«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына
толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 453 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта:
5-тармақта «мөлшерiнде» деген сөзден кейiн «, интерндерге айлық есептiк көрсеткiштiң 5,5 есе мөлшерiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта «мен интерндерге» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |