Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928
Жарлығын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 ж. 9 шiлдедегi № 651 қаулысы
(2006.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртібі;
Мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртібі;
Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзудiң тәртібі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөніндегі мемлекеттік инспекциясы туралы ереженi бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1984 жылғы 1 қазандағы № 404 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1984 ж., № 20, 68-құжат);
2) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөніндегі мемлекеттік инспекциясы туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 14 желтоқсандағы № 558 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1988 ж., № 5, 27-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң су заңдары мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 мамырдағы № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң су заңдары мәселелерi жөніндегі шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 21, 210-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 9 шiлдедегi
№ 651 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң
ТӘРТIБI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуiн алатын кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалар мен азаматтардың (бұдан әрi - тұтынушылар) мүдделерi мен құқықтарын қорғау, жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiнiң кепiлдiктерiн нығайту мақсатында әзiрлендi. Осы Тәртiп тұтынушылар мен ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттік органдардың арасындағы қатынастарды реттейдi.
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтер бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс.
2. Қызмет көрсетулердi ұсынудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік органдардың тұтынушыларға ақылы қызметтер көрсететiн орындарда көрнектi ұсынылған мынадай ақпараттары:
1) толық көлемде (қысқартусыз) жазылған осы Тәртiп;
2) өтiнiштердi қараудың мерзiмдерiн көрсете отырып, аталған мемлекеттік орган көрсететiн ақылы қызметтердiң тiзбесi;
3) ұсынылатын қызметтердiң монополияға қарсы органдар бекiткен, тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келісілген бағалары;
4) тұтынушыларға қызмет көрсетулердi алу үшiн ұсынылатын құжаттардың түпкiлiктi тiзбесi;
5) тұтынушыға мемлекеттік органға ұсыну үшiн қажет құжаттардың толтырылған үлгiлерi;
6) қызмет көрсетудiң тәртібі мен шарттары (мемлекеттік органның жұмыс режимi, деректемелерi, қызмет көрсету жөніндегі жеңiлдiктер, өтiнiштi қараудың тәртібі) болуы тиiс.
4. Мемлекеттік органдар тұтынушының ауызша немесе жазбаша өтiнiмiнiң негiзiнде ақылы қызметтер көрсетедi. Мемлекеттік органдарға өтiнiмдер:
1) журналдағы жазбамен;
2) тiркелген нөмiрi, қабылданған күнi және өтiнiштi қараудың мерзiмi көрсетiлген құжат берумен көрсетiледi.
5. Көрсетiлетiн ақылы қызметтерге арналған өтiнiштердi қараудың мерзiмдерi қызмет көрсетулер түрлерiнiң әрқайсысы бойынша жұмыстардың нормативтiк еңбектi қажет етуiне сәйкес болуы тиiс және жетi күннен аспауы қажет. Өтiнiштердi қараудың мерзiмi тұтынушы ақысын төлегендiгiн растайтын және қолданылып жүрген прейскурантта көрсетiлген өзге де құжаттарды ұсынған сәттен бастап есептеледi.
6. Прейскурантта көзделмеген ақы алуға тыйым салынады.
7. Мемлекеттік органдардың тұтынушыға заңдарда көзделмеген негiздерде ақылы қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.
8. Мемлекеттік органдарға тұтынушылардан осы тәртiпте көзделген қандай да болмасын шарттарды орындауды талап етуге тыйым салынады.
3. Мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың ақылы
қызметтер көрсетуi (алуы) кезіндегі құқықтары
мен мiндеттерi
9. Мемлекеттік органдар:
1) тұтынушыларға көрнекi және қол жетiмдi нысанда қажеттi және дұрыс ақпарат ұсынуға;
2) тұтынушыларға ақылы қызметтердi сапалы көрсету үшiн жағдай жасауға;
3) тұтынушыларға көрсетiлетiн ақылы қызметке жататын мәселелер бойынша жан-жақты тегiн консультациялар беруге;
4) қызмет көрсетулерге алдын ала ақы төлеудi талап етуге;
5) прейскурантта көзделген баға мен мерзiмдер бойынша толық көлемде қызметтер ұсынуға мiндеттi.
10. Тұтынушылар:
1) мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтер үшiн ақы төлеуге;
2) заңды тұлғалар - өзiнiң деректемелерiн: ұйымның атауын, мекен-жайын, төлем деректемелерiн, СТН және басқалары;
жеке тұлғалар - тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен жерiн, үйiнiң мекен-жайын, СТН мемлекеттік органға хабарлауға;
3) қызметтер көрсету үшiн қажеттi құжаттарын толық көлемде ұсынуға мiндеттi.
11. Тұтынушы мемлекеттік органның бүкiл жұмыс күнiнiң iшiнде қызметтер көрсету туралы өтiнiшпен өтiнiм жасауға құқылы.
12. Тұтынушы ақылы қызмет көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген кезде, заңдарда белгiленген тәртiпте мемлекеттік органның қызметiне шағымдануға құқылы.
13. Өтiнiштердi қараудың нәтижелерi туралы тұтынушыларға жазбаша хабарланады.
14. Өтiнiштi қараудың нәтижелерiмен келiспеген немесе жетi күндiк мерзiм iшiнде жауап алмаған жағдайда, тұтынушы жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
15. Осы Тәртiпте белгiленген ақылы қызметтер көрсетудiң тәртібі бұзылған кезде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, оны бұзуға кiнәлiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 9 шiлдедегi
№ 651 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы
белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен мәтіндегі сөздер өзгертілді
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтерге, жұмыстарға (бұдан әрi - қызмет көрсетулер) арналған бағаларды ұсынудың, қараудың және бекітудiң бiрыңғай тәртібін орнықтыру мақсатында әзiрлендi.
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтер бағаларын бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның тапсыруы бойынша, оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) бекiтедi және тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келісіледi.
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтер монополияға қарсы органдар жүргізетiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс.
2. Бағалардың (прейскуранттардың) жобалардың бекітуге
ұсынудың тәртібі мен мерзiмдерi
4. Ақылы қызметтер көрсетуге арналған бағаларды бекіту немесе оларды өзгерту тоқсанына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi, бекітілген бағалар тоқсанның 1-күнiнен енгiзiледi.
Бағаларды бекіту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттік органдар тоқсан басталғанға немесе бұрын бекітілген прейскуранттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 45 күн бұрын бағалардың жобасын уәкiлеттi органдарға ұсынады;
2) монополияға қарсы орган бағаларды бекіту үшiн қажеттi барлық материалдарды алған күннен бастап 20 күндiк мерзiмде ұсынылған жобаларды қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды;
3) жаңа бағалар туралы шешiмдi мемлекеттік органдар оларды енгiзгенге дейiн 10 күн бұрын баспасөзде ресми жариялайды.
5. Бағалардың жобалары Үкiмет белгiлеген Мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуi тәртібінiң талаптары ескерiле отырып прейскуранттардың жобалары нысанында ұсынылады.
6. Прейскуранттардың жобаларына:
1) бағаларды бекітудiң немесе қайта қараудың қажеттiлiгi көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы алудың негiздемесiне негiзделетiн түсiндiрме жазба;
2) қызметтер көрсету жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттама;
3) қызмет көрсетулердiң әрбiр түрi бойынша шығындарды таратып көрсету қоса берiледi.
7. Ұсынылатын материалдардағы есептiк деректер бухгалтерлiк стандарттардың тиiстi нысандары көрсеткiштерiнiң негiзiнде толтырылады.
8. Монополияға қарсы органдар бағалардың жобаларына өзгерістер енгiзген жағдайда ол туралы үш күндiк мерзiм iшiнде өзiнiң қарсылығын ұсынуға құқылы мемлекеттік органға хабарлайды. Қарсылықтарды қараудың нәтижелерi бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады.
9. Ақылы қызмет көрсетулерге арналған прейскурант: титульдық парақты, "Жалпы нұсқаулар" тарауын, тұтынушы қызметтер көрсету үшiн мемлекеттік органға ұсынатын құжаттардың тiзбесiн, тұтынушылардың өтiнiштерiн қараудың мерзiмдерiн, қызмет көрсетулердiң атауын және олардың құнын қамтуы тиiс.
10. Монополияға қарсы органдар прейскурант қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде 15 күн бұрын бағалардың жобаларын ұсынған мемлекеттік органдарға қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
3. Прейскуранттардың жобаларын қараудың тәртібі
11. Прейскуранттарды қарау кезiнде материалдардың шығындары, амортизациялық аударымдар, жалпы, әкiмшiлiк және басқа да шығындар нормаларының қолданылып жүрген нормалар мен сараптық бағаларға сәйкестiгi тексерiледi.
Нормаларды немесе сараптық бағаларды ақылы қызметтер көрсетушi мемлекеттік орган айқындайды және егер заңдарда оларды бекітудiң басқа тәртібі көзделмесе оның жоғары тұрған органы бекiтедi.
Монополияға қарсы органдар прейскуранттардың негiздемесiне ұсынылған нормалар мен сараптық бағалардың есептелуiнiң дұрыстығына сараптау жүргiзуге құқылы.
Материалдық шығындардың құны қосылған құнға салықсыз, бағалардың калькуляциясында ескерiледi.
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Ақылы қызметтер көрсету бағаларына енгiзілетiн еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтен аспауға тиiс саны ескерiледi.
Мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтерге қызметкерлердiң нормативтiк саны мен еңбек шығынының (уақыт, еңбек сыйымдылығы) нормативтерi, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен келісіледi.
13. Бағаларды қалыптастыру кезiнде шығындардың құрамында ақылы қызметтер көрсетуге тiкелей байланысты емес шығыстар есептелмейдi.
14. Бағаларды бекiтетiн монополияға қарсы органдар бағалардың деңгейiн айқындау кезiнде ескерiлген iс жүзіндегі шығындарға талдау жүргiзедi, сондай-ақ бағаларды есептеу дұрыстығының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
15. Монополияға қарсы органдар ақылы қызмет көрсетулер және олардың құнын есептеу бөлiктерiнде мемлекеттік органдардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы. Тексерулердiң нәтижелерi бойынша бағалардың негiздемесiне ұсынылған деректердiң iс жүзіндегіден айтарлықтай ауытқуы анықталған кезде монополияға қарсы органдардың өз шешiмiн тоқтатуға немесе прейскурантқа өзгерiс енгізуге құқығы бар.
4. Осы тәртiптiң талаптарын орындамағаны үшiн
жауаптылық
16. Бағаларды бекіту үшiн қажеттi материалдарды осы Тәртiптi бұза отырып ұсыну - уәкiлеттi органның прейскуранттардың жобаларын қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
17. Прейскуранттарды бекітуге ұсынған мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қасақана дұрыс емес немесе жалған мәлiметтер ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен жауаптылыққа тартылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 9 шiлдедегi
№ 651 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдар қызмет көрсететiн ақылы қызметтердiң
Мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен мәтіндегі сөздер өзгертілді
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп Мемлекеттік тiркелiмдi қалыптастырудың, жүргiзудiң және оған өзгерістер енгізудiң тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік органдар көрсететiн және алымдар, аударымдар және төлемдер түрiнде ақы төленетiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмi (бұдан әрi - Тiркелiм), - ол мемлекеттік органдар, олар үшiн ақы алу арқылы көрсетуге құқылы, қызмет көрсетулердiң тiзбесi.
3. Мемлекеттік органдарға ақылы қызметтер көрсету кезiнде Тiркелiмде көзделмеген алымдар, аударымдар және төлемдер алуға тыйым салынады.
2. Тiркелiмдi жасаудың, жүргiзудiң және оған
өзгерістер енгізудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Тiркелiмдi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар), тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарының келісімi бойынша қалыптастырады және бекiтедi.
5. Мемлекеттік органдар Тiркелiмге ақылы қызмет көрсетулердi кiргiзу үшiн монополияға қарсы органдарға өтiнiмдер ұсынады. Өтiнiмдердiң нысаны мен оны ұсынудың тәртібін монополияға қарсы орган айқындайды.
ҚР Үкіметінің 17.08.01 ж. № 1075 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Тiркелiм республикалық және жергiлiктi бөлiмдердi қамтиды. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен, Тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмдерi - оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрықтарымен бекiтіледi.
7. Тiркелiм мынадай деректемелердi:
1) мемлекеттік органның атауын;
2) алымның, аударымның немесе төлемнiң түрiн;
3) ақылы қызметтер көрсету үшiн негiздеменi қамтиды.
8. Тiркелiмнiң республикалық және жергiлiктi тарамдарын нақтылауды жылына кемiнде екi рет (жылдың және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша) уәкiлеттi орган жүргiзедi.
9. Тiркелiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшiн негiздеме:
1) негiздеменi мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердi белгiлеу (алып тастау, өзгерту) бөлiгiнде өзгерту;
2) ақылы қызметтер көрсететiн мемлекеттік органдарды құру, қайта атау, қайта ұйымдастыру немесе тарату.
10. Тiркелiмдi монополияға қарсы орган "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылына кемiнде бiр рет, 1 сәуiрден кешiктiрмей ресми жариялайды.
11. Тiркелiмге енгiзiлетiн өзгерістер мiндеттi жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 9 шiлдедегi
№ 651 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 29.01.99 ж. № 68 қаулысымен күші жойылды
2. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. № 498 қаулысымен күші жойылды
3. ҚР Үкіметінің 2006.01.03. № 142 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. №124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. №1322 қаулысымен күшi жойылды
6. ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. №918 қаулысымен күшi жойылды
7. ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 646 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
8. ҚР Үкіметінің 17.03.99 ж. № 251 қаулысымен күші жойылды
9. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. № 498 қаулысымен күші жойылды
10. ҚР Үкіметінің 28.04.03 ж. № 407 қаулысымен күші жойылды
11. ҚР Үкіметінің 12.03.99 ж. № 234 қаулысымен күші жойылды
12. ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
13. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. №494 қаулысымен 13-тармақтың күші жойылды