Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 494
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. № 1266 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы № 206 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің аймақтық органдары ретінде Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау аймақтық қызметі мемлекеттік мекемелері құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал дәрігерлік қадағалау комитеті осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлігі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 56, 506-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 651 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат) бекітілген өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі
№ 494 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Мал дәрігерлік қадағалау комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мал дәрiгерлiгi саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң аумақтық органдары - облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы мал дәрiгерлiк қадағалау басқармалары, сондай-ақ аудандық және қалалық мал дәрiгерлiгi қадағалау бөлiмдерi және шекарада және көлiкте мемлекеттік мал дәрiгерлiк бақылаудың аймақтық қызметтерi болады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер заңдарға сәйкес оған уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен республиканың аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Комитетінің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттiң заңды мекенжайы:
473000, Астана қаласы, Достық көшесi, 6.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi" мемлекеттік кәсiпорны.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары
және құқықтары
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) жануарлар мен құстардың аса қауiптi әрi карантиндi жұқпалы және паразиттi ауруларының алдын алу және оларды жою жөніндегі мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
2) меншiктiң барлық нысандарындағы заңды және жеке тұлғалардың мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтауын және мал дәрiгерлiгiнде биологиялық, химиялық және басқа да препараттардың қолданылуын бақылау функцияларын жүзеге асыру;
3) мал дәрiгерлiгi саласында мамандар даярлау, мал дәрiгерлiк препараттарын шығару және мал дәрiгерлiгiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу жөніндегі негiзгi бағыттарды айқындауға және бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу;
4) республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының әкелiнуiнен қорғау, оның iшiнде шекарада және көлiкте мемлекеттік мал дәрiгерлiк бақылауды қамтамасыз ету;
5) өнiмнiң, жануар тегiнен шыққан шикiзаттың сапасын мал дәрiгерлiк-санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
6) мал дәрiгерлiк-санитарлық тұрғыда қоршаған табиғи ортаның ластануының алдын алу болып табылады.
11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
2) жануарлар ауруларының алдын алу және оларды жою жөніндегі бағдарламалардың мониторингін, оларды болжауды, әзiрлеудi ұйымдастырады, жануар тегiнен жасалған өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлік-санитарлық сараптама жүргiзудiң тәртібін белгiлейдi;
3) жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының тiзбесiн жасайды және оны ?кіметке бекiтуге ұсынады;
4) жануарларды аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiткен тiзбе бойынша, оқшаулау туралы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқау бередi;
5)санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара iс-қимылда халықты жануарлар мен адам үшiн ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз етудi және жануар тегiнен жасалған азық-түлiктермен уланудың алдын алуды жүзеге асырады;
6) мал дәрiгерлiк нормалар мен ережелер бұзылған жағдайда, қажеттi мал дәрiгерлiк-санитарлық, эпизоотикаға қарсы ic шаралар жүргiзiлгенге дейiн мал өсiру объектiлерiн пайдалануды, ет және сүт өнеркәсiбiн ұйымдастыруды, жануарлар тектес азық-түлiктер мен шикiзаттарды қайта өңдеу және сақтау жөніндегі ұйымдастыруды тоқтата тұрады;
7) жануарлардың ауруына байланысты мал дәрiгерлiк статистикасын жүргiзедi, есеп пен есептiлiктiң нысандарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
8) заңды және жеке тұлғалардың мал дәрiгерлiк-алдын алу iс-шараларын жүргiзуiн, олардың қолданылып жүрген мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердi сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрiгерлiк заңдарын бұзуды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдайды;
9) республиканың аумақтарын шет мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын бақылайды;
10) шекаралық және көлiктiк мал дәрiгерлiк бақылау пункттерi арқылы мемлекеттік мал дәрiгерлiк бақылауды, жануар тегiнен жасалған азық-түлiктер мен шикiзаттардың, жем-шөптiң, биологиялық, химия-фармацевтiк препараттардың және басқа да бақыланатын жүктердiң импортын, экспортын, транзитiн және республиканың iшiнде тасымалдануын, мал айдауды қадағалауды жүзеге асырады;
11) өз құзыретiнiң шегінде мал дәрiгерлiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
12) лаборатория ici және жануарлар мен құстар ауруларының диагностикасын жетiлдiру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады;
13) отандық және импорттық мал дәрiгерлiгi препараттарына, аспаптарына, құралдарына, мал азығына қосымшаларға тiркеу көлiктерiн бередi және оларға арналған нормативтiк-техникалық құжаттаманы бекiтедi, оларды өндiруге және қолдануға рұқсат бередi;
14) мал өсiру фермаларын, жануарларды сою және жануар тегiнен шыққан шикiзаттарды қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды жоспарлаудың және құрылысын салудың жобаларына, көрсетiлген объектiлердiң және жануарларға арналған су қорғандарының құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн бөлудiң жобаларына сараптаманы жүзеге асырады;
15) халықтың арасында мал дәрiгерлiгi және мал дәрiгерлiк-санитарлық оқу ағарту жұмыстары саласында насихатты ұйымдастырады;
16) республикалық бюджеттен мал дәрігерлiк-алдын алу, эпизоотикаға қарсы және сауықтыру іс-шараларын жүргiзуге бөлiнетiн қаражаттың мөлшерлерi туралы ұсыныс енгiзедi;
17) мал дәрiгерлiгi қызметiн ұйымдастырудың отандық және шетелдiк тәжiрибесiн зерделейдi, ұсыныстар енгiзедi және өз құзыретiнiң шегiнде таяу және алыс шет елдермен мал дәрiгерлiгi саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитеттiң негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) өз құзыретінің шегiнде орындау үшiн мiндетті нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
3) өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпараттар сұратуға және алуға;
4) өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялауды жүзеге асыруға;
5) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiң меншiгіндегі мүлiктi пайдалануды жүзеге асыруға;
6) меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың мал дәрiгерлiгi заңдарының нормаларын орындауын тексеру мақсатында оларды тексерудi жүргiзуге;
7) заңды және жеке тұлғаларға эпизоотикаға қарсы және басқа да мал дәрiгерлiк-санитарлық iс-шаралар жүргiзу және мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердiң бұзылуын жою туралы талаптар қоюға, сондай-ақ қойылған талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
8) мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалар мен азаматтарды әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, оның iшiнде айыппұл санкцияларын қолдануға;
9) эпизоотикаға қарсы iс-шаралар мен жануарлар ауруларының диагностикасына арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысуға;
10) биологиялық, химиялық, фармацевтiк, жемдiк үстемелер мен мал дәрiгерлiгi мақсатына арналған басқа да препараттарды өндiрудi және пайдалануды бақылауға;
11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өздiгiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Комитеттің төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторы болып табылады, ал оның орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік мал дәрігерлігі инспекторының орынбасарлары болып табылады.
17. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі
№ 494 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің
Құрылымы
Басшылық
Мемлекеттік мал дәрігерлік инспекция бөлімі
Мемлекеттік тапсырыстар және лицензия бөлімі
Шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау жасау
бөлімі
Эпизоотикалық мониторинг және бағдарламалық тесттер бөлімі
Мал дәрігерлігі препараттарын шығаруды және қолдануды бақылау
және ғылыми-енгізбе жұмыстарын үйлестіру бөлімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 29 сәуірдегі
№ 494 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі мал дәрігерлік қадағалау комитетінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Оңтүстік-Шығыс жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары жөніндегі аймақтық арнаулы мал дәрігерлігі лабораториясы
"Мал-жан" республикалық мемлекеттік кәсіпорны