«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 498 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 1999.08.27. № 1266 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы № 206 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсімдіктері мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, ферромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия), оның функциялары, сондай-ақ тарату рәсімдері жүргізілгеннен кейін қалған мүлкі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетіне беріле отырып таратылсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Комиссияны тарату рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі
№ 498 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 1999.08.02. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құзыретінің шегінде өсімдіктерді қорғау саласында арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Комитеттің аумақтық органдары болады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкілдік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
ҚР Үкіметінің 1999.08.02. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Комитетінің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) өсімдіктерді қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты
әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру
3) өсімдіктерді қорғау саласында ғылыми, нормативтік құқықтық
және әдістемелік қамтамасыз ету;
4) өсімдіктерді қорғау саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық байланыстарды дамытуға қатысу болып табылады.
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғауда ғылымның, техниканың жетістіктерін, әдістемелік ұсынымдарды, нормативтік құқықтық актілерді, кешенді аймақтық жүйелерді әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады;
2) ауыл шаруашылығы жерлерінің фитосанитарлық жағдайын байқауды, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін, арамшөптерін, ауруларын анықтауды және олардың пайда болуы мен дамуы туралы уақтылы хабарлауды ауыл шаруашылығы ұйымдарын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) өз құзыретіне сәйкес, қалыптасып отырған фитосанитарлық жағдайды ескере отырып, қорғау іс-шараларының көлемі мен өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдаланудың тәртібін белгілейді;
4) қоршаған ортаны қорғау пестицидтерді ұтымды және қауіпсіз қолдану, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді кеңінен пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне, ауруларына, сондай-ақ арамшөптерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүргізуді ұйымдастырады;
5) ұйымдар мен басқа да жерді пайдаланушылардың өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптерге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын іс-шараларды жүргізуінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) ауыл шаруашылығы өнімдеріне және қоршаған ортаның объектілерге пестицидтердің қалдықты мөлшерінің болуына бақылау және төрелік токсикологиялық талдаулар жүргізуді ұйымдастырады;
7) химиялық, биологиялық және басқа да өсімдіктерді қорғау құралдары, сондай-ақ химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған механизациялау құралдары қозғалысының мемлекеттік есебін жүргізеді және олардың жылдық және перспективалық қажеттілігін әзірлейді;
8) ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
9) ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне, ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру, қалыптасып отырған фитосанитарлық жағдайды ескере отырып ол қаражатты бөлу туралы ұсыныс әзірлейді және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысады;
10) пестицидтердің, басқа да препараттардың биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділігін, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданудың, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпсіз, токсикологиялық, гигиеналық және экологиялық регламенттерін бағалау жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
11) оларды тіркеу және қолдану аясын кеңейту үшін пестицидтердің және басқа да препараттардың перспективалық құрамын айқындайды, сондай-ақ олардың адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсері анықталған жағдайда, бұрын тіркелген препараттарды пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылдайды;
12) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша тіркеулік сынақты және пестицидтерді тіркеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
13) биологиялық лабораториялар мен биофабрикалардың мамандандырылған желілерінде энтомофагтар мен микроорганизмдердің пайдалы түрлерін көбейтуді және оларды қолдануды жүзеге асырады;
14) орталық және жергілікті атқарушы органдармен, өзге де мүдделі ұйымдармен өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
15) бұқаралық ақпарат құралдарында өсімдіктерді қорғау жөніндегі білімдерді насихаттайды;
16) Ауыл шаруашылығы министрлігімен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді лицензиялауды келісуге қатысады;
17) өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық шарттар мен конвенциялардың жобаларын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
18) өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
19) заңдармен өзіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады;
12. Комитеттің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпарат, оның ішінде есеп деректерін сұратуға және алуға;
2) барлық жер пайдаланушылардың егістіктер мен екпе өсімдіктердің, тұқымдық және көшеттік материалдардың фитосанитарлық жағдайы туралы, өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына және арашөптерге қарсы күрес бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы қажетті материалдар мен мәліметтерді талап етуге;
3) өз құзыретінің шегінде ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларынан, сондай-ақ азаматтардан анықталған нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын жоюды талап етуге;
4) өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және өз құзыретінің шегінде бекітуге;
5) ұйымдарды, ғалымдарды және мамандарды өсімдіктерді қорғау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу үшін тартуға;
6) нормативтік актілерді, басқа да құжаттарды әзірлеу жөніндегі топтар мен комиссияларды құруға, өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша конференциялар, кеңестер, семинарлар шақыруға және өткізуге;
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы басқару құрылымын және мемлекеттік бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;
8) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен оған билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
17. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
18. Комитеттің төрағасы осы мақсатта:
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Комитеттің штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Комитеттің атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
7) Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының қарауына өсімдіктерді қорғау мәселелері жөнінде материалдар дайындайды;
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Комитеттің жанынан өсімдіктерді қорғау мәселелерінің негізгі бағыттары мен даму тұжырымдамаларын қарау үшін ғалымдардың, жоғары білікті мамандардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатарынан консультативтік-кеңесуші орган - ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
Ғылыми-техникалық кеңестің жеке және сандық құрамын және ол туралы ережені Комитеттің төрағасы бекітеді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі
№ 498 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдіктерді қорғау комитетінің
Құрылымы
Басшылық
Фитосанитарлық қадағалау бөлімі
Мониторинг және қаржы бөлімі
Тіркелген сынақтарды ұйымдастыру және пестицидтерді мемлекеттік тіркеу бөлімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі
№ 498 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. «Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктерді қорғау мемлекеттік қызметі органдарының құрылымы туралы» Қазақ КСР-і Министрлер Кабинетінің 1971 жылғы 16 қарашадағы № 642 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсімдіктері мен орман алқабын химиялық биологиялық қорғау құралдарын, ферромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі № 608 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 29, 429-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі № 608 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтардағы № 37 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 2 12-құжат).
4. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, ферромондар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері және орман екпе ағаштарының өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 399 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 15, 122-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 651 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2,9-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат).