«Қазақстан Республикасы көлік-коммуникациялар кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттік мекемесін» қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 12 наурыздағы № 234 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен атауы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысының 5-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мына мемлекеттік мекеме:
1)
2) «Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақпараттық-презентациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Кәсіпорынды уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 26.07.99 ж. № 1061 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі:
1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін:
магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру.
2) заңдарда белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы туралы» 1997 жылғы 26 маусымдағы № 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 257-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 651 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы;
3) «Қазақстан Республикасының Азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекциясы (Мемавиақадағалау) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі (Мемавиарегистр) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы № 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 9-құжат) күшін жойған деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі