Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 286 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта:
3-тармақтың 1) тармақшасында «бастауыш» және «орта» деген сөздерден кейiн «кәсiптiк» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақта «2,45» деген сандар «3» деген санмен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік білім гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттік стипендия тағайындалады»;
7-тармақта «студенттерге,» деген сөзден кейiн «магистранттар мен оқушыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
26-тармақта:
бірінші абзацта «магистранттарға,» деген сөзден кейін «аспиранттарға, докторанттарға және» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта «магистранттар» деген сөзден кейін «, аспиранттар, докторанттар» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |