Жобаға қатысушылар мен олардың қызметі:
Тапсырыс берушi - ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК.
Бас жобалаушы - Қазақстан Республикасы.
"Каспиймұнайгаз" институты, (Атырау қ.)
Бас мердiгершi - АҚ "Алматыпромстрой".
Қаржыландыру көздерi:
Қаржыландыруды ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК берілген кепiлдiк көлемiнде мұнай тасымалдаудың негізiнде, сонымен қатар ААҚ "Харрикейн Құмкөл Мұнай", АҚ "Ақтөбемұнай" және бiрiккен кәсiпорын "ҚазГермұнай" компаниялары ұйымдастырады.
Технико-экономикалық көрсеткіштерi:
- Мұнай құю жөніндегі жоба қуаты - жылына 3,0 млн.тоннаға дейiн, оның iшiнде, Құмкөл мұнайы - жылына 1,0 млн. тонна.
- Мұнай құю эстакадасы екi жақты, бiр мезгiлде 40 вагон-цистерна (әрбiр жағына 20 вагоннан) құюға болады. Алғашқы кезде эстакада 18 құю жабдығымен жабдықталады, ол екi рет құю арқылы стандарттық маршрутқа қамтамасыз етедi.
Жүзеге асыру үшiн, құю өнiмдiлiгі жылына 1 млн. тоннаға дейiн болатын iске қосу кешенi бөлiндi. Бөлiнетiн күрделi қаржы көлемi - $ 7317 мың, оның iшiнде iске қосу кешенi - $ 5546 мың.
- Мұнай құю эстакадасы құрылысының басталу мерзiмi - мамыр 2000 жыл.
Жоба бойынша жасалып жатқан жұмыстардың жағдайы:
- Бас мердiгершi - АҚ "Алматыпромстрой" қажетті темір жол желісі және технологиялық кешен құрылыстарын жүргізiлуде.
Атасу мұнай айдау станциясына дейiн және темір жол цистерналарына құю туралы, мұнай өндiру компанияларымен белгiленген кепiлдік көлемiнде мұнай тасымалдауға келiссөздер жүргiзiлуде.
Атасу мұнай айдау станциясына Құмкөл мұнай жеткізу және темір жол цистерналарына құю үшiн, Павлодар-Шымкент мұнай құбырының Қарақойын-Атасу бөлiгiнде қайта жаңарту жұмыстарының жобасы дайындалуда. Тендер өткізу жолымен жоба жұмыстарының мердiгерi болып - Мұнай көлiк институты (Киев қ.) анықталды.
Құмкөл мұнайының күрделi реологиялық қасиеттерiн ескере отырып, қазiргi уақытта ИПТЭР институты жаңа үш қондырғы қолдану арқылы Құмкөл мұнайының реологиялық қасиеттерiн зерттеу жұмыстарын орындауда, алдын ала зерттеу жұмыстары оң нәтижелер беруде. ИПТЭР зерттеу жұмыстарының нәтижелерiнiң негізiнде қажеттi бөлiнген күрделi қаржылар көлемiн қайтару МТИ анықталатын болады.
Проблемалық сұрақтар.
- Құрылыс жұмыстарын бастау Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң нұсқауы (Министрде 1999 жылдың 20 шiлдесiнде өткен кеңестiң хаттамасы) негізiнде қабылданған болатын. Жобаны жүзеге асыру жұмыстарын бастаған ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қаржылай қатерлікке барып отыр, өйткенi, ААҚ "Харрикейн Құмкөл Мұнай" компаниясы Атасу эстакадасы арқылы мұнай жiберуге берген кепiлдiгiн орындамалы (жоғарыда көрсетiлген хаттаманың 5 тармағы). Осыған байланысты ЭИС министрлігінiң деңгейiнде, Құмкөлде мұнай өндiретiндермен Атасу арқылы мұнай жiберу жөнiндегі алдағы жоспарларын анықтау үшiн, тиiстi келiссөздер жүргізу қажет.
- Атасу мұнай құю эстакадасын салу құрылысы ұзақ мерзiмде дайындалатын құрал-жабдықтарға (олар сорғыш-күш қуатты және мұнай құю құрал-жабдықтары) тапсырыс берумен жалғасады. Оларды дайындау мерзiмi ақша төленгеннен кейін кем дегенде 4-6 ай.
2.5. Қосымша
Павлодар-Шымкент мұнай құбырының Қарақойын-Атасу бөлігінде қайта жаңарту жұмыстарының жобасы (Мұнай құбырын реверсировалау).
Бастапқы кезде мұнай құбырлар жүйесінің Шығыс филиалы Солтүстіктен Оңтүстікке мұнай тасымалдау үшін лайықталған болатын, атап айтқанда Батыс Сібір мұнайын Сейдинск, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдауға арналған еді. Сондықтан, Құмкөл бас мұнай айдау станциясынан Атасу мұнай құю эстакадасына дейін, Құмкөл кен орнынан қажетті көлемде мұнай тасымалдау үшін, Қарақойын-Атасу бөлігінде реверсировалау жөніндегі шараларды жүргізу қажет. Сонымен қатар, Қарақойын-Атасу бөлiгiнде реверсировалау жөнiндегі шараларды өткізу, болашақта Құмкөл мұнайын Павлодар мұнай өңдеу зауытына тасымалдауға мүмкiндiк бередi.
Қазiргі уақытта, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тапсырысы бойынша, АҚ "Мұнай транспорты институты" (Киев қ.) жасаған Қарақойын-Атасу бағытын, Шығыс филиалының Прииртышск-Шымкент мұнай құбырын реверсировалаудың технико- экономикалық есептерi жүргiзiлдi. Бұл жобаны қаржыландыру Компания есебiнен басталды.
Жобалау институтының есептерi бойынша реверсировалауға жұмсалатын күрделi қаржылар 11,34 млн. АҚШ доллары көлемiнде бағаланды.
Жобаның мақсаты:
- Қарақойын-Атасу мұнай құбыры арқылы Атасу мұнай құятын эстакадаға дейiн мұнай тасымалдау үшiн.
- Павлодар бағытына қарай Павлодар-Шымкент мұнай құбырымен мұнай жiберуге шығатын күрделi қаржылардың көлемiн нақтылау.
Жобаға қатысушылар:
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК, "Мұнай транспорты институты (МТИ) және "Энергоресурстар транспортының проблемалары институты)" (ЭТПИ).
Жобалау жұмыстарына қажеттi негіздер:
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атасу мұнай айдау станциясында мұнай құятын эстакада құрылысын салу және мұнай ағынының бағытын өзгерту жөнiндегі шешiмi (1999 жылдың 20 шiлдеде өткен кеңестiң хаттамасы).
Қаржыландыру көздерi:
Қарыз алу арқылы қаржыландыру.
Жобаның экономикалық деректерi:
- Жобаның құны шамамен: 1-шi кезеңде - $ 213,2 мың құрайды.
- 2-шi кезеңнiң қажеттiлігі мен құнын әзiрлеу, ЭТПИ мұнайдың реологикалық қасиеттерiн депрессаторлар қолдану арқылы зерттеу жұмыстарын өткiзгеннен кейiн анықталады.
- ЭТПИ өткiзiп жатқан зерттеу жұмыстарының құны - $ 55,0 мың.
ОИ кезеңiнде алынған, Технико-экономикалық көрсеткiштер:
- Құбырдың қашықтығы - 626 шақырым
Мұнай құбырының диаметрi, мм:
- Құмкөл-Қарақойын участiгiнде - 720
- Қарақойын-Атасу участiгінде - 820
- Сорғыш станцияларының саны, дана - 2
- қозғау пунктiнiң саны, дана - 4
бөлiнетiн күрделi қаржы көлемi, млн. $ - 19,36
- 1 тонна мұнайды қотарудың тарифтiк
есебi, $ - 3,96
- Өтiмдiлік мерзiмi, жыл - 7,7
Жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жағдайы:
Қазiргі кезде ЭТПИ бiрiншi кезеңнiң зерттеу жұмыстарын аяқтауда.
2.6. Қосымша
"Атырау-Самара Мұнай құбырынан Атырау мұнай айдау станциясына жабысқақтығы жоғары мұнай құю торабының жобасы
1999 жылдың 21-22 қазанында өткен ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Техникалық Кеңесінде (№ 2 хаттамасы) жобалауға қажетті техникалық тапсырмалар дайындау және оны 2000 жылдың күрделі құрылыс жоспарына қосу, Батыс Қазақстанның мұнай қоспасын, Атырау мұнай айдау станциясына мөлшерлеу, сақтау, қабылдау және құю үшін қажетті құрылыс кешенін жобалау және салу жөнінде шешім қабылданған болатын. Атырау мұнай айдау станциясында қолданып жүрген алаңдарда мұнайдың әртүрлі сорттарын құю торабының құрылысын салу туралы шешім қабылданған болатын.
Осы кезде, "Атырау мұнай айдау станциясына жабысқақтығы жоғары мұнай құю торабының" жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға тендер жарияланып, оның жеңiмпазы ККФ "Казнефтетранс" болып анықталды.
Жобаның мақсаты:
Ембi кен орындар тобынан (сонымен қатар жазғы кезеңде Атырау мұнай өңдеу зауытынан) мұнай құбырларына құю үшiн, темір жол арқылы келген мұнайды қабылдауды техникалық мүмкiншіліктермен қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру қазақстандық мұнайларды барынша жинақтау және Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы мұнайдың өтуiн арттырады.
Жобалау жұмыстарына қатысты негiздер:
Техникалық Кеңестiң (21-22 қазандағы № 2 хаттамасы) Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырының Атырау мұнай айдау станциясына бензиннен тазартылған мұнай құю торабының құрылысын салу туралы шешiмi.
Қаржыландыру көздерi:
Қаржыландыруды ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК инвестициялар есебiнен ұйымдастырады.
Технико-экономикалық көрсеткiштерi:
- Қашықтығы шамамен 200-250 метрден болатын 2 жолды темір жол тұйығы.
- 30 вагон-цистернаға арналған, қашықтығы 180 метр, төменнен құю құралдарымен жабдықталған екi жақты құю эстакадасы.
- Резервуарларға және резервуарлардан материалдық мұнай құбырына бiркелкi құю үшiн сорғыш станциясы.
- Бу қазаны бар қазандық.
- Жылуизоляциясы және буспутнигі бар технологиялық құбыр.
- Электрмен қамтамасыз ету байланыс, дабыл бергiш, автоматтандырылған, сумен қамтамасыз ету, канализация және өрт сөндiру т.б. коммуникациялар.
- Жобалаудың құны - $ 68 мың.
- Бөлiнетiн күрделi қаржы көлемi шамамен - $ 5 млн жуық.
Жоба бойынша жасалып жатқан жұмыстардың жағдайы:
Қазiргi уақытта, Атырау мұнай айдау зауытының қолданып жүрген ғимараттары мен құрылыстарын мұнай құю торабының жобасын әзiрлеу кезiнде, оларды пайдаланудың мүмкiншіліктерiне техникалық тексерулер жүргiзiлдi.
Инженерлiк желiгi қосылудың техникалық жағдайлары алынды. Жоба қолданып жүрген ғимараттарды, құрылыстарды және коммуникацияларды барынша пайдалану арқылы және жоба нормаларына сай дайындалу керек.
Проблемалық мәселелер:
Бұл жобаны жүзеге асыру үшiн мезгiлдiң тығыздығын ескере отырып (2000 жылдың маусым айының басы), жобаны дайындау мен жабдықтарды сатып алу процестерi барынша бiрiктіріледi.
2.7. Қосымша
"Құмкөл бас мұнай айдаушы станциясының" жобасы
Жобаның мақсаты:
Мұнайларды дайындау және орталық жинау пунктiнiң жұмыстарын ескере отырып Құмкөл-Қарақойын мұнай құбырының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Жобаға қатысушылар:
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК
Бас жобалаушы:
ААҚ "Мұнай транспорты институты" Киев қаласы.
Жобаның экономикалық деректерi:
Бөлiнетiн күрделi қаржы көлемi шамамен - 1 500 млн. теңге.
2000 жылы - 1 000 млн. теңге игеру жоспарланған.
Жапонияның "Мицуи" арнайы техникаларын сатып алу жөнiндегі жоба
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК арнайы техникалар паркiн жаңарту мақсатында, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және "Мицуи Ко. ЛТД" компаниялары арасында, арнайы техникаларды жеткізу туралы Шартқа қол қойылған болатын.
Жобаны қаржыландыру ААҚ "Казкоммерцбанктың" берген кепілдiк хатының негiзiнде, Жапонияның Эксимбанкінің қаржыларын пайдалану арқылы "жеткізушiнiң несиесi" есебiнен жүзеге асырылады.
Жобаның жалпы құны - 2 071 млн. теңге.
2000 жылы - 2 071 млн. теңге игеру жоспарланған.
"Унифлюкске ұқсас жолай жылыту пешiнiң" жобасы
Магистралдық мұнай құбырларын жолай жылыту ескi пештерiн ауыстыру мақсатында, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және францияның "Kvaerner Heurtey" компаниялары арасында, жолай жылытатын пештердi жеткізу жөнiнде "ниет Шартына" қол қойылды. Қазiргi кезде француздар жағы "Унифлюкске ұқсас жолай жылыту пешiн" Орал және Алматы қалаларында орналасқан қазақстандық зауыттарда жинаy және монтаждау мүмкiншіліктерiн қарастыруда.
Жобаның жалпы құны - 2 260 млн. теңге.
2000 жылы - 452 млн. теңге игеру жоспарланған.
2.8 Қосымша
"Астрахань-Маңғышлақ" суағарының жобасы
Жобаның мақсаты:
Атырау және Маңғыстау аймағында тұратын халықтары өндіріс орындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мәселелерiн шешу.
Жобаны жүзеге асыруға қажетті негіздер:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 7 қарашадағы № 10960 Өкімі. Астрахань-Маңғышлақ суағарын қайта құрудың техника-экономикалық негiздерiн (ТЭН) дайындауға байланысты кепiлдiк алу жөнiнде хаттама, Астрахань-Маңғышлақ суағарын жаңарту жобасын орындауға Йеноволық Несие алу үшiн, бiрігіп іс қимыл жасау туралы хаттама. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК, Мицуи компаниясы және Жапонияның консалтингiлік институт араларында құпиялылық туралы Шарт.
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қатысуы
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Астрахань-Маңғышлақ суағарын жобадағыдай күш қуатына жеткізу мүмкiншiлiктерiн қарастыруда.
Жобаның құрылымы
Жобаның технико-экономикалық негіздерi (ТЭН) жапонияның қаржы институттарының қаржыларын тарту есебiнен әзiрлеу көзделуде. ТЭН әзірлеу құн алдын-ала есеп бойынша - 200 мың АҚШ долларындай.
Жобаны жүзеге асыру кезеңi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 7 қарашадағы № 10960 Өкіміне сәйкес, ЖАҚ "ҚазТрансОйл ҰМТК" Астрахань-Маңғышлақ суағарын қайта құрудың ТЭН жобасын дайындау жөнiндегі мәселелер қарастыруда.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және жапонияның "MITSUI & CO" компаниясы арасында "Астрахань-Маңғышлақ" суағарын қайта құрудың ТЭН жобасын дайындау үшiн, кепiлдiк алуға байланысты хаттамаға" және "Астрахань Маңғышлақ суағарын қайта құру және жаңарту жобасын орындау үшiн Йеновтiк несие алуға бiрiгіп iс-қимыл жасау туралы хаттамаға" қол қойылды.
ТЭН дайындауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру Йеновтік кепiлдiк есебiнен жоспарланып отыр. Технико-экономикалық негiздi (ТЭН) жапонияның "МIТSUI & СО" компаниясы және Жапонияның Халықаралық Өндiрiс және Сауда министрлiгінiң жанындағы Жапон Кеңес институты (JCI) бiрiгіп дайындайтын болады. Бұл институт Жапонияда "Индустриалдық экономиканы ұйымдастыруға байланысты ТЭН дайындау жөнiндегі Бағдарлама" жасаған болатын.
ТЭН дайындаудың бiрiншi кезең есебiнде (ақпараттар жинау) Алматы және Ақтау қалаларына JСI мамандарының жұмыс iссапарлары болды. Онда ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жоспар және суағар жөнiнде ақпараттар тапсырды, маркетинговалық зерттеулер жүргiздi, сонымен қатар, JСI талаптары жөнiнде толық ақпарат бердi. Сондай-ақ, жұмысты орындау үшiн қажетті құпиялықтарды сақтау туралы Келісімшартқа қол қойылды.
Жүргізiлген зерттеу жұмыстарының нәтижелерiне және қазiргі уақытта жеткізу жөнiнде үш балама жобалардың жасалып жатқандығына (Қазақойл, ҚазТрансОйл және МАЭК) байланысты, JСI жоба бойынша жұмыстарды әрқарай жалғастыруын тоқтатандықтары туралы хат жiбердi.
Хатта аймақтың барлық мүдделi ұйымдарының қатысуымен сумен қамтамасыз етудiң бiрыңғай жоспарын жасау қажеттiлігі туралы айтылған. Сонымен қатар, JCI жобаның жалпы жоспарын қарауға дайын екендігін бiлдiрген.
Сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшiн, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгіне Маңғыстау және Атырау облыстарын сумен қамтамасыз етудің жалпы жоспарын дайындау жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы ұсыныстарын жіберді.
ҚР ЭИСМ өткен мәжілістің нәтижесінде, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК өкілі де кірді.
Жобаны қаржыландыру көздері:
Қазіргі уақытта жобаны қаржыландырудың көздері мен шарттары анықталған жоқ.
Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлері.
1986-1987 жылдары салынған "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының жалпы қашықтығы 1041 шақырым. Бұл суағардың маңыздылығы Қазақстан Республикасының батыс аймағындағы мұнай кен орындары мен бірқатар ірі елді мекен-жайларды тұщы сумен қамтамасыз ету факторымен айқындалады.
Қазіргі уақытта "ҚазТрансОйл" ҰМТК "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының қуатын арттыру және Жетібай-Ақтау участігінің құрылысын салып бітіру жобаларын қарауда. "Астрахань-Маңғышлақ" суағарын қайта құрғаннан кейін, оның күш қуаты барлық ірі кәсіпорындарды (ААҚ Маңғыстау мұнайгаз, біріккен кәсіпорын ЖШС Теңгізшевройл, АҚ Қаражанбасмұнай) және Жаңаөзен қаласы мен оның айналасындағы елді мекендердің халықтарын сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігі жеткілікті болады. "Астрахань-Маңғышлақ" суағарының күш-қуатын жобадағыдай жеткізу, Маңғыстау облысын толығымен сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешеді. Суағардың күш-қуатын тәулігіне 260 мың куб.метрге (жылына 91 млн. куб.метр) жеткізу, маңғыстау облысын тұщы сумен қамтамасыз етуді артығымен шешер еді. "Астрахань-Маңғышлақ" суағарын қайта құру және Жетібай-Ақтау участігіндегі құрылысты салу және жобадағыдай күш-қуатына жеткізу, алдын-ала есеп бойынша 150-190 млн. АҚШ долларына бағаланады.
2.9. Қосымша
"Петропавловск-Көкшетау-Астана" мұнай өнімдерін тасымалдау құбырын газ тасымалдау құбыры етіп қайта өзгерту жөніндегі жоба
Жобаның мақсаты: Астана қаласында қолданып жүрген коммуникацияларды мейлінше пайдалану және ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК активтерін тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіру. Отынның барлық түрлерін табиғи газбен алмастыру.
Жобаны жүзеге асырудың негіздері
1998 жылдың 12 қазанындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы газ кешендерi туралы ынтымақтастық хаттама және 1999 жылдың 17 шiлдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы газ кешендерi туралы ынтымақтастық хаттаманы жүзеге асыру жөніндегі бiрiккен жұмыс тобының бiрiншi мәжілісiнiң хаттамасы.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жобаларға қатысуы
Жобаны ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК аффилиировтiк компаниясы болып табылатын ЖАҚ "ТрансПетролеум" және ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жүзеге асырады.
Жобаның құрылымы
Жоба қазақстан және ресей компанияларының қатысуымен жүзеге асады. Сметалық-жоба құжаттарын қазақстан жағы қаржыландыратын жағдайда ААҚ "Газпромның" жобалау ұйымдары дайындайтын болады.
Жобаны жүзеге асыру стадиясы
АҚШ Ресейден Астана қаласына дейiн газ құбырын салу жөніндегі технико-экономикалық негіздердi (ТЭН) дайындауға грант бөлу туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Америка Құрама Штатының Сауда және даму жөнiндегі Агенттiгi арасында қол қойылған келісім шартқа сәйкес, Астана қаласын газбен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізiлуде. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және АҚШ ВSI Industries Inс. компаниялары арасында 1999 жылдың 8 сәуiрiнде технико-экономикалық негiздердi (ТЭН) дайындау жөнiндегі шартқа қол қойылған.
Технико-экономикалық негiздердi дайындауға қажеттi ақпараттарды жинау және оған дайындық жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру ЖАҚ "ТрансПетролеум" компаниясына тапсырылған. 1999 жылдың 8 мамырында ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және ВSI Industries Inс. компаниялары арасында мердiгерлiк жөніндегі келісімге қол қойылды.
Қазiргі уақытта ЖАҚ "ТрансПетролеум" компаниясының мамандары Шарт қосымшасына сәйкес 30 пайызға жуық ақпарат материалдарын жинап және дайындалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiмен және Қорғаныс министрлiгімен қажеттi келісімдер өткізiлдi. Травники-Петропавловск мұнай айдау пунктiнiң бiр бөлiгiн "Уралнефтепродуктқа" (Уфа) жалға беру мүмкiншiлiктерi жөнiндегі ниет хаттамасы және оның техникалық деректерi дайындалды. Травники-Петропавловск мұнай айдау пунктiнiң және оның Бұхара-Урал магистральдық газ құбырымен қиылысатын жерінiң ахуалдық жоспары дайындалды. Құбырды газ өткізуге қайта өзгертуге байланысты (Петропавловск-Көкшетау-Астана), құбырлардан өтетiн өнiмдерге қатысты, сонымен қатар су кедергiлерi, көлiк және темір жолдары арқылы өтуге байланысты орындалатын құжаттар жобалары дайындалды. "Уралтрансгаз" және ААҚ "Газпромның" кәсiпорындарымен болашақта газ құбырын Бұхара-Урал газ құбырына қосудың техникалық мүмкiншілiктерi және жылына 700-900 млн. м3 көлемiнде газ алу жөнiнде келiссөздер жүргiзiлуде.
Қол қойған шартқа байланысты технико-экономикалық негіздер (ТЭН) 2000 жылдың сәуірінде аяқталу керек. Қазіргі BSI Industries, Inc. компаниясынан ТЭН жөніндегі алдын-ала жасалған есептер алынды.
Сонымен қатар, ресейлік "Газпромразвитие" және "Транснефтепродукт" кәсіпорындарымен мұнай тасымалдау құбырларын газ тасымалдау құбырына қайта өзгерту мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жобаны қаржыландыру:
Жобаны қаржыландыру көздері әлі анықталған жоқ.
Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлері
Жобаның бірнеше нұсқалары әзірленген:
Нұсқа: Ишим-Петропавловск-Астана құбырының Ишим-Петропавловск участігінде қашықтығы 156 шақырымдық, диаметрі 530 мм. болатын жаңа құрылыс салу жоспарланды. Бас компрессорлық станция Ишим маңында болады. Петропавловск-Астана участігінде қашықтығы 493 шақырымдық, диаметрі 325х8 мм. мұнай тасымалдау құбырын қайта өзгерту және осы участікте 4 компрессорлық станция салу қарастырылуда. Жоба толық аяқталғаннан кейін Астана қаласына газ беру көлемі жылына 550 млн. куб.м. болады. Жобаның құны 115 млн. АҚШ долларын құрайды.
Нұсқа: Травник-Петропавловск-Астана құбырының құрылысын үш кезеңде салу. Бірінші кезең Петропавловск-Астана участігінде қашықтығы 493 шақырым, диаметрі 377х9 мм. мұнай тасымалдау құбырын газ құбыры етіп қайта өзгерту. Бұл жағдайда компрессорлық станция құрылыс ресей территориясындағы Травник пос. салу қарастырылуда. Бұл кезеңде Астанаға газ беру көлемі жылына 210 млн.куб.м. болады. Жоба құны 43 млн. АҚШ долларын құрайды. Келесі кезең, тағыда бес компрессорлық станция құрылыс салуды жоспарлап отыр. Бұл құрылыстар аяқталған жағдайда Астана қаласын жылына 550 млн.куб.м. көлемде газбен қамтамасыз етеді. Бұл жоба бойынша жалпы шығатын шығын 86,7 млн. АҚШ доллары көлемінде болады.
Жоба бойынша Петропавловск қаласында газ жеткізу жоспарланып отыр, бірақ Қалада газ бөлу жүйелерінің жоқтығына байланысты, бірінші кезеңде газ тек қана Астана қаласына жеткізілетін болады. Екі нұсқаның да құны бірдей, яғни 1000 куб.м. газ 60 АҚШ доллар болады.
"А" нұсқасы бойынша құрылыстың мерзімі - 30 ай, ал "Б" нұсқасы бойынша - 42 ай.
2.10 Қосымша
Үлкен-Шаған-Атырау мұнай құбыры (Жаңа құбыры)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылдың 29 сәуiріндегі "Құбырмен тасымалдаушы дамытудың жекелеген мәселелерi туралы" № 513 Қаулысымен ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орны жөніндегі СОСРП 7.2. тарауының шарттарына сәйкес, ҚР Өкілетті органы - "Қазақойл" ҰМК өткізетiн кеңеске, КҚК жүйесiне Қарашығанақ кен орындарының өнiмдерiн жеткізу мүмкiншiлiктерiн талқылауға қатысу туралы тапсырма берiлген болатын.
СОСРП сәйкес Қарашығанақ өнiмдерiн КҚК келесi нұсқалардың бiрi бойынша жеткізудi жүзеге асыру қарастырылған болатын:
1. Самараға тасымалдау үшiн Yлкен Шағанға келетiн сұйық көмiртегін, Атырауға берiлетiн сұйық көмiртегiмен ауыстыру жолымен.
2. Үлкен Шаған-Атырау арасындағы жаңа құбырмен КҚК тiкелей жеткізу жолымен.
3. Үлкен Шағаннан Атырауға дейiн қолданып жүрген құбыр желісінiң бағытын өзгерту жолымен.
1999 жылдың маусымында Қарашығанақ өнiмдерiн КҚК құбырына жеткізу Үлкен Шағаннан Атырауға дейiн жаңа құбыр құрылысын салу жолымен қамтамасыз ету шешілген едi. Осы мәселелерге байланысты 1999 жылдың 18 маусымында ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мен ОСРП арасында Үлкен Шағаннан Атырауға дейiн жаңа құбыр құрылысын салу туралы тиiстi Меморандумға қол қойылған болатын. Онда Қарашығанақ туралы ОСРП толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнiнде нақты жағдайлар баяндалған.
Сондай-ақ өнiмдердi Самараға жiберу жөніндегі Меморандумға қол қойылған болатын. Осыған сәйкес Мердiгершi Қарашығанақ кен орнынан Самараға сұйық көмiртегiн жеткізу мәселелерi туралы Қазақойл, КТО және ҚР тиiстi ведомстволарымен кеңесудi бастауға тiлек бiлдiрдi. Онда Мердiгершiнiң коммерциялық, қаржылық, техникалық немесе эксплуатациялық жағдайларын нашарлатуға әкелмейтiн, ОСРП жөніндегі мiндеттерiн орындау немесе құқықтарына қысымшылық көрсетпеу талаптарын қойды.
Меморандумның жаңа құбыр құрылысын салу мәселелерiнiң негiзiнде Шерман және Стерлинг компаниялары ОСРП-дағы Қарашығанақ газ мұнай конденсаттар кен орынның мердiгерлiк участкiсiне өзгерістер енгізу туралы Келісім шарттың жобасын дайындап, оны 1999 жылдың қазан айында ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және басқада мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қарауларына ұсынды. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жоба жөнiндегі өзiнiң ескертулерiн ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгіне дайындап бердi. Оның iшiнде ең негізгiсi ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мердiгерiне өту құқығын беру және өту құқықтарын анықтау пунктке жеткізу жөніндегі ережелерге қатысты болып саналады.
Жаңа және қосылатын құбырлардың қуатты бiрiншi кезеңде жылына 7 млн. тонна, ал болашақта жылына 11 млн. тоннаға дейiн кеңейту көзделiп отыр. Қарашығанақ мердiгерлерiнiң КТК алдындағы мiндеттерiнiң жалпы қосындысы жылына 6 млн. тоннаны құрайды. КТК-да ЛУКойл-дың да квотасы бар, оны жарым-жартылай Қарашығанақ кен орындарының өнiмдерiн тасымалдау үшiн берулерi мүмкiн. Жоба жөнiндегі жұмыс кестесiне байланысты, құбырды салу құрылысы 2000 жылдың сәуiрiнде басталып, оны пайдалануға өткізу КТК құбырын пайдалануға өткізу қарсаңында беру белгiленiп отыр.