Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 21 мамырдағы № 473 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықта:
11-тармақ «дәрігердің» деген сөзден кейін «мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |