Жобаның мақсаты:
- Мұнай құбырларын басқарудың өндiрiстiк-технологиялық жүйелерiн түбегейлi жаңартуды;
- Кез-келген өндiрiс алаңдарын қазiргi заманның байланыс құралдарымен қамтуды;
- өндiрiстiк-технологиялық байланыстың барлық компоненттерiн жаңа деңгейде;
- ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК әкiмшiлiк басқаруын қамтамасыз ету.
Шешiм:
Yш деңгейлiк интегрироваланған телекоммуникациялық жүйелер құру:
- Талшықты-оптикалық, спутниктiк, кабельдiк және сымсыз арна байланыстарына;
- құрылымдастырылған ЛВС;
- SDН, АТМ, ҒR, IР технологиясына негiзделген және әкiмшiлiк басқару мен өндiрiстiк басқару үшiн қажеттi әртүрлi ақпараттар беру жөнiнде кең көлемде қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
Жобаның негізгi мiндеттерi:
Қазiргi заман талабына сай, санды технология мен хаттамаларға негізделген интегрироваланған телекоммуникациялық жүйелер құру.
- Базалық арна байланыс жүйелерiн қайта жаңарту;
- Спутниктiк арна байланыс жүйелерiн қайта ұйымдастыру және дамыту;
- Талшықты-оптикалық магистралдарды құру.
- Базалық телекоммуникация тораптарын (жетілдiру) құру.
- Телекоммуникация топтарын бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықтау;
- Кабельдiк жүйелерді жетiлдiру.
Қазiргi заман талабына сай ЛВС инфрақұрылымын құру.
- Технологиялық қамтамасыз ету жүйелерiн жетiлдiру;
- Корпоративтiк телефон желiлерiн жетiлдiру;
- Ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру;
Компанияның технологиялық қызметiн радио байланысымен қамтамасыз ету;
Корпоративтiк желiнi басқаратын орталық құру.
Интегрировтiк жүйе құру
Компанияның интегрировтiк телекоммуникациялық жүйесi қазiргi заманғы мәлiметтер беру ортасы мен сандық технологияға сай негiзде жасалуы қажет.
Негізгі жүйелердi қайта жаңарту үшiн:
- Спутниктiк байланыс арна жүйелерiн қайта құру және дамытуды;
- Телекоммуникациялық негізгі тораптар (жаңартылған) құру:
- Бақылау-өлшеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету;
- Кабельдiк байланыс желiлерiн жаңарту қажет.
Жүйелердi қайта жаңарту жұмыстарын 2005 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
6. Кадрлар саясаты
Қызметшілердің кәсіпқорлығын одан әрі арттыру мәселелерін шешу үшін, Компания келесі шаралар мен бағдарламаны енгізу және өткізуді қарастырады.
1. Құбыр транспорты, бухгалтерлік есеп, менеджмент салалары бойынша бар оқу курстарының барлығының деректер базасын құру;
2. Шет елдiк ұқсас компаниялармен тәжiрибе алмасу бағдарламасы;
3. "Карьер жоспары" бағдарламасын енгізу;
4. Оқу орталығын құру.
Мақсат - Компанияның білікті кадрларға сұранысын, кадрларды қайта даярлау және біліктiлiгін арттыру арқылы қанағаттандыру. Ақпарат-ресурстар орталығын құру шеңберiнде:
1. Мерзiмдi баспа, оқу құралдары, семинарлар мен конференциялардың материалдары негiзiнде кiтапханалық коллекторлар қалыптастыру;
2. Компанияның қызметтерiне қатысты ағымдағы ақпараттар негізiнде ақпараттық дайджестердi құру;
3. 10 орындық компьютерлiк класс (сынып) ашу;
4. Компьютерлiк тематикалық кiтапхана ашу.
Мақсаты - Компания қызметшiлерiн салалық қызметтердiң мәселелерi бойынша, толық ақпарат алуларын қамтамасыз ету; қызметшiлердiң өз беттерiмен білiмiн көтеру, iшкi семинарларды ұйымдастыру үшiн қажеттi материалдық-техникалық база құру.
Компания қызметшiлерiн өз жұмыс орындарында оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету үшiн:
1. Зерттеу жөнiндегі методиканы дайындау;
2. Басшы талаптарына сәйкес, мотивацияны зерттеу жөніндегі бағдарлама құру;
3. Қызметшiлердi аттестациялау.
Кадрлар ресурстарын орналастырудың оңтайлы моделiн құру мақсатында:
1. Компанияның қадрлық жоспарлау жөніндегі бағдарламасын әзiрлеу;
2. Компанияның кадрлық жоспарлау жүйесiн нақты жұмысқа енгізу.
Қызметшілердiң жетілуi
1. Қызметшiлердiң жетiлуi өндiрiс қызметiнiң маңызды бiр факторы болып саналады. Қызметшiлердiң жетiлуi дегенiмiз, кәсiптiк және біліктiлiк өсуiне бағытталған шаралардың жиынтығы, ол өзiне мыналарды қосады:
- қызметкердi оқыту;
- қызметкердi ротациялау;
- еңбек нәтижелерiне баға беру;
- резервтермен жұмыс істеу;
- "Карьер жоспары".
2. Компания өзінің қызметкерлерінің жетілуіне жыл сайын қаржы бөледі. Бұл біршама күрделі қаржы бөлумен байланысты, сондықтан, қызметшілердің жетілуіне бюджет қалыптастыру маңызды шара болып саналады.
7. Қорытынды
Жоғарыда белгіленген басымдылық бағыттар және жоспарланған шаралар мен бағдарламалар негізінде, сондай-ақ жүк айналымының маңыздылығын ескере отырып, Компанияның 2000-2005 жылдарға арналған Индикативтік жоспары дайындалды.
1. Осы ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 2000-2005 жылдарға аралығында дамудың Индикативтік жоспарындағы есептеулердің негізгі вариантында Атырау-Самара мұнай құбырының өткізгіштік мүмкіншілігі жылына 15 млн. тонна жағдайындағы жүк айналымы және Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасындағы мұнайдың болжамдық балансы қабылданды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акциялардың мемлекеттік пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік үлестің кірістері мәселелері жайлы" 1999 жылдың 13 тамыздағы № 1159 Қаулысының 1.1 бабына сәйкес акциялардың мемлекеттік пакетіне деген дивидендтер деңгейі бүкіл кезеңге (2000-2005 ж.ж.) Қоғамның таза кірісінің 10% мөлшерінде бекітілді.
3. Бұл Индикативтік жоспар алдыңғы жылдың нәтижелеріне байланысты, жыл сайынғы негізде қайта қаралып және түзетулер енгізілетін болады. Сонымен қатар, мұнай құбырларының сол кезеңдегі жағдайы, сондай-ақ ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қолданып жүрген жүйелерге өткізілген мониторинг және диагностика жұмыстарының нәтижелері ескеріледі.
8. ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК 2000-2005 жылдар аралығында индикативтік
даму жоспарының есептері
1. Бұл есептер ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК барлық қызметтерімен байланысты, Компанияның шығысы мен табыстарын ескередi.
2. Компанияның 2000 жылға арналған шығысы мен табыстары Компанияның 2000 жылға арналған бюджет жобасының шығыс пен табыс бөлiгіндегі деңгейде қабылданған.
3. Табыс бөлiгiнде жүк айналымы мен тасымалдау көлемінің болжамдары пайдаланып, мұнай өндiрушi кәсiпорындардың Мұнай балансы бойынша, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгіне берген мәлiметтерiнiң негiзiнде құрастырылған табыс болжамы деңгейiнде қабылданды. Есептеу барысында долларлық тариф пайдаланды.
Табыс бөлiгiн калькуляциялау барысында келесi мәлiметтер есепке алынды:
- Мұнай өндiрушi кәсiпорындардың, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгіне берген болжамды Мұнай балансы;
- Компанияның пайдалануға берiлуге тиiстi инвестициялық жобалары; Атасу станциясындағы мұнай құю эстакадасының құрылысы; Атырау-Самара мұнай құбыр жүйесiн кеңейту, сондай-ақ Үлкен Шаған-Атырау мұнай құбыры құрылысының жобасын iске асыру;
- болжамдық көлемде қазақстандық мұнайды айдауға байланысты КТК құрылысын салу және оны пайдалануға беру;
- Ақтау қаласындағы порттың, темір жолдардағы құю эстакадаларының және барлық мұнай құбырлары жүйелерiнiң өткiзгiштiк күш-қуаттарын арттыру;
- Мұнай айдау жүйелерiн пайдалану отандық мұнай өңдеу зауыттарының барынша жұмыспен қамтамасыз етумен байланысты.
Жоғарыда айтылған фактiлердi ескере отырып, Компания табыстарын кезеңдерге байланысты былайша бөлдi:
4. Компанияның филиалдары бойынша, 2001-2005 жылдарға арналған шығыс бөлiгi ауыспалы және тұрақты болып құрылады:
- Ауыспалыны құрайтындар "Электроэнергия", "Қазандық-пештiк отындар" және "технологиялық шығындар" бабына байланысты шыққан шығындар мұнайды айдау көлемiне немесе жүк айналымының, сондай-ақ "Күрделi жөндеу жұмыстары" бабына байланысты шыққан шығындар мұнай құбырларын пайдалану және жүк айналымының режимдерiне байланысты.
Түсетiн табыстардың (мұнай айдау немесе жүк айналымының көлемiне) өсуiне байланысты, Компанияның негізгi құралдарын күрделi жөндеуден өткізу, тасымалдау көлемiне тiкелей байланысты болады. Ауыспалы шығындардың тағы бiр түрi "Амортизациялық" бабы бойынша шыққан шығындар бөлiнген күрделi қаржылар, күрделi құрылыс салуды және жобаларды жүзеге асыруды орындауға байланысты.
- Тұрақтыны құрайтындар Компанияның 2000 жылға арналған бюджет жобасы бойынша қабылданған шығатын шығындар деңгейіндегі барлық басқа шығындар баптарынан тұрады.
Қосымшалар
2000-2005 жылдар аралығында дамудың Индикативтік жоспары
1 Қосымша
Қолданып жүрген тарифтік методология
1998 жылдың 5 маусымында № 16/1 Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі Агенттігі мен Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі Комитеті "Қазақстан Республикасының мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдау тарифін есептеу методикасын" бекітті. Бұл методиканың қажеттiлігі Қазақстан Республикасының рыноктік экономикалық қатынастарға өтуге, монополистердiң қызметтерiн реттеу үшін, қажетті экономикалық негізделген өлшем бiрлiктерiнiң құқықтық құжаттарының жоқтығынан туындап отыр. Компания жаңа тарифтiк методологияны (қолданып жүрген дүние жүзiлiк стандарттармен сәйкестендiрiлген) дүние жүзiнде мұнайдың бағасы төмендеу тенденциясы біліне бастаған кезде енгiзiлдi.
Қолданып жүрген тарифтiк методологияның негiзделген принциптерi, iске асырылған активтер капиталының құнын қайтару болып саналады, атап айтқанда:
- Пайдалануға шыққан қажеттi шығындарды қайтару;
- Тасымалдау процесстерi кезiнде iске асырылған өндiрiстiк активтерден түсетiн пайдалардың мөлшерi мен есептерiн белгілеу.
Сонымен қатар, бұл "...методикасы" қазiргi уақытта ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК сұраныстарын толығымен қанағаттандыра алмай отыр, сондай-ақ 1,5 жыл жұмыс iстеген кезде бұл "методиканың" кемшіліктерi анықталды.
Қолданып жүрген тарифтiк методологияның кемшiлiктерi
1. Компанияның негiзгi қорын нақты бағалауға сәйкестендiрiп, негiзгi қордың дәл құны және осыған сәйкес амортизацияға бөлiнген қаржы көлемi шаққан шығындар мен негiзгi қордың құнында көрсетiлмейтiндігін атап өткен қажет. Активтер құны бухгалтерлiк мәлiметтер сәйкес негiзгі қордың қалдық құнына байланысты анықталады. Ал, егер нақты көрсеткiштерге келетiн болсақ, бұл құн бухгалтерлiк мәліметтерден алты есе жоғары болады. Осыған байланысты Компания негізгі пайданы ала алмай отыр.
2. Капитал құны көптеген қауiп-қатерлерге байланысты қалыптасады, ал ол дүние жүзiндегі құбырмен тасымалдаудың нақты көрінiстерiн толығымен бейнелей алмайды.
3. "Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбырлары бойымен мұнай тасымалдаудың тарифiн есептеудiң методикасына" сәйкес, жекеленген маршруттар бойынша мұнайды айдаудың еңбекақы мөлшерiнiң негізгi тарифтерi, әрбiр объектiлер үшiн белгіленген, оның қашықтығы мен үлес тарифтерi ескерiле отырып шығарылады. Сондықтан, мұнайды тасымалдаудың құны маршруттың қашықтығына тiкелей пропорционалды болады. Бұл барлық клиенттер үшiн бiркелкi мүмкiндiк жасау принциптерiне толығымен жауап бермейдi, өйткенi Магистралдық мұнай құбырынан қашықтау орналасқан участiктерiндегі мұнай өңдеу кәсiпорындары (Қаламқас, Қаражамбас) жан-жақты тежеулер жасап отыр.
4. Табыс тарифiне болашақта:
а) жаңа қуат күштерiн салуға;
б) қолданып жүрген қуат күштерiн қайта жаңартуға келетiн инвестициялар көлемi көрсетiлмейдi.
Бұл инвестициялардың құны жаңа қуат күштерiн пайдалануға қосқан кезде ғана табыс көрсеткiштерiне қосуға болады. Сондықтан, компания мұндай барлық инвестицияларды өз немесе тартылған қаржылар есебiнен қаржыландырулары керек. Мұндай капиталдың негiзгi сомалары болашақ тарифтерге салынған амортизациялыққа бөлiнген қаржы есебiнен толықтырылады, ал табыс капитал құны есебiнен қамтамасыз етiледi.
Қолданып жүрген тарифтiк методологияның жоғарыда айтылған кемшілiктерiн ескере отырып, қазiргi уақытта ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК "Артур Андерсен" консалтингтік компаниямен бірігіп, қазіргі кездегі дүниежүзілік стандарт пен талаптарды толығымен қанағаттандыратын тарифтік методологияны жетілдіру жөнінде ұсыныстарын дайындады.
Жаңа тарифтiк методология
Қолданып жүрген тарифтiк методологияны жетiлдiру жөніндегі ұсыныстар мыналарды:
негiзгi қор құны және амортизацияға бөлiнетiн қаржы, тарифтiк құрылым және табыс мөлшерiнiң есебi айқындайды.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК негізгi қорларының құны және амортизациялыққа
қаржы бөлу
Қазiргі уақытта ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК активтерiнiң баланстық құны нарықтық құннан әлде қайда төмен, 1998 жылдың шiлде айында есептелiнген еңбек ақы мөлшерiнiң кiрiс бөлiгі қолданысты жүрген активтердiң нарықтық құнының 15 пайыздық деңгей көлемiнде қаралған болатын.
Негiзгi қорлардың құнын қайта бағалау, олардың қалдық құнын Компания өмiр сүрiп отырған нарықтық жағдайларға сәйкестендiру мiндеттерiн қояды.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қайта бағаланған активтерi Компания балансына алынады. Алдын ала жасалған есептер мынаны көрсетедi:
Бiрiншiден, қайта бағаланған активтердiң үлкен бөлiгi, яғни бағаланғанға дейiнгі жиынтығының 15 пайыз көлемiнде салық төлеуге.
Екiншiден, егер Компанияның барлық негізгi қаржыларының нарықтық құндарының тарифтерiн реттеу мақсатында тез арада қайта бағалау жасалған жағдайда, онда амортизацияға бөлiнген қаржы мен активтердiң табыс бөлiгін ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қолданыста жүрген барлық активтерiне қоса есептегенде ол тарифтердiң айтарлықтай өсуiне әкеледi.
Осыған байланысты, осындай қолайсыз жағдайларды қайталамау мақсатында Компания өзiнiң барлық активтерiн негiзделген нарықтық құнын бағалауды жоспарлап отырған жоқ, тек қана негізгi топтарға жататын өндiрiстiк активтердi, оларға қоса магистралдық мұнай құбырлар тобына жататын "машиналарды, құрал-жабдықтар мен таратқыш қондырғыларды" және "көлiктердi" бағалауды жоспарлап отыр.
Бүгінгі күнi ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК негізгі қорларын қайта бағалауды өткізу қажеттiлiгi төмендегi факторларға байланысты:
- ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК негізгi қорлар құнының төмендiгi, оларды таза пайда табудан құр қалдыруда, ал түскен таза пайдаларды қолданып жүрген инфрақұрылымдарды кеңейту және қайта жаңарту жұмыстарын инвестициялауға жұмсалған болар едi.
Негiзгi қорлар құнының төмендiгi мемлекеттi қосымша табыстан, яғни ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК жоғарғы табыстарынан республикалық бюджетке (НДС және табыс салығы) және негiзгі қорлар құндарының жоғары болуынан (мүлiк салығы) жергілiктi бюджеттi түсетiн салықтардан құр қалдырады.
Активтердiң төменгi құны есебiнен пайда мөлшерiн көтеру әдiсiне келсек, инвесторлар мен мұнай өндiрушi компаниялар тараптарынан түсiнбеушiлiк туады. Бұл әдiс негізiнен қысқа мерзiмдерге ғана тиiмдi.
Сондықтан, Компания бұл мәселелердiң шешу жолы Компаниялардың негізгі қорларын қайта бағалау деп түсiнедi. 1999 жылдың қазан айында ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК негізгі қорлардың нақты нарықтық құнын алатын компаниялар арасында тендер өткiзiлдi. Бұл тендердің қорытындысы бойынша жеңiске американдық "American" бағалау компаниясы жетiп, қазiргі уақытта өз жұмыстарын 2000 жылдың 10 наурызында аяқтау туралы Компаниямен келісімге қол қойылды.
Қайта бағалаумен байланысты туындаған елеулі қиыншылықтар
А. ЖАҚ "ҚазТрансОйл ҰМТК қайта бағаланған активтері Компаниялар балансына алынады. Бұл қайта бағаланғанға дейінгі жалпы соманың 15 пайызы көлемiнде қайта бағаланған активтерден салық төлеумен байланысты. Сондықтан, бұл салық өте жоғары болады.
В. Тарифтердi есептеу үшiн, негiзгi қорлардың құнын нақты ақшамен бағалау қажет, ол үшiн Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегi Агенттіктің келісімі қажет.
Негiзгi қорларды нақты ақшамен бағалау мынадай мүмкiншiлiктер бередi:
- теңгенiң девальвацияға ұшырау мүмкіндiктерiне байланысты Компания активтерiнiң одан әрi құнсыздануына жол бермейдi;
- несие берушiлер үшiн инвестицияның тұрақты қамтуын қамтамасыз етедi, сондықтан бұл әдiлеттi бағамен капиталға жол ашатын негiзгi құрал болып саналады.
С. Амортизацияға бөлiнетiн қаржы да тарифтердi қалыптастыруда маңызды аспекттердiң бiрi болып саналады.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК салықтық есеп беру үшiн, өздерiнiң негiзгі қаржыларын бұрынғыша есепке алатын болады, яғни, мiндеттi есеп беруге сәйкес және шегеруге жататын амортизацияға бөлiнген қаржылар деңгейi бұрынғыша қалады. Бiрақ, реттеушi органдарға берілетiн есепте активтердiң нақты құндары (яғни өте жоғары) және тарифтердi қалыптастыру мақсаты үшiн амортизация көрсетiлетiн болады, онда ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК табысы мiндеттi есеп беруге қарағанда салықты шегергенге дейiнгi жағдайдан төмен болады. Сондықтан, табыс мөлшерлерiн есептегенде оны активтерге қосымша түрiнде ескерген жөн, өйткенi Қазақстандағы қолданып жүрген салық ережелерi амортизацияларға шығатын шығындарды ескермейдi, ал ол болса инвестициялардың негізгі жалпы сомасын табыс көздерi есебiнен толтыруға және табыс салығы салуға алып келедi.
Тұжырым.
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК аз шығын шығару арқылы капиталдар рыногiне шығу факторы негізгі қаржыларды долларға сәйкестендiру активтердi қайта бағалауды өткізуге байланысты емес. Негiзгі қаржылардың құнын сәйкестендiру баламалығына қосымша, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК өзiнiң экономикалық құнын сақтау үшiн, айналымдағы таза капиталды да сәйкестендiрулерi қажет.
Табыс мөлшерлерiнiң есебi.
"Капиталдың құны" орташа мөлшер көлемi болып саналады:
а) салықты шегергенге дейінгі капиталға қосылатын нарықтық табыс;
б) тарифтiк кезеңге сәйкес қарыз капиталы мен акционерлердiң үлестерiн "өлшегіш" коэффициентi ретiнде қолданатын қарыз капиталының құны "капитал құны" болып саналады.
Қолданып жүрген методологияға сәйкес, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК өзiнiң меншiк капиталына салық төлегеннен кейiн ғана табыс мөлшерiн, өндiрiстiк, құрылымдық және басқада қауiп-қатерлердiң түрлерiн және АҚШ 30 жылдық мерзiмге арналған қазыналық облигациядан түсетiн пайда мөлшерiне ескере отырып есептеген.
Шешу жолдары - "Артур Андерсен" консалтингтiк компаниясының табыс мөлшерiн есептеу жөніндегі жаңа ұсыныстарын қабылдау.
Капитал құнын, әсiресе акционерлік капитал құнын анықтау халықаралық капитал рыногімен тығыз байланыста болуы керек. Оның негізгi себебi, инвесторлар өздерiнiң капиталын барлық салық түрлерiн төлегеннен кейiн, пайда табатынына көздерi жетпейiнше өз капиталдарын инвестицияламайды.
Бірінші кезең, қажетті салынатын салықтардан есеп айырысудан кейінгі пайдадан тұрады, онымен ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК реттеуші органдар үшін есеп беру ережесіне сәйкес, капитал салған инвесторлармен есеп айырысуларына болады.
Капиталға табыс американдық мұнай өткізуші компаниялардың қарапайым акцияларының құнын көтеруден және алғашқы дивидендтік кірістерден қалыптасады. Сақтандыруға байланысты қауіп-қатерлерге қосылатын үстеме, Қазақстан бойынша бiрiншi сыныптағы несиемен салыстырғанда, рыноктағы долларлық еврооблигацияның жалпы айырмасына теңестiріледi. Егер, акциялар Қазақстаннан тыс жерлерге сатылмаса, онда оған акцияларды теңгеге деноминировалап сатуға салынатын және Қазақстаннан тыс жерлерде оны АҚШ долларына айырбастауға салынатын кез-келген салықтың мөлшерiн қосқан жөн. Қауіп-қатерлердi реттеуге қосылатын үстеме, екi себептерде пайда болуы мүмкiн. Біріншіден, табыс мөлшерiне қосылатын қосымша реттеушi органдардың рұқсатымен iске қосылған активтердi қайта бағалауды алдын-ала болжалау дәрежесімен байланысты болады. Екiншiден, айырбас курсына жарым-жартылай тұрақты баға қою, табыс мөлшерiне қосылатын қосымшаны бiршама дәрежеде өсiрер еді.
Бұдан әрi (2 кезең) акционерлік капиталдар мен қарызға беретiн капиталдардың құнын есептеу қажет.
Бұдан әрi (3 кезең) реттеушi органдар үшiн есеп беруде амортизациялық қаржыға салынатын салық үшiн резерв (қор) қалыптастыру қажет. Бұл салық өседі, өйткенi, активтерге салынатын амортизациялық бағалар салықтық есеп беру үшін емес, реттеу мақсаттары үшiн қайта бағаланады және салық амортизациясынан көп болады.
Ақыры (4 және 5 кезеңдер) 2 және 3 кезеңдердiң нәтижелерiн Компанияға халықаралық капиталды өз еріктерiмен салуды ынталандыру, салықтарды төлегеннен кейін табыс табуды қамтамасыз ету және шыққан шығындардың пайыздарын жабу, активтердi АҚШ долларымен реттеу мақсатында индекстеп есептеп қосу үшiн бiрiктірген қажет.
Мұнайды тасымалдаудың тарифтiк құрылымы
ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК қазiргі кезде қолданып жүрген тарифтік құрылымы өте қарапайым. Барлық тарифтiк түсімдер мұнай айдауға төленген төлемдер есебiнен түседi. Алдыменен тарифтік үлес есептелiнедi, одан кейiн әрбiр құбыр участкілері үшін, тасымалдау тарифi жеке-жеке төмендегi формула бойынша есептелінеді:
Тарифтiк түсiм
Тарифтік үлес (1000 км. * 1 тоннаға) = ---------------- Х 1000 км
Жүк айналымы
Тарифтiк үлес (1000 км.)х участкі қашықтығы
Тасымалдау тарифi (1 тоннаға) = ------------------------------------------
1000
Қарапайым ғана ереже, бiрақ, бұл қуат күштерiнiң операторларын, сондай-ақ тұтынушыларды ынталандыру жолдары арқылы қуат күштерi мен тиімділікті арттыру үшін елеулi мүмкіншiліктердi пайдалануға мүмкiндiк жиі бермейді. Атап айтқанда, нарықтық бәсекелестiк жағдайларда қуат күштерiн толығымен пайдаланбасаң, онда қызмет көрсету бағалары бiршама төмендейдi.
Қолданып жүрген тарифтік құрылымға сәйкес, мұнайды тасымалдау бағасы маршрут қашықтығына тiкелей пропорционалды және бұл компания қызметіне өзінің кері әсерін тигізеді, өйткені, кен орындары мұнай құятын пункттерден (Атыраудағы және Самарадағы МӨЗ) қашықта орналасқан.
Мысалы, Қаламқас және Қаражанбас кен орындары қашықта орналасқандықтан Самараға 1 тонна мұнай тасымалдау үшiн, тиiсiнше 14,7 және 14,1 доллар көлемiнде төлесе, ал "Теңгiзшевройл" компаниясы 7 доллар көлемiнде төлейдi. Жоғарыда айтылған екi кен орындарында мұнай өндiру бағалары, "Теңгiзшевройл" компаниясының мұнай өндiру бағаларынан әлде қайда жоғары. Қаламқас және Қаражанбас кен орындарында мұнай өндiрудiң көлемiн арттыруға, оны тасымалдауға және өндiруге шығатын шығындардың жоғарылығы кедергi болады, ал ол мұнай тасымалдау жүйелерiнiң қуат күштерiнiң артуына керi әсерiн тигізуі мүмкін.
Тарифтiк үлес пен пошта маркаларының тарифіне - жаңаша көзқарас
Дүниежүзілiк практикада монополиялардың субъектiлерiне қызмет көрсетудiң алуан-алуан тарифтік құрылымдары бар. Бiздiң ойымша, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК тұрақты шығындарды бөлудiң негiзгi үш механизмын пайдалана алады, оларды қызмет көрсетудiң әрбiр түрлерiне жеке-жеке немесе бiр-бiрiмен байланыста қолдануға болады:
1) Жүк айналымына негізделген тасымалдау тарифi;
2) Тасымалданатын өнiмдердiң көлемiне негізделген "пошта маркаларының" тарифi;
3) артық тиелген жүктiң тарифi.
1 және 2 факторларды ескi тарифтiк бөлiсу әдiсiмен бiрiктiре отырып қолдану ұзақ қашықтарға тасымалдау немесе аздап жұмыс қуаты аздап жүктелген мұнай құбырлары участiктерiнiң тарифiн елеулi төмендетуi мүмкiн және жұмыс қуаты барынша жүктелген немесе қысқа қашықтарға тасымалдау тарифiн көтеруi мүмкiн. Сонымен қатар, бұл жалпы жүк айналымының елеулi түрде белсендiлiгiн арттыруға, қызмет көрсету сапасын көтеруге және түсетiн қаржы көлемiнiң ұлғайуына көмегін тигiзедi. Ал, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" ҰМТК болса жаңа қуат күштерiн салуға қайта инвестиция жасай алар едi.
"Пошта маркаларының тарифi" мұнай құбырлар жүйесiне жiберiлген 1 тонна мұнайға тiкелей шығатын шығындарды шамамен болжалайды. Ал, көпшiлiк тiкелей емес шығатын шығындар iс жүзiнде трансакцияларға қызмет көрсетуімен және бухгалтерлiк есепке алу, есеп берумен, мұнайды есепке алумен байланысты және ол шығатын шығындар маршрут қашықтығына емес, тасымалдау көлемiне байланысты ғана.
Жоғарыда айтылған проблемаларды шешу үшiн, жүк айналымы мен "пошта маркаларының" тарифiне негізделген тасымалдау тарифiмен бiрiктiрiп қараған лайықты болар едi.
Тарифтiң бiр бөлiгі, компанияның тiкелей емес шыққан шығындарын қоса есептеп, мұнай тасымалдау жүйесiне жiберiлген 1 тонна мұнайдан өндiрілiп алынар едi. Тарифтің екіншi бөлiгі, немесе тарифтiк үлес болып табылатын бөлiгi, айдалған 1 т./км. мұнай және нақты мұнай құбырлары участігінiң есебiнен есептен шығаруға болатын тiкелей шығатын шығындар негiзiнде есеп айырысады.