Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
1997 ж. 27 наурыздағы № 87-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңымен күші жойылды
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары (7 - 15 баптар)
3 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының (16 - 20 баптар)
төтенше жағдайларды жоюға қатысуы
4 тарау. Құтқарушылар және олардың мәртебесi (21 - 30 баптар)
5 тарау. Қорытынды ережелер (31 - 33 баптар)
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органға» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Заң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi, құтқарушылардың мәртебесiн белгiлейдi.
1 тарау. Жалпы ережелер
ҚР 15.06.04 ж. № 563-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар;
авариялық-құтқару құрамасы - негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым;
авариялық-құтқару қызметі - негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым;
құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер;
құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;
құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам;
төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет.
2-бап. Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары
Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдардың өмiрiн құтқару мен олардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мiндеттерiнiң басымдығын көздейтiн iзгiлiк пен қайырымдылық;
төтенше жағдайларды жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына дара басшылық;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде өзiн-өзi ақтайтын тәуекелдiлiк және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларға жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiгi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді)
4-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының мiндеттерi
1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi:
төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар;
адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстар;
кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау;
қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады.
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге:
қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу;
қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу;
халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу;
құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткізу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөніндегі мiндеттер жүктелуi мүмкiн.
2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын мемлекеттік қолдау
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн:
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi;
ұйымдарға өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып-үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi;
құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар жүйесiн қарастырады;
халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне) қаржы жағынан қолдау көрсетедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi
Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар жатады.
2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары
7-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру
15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:
тұрақты штат негiзiнде - кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер;
ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар) және аумақтық;
ұйымдар басшылығының тарапынан - объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады.
3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады.
15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi.
Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы
Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау
1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне, құтқарушылар даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарында оқуға медициналық байқауда құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған және олардың кәсiби даярлығы мен дене шымырлығына, моральдық-психологиялық қасиеттерiне қойылатын талаптарға сай келетiн азаматтар қабылданады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларында құтқарушылар мiндетiн атқаруға жасы 18-ге толған, құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар жiберiледi.
Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсіби білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады.
Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде және құрамаларында үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне азаматтарды қабылдау кезiнде олармен еңбек шарты жасалынады, онда еңбек шартын жасасу мен тоқтату шарттары; құтқарушылар жұмысының ерекшелiктерi мен режимi; еңбекақы төлеудiң тәртібі мен шарттары; құтқарушыларға арналған әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; құтқарушылардың өздерiне жүктелген мiндеттердi және кезекшiлiкте, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары басшыларының өкiмдерiн мүлтiксiз орындау мiндеттемесi баянды етiледi.
10-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу
1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
23.06.00 ж. № 55-II ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi
1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады.
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөніндегі өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкілетті орган iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi.
4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткізу арқылы қамтамасыз етiледi.
5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.
6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етедi.
23.06.00 ж. № 55-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау
1. Барлық авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген аттестатталуға тиiс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына - тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі.
3. Егер аталған ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының дайындығы және жай-күйi авариялық-құтқару қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмеген жағдайда, ондай ұйымдардың қызметi толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады. Аталған ұйымдардың қызметiн тоқтата тұру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
13-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiру:
төтенше жағдайларды жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;
халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы, сондай-ақ құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде мемлекеттік органдарға келісілген ұсыныстар жасау;
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жұмысының нормативтiк құқықтық базасын бiр iзге түсiру;
авариялық-құтқару құралдарын өндiру саласында және авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерiнде бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу;
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары және басқа күштер, соның iшiнде тиiстi аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн бөлiнген әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер арасындағы өзара iс-қимылды пысықтау;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларын, лауазымды адамдарын даярлау мәселелерiн шешу мақсатында жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының орнын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу, тарату
1. Мiндеттi түрде құрылуы қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын басқа жерге ауыстыруға, оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiмдеуге немесе таратуға олар қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құрамалар алдын алу және жою үшiн құрылған төтенше жағдайлардың пайда болу қаупiнiң жойылуы негiз болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Мiндеттi түрде құрылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орындарын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi:
1) республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3) объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкілетті органның келісімi бойынша ұйымдардың басшылығы қабылдайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын тарту туралы шешiмдер қабылданған кезде, олар уәкілетті органға хабарлайды.
22.12.98 ж. № 327-I ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді; 23.06.00 ж. № 55-II ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен
құрамаларының төтенше жағдайларды