшiн жойса;
- Табыс салығынан уақытша босатса (2015 ж. немесе 2020 ж дейiн).
Транзиттiк елдер жобаға құқықтық базаны қамтамасыз ететiн, келісімшарттармен байланысты болады:
- Бұл келісімшарт, құбыр өтетiн елдердiң iшкi заңдарынан жобаны айқындаған шеңберде шығаруға мүмкiндiк берер едi;
- Сонымен қатар, нақты жоба үшiн, жаңа заң базасын құруды қажет етеді;
- Барлық қатысушылардың коммерциялық мүдделерi ортақ болғандықтан, заң базасы жасалатын операциялардың унитарлығын қамтамасыз етуi керек;
- Барлық инвесторлар қосымша пайыз қоспай-ақ үлестерiн қосуды қамтамасыз етедi. Қатысушылардың жүйенi игерудегі үлестерi, олардың қосқан күрделi қаржыларына пропорционалды бөлiнедi.
Ресурстар: Қазақстанның, Түркiменстанның және Әзiрбайжанның мұнайлары. Қазақстандық участiктi толтыру, ресурстарымен қамтамасыз етiлмеген және оған кепiлдiк бере алмайды.
Рыноктар: Қара және Жерорта теңiздерiнiң аймағы, бұл жерлерде мұнайға деген сұраныс тұрақты және мұнай жеткізушiлер арасында үлкен бәсекелестiк бар.
Баға деңгейi Брент маркерлiк сортынан төмен және Брент - 1,0 құрайды.
Жобаның бәсекелестiгi жөнiнде.
ТКТЖ жобасының басқа да экспорттық мұнай құбырларының құрылысын салу жоспарына бәсекелесе бола алатын үлкен күдiк туғызады.
- Жобаның жалпы құны 4.912 млрд. АҚШ доллары болып бағалануда. Бұның ішіне, инжиниринг пен концепция дайындауға ($ 21,5) менеджмент жөніндегі жобаға ($ 216,3) және өту құқығын алуға байланысты (бағасы анықталмаған) шығатын кірмеген. Бұл және басқа да қосымша шығатын шығындар жоба құнын біршама өсіреді.
- Барлық маршрут бойынша, Жейханға дейiн мұнай айдаудың есептелiнген тарифi 4,17 ден 5,15 дейiнгі $/барл. (1999 ж. долл. бойынша) болады. Жобаға салық жеңiлдiктерiн берген уақытта, тариф 3,36-4,26 $/барл. төмендеуi мүмкiн.
- Жобаның бәсекелестiгі, территорияларынан құбыр өтетiн мемлекеттердiң салық жеңiлдiктерiн берумен байланысты. Бұл салық жеңiлдiктерi көп болғандықтан, тиiстi транзиттiк елдерде құбыр салуға деген белсендiлiктiң төмендеуi мүмкiн.
- Жобаның бәсекелестігі, қаржыландырудың несие немесе үлес пайыздарының мөлшерiне байланысты. Жобаның бәсекелестiгін қамтамасыз етудiң негізгi бiр шарты, қаржыландыруға бөлiнген барлық ақшаға бөлiнетiн ставканы 12 пайыз мөлшерiнен асырмау керек.
Жобаның құрылымы жөнiнде.
Транзиттiк елдер жобаға құқықтық базаны қамтамасыз ететiн, келісімшарттармен байланысты болулары керек. Бұл келісімшарт, құбыр өтетін елдерiң iшкi заңдарынан жобаны айқындаған шеңберде шығаруға мүмкiндiк берер едi.
Барлық қатысушылардың коммерциялық мүдделерi ортақ болғандықтан, заң базасы жасалатын операциялардың унитарлығын қамтамасыз етуi керек.
Жобаның оңтайлы корпоративтiк құрылымы болып "бiрыңғай компания" саналады, ол жобаға қосқан үлестерiне сәйкес Мемлекеттік акционерлер мен демеушiлердiң бiрiгіп басқаруында болады.
Бұл ұсынысты жүзеге асыруға болады, бiрақ ол бiршама уақыт пен жұмыс iстеудi талап етедi (мысалы, КТК сияқты). Сондай-ақ, салық жеңiлдіктерiн беретiн мемлекеттер үшiн, заңдарға өзгерістер енгізудiң және зонтикалық келісімшарттың пайдалы екендiгін дәлелдеумен тығыз байланысты болады.
Қауiп-қатерлер:
Саяси: Саяси қауiп-қатердiң негiзде Каспий теңiзінің статусы жөнiндегі проблемалар жатады. ТКТЖ жобасын жүзеге асыру, Каспий теңiзiнiң статусы жөнiндегі мәселелер оң шешiмiн тапқаннан кейiн ғана орындалуы мүмкiн.
Экономикалық: жоба құнының жоғарылығы, транспорттық шығындардың көптiгі, жеңiлдiктердiң берiлмеуi.
Экологиялық: Каспий және сейсмикалық аймақтармен тасымалдау.
Қорытынды: Жобаны жүзеге асыру және қаржыландыру Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiндегі шельфтердегі мұнай ресурстарын және бөлiнген күрделi қаржылар мен тарифтердiң бәсекелестiгiне байланысты болады.