Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1154 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «білім беру ұйымдарында оқитындардың« деген сөздердiң алдындағы «Мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта:
тақырыбындағы және мәтiндегi «білім беру ұйымдарында оқитындардың», «білім беру ұйымдарында оқитын», «білім беру ұйымдарында оқитындар» деген сөздердің алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік білім тапсырысы (гранты) негiзiнде білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде, сондай-ақ кәсіптік бастауыш білім беретiн мекемелерде оқитындардың мемлекеттік стипендиялар тағайындалатын және төленетін жекелеген санаттарына мыналар жатады:»;
5) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
7-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
22-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
24-тармақтағы «оқу орнынан» деген сөздердiң алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
27-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
28-тармақтағы «білім беру ұйымы деген сөздердiң алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібi туралы нұсқаулықтың қосымшасында:
тақырыбындағы «білім беру ұйымдарында оқитындардың» деген сөздердiң алдындағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |