Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер даярлауды жүзеге асыру бойынша студенттердi әскерге даярлау бағдарын (әскери есептегi мамандықтардың аты) сол жоғары оқу орны бағынатын Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен, министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып Қорғаныс министрлігі белгiлейдi.
3. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда әскери даярлық, әдетте екiншi немесе үшiншi курстардан басталады және бiтiрер жылдың алдыңғы курсында әскери бөлiмдерде оқу жиындарымен (тағылымдамамен) аяқталады.
Әскери даярлық оқу түрлерiнiң бірi болып табылады және дербес оқу пәнi ретiнде жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгiзiледi.
Дәрiгерлер мен запастағы медициналық қызметтiң провизор-офицерлерiнiң (қатардағы жауынгерлер мен сержанттардың) әскери-медициналық біліктілігiн арттыру, оларды мамандандыру (жетiлдiру) кезiнде ұзақтығы 1,5 ай немесе одан көп мерзiмдiк барлық циклдарда (ақы төлеп оқуды қоса) жүргiзiледi.
Жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедрада әскери даярлықтың басталуы мен аяқталуының нақты мерзiмдерi оқу жоспарымен анықталады.
ҚР Үкіметінің 12.08.03 ж. № 803 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Әскери даярлыққа жасы 27 жасқа дейiнгi, әскери қызметке жарамды студенттер, ал Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлейтiн бірқатар әскери-есеп мамандықтары бойынша студент-қыздар да тартылады.
Студенттердiң әскери қызметке жарамдылығы әскери даярлықтың басталуы алдында оларды әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық жағынан куәландыру қорытындылары бойынша, сондай-ақ әскердегi оқу жиындары (тағылымдама) басталар алдында анықталады.
5. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери даярлықты қамтамасыз ету үшiн әскери кафедралар мен циклдер құрылады*.
* Бұдан былай "әскери кафедра" деп аталады.
Әскери даярлықты ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережемен анықталады.
6. Әскери даярлыққа басшылықта Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер және ведомстволармен бірлесе отырып жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 15.04.96 ж. № 443; 26.08.98 ж. № 802 қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне:
а) Жоғары оқу орындарының студенттерi запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярланатын әскери мамандықтарды Қазақстан Республикасы Білім министрлігі келісімiмен белгiлеу; оқу жиындарының (тағылымдаманың) жүргiзiлу мерзiмiн анықтау;
ә) Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен (қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер және ведомстволармен) бірлесе отырып, алынатын азаматтық мамандықтарын ескере отырып, әскери даярлық бағдарламаларын, әскери даярлықты қамтамасыз етуге қажеттi қару-жарақтың, әскери-техникалардың, әскери-оқу және басқа да мүлiктердiң табельдерiн әзiрлеу мен бекіту, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң әскери кафедрасынан басқасы;
б) әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағылымдама) ұйымдастыру мен жүргiзу, жоғары оқу орындары жанынан әскери даярлық үшiн қажеттi оқу материалдық техникалық базаны құру;
в) әскери даярлық бойынша бiтiру емтихандарын қабылдайтын арнаулы емтихан комиссиялар құру; оларды жүргiзудi ұйымдастыру;
г) әскери даярлықты, әскери кафедраларда құпиялылық режимi мен мемлекеттік және әскери құпияларды сақтауды бақылау;
д) әскери кафедралардың оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары және профессор-оқытушы құрамының біліктілігiн арттыру, соның iшiнде жоғары оқу орындарының адъюнктурасында оқытушылар үшiн орын бөлу мәселелерi жөніндегі iсiне басшылық жасау;
е) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда офицерлер, прапорщиктер үшiн штаттық-лауазымдық санаттарды белгiлеу және Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктермен және ведомстволармен бірлесе отырып, әскери кафедралардың штаттық кестелерiн қарап, бекіту;
ж)
з) әскери кафедраларды жаттығу қару-жарағымен, оқ-дәрiмен, әскери техникамен, автомобиль көлiгiмен, оқу-жаттығу құралдарымен; әскери техникаға қажеттi аспаптармен, аппаратуралармен, құралдармен, қосымша бөлшектермен, сондай-ақ әскери жарғылармен, қажеттi тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, топографиялық және теңiз карталарымен, әскери даярлық жөніндегі оқулықтармен және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету, жанар жағар май және басқа материалдарға лимиттер бөлу;
Әскери кафедраларды қару-жарақтың, әскери техниканың, аппаратуралардың, аспаптардың құпия және өте құпия үлгiлерiмен және оларға қажеттi әдебиеттермен, сондай-ақ оларға тиiстi жарғылармен, тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, оқулықтар және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету белгiленген құпиялылық режимiн сақтау негiзiнде әскери даярлық бағдарламасы ауқымында жүргiзiледi;
и) әскери кафедралардың қару-жарағын, әскери техникасы мен автомобиль көлiгiн орташа және күрделi жөндеу, жинау, (бөлшектеу) мен жөндеу (түзеу) жүргiзу жүктеледi.
Әскери кафедраларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етудi, сондай-ақ осы тармақта көзделген жұмыстарды жүргiзудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тегiн жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 15.04.96 ж. № 443 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Білім министрлігіне, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарға:
а) бекітілген бағдарламаларға және белгiленген әскери мамандықтарға сәйкес жоғары оқу орындары жандарынан әскери даярлықты ұйымдастыру;
ә) оқу жоспарларында әскери даярлықтан өту тәртібін анықтау және осы Ереженiң 11-12-тармақтарына сәйкес соған қажеттi оқу уақытын белгiлеу;
б) жоғары оқу орындарында қару-жарақпен, әскери техникамен, әдебиетпен жұмыс iстеу және әскери даярлықты жүргiзу кезiнде мемлекеттік және әскери құпияларды сақтау үшiн белгiленген талаптарға сәйкес әскери кафедраларды орналастыру мен ұстауды қамтамасыз ететiн жағдайларды жасау;
в) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен алынатын техника, қару-жарақ, жабдықтар мен әдебиеттен басқаны қоспағанда, қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны ұйымдастыру мен ұстау;
г) ведомстволық бағыныстылықтағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының штаттық кестелерiн Қорғаныс министрлігімен бірлесiп қарау және бекіту;
д) әскери кафедралардың штат кестесiн Қорғаныс министрлігінiң келiсуi бойынша қарау және бекіту.
9. Қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарда әскери даярлыққа басшылық жасау үшiн жеке бөлiмдер, топтар ұйымдастырылады немесе әскери даярлықты ұйымдастыруға жауапты адамдардың штаттық лауазымдары белгiленедi.
Әскери даярлықты ұйымдастыруға жауапты лауазымдар жоғары әскери немесе жоғары әскери арнаулы білімi бар запастағы офицерлермен алмастырылады.
10. Жоғары оқу орны жанында әскери даярлықты ұйымдастыруға, ол үшiн қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны жасауға, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтауды қамтамасыз етуге, құпиялылық режимiн қатаң ұстауға жоғары оқу орындарының ректорлары тiкелей жауапты.
Жоғары оқу орнының ректорына:
а) жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедрада (оқу кезеңiнде) әскери даярлық үшiн қажеттi оқу сағаттарының санын, әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағылымдамаларын) жүргiзу үшiн уақытты (каникул кезiнде), сондай-ақ емтихандарды, сынақшаларды қабылдау мен оларға дайындау үшiн қажеттi уақытты бөлу;
ә) әскери кафедраның штат кестесiнiң жобасын әзiрлеу және әскери даярлықты жүргiзу мен әскери техникаға қызмет көрсету үшiн оған қажеттi басшы, профессор-оқытушы құрамын, инженерлiк-техникалық және қосымша оқу қызметкерлер санын бөлу;
б) әскери кафедралар туралы Ережеге сәйкес әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзудiң нысандары мен әдiстерiн анықтау;
в) әскери кафедраның өз алдына жеке орналастырылуын қамтамасыз ету, оқу бағдарламасына сәйкес оқу сабақтарын жүргiзу үшiн қажеттi оқу және қызметтiк үй-жайларды, объектiлердi бөлу, оларды ұстау мен жөндеу;
г) студенттердiң әскери пәндердi басқа кафедраларда оқытатын пәндермен тығыз байланыста оқуын ұйымдастыруда әскери кафедраға оқу-әдiстемелiк жағынан көмек көрсету;
д) әскери кафедраларда әзiрлiктiң әдiстемелiк оқу-құралдарының басып шығарылуын қамтамасыз ету;
е) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаржыландыратын қызмет түрлерiнен басқа, оқу бағдарламаларында көзделген әскери кафедра қызметiнiң барлық түрлерiне ақшалай қаражат бөлу;
ж) пайдаланудың, сақтаудың және қамтамасыз етудiң белгiленген талаптарына сәйкес әскери техника мен қару-жарақты ұқыпты сақтауды ұйымдастыру;
з) әскери кафедра жұмысының жылдық жоспарын бекіту;
и) жоғары оқу орнының ректорат немесе ғылыми кеңес мәжілісiнде әскери даярлық жағдайын талқылау;
к) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережеге сәйкес әскери кафедраның офицерлiк құрамдағы адамдарын тiкелей өз қызметiнде пайдалану жүктеледi.
Әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша жоғары оқу орнының ректоры әскери кафедра қызметшiлерiн оқу, әдiстемелiк, ғылыми-зерттеушiлiк және қоғамдық жұмыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн ынталандыра алады.
Жоғары оқу орнының ректоры әскери кафедра қызметшiлерiнiң оқу жұмысындағы кемшiлiктерi үшiн, оларды тәртiптiк жазаға тарту немесе әскери кафедрадан шығару жөнiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң тиiстi органдары алдында өтiнiш жасай алады.
11. Жоғары оқу орнындағы әскери даярлыққа оқытушылар басшылығымен жүргiзiлетiн мiндеттi оқу сабақтарының кемiнде 450 сағаты бөлiнедi. Әскери даярлыққа бөлiнген нақты сағаттар санымен оларды оқу сабақтарының түрлерi бойынша бөлу әскери мамандықтарға, жоғары оқу орнының типiне және студенттер құрамына байланысты әскери даярлық Бағдарламасымен белгiленедi.
Оқытушының басшылығымен өтетiн мiндеттi оқу сабақтарының мөлшерi күнiне 6 сағаттан аспауы керек. Студенттердiң өз бетiмен орындайтын жұмысы үшiн қажеттi уақыт, әскери даярлық күндерiнде оқу күнiнiң 8 сағаты шегiнде жоспарланады.
12. Студенттердiң әскери бөлiмдердегi оқу жиындарын (тағылымдамаларын) әскери даярлықтың соңғы кезеңiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады және олар әдетте, оқытудың соңғы курсы алдында каникул кезiнде жүргiзiледi.
Студенттердiң әскери бөлiмдердегi барлық әскери мамандықтар бойынша оқу жиындарының (тағылымдамаларының) ұзақтығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлейдi және ол 30 күннен аспауы керек ("Штурмандық авиация" мамандығынан басқа).
"Штурмандық авиация" әскери мамандығы бойынша ұшу тағылымдамасының ұзақтығы - 76 күн, соның iшiнде - 30 күн, бiтiрер жылдың алдындағы курс бiткеннен кейiн каникул уақытында және 45 күн дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғаудан кейiн болады.
Әскери бөлiмдерде оқу жиындарының (тағылымдамалары) өту кезiнде студенттер Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңында белгiленген мiндеттердi орындайды және жауапкершiлiкте болады. Студенттер оқу жиындарын (тағылымдамаларды) өту кезеңiнде "курсанттар" деп аталады.
