Жаңа құбырдың трассасы қолданып жүрген Атырау-Самара мұнай құбырына жақын орналасады. Қарашығанақтың интегрироваланған ұйымы (КИҰ) ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жобаны жүзеге асыруға көмек беру туралы өтініш жасады. Өткен жылдың жазы мен күзінде бірнеше келіссөздер жүргізілді, оның нәтижесінде ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мынадай көмек беруге келісті:
1) Қолданып жүрген құбырларды және инженерлік жүйелерді барынша пайдалану арқылы, жаңа құбырды концептуалды және нақты инженерлік тұрғыдан жобалау;
2) Құбыр құрылысын салуға, оған қажетті жер участіктерін алуға, инженерлік коммуникацияларға қосылуға тиісті дайындық жұмыстарын және рұқсат алып беруге көмектесу, сонымен қатар, ҚР қолданыста жүрген нормалар мен ережелерге жоба құжаттарының және техникалық шешімдерінің сәйкестігін тексеру;
3) Жаңа құбырдың құрылыс жұмыстарына техникалық бақылаулар жасау;
4) Жаңа құбыр пайдалануға берiлгеннен кейiн және қосылатын Ақсай - Үлкен Шаған құбырларына техникалық қызмет көрсету мен пайдалану.
Қазiргi уақытта КТО мен КПО мыналарға қол қойды:
1. Жаңа құбыр құрылысын салуға қатысты шектеулi шартқа;
2. Жобалауға байланысты қызмет көрсету туралы Шарт (Шектеулi шартқа А қосымшасы ретінде);
3. Құпиялылық жөнiндегі келісім-шарт (Шектеулi шартқа Б қосымшасы ретiнде);
Шектеулi келісім-шарт КТО мен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг арасында Жаңа және қосылатын құбырларды жобалау, құрылысты сатуда және пайдалануда кезіндегі негізгi салалары мен ынтымақтастық принциптерiн анықтайды.
Жобалауға байланысты қызмет көрсету туралы шарт жобалау кезiнде ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қызмет көрсетудi орындау тәртібі мен ақысын, жұмыс көлемiн анықтайды. Қызметті негiзгi екi бағытта - жобалауда және техникалық талаптар мен қажеттi рұқсат алуда көрсетiледi.
Негізгі мәселелер
1. Жаңа және қосылатын құбырлардың операторы етiп КТО тағайындау мәселесi. Шектеулi келісім-шартқа байланысты, егер тараптар операторлық жөнiндегі келісім-шартқа 2000 жылдың 30 маусымына дейiн қол қойса (тараптарға қатысы жоқ объективтiк жағдайларға байланысты, бұл мерзімі кейiнге созылуы мүмкiн), онда ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Жаңа және қосылатын құбырлардың операторы болып тағайындалады. Осы жерде нақтылау қажет, егер КИО операторлық туралы келісім-шарт жөнiнде келiссөз жүргізуге дайын болғанда, сонымен қатар, КИО КТО оператор етіп тағайындауға мүдделi және операторлық туралы шарттар жөнiнде эксклюзивтiк келiссөз өткізуге дайын екендiгiне кепiлдiк алу керек.
2. Жаңа құбыр және Атырау-Самара құбырын бiрiгiп пайдалану, инфрақұрылымдарды жаңарту жөнiндегі жобаны бiрiгiп iс жүзiне асыру жолдарын талқылау қажет. Ол үшiн, Жаңа құбырды талапқа сай жетілдiру жоспарын жүзеге асыру және КТО оператор есебiндегі құқықтарын қарастыру қажет.
3. 1999 жылдың 18 маусымында қабылданған Меморандумға байланысты Самараға жiберiлетiн Қарашығанақ өнiмдерi жөніндегі келісім өзара түсiнiстiкке жету үшiн, Қарашығанақ мердiгерлерiмен ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК және Қазақойл кеңес өткізу жоспарланған болатын. Атырау-Самара мұнай құбырын кезең-кезеңмен қайта құрудың негiзделген көлемiн анықтау мақсатында, Қарашығанақ өнiмдерiн Үлкен Шаған-Самара участiгінде тасымалдауға қажетті көлемiн және Қарашығанақ мердiгерлерiнiң осы участігінде мұнай құбырын кеңейту жобасын қаржыландыруға мүдделi екендiгiн бiлу керек.
Қазiргі кезде мынадай жұмыстар атқарылды:
- Компания Президентінің бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
- Орал қаласында КИО және Батыс филиалының жетекшi мамандарының қатысуымен кеңес өткiзiлдi. Кеңестiң мақсаты - мамандарға жобаны жүзеге асырудағы ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК мiндеттерiн түсiндiру, оларды барлық негізгі құжаттармен таныстыру. Кеңеске қатысушылар Үлкен Шаған, Атырау мұнай айдау станцияларында болды, Үлкен Шаған-Атырау жаңа мұнай құбырының қажеттілігі үшін, қолда бар инфрақұрылымдарды пайдаланудың нақты көлемін анықтады. Таяу уақытта КИО электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелеріне қосылудың техникалық шарттарын алу үшін, тиісті түрде ресми сұрау жасайды. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК бекітілген тәртіп бойынша техникалық шарттарды береді.
2.11 Қосымша
Каспий құбыр консорциумының жобасы
Жобаның мақсаты
Теңгіз және Қарашығанақ кен орындарының мұнайларын халықаралық рынокке тасымалдауды қамтамасыз ету.
Жобаны жүзеге асыруға қажеттi негiздер.
Жабық Акционерлік Қоғам Каспий құбыр консорциумын - Р және Жабық Акционерлік Қоғам Каспий құбыр консорциумын - К құру жөнiндегі шарт, Каспий құбыр консорциумын қайта құру жөніндегі шарт, ҚР Yкіметiнiң 1999 жылдың 27 мамырындағы № 662 қаулысы.
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қатысуы
ҚР Үкіметi қаулысының негізiнде ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК КҚК-Р және КҚК-К уәкiлеттi өкiлi болып анықталды.
Жобаның құрылымы
Қазiргi уақытта КҚК акцияларының Ресейге - 24 пайызы, Қазақстанға - 19 пайызы, Оманға - 7 пайызы жатады. Ал, қалған 50 пайызын американдық Сhеvrоп Рiреlinе Соnsortinm Со. (15 пайыз), Моbil Caspian Рiреlinе Сj. (7,5 пайыз), Оrух Caspian Рiреlinе L.L.С. (1,75 пайыз), ресей-американдық LUKArco B.V. (12,5 пайыз), ресей-британдық Rosneft-Shell Caspian Ventures Ltd. (7,5 пайыз), итальяндық Agip International (N.А.) N.V. (2 пайыз), британдық ВG Overseas Holbings Ltd. (2 пайыз) және Kazakhstan Рiреlinе Ventures L.L.С. (1,75 пайыз) өзара бөлiскен.
Жобаны жүзеге асыру стадиясы
ҚР Yкіметі КҚК-К құбырының активтерiн (1998 жылдың 18 ақпанындағы жағдай бойынша) ҚТО бергеннен кейiн және КҚК-К "Техникалық қызмет көрсету және пайдалану жөнiндегі келісім-шартты" бекіттi, осыған сәйкес ҚТО екi жылдан берi КҚК-К, бұған қоса Теңгiз бас мұнай айдау станциясының активтерiне техникалық және пайдалануға қызмет көрсетiп отыр.
Активтердi пайдалану жөнiндегі ағымдағы жұмыстардан басқа, "1999 жылға арналған 0-452 шақырымдық "Теңгіз-Грозный" мұнай құбырының сенiмдiлiгін арттыру жөнiндегі ұйымдық-техникалық шаралардың бағдарламасы" дайындалып, 1999 жылдың 7 шiлдесiнде бекітілдi. Бағдарламада КҚК мұнай құбырларының сенiмдi, бiрқалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн жұмыстардың комплексi (33 iс-шара) қарастырылды. Жұмыстарды қаржыландыруды негiзiнен КҚК-К атқарады, ал мердiгерлер болып, тендер негізiнде таңдап алынған ҚТО және басқа да ұйымдар бола алады.
Бұл Бағдарламаның негізгi бiр шаралары, мұнай құбырының 204-452 шақырымдары аралығында тазалау және диагностикалық жұмыстар өткізу болып саналады. Бiрақ, бұл жұмыстарды бастамас бұрын, осы участкідегі мұнай құбырынан мұнайды шығару қажет. ҚТО КҚК-К және АҚ "Транснефть" компанияларымен бiрнеше рет келiссөздер жүргіздi және барлық дайындық жұмыстарын орындады. Құбырдан мұнайды шығару, АҚ "Транснефть" компаниясы Ресей Кеден органдарымен өз мәселелерiн шешкеннен кейiн басталады.
Қазiргi уақытта ҚР Үкіметiнiң 1999 жылдың 27 мамырындағы № 662 қаулысына сәйкес КҚК Қазақстан Республикасының үлесi ҚТО Жарғы қорына беру жөнiндегі шаралар жүргізуде. ҚТО және ККК-К арасында, КҚК-К құбырлар активтерiне техникалық қызмет көрсету және пайдалану туралы келісім-шарт бекітілдi.
Бекiтiлген заңдарға сәйкес, ҚазТрансОйл және Қазақойл арасында 1999 жылдың 1 қарашасында ЖАҚ "КҚК-К" және ЖАҚ "КҚК-Р" Қазақойл компаниясының үлесiн ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК иелену және пайдалану құқығын беру туралы № 530/99//1 келісім-шартына қол қойылды. Ал, 1999 жылдың 6 желтоқсанында Қазақойл компаниясынан КҚК Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау құқығына сенімхат алды.
Жобаны қаржыландыру
Жоба мұнай өндірушілердің қаржылары есебінен қаржыландырады, яғни жобаға қатысушылар РФ, ҚР, Оман, Шеврон, біріккен кәсіпорын Лукойл/Лукарко, Роснефть, Шелл, Мобил, Бритиш Газ, Аджип, Орикс және Қазақойл/Амоко.
Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлері
Жобаның алғашқы күш қуаты жылына 28 млн. тонна, оны кейіннен жылына 67 млн. тоннаға дейін кеңейту көзделген. Күш қуаты жылына 28 млн. тонна болатын, алғашқы құрылыс жобасының құны шамамен 2.2 миллиард АҚШ долларына жуық, жылына 67 млн. тонна болғанда - 4.5 миллиард АҚШ доллары болады.
Пайдалануға берілетін уақыты - 2001 жылдың 30 маусымы.
2.12. Қосымша
Ақтау портын қайта құру кеңейту және танкерлік (баржылық) тасымалдауды ұйымдастыру.
Бұл бағыттағы жоба жеке, немесе, Транс Каспий Транспорттық Жүйесінің, Иран арқылы экспортқа шығарудың, Махачкала-Новороссийск бағытында экспортқа шығарудың бір бөлігі болуы мүмкін.
Жоба Қазақстанда және транзиттiк елдерде қосымша көлiк қуаттарын құру және қолда барын пайдалануды алдын ала болжау.
Батыс Қазақстанда өндiрiлiп жатқан мұнай Ақтау портына темір жол және қолданып жүрген құбырлар арқылы жеткiзiледi. Мұнай Ақтау портынан Каспий жағалауындағы басқа елдердiң порттарына жеткізіледi, одан әрi қолданып жүрген және жаңа жүйелер бойынша экспортқа шығарылады.
Бұл бағыттарды пайдалану, жылына 6-12 млн. тонна мұнай тасымалдауды қамтамасыз етуi мүмкiн.
Мұнай-Батыс Қазақстан қоспасы. Ресурстары анықталмаған.
Рыноктар:
- Қара және Жерорта теңiздерiнiң аймағы, бұл жерлерде мұнайға деген сұраныс тұрақты және мұнай жеткізушiлер арасында үлкен бәсекелестiк бар. Баға деңгейi мұнай құрамындағы қоспалардың сапасымен анықталады және Брент маркерлiк сортынан төмен болады.
- Персi шығанағы, ұсыныстар өте көп, мұнай жеткізушiлер арасында үлкен бәсекелестiк бар. Баға деңгейi Брент маркерлiк сортынан төмен (Брент - 1,0).
Қажеттi күрделi қаржылар:
- 1 сценарий (жылына 6 млн. тонна)
- Ақтау темір жол станциясын қайта құру (жылына 4 млн.тонна) - $ 10 млн.
- Ақтау портын қайта құру - $ 15 млн.
- Сыйымдылығы 7500 тонна болатын 8 танкердi жалға алу.
- Күрделi шығындар - $ 25 млн. бұған жылда танкерлердi жалға алу үшiн, шығатын шығындарды қосу керек.
- 2 сценарий (жылына 8 млн. тонна)
- Ақтау темір жол станциясын қайта құру (жылына 4 млн. тонна) - $ 10 млн.
- Бұзашыда сорғыш станциясының құрылысын салу - $ 20 млн.
- Ақтау портын қайта құру - $ 29 млн.
- Сыйымдылығы 7500 тоннадан болатын 5 танкердi және 20000 тоннадан болатын 2 баржаны жалға алу.
- Күрделi шығындардың барлығы - $ 59 млн. бұған жылда танкерлердi жалға алу үшiн, шығатын шығындарды қосу керек.
3 сценарий (жылына 12 млн. тонна)
Ақтау темір жол станциясын қайта құру (жылына 4 млн.тонна) - $ 10 млн.
- Бұзашыда сорғыш станциясының құрылысын салу - $ 20 млн.
- Жылына 4 млн. тонна өткізуге арнап Ақтау-Өзен мұнай құбырын қалпына келтіру - $ 22 млн.
- Ақтау портын қайта құру және кеңейту - $ 44 млн.
- Сиымдылығы 7500 тоннадан болатын 4 танкерді және 20 мың тоннадан болатын 4 баржаны жалға алу.
Күрделі шығындардың барлығы - $ 96 млн. бұған жылда танкерлерді жалға алу үшін, шығатын шығындарды қосу керек.
Қаржыландыру көздері мен шарттары әлі анықталмаған.
Маршрут бойынша көлік шығындары:
- Ақтау-Баку-Батуми - $/bbl 5,98
- Ақтау-Махачкала-Новороссийск - $/bbl 5,1
- Ақтау-Нека-Харг аралы - $/bbl 4,35
Қауіп-қатерлер:
Саяси: транзиттік елдердің тарифтік саясаты, кеме қатынастарын реттеу.
Экономикалық: басқа елдердің инвестициялық қажеттіліктері, танкерлер және/немесе баржалар сатып алу.
Экологиялық: Каспий теңізін ластау.
Қорытынды:
Бұл жобаны жүзеге асырудың күн талабына сай келуі және осыған байланысты қажетті техникалық жұмыстарды өткізу, ең алдымен осы маршрут бойынша тасылатын мұнайдың нақты көлеміне және тасымалдауға барынша шығатын шығындарға байланысты болады.
2.13. Қосымша
Қазақстан-Түркіменстан-Иран мұнай құбыры
Бұл маршрут Қазақстан Республикасында жұмыс істеп жатқан мұнай өндiрушілер үшiн, Иранның солтүстiк, орталық аудандарында орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына және Азиялық-Тынық мұхит аймағындағы елдердiң рыногына шығудың қысқа жолдарының бiрi болып саналады.
Жобаның мақсаты:
Қазақстан Республикасында жұмыс істеп жатқан мұнай өндiрушiлер үшiн, Персі шығанағы арқылы Азиялық-Тынық мұхит аймағындағы сату рыногына шығу ең көп экономикалық пайда табады.
Жобаны жүзеге асырудың негiздерi:
ҚР Yкіметінiң 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 513 қаулысы.
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қатысуы:
ҚР Үкіметінiң 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 513 қаулысының негiзiнде ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жоба бойынша, ТотальФина, Аджип және Бритиш Газ компанияларымен келiссөздер жүргiзуде.
Жобаның құрылымы:
Алдын-ала жасалған технико-экономикалық негiздерi (ТЭН) бойынша жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында консорциум құрылатын болады, оның құрамына территорияларына құбыр салынатын елдер және жобаға қатысушы мұнай компаниялары кiредi. Егер, ҚР Үкіметі құбыр құрылысын салуды оң шешкен жағдайда, онда консорциум жобаны жүзеге асыруда артықшылық құқығына ие болады. Сонымен қатар, құбырдың өткізу мүмкiншіліктерi негізiнен мұнай компанияларының жобаға қосқан үлестерiне сәйкес бөлiнетін болжаланып отыр.
Жобаны жүзеге асыру стадиясы:
Қазiргi кезде ТотальФина компаниясы алдын-ала жасалатын технико-экономикалық негіздер (ТЭН) жөніндегі жұмыстардың кейбіреулерiн орындады. Жобаны жүзеге асыру құрылымы жөніндегі келiссөздер жүргізiлуде.
Жобаны жүзеге асыру кезең-кезеңмен болатындығы ұйғарылып отыр:
- 1 кезең. Алдын-ала жасалған технико-экономикалық негiздерді (ТЭН) iске асыру - 2000 жылдың екiншi жартысы.
- 2 кезең. ТЭН дайындау.
- 3 кезең. Жұмыс жобасы, қаржы аспектiлерi, өту құқығы.
- 4 кезең. Мұнай құбырының құрылысын салу.
Құбыр арқылы негізiнен Каспий мұнайы тасымалданады деп шамалануда, сондықтан, жобаны жүзеге асыру, Каспий шельфiнде бұрғылау жұмыстарының нәтижелерiмен және кәсiптiк мұнай өндiрудi бастаумен байланысты. Жобаны жүзеге асыру мерзiмi, Каспий теңiзiнiң шельфіндегі бұрғылау жұмыстарының нәтижелерiне байланысты екендiгiн атап өту қажет.
Жобаны қаржыландыру көздерi:
Алдын-ала жасалатын ТЭН және жобаның ТЭН дайындауды, сондай-ақ жобаны одан әрi жүзеге асыруды қаржыландыруды Мұнай компаниялары iске асыратындығы топшаланып отыр.
Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлерi:
ТотальФина компаниясының алдын-ала берген деректер бойынша, Қазақстан участiгiнiң өткізу мүмкiншiлiктерi жылына 25 млн. тонна деп болжалануда, Жұмсалатын күрделi қаржылар көлемi 450 ден 600 млн. АҚШ доллары. Түркiмен және Иран участiктерi бойынша деректер жоқ.
Қазақстан-Түркiменстан-Иран (Персi шығанағы) мұнай құбыр жобасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы мүмкiн:
- Бастапқы кезең Ақтау портынан танкерлермен Каспий теңізі арқылы Иран портына жылына 2 млн. - 6 млн. дейін мұнай тасу көзделіп отыр. Қазақстан мен Иран арасындағы үкіметаралық
- келісімшартқа сәйкес Иран Персі шығанағындағы терминалдарға орналастырады.
- Болашақта Қазақстанның мұнайын Иранның Солтүстігіндегі мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу Түркіменстан арқылы Тегеранға дейін құбыр құрылысының салынуы мүмкін.
- Болашақта Иранның қолданып жүрген мұнай құбырлары жүйесінің ағу бағытын өзгерту есебінен, (қазіргі уақытта онда мұнайды оңтүстікпен солтүстікке тасиды) Персі шығанағындағы елдердің рыноктарына Каспий мұнайын қосымша көлемде жіберуді қамтамасыз етуге болады.
Ресурстары - анықталмаған, ОКІОС көлемінде болуы мүмкін.
Рыноктар: Персі шығанағы, ұсыныстар өте көп, мұнай жеткізушілер арасында үлкен бәсекелестік бар. Баға деңгейі Брент маркерлік сортынан төмен және Брент - 1,0 құрайды.
Қауіп-қатерлер:
Саяси: АҚШ санкциясы
Экономикалық: Толық көлемдегі ТЭН жоқтығы, шығатын шығындар құрылымы берілмеген, Иран мұнайының бәсекелестігі, Иранның баға саясатына бағыныштығы.
Экологиялық: тау рельефтері, трассалары анықталмаған.
2.14. Қосымша
Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысын салу жобасы.
Жобаның мақсаты:
Батыс Қазақстаннан Батыс Қытайға мұнай құбырының құрылысын салу Қазақстан Республикасының экспорттық потенциалын өсіруге мүмкіндік жасайды. Бұл маршрут кейбір жағдайларда Қазақстанның ішкi рыногiнде энергетикалық тәуелсiздiктi қамтамасыз ете алады, өйткенi, мұнай құбыры республикамыздың мұнай өндiрушi батыс аймағын, Шымкент және Павлодар қалаларында орналасқан ірi мұнай өңдеу зауыттарымен байланыстырады.
Жобаны жүзеге асырудың негіздерi:
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (ҚҰМК) арасында 1997 жылдың 24 қыркүйегінде Бас Келісімшартқа қол қойылды.
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қатысуы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (98 ж. 22.04.№ 73-0-0) өкіміне сәйкес, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК Қытай Ұлттық Корпорациясымен мұнай-газды барлау және ТЭН әзiрлеу байланысты, "Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының технико-экономикалық негіздерiн (ТЭН) бiрiгіп әзiрлеу жөнiндегі келісімшартты" 1998 жылдың 13 маусымында дайындап бекiттi.
ТЭН дайындауды "Каспиймұнайгаз" институтының (Атырау қаласы), Мұнай жобалау және жоспарлау орталық институтының (ҚҰМК Пекин қаласы) және ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТҚ мамандары бiрiгіп жасауда.
Жобаны жүзеге асырудың стадиясы:
1999 жылдың қыркүйегiнiң соңында ТЭН жөнiндегі есеп Үйлестiру комитетiне тапсырылған болатын.
1999 жылдың 21-22 қарашада Алматы қаласында өткен Үйлестiру комитетiнiң үшiншi мәжілісiнде ТЭН нәтижелерi талқыланды.
ТЭН тиiстi толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн, 2000 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкiметтерiне жобаны жүзеге асыру жөнiнде соңғы шешiм қабылдау үшiн тапсырылды.
Жобаны қаржыландыру:
Қол қойылған Бас келісімшартқа сәйкес, мұнай құбыры құрылысының жобасын, сондай-ақ ТЭН дайындауды қаржыландыру ҚҰМК қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлерi:
- Мұнай құбырының алғашқы кезде өткізу мүмкiншiлiктерi - жылына 20 млн. тонна
- Атырау-Жаңажол-Арал-Құмкөл-Барсеңгiр-Алашанькоу маршруты (трассаның солтүстiк нұсқасы).
- Жалпы бөлiнетiн қаржы көлемi - 2157,8 млн. АҚШ доллары.
- Қазақстан территориясы бойынша мұнай құбырының қашықтығы - 2797 шақырым, ҚХР бойынша - 480 шақырым.
- Алдын ала болжам бойынша қоспаның құрамы - Жаңажол, Өзен, Құмкөл, Каспий шельфi кен орындарының мұнайлары.
- ҚР территориясы бойынша тариф - баррельге 3,3 АҚШ доллары (жеңiлдетiлген салық салған жағдайда), баррельге 3,98 АҚШ доллары (салық салу жоқ болған жағдайда).
- Iшкi тиiмдiлiк (салық салғанға дейiн) - 12 пайыз.
- Бөлiнген күрделi қаржыларды қайтару мерзiмi - 9-8 жыл.
- Күрделi қаржыдан түсетiн пайда - 8,5 пайыз.
Жүзеге асыру графигі:
Жаңажол-Алашанькоу участігінің құрылысын бастау мерзімі 2001 жылдың маусымы, аяқталуы - 2005 жылдың маусымы.
Атырау-Жаңажол участігінің құрылысын бастау мерзімі - 2003 жылдың маусымы, аяқталуы - 2004 жылдың маусымы және барлық желіні пайдалануға беру.
Бөлінетін күрделі қаржылардың жыл сайынғы бөлінуінің қосындысы:
- 2001 жылы - 364,8 мың АҚШ доллары
- 2002 жылы - 729, 6 мың АҚШ доллары
- 2003 жылы - 863,2 мың АҚШ доллары
- 2004 жылы - 200,4 мың АҚШ доллары
Ресурстары: Шикі хат көзі болып Қазақстан Республикасындағы ҚҰМК мұнай ресурстары (Ақтөбе және Өзен кен орындары) және Қазақстанның жаңа кен орындарынан алынған қосымша ресурстар жатады.
Рыноктар: Қазақстан Республикасының территориясына жақын орналасқан Қытай аймақтарындағы мұнайға деген сұраныстар жергілікті ресурстар есебінен қанағаттандырылады. Қазақстан мұнайын тұтынушылар қытайдың оңтүстік-батыс және оңтүстік-орталықта орналасқан МӨЗ (мұнай өңдеу зауыттары) болуы мүмкін, бұл Қытай территориясы бойынша маршруттың тым қашықтығымен негізделген.
Экспортқа (Алашанькоуға) шығаратын қазақстандық мұнайдың баға деңгейі Брент маркерінен төмен болады және Брент - 1,02 құрайды.
Қауіп-қатерлер:
Саяси: Қазақстан үшін балама рыногінің жоқтығы, Қытайдағы экономикалық реформалар саясаты.
Экономикалық: инвестициялық талаптардың жоғарылығы, транспорттық шығындардың жоғарылығы, Қытайдың ішкі мұнай бағасын мемлекеттік реттеу.
Экологиялық: Экологиялық қауіп-қатер күткен деңгей шеңберінде - әдетінше.
Қорытынды: Жобаны жүзеге асыру және оны қаржыландыру қажетті мұнай ресурстарының қолда барымен және екі мемлекет басшыларының саяси шешімдерімен байланысты.
2.15. Қосымша
Транс Каспий мұнай-газ құбырының құрылысын салу және оған қосылатын транспорттық жүйелердiң (ТКТЖ) жобасы
Жобаның мақсаты:
Қазақстан Республикасының Каспий аймағында игерiлiп және өндiрiлген табиғи газ-мұнайды халықаралық рыноктерге шығаруды жүзеге асыру үшiн, ішкi және экспорттық тасымалдау жүйелерiн кеңейту.
Жобаны жүзеге асырудың негiздерi
1998 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Амоко, Мобил, Шелл және Шеврон компаниялары арасында қол қойылған "Қазақстан Республикасының мұнай мен газды тасымалдау жөнiндегі Стратегиялық жоспарының және iс-қимыл жасау жоспарын дайындау туралы хаттама"
1998 жылдың шiлде айында жоғарыда аталған компаниялардың ҚР Үкіметіне тапсырған "Қазақстан Республикасының мұнай мен газды тасымалдау жөніндегі Стратегиялық жоспары"
1998 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мобил, Шелл, Шеврон және Қазақойл ҰМ компаниялары арасында қол қойылған "Транс Каспий мұнай-газ құбырларының және оған қосылатын транспорттық жүйелердiң технико-экономикалық негiздерiн дайындауға берiлген айрықша тапсырма"
Жобаға ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қатысуы
ҚР Үкіметінiң 1999 жылдың 29 сәуiрiндегі № 513 қаулысына сәйкес, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК "Айрықша тапсырманың" шарттарына байланысты ТЭН дайындауды жүзеге асыру тапсырылды.
Жобаны жүзеге асыру стадиясы
ТЭН дайындау екi кезеңнен тұрады, бiрiншi - объектiлердi жоспарлау және бизнес-жоспар, екіншi - техникалық нобайларды дайындау. Барлық дайындық жұмыстарды 21 ай iшiнде бiтiру керек. 1999 жылдың қарашасында Үйлестiру комитетiнiң мүшелерiне дайындаған ТЭН қарауға тапсырылды ТЭН бойынша анықтаған ескертулердi компанияларға тапсырылды.
2000 жылдың 3 наурызында Yйлестiру комитетiнде ТЭН тағы да қаралды және оны ҚР Үкіметінiң қарауына жiбердi.
ТЭН дайындағандар техникалық нобайларды дайындау жұмысын бастау ерте деп санайды. Бұл жобаны жүзеге асыру Каспий теңiзiнiң шельфiнде ОКIОС компаниясы жүргiзiп жатқан бұрғылау барлау жұмыстарының нәтижелерiне байланысты.
Жобаны қаржыландыру көздерi
Қол қойылған "Айрықша тапсырманың" шарттарына байланысты, Технико-экономикалық негiздердi (ТЭН) дайындау, және Транс Каспий мұнай-газ құбырының және оған қосылатын транспорттық жүйелердiң құрылысын салуды қаржыландыратын Мобил, Шелл және Шеврон компаниялары болады (шамамен $20 млн. көлемiнде).
ТЭН нәтижелерi бойынша, Транс Каспий мұнай-газ құбырын салуға жұмсалатын күрделi шығындар, оған қатысушы елдердiң салық тәртiптерiне және берiлетiн жеңiлдiктер мен салықтан босатуға байланысты, 3,9 миллиардтан 5 миллиардқа дейiн АҚШ доллары болып бағалануда.
Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлерi
Батыс Қазақстан-Жейхан мұнай құбырының кейбір көрсеткiштерi:
Қашықтығы: Қазақстанда - 659, Әзiрбайжанда - 491, Грузияда - 218, Турцияда - 957 шақырым.
Транс Каспий жүйесі. Сегмент бойынша шығатын шығындар. (1999 US$)
_________________________________________________________________________
!Қазақстан-Баку !Баку-Жейхан ! Барлығы
_________________________________________________________________________
Капитал $ 1.192 $ 2.421 $ 3.613
_________________________________________________________________________
Импортқа салынатын баж 62 44 106
_________________________________________________________________________
Қосымша құнға салынатын салық
(ҚҚСС) 362 831 1.193
_________________________________________________________________________
Барлығы $ 1.616 $ 3.295 $ 4.912
_________________________________________________________________________
Транс Каспий жүйесі. Сегмент бойынша шығатын шығындар. (1999 US$)
_________________________________________________________________________
!ҚР !Әзірбай. ! Грузия !Турция!Барлығы
_________________________________________________________________________
Капитал $ 999 $ 859 $ 337 $1.398 $ 3.613
_________________________________________________________________________
Импортқа салынатын баж 56 26.44 17 7 106