Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына
мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254; 12.07.02 ж. № 770;
21.05.03 ж. № 473; 05.03.04 ж. № 286; 05.11.04 ж. № 1154; 2005.13.05 № 453; 2005.26.05 № 515
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 (бұр. ред. қара); 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 (бұр. ред. қара); 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің Ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 920 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 213-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1903 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 (бұр. ред. қара); 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
Білім беру ұйымдарында оқитындардың
жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды
тағайындау мен төлеудiң
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу ережесі (бұдан әрi - ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254; 05.03.04 ж. № 286 (бұр. ред. қара); 05.11.04 ж. № 1154 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік білім тапсырысы (гранты) негiзiнде білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде, сондай-ақ кәсіптік бастауыш білім беретiн мекемелерде оқитындардың мемлекеттік стипендиялар тағайындалатын және төленетін жекелеген санаттарына мыналар жатады:
1) бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында оқитын жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар (оқушылар мен студенттер);
2) орта кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында оқитындар (оқушылар);
3) жоғары кәсiптiк бiлім беретiн білім беру ұйымдарында оқитындар (студенттер);
4) жоғары оқу орынынан кейiн кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарында оқитындар (магистранттар, интерндер, аспиранттар, клиникалық ординаторлар, докторанттар);
5) жоғарғы кәсiптiк білім беретiн білім беру ұйымдарының дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары болып табылатындар (тыңдаушылар).
ҚР Үкіметінің 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Ереже тағайындалуы мен төленуi Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық актілерімен реттелетiн, Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған атаулы стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібіне қолданылмайды.
2. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша
білім беру ұйымдарында оқитындардың мемлекеттік
стипендияларының мөлшерi
ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254; 05.03.04 ж. № 286 (бұр. ред. қара); 2005.13.05 № 453 (бұр. ред. қара); 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Студенттерге төленетiн ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшерi 6434 теңге мөлшерiнде, интерндерге 11652 теңге мөлшерiнде белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. № 286 қаулысымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Мемлекеттік білім гранты негiзiнде бірiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бірiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде бірiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бірiншi семестрде мемлекеттік стипендия тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. № 286 (бұр. ред. қара); 05.11.04 ж. № 1154 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Білім беру тапсырысы немесе гранты негізiнде мемлекеттік білім беру ұйымдарына қабылданған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға келесi семестрлерге мемлекеттік стипендия алдыңғы семестр үшiн емтихандық сессияның қорытындысы бойынша тағайындалады және төленедi.
ҚР Үкіметінің 2005.13.05 № 453 (бұр. ред. қара) қаулыcымен 8-тармақ өзгертілді
8. Магистранттар мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы деңгейiнде белгіленедi.
9. Тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 85 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
10. Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде оқитын оқушыларға мемлекеттік стипендия студенттердiң мемлекеттік стипендиясының 80 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 21.05.03 ж. № 473 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Мемлекеттік тапсырыс негізiнде оқитын клиникалық ординаторларға және денсаулық сақтау магистранттарына мемлекеттік стипендия мөлшерi мемлекеттік медициналық ұйымның екiншi біліктiлiк санатындағы дәрiгердiң мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 12.07.02 ж. № 770 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде оқитын аспиранттарға ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшерi мемлекеттік ғылыми ұйымның мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар кiші ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 12.07.02 ж. № 770 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді
13. Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде оқитын докторанттарға мемлекеттік стипендия, жоғары кәсiптiк бiлім беретiн мемлекеттік білім беру ұйымының мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар доцентiнiң лауазымдық жалақысынан аспайтын, алатын лауазымдық жалақысы мөлшерiнде белгіленедi.
14. ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254 қаулысымен алынып тасталды
3. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша
оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік
стипендияларының мөлшері
ҚР Үкіметінің 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендия осы Ережеге қосымшаға сәйкес көлемде көбейтiледi.
16. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қамқорлығындағы студенттерге магистранттар мен оқушыларға мемлекеттік стипендия тиiсiнше студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 50 (елу) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
17. Медициналық қорытындының негiзiнде академиялық демалыста жүрген студенттерге магистранттар мен оқушыларға академиялық демалыс кезiнде мемлекеттік стипендия студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 50 пайызы (мүгедектерге - 75%-i) мөлшерiнде белгiленедi.
Туберкулезбен ауыратын, мемлекеттік стипендия алатын адамдарға олардың уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы денсаулық сақтау органдарының тиiстi қорытындылары болған жағдайда, мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшiн олар ауырғанға дейiн алып келген мөлшерде белгiленедi және төленедi, бірақ еңбекке жарамсыздық пайда болған күннен бастап 10 айдан аспайды.
18. Зейнетақы алатын студенттерге, магистранттарға, оқушыларға мемлекеттік стипендия жалпы негiзде тағайындалады және төленедi.
4. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң
тәртібі
ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді және толықтырылды
19. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша оқитын, білімдi бақылаудың барлық нысандарын қоса алғанда, емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген бағалар алған студенттерге, магистранттарға, интерндерге емтихандық сессиядан кейiнгi айдың бірiншi күнiнен бастап тағайындалады және ай сайын төленедi.
Жоғары оқу орындарының студенттерi, магистранттары, интерндерi, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының оқушылары болып табылатын барлық үлгерушi (емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша қарызы немесе аралық аттестацияның нәтижелерi бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік стипендия тағайындалады.
20. Аспиранттарға, докторанттарға, клиникалық ординаторларға және тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия оқудың бүкiл мерзiмiне тағайындалады және ай сайын төленiп тұрады.
21. Жазғы сессияның қорытындылары бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия жазғы каникул кезеңi үшiн несиенiң ашылуына қарай екi ай үшiн (шiлде-тамыз) жинақталып төленедi.
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен 22-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
22. Сынақтар мен емтихандарды жалпы белгiленген мерзiмде дәлелдi себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зiлзала) тапсыра алмаған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға білім беру ұйымының басшылығы тапсыруға жеке уақыт белгiлейдi, содан кейiн стипендия жалпы негізде тағайындалады.
23. Жалақы төленетiн жұмыс орындарында және қызметтерде өндiрiстiк практика, жаздық каникул кезеңiнде, сондай-ақ жұмыс кезеңiнде стипендиаттар үшiн жалпы негізде стипендия алу құқығы сақталады.
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен 24-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
24. Бір оқу орнынан басқасына, бір оқу орнының бір мамандығынан екiншiсiне ауыстырылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия, оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейiн, жалпы негізде тағайындалады және төленедi.
ҚР Үкіметінің 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
25. Академиялық демалыста болу кезiнде, осы Ереженiң 17-тармағын қоспағанда, мемлекеттік стипендия төленбейдi. Академиялық демалыстан келген студенттерге магистранттарға, оқушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау мен төлеу алдағы (кезектi) сессияның қорытындылары бойынша белгiленген тәртiппен тағайындалады және төленедi. Сырқатына байланысты екiншi оқу жылына қалдырылған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға стипендия кезектi емтихандық сессияның нәтижелерiне дейiн жалпы негiзде тағайындалады және төленедi.
ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254; 05.03.04 ж. № 286 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 26-тармақ өзгертілді
26. Жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысы кезiнде студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, докторанттарға және оқушыларға стипендия заңдарда белгiленген бүкiл мерзiм iшiнде толық мөлшерде төленедi.
Академиялық демалыс кезiнде жүктiлiгi бойынша еңбекке жарамсыздығы туралы бірыңғай үлгiдегi анықтама тапсырылған кезде академиялық демалыс үзілуге және жүктiлiгi және босануына байланысты демалыс ресiмделуi тиiс.
Студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және оқушылар сәбиге қарауына байланысты ол 1,5 жасқа толғанға дейiн академиялық демалыста болған жағдайда, стипендия төленбейдi.
5. Қорытынды ережелер
27. Мемлекеттік стипендиялар:
1) оқитындар мемлекеттік білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, шығарылу себебiне қарамастан;
2) оқитындар қайтыс болған жағдайда;
3) ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен 3)-тармақша алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4) оқуды бiтiргеннен кейiн, оқуды бiтiргенi туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленбейдi.
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен 28-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
28. Мемлекеттік стипендия төлеудi тоқтату білім беру ұйымы басшысының тиiстi бұйрығы шығуымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.26.05 № 515 (2005.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1903 қаулысымен бекітілген
Ережеге қосымша
Стипендия алуға құқығы бар мемлекеттік тапсырыс немесе
грант бойынша білім беру ұйымдарында
оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік
стипендиясына үстеменің мөлшері
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
р/с | Стипендия алушылардың тiзбесi | Пайызға шаққандағы үстеменiң мөлшерi |
1 2 3 4 5 | Жоғары кәсiптiк оқу орындарының зағип немесе мылқау-керең студенттерiне, магистранттарына, орта кәсiптiк оқу орындарының оқушыларына Соғыс қимылдары немесе өзге де әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, Чернобыль АЭС-дағы апат пен басқа да радиациялық апаттардың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi авариялардың, ядролық қаруды сынаудың зардабынан немесе мүгедектiгi радиацияға ұшыраған ата-анасының біреуiмен генетикалық байланыста болғандығынан жаралануы, контузия алуы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып болып қалған студенттерге, жоғары кәсiптiк оқу орындарының магистранттарына, орта кәсiби оқу орындарының оқушыларына Жетiмдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, бірақ азаматтардың қарауында (қамқорлығында) жүрген балалар қатарындағы студенттерге, жоғары кәсiптiк оқу орындарының магистранттарына, орта кәсiптiк оқу орындарының оқушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы тағайындалған, алайда Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмдерiнде стипендия мөлшерi көрсетiлмеген студенттер мен жоғары кәсiптiк оқу орындарының магистранттарына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен, егер аталған шешiмдерде стипендияның мөлшерi көрсетiлмесе, аса көрнектi ғылым мен мәдениет қайраткерлерi атындағы стипендиялар алатын студенттерге, жоғары кәсiптiк оқу орындарының магистранттарына, орта кәсiптiк оқу орындарының оқушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары мен атаулы стипендиялар алатындардан басқа, емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша тек "өте жақсы" деген баға алған студенттерге, жоғары кәсiптiк оқу орындарының магистранттарына, орта кәсiптiк оқу орындарының оқушыларына | 75 50 30 100 45 15 |
Ескерту.
Қосымшада көзделген үстемелер стипендияның бастапқы мөлшері бойынша жүргізіледі (басқа арттырулар есепке алынусыз).