Оқу жиындары (тағылымдамалар) кезiнде студенттерге стипендияны белгiленген тәртiп бойынша жоғары оқу орындары төлейдi.
Әскери бөлiмдердегi оқу жиындарынан (тағылымдамалардан) денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссиялар оқу жиындарынан (тағылымдамалардан) өтуге жарамсыз деп таныған студенттер босатылады. Осыған байланысты олар жоғары оқу орнында әскери даярлық жөніндегі емтихандарды тапсырудан босатылады және запастағы офицерлер құрамына аттестацияланбайды.
13. Әскери даярлық кезеңiнде студенттер сынақшалар мен емтихандар тапсырады. Әскери даярлықтың барлық бағдарламасымен оқу жиындарынан (тағылымдамадан) өткен студенттер, әскери бөлiмдерде немесе жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда жүргiзiлетiн және арнаулы емтихан комиссияларымен қабылданатын бiтiру емтихандарын тапсырады.
Студенттердiң әскери даярлық бойынша емтихандардағы алған бағалары басқа пәндер бойынша алған бағаларымен бірдей деп есептелiнедi.
Дәлелсiз себептермен әскери даярлық жөніндегі сабақтарға үнемi қатыспайтын, әскери бөлiмдерде оқу жиындарынан өтуден жалтарған немесе әскери кафедралардағы оқу кезiнде, оқу жиындары (тағылымдама) кезiнде тәртiп бұзған студенттер, әскери кафедралар бастықтарының ұсынуы бойынша жоғары оқу орындарының ректорларының бұйрығымен әскери даярлық жөніндегі сабақтардан шеттетiледi.
14. Әскери даярлық бойынша емтихандарды тапсырған және запастағы офицерлiк құрамға аттестацияланған студенттерге белгiленген тәртiп бойынша запастағы офицердiң әскери атағы берiледi. Әскери атақтарды беру студенттердiң жоғары оқу орнын бітiру кезеңiнде ұштастырылады.
ҚР Үкіметінің 15.04.96 ж. № 443 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Әскери кафедралардың бастықтары мен олардың отбасылары, оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедралардың бастықтарының орынбасарларды, циклдер бастықтары - аға оқытушылар лауазымдарына сондай-ақ әскери кафедралардың аға оқытушылары мен оқытушылары лауазымына әскери қызмет атқарып жатқан жоғары әскери немесе жоғары арнаулы білімi бар, кейбір жағдайда, жоғары білімi бар және оқытушылық жұмысқа бейiмi бар офицерлер тағайындалады. Аталған лауазымдар бірiншi кезекте ғылыми атақтары бар әскери қызметшiлермен жасақталады.
Әскери кафедралардың профессор-оқытушы құрамының штаттық лауазымдары, оларды кадрдағы офицерлермен жасақтау мүмкiншiлiгi болмағанда жоғарыда аталған талаптарға сай келетiн запастағы офицерлермен алмастырыла алынады.
Профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына запастағы офицерлердi әскери кафедралар бастықтарының ұсынуы бойынша жоғары оқу орындарының ректорлары тағайындайды.
Әскери кафедра бастығы орынбасарының лауазымы профессор-оқытушы құрамының жалпы саны 20 не одан көп адамдары бар, әр түрлi әскер тектерiнiң әскери даярлықты екi немесе одан артық әскери-есеп мамандықтары бойынша жүргiзетiн кафедраларда белгiленедi.
16. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына әскери қызметшiлердi тағайындау мен оларды алмастыруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүргiзедi. Әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмдерi бастықтары - әскери кафедралардың бастықтарының орынбасарлары лауазымдарына iрiктелген кандидатуралар жоғары оқу орындарының ректорларымен, Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен және қарауында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарымен, одан басқа лауазымдарға - тиiстi жоғары оқу орындарының ректорларымен келісіледi.
Әскери кафедралардың офицерлiк құрамдағы адамдарын әскери қызметтен босату қолданылып жүрген заңдарға белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 26.08.98 ж. № 802; 01.09.99 ж. № 1282; 06.02.01 ж. № 195; 27.08.01 ж. № 1109; 06.11.01 ж. № 1403; 12.08.03 ж. № 803 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 17-тармақ өзгертілді
17. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына тағайындалған офицерлер мен прапорщиктер әскери қызмет атқарады және оларға әскери қызметшiлер үшiн белгiленген барлық құқықтар, артықшылықтар мен жеңiлдiктер сақталады.
Олар заттай мүлiкпен, арнаулы техникалық киім-кешекпен, тұрғын жаймен, медициналық көмек және санаторлық-курорттық емделумен сондай-ақ офицерлермен және прапорщиктермен бірдей Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң сметалары және қорлары есебiнен жалпы негiзде заттай үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
18. Жоғары оқу орындары әскери кафедраларының оқытушылар құрамы қатарындағы әскери қызметшiлерiне профессор және доценттiк ғылыми атақтарды беру Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның Төралқасы 1993 жылы 7 сәуiрде бекiткен ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
Мұндай жағдайда:
а) профессор ғылыми атағын беруге әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, циклдердiң бастықтары - аға оқытушылар лауазымына тағайындалған ғылым докторлары ұсынылуы мүмкiн;
ә) доцент ғылыми атағын беруге әскери кафедралардың бастықтары - әскери кафедралар бастықтарының орынбасарлары, циклдер бастықтары - аға оқытушылар және аға оқытушылар лауазымына тағайындалған ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары ұсынылуы мүмкiн.
Профессор ғылыми атағын беруге ерекшелiк ретiнде егер ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртібі туралы Ереженiң талаптарына сай келген жағдайларда ғылым кандидаты дәрежесi бар әскери кафедралардың бастықтары, доцент ғылыми атағын беруге - ғылыми атағы жоқ, жоғары білімi бар әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедралар бастықтарының орынбасарлары, циклдердiң бастықтары - аға оқытушылар лауазымына тағайындалған адамдар ұсынылуы мүмкiн.
19. Жоғары оқу орындарына әскери даярлық үшiн бөлiнген қару-жарақты, әскери техника мен мүлiктi, сондай-ақ құпия бөлiмдер мен кiтапханаларды күзету үшiн, қарауына жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының қаржысы есебiнен ведомстводан тыс күзет ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 3 қазандағы
№ 1094 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 02.03.98 ж. № 160; 24.03.98 ж. № 256; 25.03.97 ж. № 412; ҚР Үкіметінің 23.04.97 ж. № 638; 26.08.98 ж. № 802; 01.09.99 ж. № 1282; 07.09.99 ж. № 1319; 26.06.00 ж. № 943; 12.08.00 ж. № 1249; 06.02.01 ж. № 195; 27.08.01 ж. № 1109; 06.11.01 ж. № 1403 17.05.2004 ж. № 551 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша
студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы
белгiленген жоғары оқу орындарының
Тiзбесi
Университеттер
Әл-Фараби атындағы Қазақстан мемлекеттік ұлттық университетi, Алматы қаласы
Қазақ ұлттық техникалық университетi, Алматы қаласы
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетi, Алматы қаласы
С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық
университетi, Алматы қаласы
Қазақ мемлекеттік заң университетi, Алматы қаласы
Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университеті, Алматы қаласы
С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi
Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi, Шымкент қаласы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қаласы
"Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Орал қаласы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны", Астана қаласы
Медициналық академиялар
Ақмола мемлекеттік медициналық академиясы
Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясы
Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы
Семей мемлекеттік медициналық академиясы
Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, Шымкент қаласы
Институттар
Қарағанды металлургия институты, Темiртау қаласы
Басқа оқу орындары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Кеңестер Одағының
екi мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе әскери
авиациялық училищесi
Азаматтық авиация академиясы, Алматы қаласы
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы