Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 12 шілдедегі № 770 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта;
12-тармақ «ұйымның» деген сөзден кейiн «мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ «ұйымы» деген сөз «ұйымының» деген сөзбен ауыстырылып, осы сөзден кейiн «мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |