Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясын қайта
құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 наурыздағы № 251 қаулысы
ҚР Үкіметінің 02.03.00 ж. № 342 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқындағы "Республикалық астық сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасы мен сақталуын сараптауды;
белгіленген тәртіппен сертификаттар беру арқылы астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын сертификаттық сынақтан өткізуді;
жаңа астық бидайының сапасын бағалау және оны ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар дайындауды жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір айлық мерзім ішінде:
Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін, оның басшысымен келісім-шарт жасассын және белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді жүргізсін;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1- жолмен толықтырылсын:
"44-1. "Республикалық астық сараптамасы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында)".
Астана қаласы."
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
17 наурыздағы № 251
қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы республикалық астық инспекциясы жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 30 маусымдағы № 900 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 258-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 651 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күшін жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 49-тармағы.