"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы 2000 жылғы 23 маусымдағы № 55-II Қазақстан
Республикасының Заңы
"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. 11-баптың 2-тармағында "шарттық негізде" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер қосылсын.
2. 12-баптың 2-тармағында "құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды" деген сөздер "құтқару жұмыстарын" деп жазылсын.
3. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады".
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |